1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15495) 12 мамыр, сәрсенбі 2010

Қазақтың қаһарман ұлы, авиация генарал-майоры, үш мәрте КСРО Жоғары Кеңесiнiң депутаты болған, екi мәрте Кеңес Одағының Батыры, сондай-ақ, соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн «Қызыл Ту», екi рет 1-шi және бiр рет 2-дәрежелi «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Ленин» «Александр Невский», 3-дәрежелi «Даңқ» және басқа да бiрнеше орден, медальдармен марапатталған, Ұлы Отан соғысында 305 жауынгерлiк ұшуды орындаған, 500 сағат өмiрiн аспанда өлiм мен өмiр арасында өткiзген, көзi тiрi кезiнде-ақ ерлiгi аңызға айналған Талғат Бигелдинов жеңiстiң 65 жылдық мерейтойында елеусiз қалды.

Даңқы сан қиырға кеткен Бауыржан Момышұлы «Совет Одағының Батыры» атағына көзi тiрiсiнде үш мәрте ұсынылса да, оның қақпайлағанға көнбесiн сан көрген «құдайлар», әсiресе, маршал И.Конев аяғынан шалып, алдына ор қазып отырыпты. Баукеңе, Рахаңа көзi тiрiде Батыр атағын алып беруге бiздiң «тәңiрлер» де қалайда құлықсыз болған, «бiз ұсынып едiк, Мәскеу қолдамады» деген жұмбақ жауаптан танбаған, дәлелдi, заңды үлесiн табандап талап етпеген. Жоғары атақтар Баукеңе де, Рахаңа да қайтыс болғаннан кейiн бұйырды.

 АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚОЯР ТАЛАБЫ КӨП

Тiркелмеген «Алға» халықтық партиясы кеңсесiнiң ауласында алты адам 1 мамырдан берi аштық жариялап отыр. Аштық жариялаушылардың қатарында Жасарал Қуанышәлин, Ербол Нұрғалиев, Құралбек Ақназаров, Мұхаммеджан Құдысұлы, Мейiрхан Әбдiманап бар. 1 мамыр күнгi шеруден соң әкiмшiлiк жауапқа тартылып, темiр торға тоғытылған Ермек Нарымбаев аштықты түрмеде жариялап жатқан көрiнедi. Аштық жариялаушылардың айтуынша, 1 мамыр күнгi оқиға олардың онсыз да түгесiлуге шақ тұрған шыдамын тауысты.

 ЕМБI МҰНАЙШЫЛАРЫ АЙМАҚТЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТI ЗАҢДАСТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТЕДI

Еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшуге байланысты ұсыныстар атыраулық мұнайшылардың да наразылығын тудыруда. Олар еңбекақыны төлеу жүйесiне өзгерiс енгiзуге үзiлдi-кесiлдi қарсы. Бұған қоса Ембi мұнайшылары ресми кәсiподақтан шығып, тәуелсiз кәсiподақ құратындарын мәлiмдеп жатыр. Сәуiр туғалы атыраулық мұнайшылардан маза кеттi. Жаңаөзендегi жарты айдан асқан мұнайшылар наразылығының iзi суып болмай Атырауда да жаңа толқынның лебi есе бастағандай.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ ДА ҚАТАҢ САҚТАЛАТЫНЫНА ҮМIТ БАР

Ғалымдардың пайымдауынша, жер бетiнде Фараб деп аталатын екi қала бар екен. Оның iшкi Фарабы Александриядан кейiнгi әлемде ең үлкен кiтапханасы бар, өз заманындағы руханият астанасы атанған Отырар болса, сыртқы Фараб Мысырда орналасқан. Ал тарихты парақтасақ ғылыммен шындап шұғылданған 11 әл-Фараби кездеседi. Бiрақ, олардың ешқайсысы да Әбунасыр әл-Фарабидiң бағындырған биiгiне жете алмады. Алдымен кiндiк қаны тамған Отырар топырағында қанатын қатайтып, Бағдад, Мысыр елдерiне содан соң құлаш сермеген Әбунасыр әл-Фараби философиясы

11-сәуiрде өздерiнiң талаптарын алаңға шығып жеткiзбекшi болған жастардан билiктiң үрiккенi байқалды. Жуырда президент әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi “Жастар Қазақстан халқының бiрлiгi үшiн” атты жастар форумын өткiзiп, жиналған жастардан алаңға шықпау және президентке адал қызмет жөнiндегi ант алды. Форум 28-29 сәуiр күндерi Астанадағы Тәуелсiздiк сарайында өттi. Мақсаты

Қазақстанның жас публицистерiнiң бiрi Алмас Көшербаев жақында бе­делдi Human Rights Watch ұйымының атынан марапатқа ие болды. Ол 2010 жылы Hellman/Hammet сыйлығын алған әлемдегi 20 мемлекеттiң журналист­терiнiң бiрi атанды. Hellman/Hammet сыйлығы 1989 жылдан берi берiлетiн беделдi халықаралық сыйлықтардың бiрi. Бұған дейiн бұл құрметке Ресей журналисттерi Анна Политковская мен Григорий Пасько, белгiлi түрiк жазушысы, аудармашы әрi баспагер Айсенұр Зараколу әр жылдары ие бол­ған едi.

