1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15496) 14 мамыр, жұма 2010

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚАЙ ҰЛТТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ БОЛМАҚ?

Сәрсенбi күнi мәжiлiс депутаттары Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевты «ұлт көшбасшысы» деп жариялап, оған бiрқатар жеңiлдiктер беретiн заң жобаларын терлеп-тепшiмей-ақ мақұлдап жiбердi. Мұны жалпы отырысқа қатысып отырған 100 депутаттың 99-ы жақтапты. Ал бiреуiнiң не себептi қалыс қалғанына таңданып отырмыз. Қалғып кеткен болар, бәлкiм... Ұлт көшбасшысына қатысты мәселенi осыдан бiр апта бұрын депутаттар — Розақұл Халмұрадов, Светлана Ферхо және Әмзебек Жолшыбеков көтерген.

Кеше демократиялық қоғам өкiлдерi “ұлт көшбасшысы туралы” заң жобасына қарсылық бiлдiрiп, баспасөз мәслихатын өткiздi. Демократиялық қоғам деп отырғанымыз, 1 мамыр күнгi республикалық жиынға қатыс­қан саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкiлдерi. Атап айтқанда, баспасөз мәслихатында “Халық билiгi” саяси блогы мен “Қазақстан – 2012” қоғамдық қозғалысының өкiлдерi төбе көрсеттi.

Дүйiм жұртты дүрлiктiрген «Кедендiк одақ» мәселесiнiң дау-дамайы жақында басылатын түрi жоқ. Жоғары билiк «Ресей, Белоруссия мен Қазақстан енген одақ ұлттық қауiпсiздiгiмiзге нұқсан келтiрмейдi» деп ақталғанымен, бiрқатар сауалдар мұны жоққа шығарады. Таяуда ғана бiрқатар ресейлiк сайттарда «2011 жылдың шiлде айынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара жойылады» деген мәлiмет таратылды. Белоруссия мен Ресей мемлекеттiк шекарасы үстiмiздегi жылдың шiлде айынан бастап жойылмақ. Бұл туралы РФ Федералды кеден қызметi басшысының орынбасары Сергей Шохин мәлiмдедi.

ОБЛЫС ӘКIМI Қ.БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚОЯР ТАЛАБЫ ОСЫНДАЙ

Құзырлы мекемелердiң қолымызға ұстатқан мәлiме­тiне қарасақ, өткен наурыз айында Жамбыл облысында 6 кәсiпорын жұмысын тоқтатыпты. Оның төртеуi Тараз қаласының еншiсiнде. Сондай-ақ облыс орталығындағы тағы төрт кәсiп­орынның жұмысы жарым-жартылай ғана жүрiп тұр. Жыл басынан берi “Тұрғын үй” бағдарламасы бойынша коммуналдық және ипотекалық үй құрылысына республикадан бөлiнген 98,9 мил­лион теңгенiң 3,5 миллионы ғана игерiлiптi.

Әуезхан ДАРИНОВ, Қазақстан фермерлер одағының президентi: Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен берi, басынан дау арылмай келе жатқан саланың бiрi — ауыл шаруашылығы. Кеңес уақытында ақтылы қой, алалы жылқы өсiрiп, қырманы қызыл дәннен арылмаған ауылдардың тоқсаныншы жылдан былай қарай берекесi қаша бастады. Тәуелсiздiктiң алғашқы күнiнен бастап адамға қажетi болмай, ажарынан айырылған ауылдардың сондағы күйi әлi де көз алдымызда. Тiптi сол уақытта “Қазақстанға ауыл шаруашылығының қажетi жоқ, керектiң барлығын шетелден сатып аламыз” деген “қанатты сөз” жиi айтылатын.

