1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №36 (15494) 7 мамыр, жұма 2010

Асылы, Екiншi дүниежүзi­лiк соғыс 1939 жылдың қыркүйек айында басталған-ды. Германия, Италия және Жапония дүние жүзiне үстемдiк етемiз деп жоспар құрды. Бұл мақсаттың ұйытқысы – Германия 1933 жылы фашистiк диктатура орнатқан болатын. 1936 жылы Германия мен Жапония «анти­коминтерндiк пактiге» қол қой­ды. Араға бiр жыл салып бұған Италия қо­сылды. Жапония 1931 жылдан бастап-ақ Қытайда, Италия 1935-36 жылдары Эфиопияда, Германия мен Италия бiрiгiп 1936-39 жылдары Испанияда басқыншылық соғыстар жүр­гiздi. 1938 жылы Германия Австрияны, «Мюнхен» келiсi­мiне сәйкес

Ұлы Отан соғысына – 65 жыл. Дүниенi дүр сiлкiндiрген сұрапыл соғыстың анықталмаған құпиялары әлi де жетерлiк. Оның iшiнде қазақ халқына қатысты ақиқаттың талай есiгi жабылып, жарияланбағаны бар. Дәл осы ақиқаттың қыр-сырын ашуда белсендiлiк танытып жүрген тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Тiлеу КӨЛБАЕВТЫ ашық әңгiмеге тарттық.

– Тiлеу аға, Сiздi республика жұртшылығы Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеушi ғалым ретiнде жақсы бiледi. Осындай күрделi тақырыпқа келуiңiздiң себебi неде?

Көптен берi қоғамда талқыланып жүрген «ұлт көшбасшысы» идеясы туралы әңгiме тағы да бас көтердi. Сәрсенбi күнi парламент мәжiлiсiнiң үш депутаты Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың жаңа да ескi мәртебесiн айқындап, оның «ұлт көшбасшысы» атағын заң жүзiнде бекiтудi ұсынды. Қазақстан халқы ассамблеясының атынан депутат атанған Розақұл Хал­мұрадов өзiнiң идеясын былай түсiндiрдi: «Нұрсұл­тан Назарбаев – әлем мо­йындаған, жаһанға атағы жеткен, жер-жаһанға сөзi өтiп, айтқанын iстетiп отырған бүгiнгi заманның Жорж Вашингтон, Ата­түрiк, Ганди сияқты тек дара

Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде мәжiлiс депутаты Н.Сабильяновтың бiр кездердегi тарбағатайлық сайлаушыларын һәм жерлестерiн «iскерлiк беделiме нұқсан келтiрдiңдер» деп сотқа тартып, әрқайсысынан моральдық шығын ретiнде 500 мың теңге өтемақы талап етiп отырғанын жазғанбыз. Көзi қарақты оқырман қалаулысына өкпелегенi үшiн азаматтарды сотқа сүйреуге болатын-болмайтынын өзi екшей жатар. Ал бiз ШҚО Аягөз аудандық сотында және Тарбағатай ауылында өткен көшпелi сот процесiндегi жағдайды оқырманға жеткiзудi парыз санадық. Бұған заң мүмкiндiк бередi.

Депутат Н.Сабильянов сотқа берген азаматтар президент Нұрсұлтан Әбiшұлынан араша сұрайды

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай аулының тұрғындары Төлеу­бай Ахметов пен Жанарбек Бекбаев сәрсенбi күнi Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткiздi. Мәжiлiс депутаты Нұртай Сабильяновтың талап арызынан туындаған дауға байланысты. Т.Ахметов былай дедi: «Тарбағатай ауылы туралы «Жас Алашта» жариялан­ған мақалада «тарбағатайлықтар Нұртай Сабильяновқа өкпелi» деген сөз бар. Осы мақаланы оқығаннан кейiн депутат мырза

Түркiстандық Тасқали Қалымбетов майданға аттанғанда 19 жаста екен. 1943 жылы Ленинград түбiндегi ұрыста ауыр жараланып, елге қайтуға мәжбүр болыпты. II топтағы соғыс мүгедегi. 85 жастағы майдангердi атқамiнерлер 4 жылдан берi алдап келгенi өкiнiштi-ақ. Дәлiрегiне көшсек, 2006 жылдың 2 шiлдесiнде 1 сағат­қа жуық толассыз жауған жауынның салдарынан ар­да­­гердiң баспанасы оңбай бүлiнiп, құлай жаздайды. 11 адам тұратын отбасы мүше­лерi ойда жоқта

Көршi қырғыз елiмен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Қордай ауданының күншығыс бетiнде Күнбатыс деген ауыл бар. Негiзi Күнбатыс ауылы екеу. Бiреуi – тау­дан аққан өзендi жағалай орналасқан қарасы молдау ауыл, 100-ге жуық үй бар. Екiншiсi – бұл ауылдан аулақтау, биiк төбенiң басында орналасқан, 30 шақты түтiн бар. “Үйiңнiң қасында қыр болса, ерттеулi тұрған атпен тең, ауылыңда қарт болса, жазулы тұрған хатпен тең” деген, кiшi Күнбатыс ауы­лын­дағы көнекөз, жүз жасаған қарияны бұл төңiректiң бәрi бiледi.