31-арнаның ресейлiктердiң қол астына өткенiне 2-3 жылдың жүзi болды. Көршi жатқан алып держава өкiлдерi қай жерде болмасын, өз үстемдiгiн көрсетуге асық. Мұнда да қазақша бағдарламаларды болмашы сылтаулармен бiрiнен соң бiрiн жауып әлек. Кезек арнада жуырда ғана ашылған қазақ тiлдi көрермендерге арналған “Айнаline” бағдарламасына да жеттi. Жабудағы сылтаулары – өз алдына бөлек әңгiме.

Қазақ тiлiнiң, жалпы тiлдiң қолданыс аясын кеңейтетiн бiр игi iс – телебағдарламалар. “Қазақшаңыз қалай?” сияқты бағдарламаларды көре тұра, сүйсiнесiң. Ал осыларды көк тиынға татырмай қоятын “Наша казаша” бағдарламасын көргенде, не күйде боласыз? Қаныңыз басыңызға теуiп, қазақ болып туғаныңызға өкiнесiз бе?! Әлде ұлтын өсiруге емес, өшiруге қызмет етiп жатқан ұрпаққа ренжисiз бе?

Бала – елдiң болашағы. Ел ертеңiн көре бiлетiн нағыз ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп шығару – бүгiнгi қоғам алдындағы ең басты мiндет. Қашан да бала тәрбиесi қоғамнан тыс қалған емес. Ал бүгiн қандай? Отбасы қамы деп жұмысы басынан асып жүрген ата-ана тәрбиенi мектепке мiндеттесе, мектеп ата-анаға сiлтейдi. Шындығына келер болсақ, тәрбие iсiнде алдына жан салмай, өз iсiн барынша “тиянақты” атқарып жүрген – теледидар мен компьютер екенi даусыз

Мамырдың 7-9 аралығында Тунисте дзюдодан халық­аралық лицензиялық турнир өттi. Өкiнiшке қарай, Ербол Қырғызбаев жетекшiлiк ететiн елiмiздiң ұлттық құрамасы бұл жарыста жалғыз қола медальмен шектелдi. Африка құрлығында жалауы көтерiлген жарысқа әлемнiң 49 елiнен 350-ге жуық спортшы жиналды. Бұл жарыстың маңыздылығы сол, спортшылар 2012 жыл­ғы Лондон Олимпиадасына берiлетiн жолдама үшiн ұпай жинай бастайды. Жарысқа

Мамырдың 7-сi күнi Германияда хоккейден кезектi әлем бiрiншiлiгiнiң тұсауы кесiлдi. Дүниежүзiнiң он алты елiнiң командалары өнер көрсетiп жатқан додада Қазақстан құрамасының хоккейшiлерi де бақ сынауда. Андрей Шаянов баптайтын Қазақстан құрамасы өткен жексенбi күнi өз тобындағы алғашқы ойынын Беларусь құрамасына қарсы өткiзiп, 2:5 есебiмен жеңiлiп қалды. Жерлестерiмiздiң сапынан Дмитрий Дударев пен Владимир Антипин мергендiгiмен көзге түстi.

Мамырдың 19-ы күнi Астанада таэквондоның WTF тұжырымы бойынша тұңғыш рет Азия бiрiншiлiгi өтедi. Осыған байланысты таэквондодан ұлттық құраманың бас бапкерi Қайрат Қырғызбаев құрлықтық жарыста ел намысын қорғайтын қыз-жiгiттердiң есiмiн атады. Бас бапкердiң айтуынша, таэквондошыларымыз Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарын ойдағыдай өткiздi. Ендiгi кезек – Азия бiрiншiлiгiнде командалық есепте топ жару.

Өткен аптада футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар 9-тур ойындарын өткiздi. Бұл турдың ең басты кездесулерiнiң бiрiнен саналған Павлодардың “Ертiсi” мен Қарағандының “Шахтерi” арасындағы ойын 3:1 есебiмен керекулiк аяқдопшылардың пайдасына шешiлдi. Қостанайдың “Тобылы” сырт алаңда Алматының “Қайратын” қапы қалдырды.

Дуылдап стадион қазанында,
Шуылдап түсетұғын азабына.
Футболға бауыр басқан жанкүйермiз,
Сабыры сай келмейтiн қазағыңа.