Ұлтымыздың ұлылығын төрткүл дүниеге әйгiлеген, халқымызға қараңғыда пана болған, келешек үшiн әрекеттенiп, заман ызғарына төтеп берген алдаспан, дана Шоқанның дүниеден озғанына 145 жыл болды. Ғұлама ойшылдың мұқалмас рухы ғасырларға жалғасып, қалың елдiң санасын сәулелендiрiп, болашаққа сенiмiн арттырып келедi. Оның шығармалары дәуiр рухымен үндес, пiкiрлерi күнi кеше немесе дәл бүгiн айтылғандай тың, құнды. «Қоғамдағы мұқтаждықты бiлмегендiктен, гуманистiк теорияға шамадан тыс қызғанышпен қараудың салдарынан, қазiргi белгiлi жағдайда мүлдем қажетi жоқ жаңа өзгерiстер

– Қазiр әлемде рухсыздану үрдiсi жүрiп жатыр. Бiздiң елде де аз жылдың iшiнде рухсыздану дертi терең тамырын жайды. Билiк те бiрiншi қатарға экономиканы қойып, адами, рухани құндылықтарды екiншi қатар­ға ысырып тастады. Бұл – түбегейлi қате! Себебi, экономиканы жасайтын – адам. Ал адамда рухани парасат болмаса, ол қоғамға үлкен қауiп төндiредi. Сондықтан мұндай саясатты алға тарту қоғамның адасуы деп бiлемiн. Кезiнде Гитлерден Шығыстағы елдерге қандай саясат қолдану керек деп сұраған. Сонда Гитлердiң:

Сусындатқан бұлағымнан айырма,
Дiлiм, тiлiм – ұлы әнiмнен айырма.
Атамекен туған-жұрт, тұрағымнан айырма.
Көл жағалай өсетiн құрағымнан айырма.
Бәрiн айт та бiрiн айт, құдiреттi Құранымнан айырма.
Құран сөзiн тыңдайтын құлағымнан айырма.
 

Кенжебай Сейiлұлы 1922 жылдың 4 қыркүйегiнде Қостанай облысының, Жiтiқара ауданындағы Құсақан ауылдық кеңесiнiң №1 ауылында дүниеге келген. Кенжебай әкесi Сейiл мен шешесi Алтынбике қайтыс болған соң, кәмелеттiк жасқа келгенше ағасы Қоқайдың қолында өстi. Ол Жiтiқара қазақ орта мектебiн бiтiрiп, Қостанай мемлекеттiк мұғалiмдер институтында оқыды. Ал 1942 жылы ақпан айынан 1945 жылдың қазан айына дейiн соғыс­қа қатысады.

Әкем Жылқышы Тасыбеков 1901 жылы қазiргi Балқаш ауданы, “Қазақстан” ауылында шаруа отбасында өмiрге келген. Әкем жетiмдiктiң зардабын ерте тартады. Төрт жасында әкесiнен, сегiз жасында шешесiнен айырылған ол Iле ауданы, Әли ауылындағы нағашы жұртының тәрбиесiнде болады. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн әкемiздi Алматыға екi жылдық сатушылық курсқа оқуға жiбередi. Оқуын бiтiргеннен кейiн ұзақ жылдар сельпода iстейдi, кейiннен сельпо бастығы болады.

Құрметтi Нұреке (Нұртай Сабильянов)! Бiз Сiздiң өз сайлаушыларыңызбен соттасқаныңызды қаламаймыз. Себебi, халық депутаттыққа сайлаған кезде кейiн «өзiмiздi сотқа тартсын» деп сайламаған болар. Керiсiнше, елдiң мұңын, халықтың жоғын жiтi бақылап, билiк тарапынан болатын қандай да бiр қамқорлықтың өз деңгейiнде болуын бақылап отыру үшiн сайлады деп есептеймiз.

Қазақ мақтасының отаны – Мақтарал бiр кездерi әлемге әйгiлi едi. Мақта шаруашылығының шаңырағы осы жерде көтерiлiп, алғашқы қазығы осы жерде қағылған. Қазiр ғой ит тартқылаған тулақтай тоз-тозы шыққаны. Мақтаралды кiмдер бас­қармады десеңiзшi. Бiрi кетедi, бiрi келедi. Елдiң де етi үйренген. Кеткенге “неге кеттiң!” демейдi. Келгенге “қай бетiңмен, қандай еңбегiңмен, нендей талантыңмен ел басқармақшысың” демейдi.