“31-телеарна” толықтай ресейлiк “СТС-Медиа” холдингiнiң бақылауына өткен. 2009 жылдың соңында арнадағы бес қазақша бағдарлама бiрден жабылып, жуырда солардың орнына ашылған қазақтiлдi жалғыз бағдарлама да эфирден шеттетiлген. Ресейлiк басшылықтың қазақтiлдi бағдарламалар­ға қырғидай тиуiне көне алмаған жас журналистер өз ерiктерiмен жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Бұл жөнiнде олар арнайы баспасөз мәжiлiсiн өткiзiп, хабарлады.

НЕМЕСЕ КЕЛЕШЕККЕ ҚАЖЕТ КЕШIРIМДЕР

Өткен аптада 85 жылдығын тойлаған әлем әдебиетiнiң классигi Әбдiжәмил Нұр­пейiсов­тен (Әбеден) кешiрiм сұрағым келедi. Бiр емес, бiрнеше кешiрiм. Бiрiншiден, мен шақырылсам да, оның мерейтойына қатыса алмадым. Ұйымдастыру коми­тетiнен маған «сценарийге де аралассаңыз, жүргi­зуге де қатыссаңыз» деп қолқа салса да, мен сенiм үдесiнен шыға алмадым. Шынымды айтсам, қолым тимедi. Өткен күзде бiрiккен қазақ оппозициясының қатарында, дәлiрек айтсақ, жаңаша «АЗАТ» ЖСДП партиясында болу оңай емес екен! Об­лыс, аудан аралап, «Нұр Отанның» жасамаған тiрлiгiн атқарып жатырмыз.

Кеңес Одағының батыры Тоғанбай Қауымбаев ақсақалды Шымкент қаласына арнайы iздеп бардым. Бұл кiсi қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымовпен майдандас болған. Шындығын айту керек, қазiргi кезде генерал Сабыр Рахымов тиiстi дәрежеде ескерiлiп-еленбей жүр. Тоғанбай қарттың Сабыр Рахымов туралы, өзi туралы, соғыс туралы естелiктерiн қағазға түсiрiп алдым.

«ҚАҺАРМАН»

Жеңiстiң 65 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, ұлттық қаһарманымыз Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай ауған соғысының ар­да­герi Бақытбек Смағұлдың «Қаһарман» атты кi­табы жарық көрдi. Қазiргiдей тәуелсiздiк заманында бiз Бауыржан Момышұлын қалай тануымыз және қай қырынан көбiрек танытуымыз керек? Мiне, автор осындай мәселеге жiтi назар аударады. Ендi осы кiтаптан бiр үзiндi келтiре кетелiкшi. Автор былай дейдi:

Қазкоммерц­банктiң бас операциялық басқармасы департаментiнiң қызметкерi Баян Тәженова өзiнiң атасы Ескендiр Тәженов (1924 – 1973 жылдар) туралы былай деп әңгiмелейдi:
– Мен өз атамды, Ұлы Отан соғысының ардагерiн көзiммен көрген жоқпын. Ол мен тумай тұрып ауыр науқастан қайтыс болып кетiптi. Бiрақ мен ол кiсiмен өзiмдi көп жыл бiрге тұрғандай сезiнемiн, өйткенi ол кiсiнi бiздiң отбасында өте қадiрлейдi және ол кiсiнiң қадiр-қасиетi жөнiнде жиi әңгiмелеп, жиi еске түсiрiп тұрады.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс бастал­ғанда менiң үш нағашым бiрдей Отан қорғауға аттанды. Олар – Самархан, Сәндiбек, Шамхан Байтаңатовтар. Үшеуi де жас, үшеуi де техникум бiтiрген. Самархан атам 1939 жылы фин соғысына қатысып, елге аман-есен оралған сәтте Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталды. Ол кiсi 1940 жылдың      1 қаңтарында Гурьев (қазiргi Атырау) қаласынан соғысқа аттанған. 1943 жыл­ға дейiн Ленинград майданында әуе шабуылында болып, ерлiк көрсеткен.

Мамырдың 11-17-сi аралығында Үндiстанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерiнен Азия бiрiншiлiгi өтедi. Құр­лықтың барлық елдерiнiң палуандары бас қосатын додада елiмiздiң боз кiлем шеберлерi де өз өнерлерiн көрсетедi. Осыған байла­ныс­ты грек-рим, еркiн және әйелдер күресiнен ұлттық құраманың бас бапкерлерi айтулы жарыста ел намысын қорғайтын палуандардың есiмдерiн жариялады.

– Он бiр жiгiттiң қалай жұдырықтас­қанын өз көзiммен көрiп қайттым. Жастарымыздың әлем бiрiншiлiгiнен қоржындары бос қайтуы – бұрын-соңды болмаған жайт. Жiгiттердiң дайындығы – өте нашар. Боксшыларымыз шаршаңқы көрiндi. Оның себебi, жiгiттерiмiздi әлемдiк доданың алдында қатты қинап жiберген. Бiрiншi және екiншi раундта жап-жақсы бокстасады да, үшiншi раундта шаршап қалады. Бұрындары қазақ боксшылары, оның iшiнде әсiресе, жастар өзбек, грек сияқты елдердiң боксшыларынан ұтылу дегендi бiлмеушi едi. Ал қазiр кiм көрiнгеннен таяқ жейтiн болды.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жат­қан командалар бүгiн 9-тур ойын­дарын өткiзедi. Өткен аптаның соңында 8-тур ойындарын өткiзген елiмiздiң командаларының арасында бәсекелес­тiк қыза түсуде. 7-турдың қорытындысы бойынша көш бастаған Қостанайдың “Тобылы” өткен аптада өз алаңында Астананың “Локомотивiн” қабылдап, ойламаған жерден ұтылып қалды.