Кейбiр тарихшыларымыздың “Қа­зақстан тәуелсiздiк алғанға дейiн мемлекеттiгi болмаған, шекарасы анықталмаған, тарихты қайтадан қарау керек” деген пiкiрiне қосыла алмаймын. Нағыз ұлтжанды тарихшылар ұлтымыздың, елiмiздiң өткенi мен кеткенiн, “елiм, жерiм” деген ұлы тұлғаларды дәрiптеу керек. Жапон тарихшысы У.Томахико Мiржақып Дулатов жайында диссертация жазған

“Жас Алаш” газетiнде жарияланған оқырман Қайрат Ағыбергеннiң “Қара албасты” (№14,18 ақпан, 2010 жылы) деген әңгiмесiн оқып, мен де өз басымнан өткен мына бiр оқиғаны баяндайын деп едiм. 1979 жылы Қызылордадағы политехникумға құжаттарымды тапсырдым. Емтиханнан сүрiнбей өтiп, студент атандым. Ендi жатақханаға орналасу керек. Бiрақ ағам: “Осында жолдасым әрi құдамыздың үйi бар, сонда жат”, – деп қоймады. Ол құдамызды мен де танитынмын. Құдамыз да: “Үйге жат, өз үйiң ғой”, – деп ағынан жарылып жатыр.

Бұл күндерi Үндiстанның Дели қаласында күрес түрлерiнен Азия бiрiншiлiгi өтуде. Сәрсенбi күнi жалауын көтерген жарыста алғашқылардың бiрi болып еркiн күрес шеберлерi додаға түстi. Нұрғали Рахманқұлов баптайтын елiмiздiң еркiн күрес шеберлерi жарыстың бiрiншi күнi үш салмақ дәрежесiнде күресiп, барлығында жүлдегер атанды. Дели төрiне төселген боз кiлемге бiрiншi болып 60, 74 және 96 келiдегi палуандар шықты. Азияның түкпiр-түкпiрiнен жиналған палуандардың белдесуi өте тартыс­ты өтуде. 60 келi салмақтағы палуандардың бәсiнде күш сынасқан

Мадридтiң “Атлетико” футбол клубы Еуропа лигасының тұңғыш жеңiмпазы атанды. Финалда мадридтiк клуб Англияның “Фулхэм” командасын 2:1 есебiмен ұтты. Бұған дейiн УЕФА кубогы атанып келген мәртебелi турнирдiң атауы былтырдан бастап Еуропа лигасы атанғанын аяқдоп жанкүйерлерi жақсы бiледi. Жаңа атаумен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарыстың финалдық ойыны Германияның Гамбург қаласында өттi.

Германияда шайбалы хоккейден өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрамасының хоккей­шiлерi өз тобындағы екiншi ойынын Ресей құрамасына қарсы өткiзiп, 1:4 есебiмен жеңiлiп қалды.Андрей Шаянов баптайтын ұлттық құраманың сапынан жалғыз шайбаны Дмитрий Дударев соқты. Қазақстан құрамасының ойыншылары кеше кешкiсiн А тобындағы соңғы ойынын Словакия құрамасына қарсы өткiздi.

Сәрсенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының 10-тур ойындары өттi. Өз алаңында Көкшетаудың “Оқжетпес” клубын 4:0 есебiмен ойсырата жеңген Қостанайдың “Тобылы” басты қарсыласы Павлодардың “Ертiсiнен” екi ұпайға алға шығып, топ тiзгiнiн қолдарына алды. 9-турдың нәтижесi бойынша “Тобылмен” тең ұпай жинап келген керекулiктер сырт алаңда “Ақтөбемен” ойнап, 0:0 есебiмен тең түстi. Талдықорғанның “Жетiсуы” сырт алаңда “Атырауды” тiзе бүктiрiп, турнир кестесiнiң бесiншi сатысына көтерiлдi.

«Жас Алаш» газетiнiң карикатурашысы Ғалым Смағұлұлы – талай халық­аралық бәйгелердiң жеңiмпазы. Бұл жөнiнде кезiнде газетiмiзде жазылды да. Осы таяуда ғана Ғалым Виан­дин (Люксембург) бәйгесiне қатысып, жүлделi үшiншi орынды иелендi. Виандин бәйгесi – әр жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiлiп келе жатқан карикатурашылардың халықаралық жарысы. Бұл жарысты ұйым­дас­тырушы – «Виандин карикатура мұражайы».