1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15497) 18 мамыр, сейсенбі 2010

Владимир Жириновский таяуда ғана бiр ресейлiк басылымға берген сұхбатында ол қоғамдық пiкiрдi тағы да дүр сiлкiндiрдi. Бұл жолы не айтты дейсiз ғой? В.Жириновский Қырғызстан мен Тәжiкстанды мемлекеттiк егемендiгiнен айырып, оны Ресейдiң құрамына қосуды ұсынды. «Тәжiкстан мен Қырғызстанның мемлекет ретiнде болашағы жоқ.Ол жерден тоғызыншы федералды округ құрайық. Бiшкекте Рушайлоны өкiлеттi тұлға ретiнде тағайындайық, содан кейiн бұл Ресей Федерациясының ортаазиялық жаңа федералды округына айналады», – деп мәлiмдедi

Газетiмiздiң 12 мамыр күнгi санында (№37, 2010 жыл) Дилара Исаның «Даңқты батыр неге елеусiз қалды?» атты мақаласы жарық көрген едi. Осы мақаладан кейiн «Жас Алаштың» сайтына пiкiр бiлдiргендердi айтпағанның өзiнде, редакцияға облыстардан қоңырау шалған оқырмандардан тыным жоқ. Газеттiң хатқоржынына жан-жақтан хаттар да түсе бастады. Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтiң басынан кешкенi ел-жұртты бейжай қалдырмаған екен...

ИРТЫШБАЕВ ҚОЖАСЫНАН ӘБДЕН ШАРШАҒАН СЫҢАЙЛЫ, ОЛ НҰРЕКЕСIНЕ ДЕМАЛУДЫ АСТАРЛАП КЕҢЕС ЕТТI...

Гераға, Герольд Бельгер «Иртышбаев» деп ат қойып, айдар таққан Ермұхамед Ертiсбаев батыр екен. Бiз мұны бiлмей жүрiппiз. Ол өткен аптаның соңында айды аспанға бiр-ақ шығарды. Бұған дейiн де әр нәрсенiң басын бiр шалып жүрдi ғой. Алайда, кейбiреулер мұны бiлсе де, бiлгенiн ашық айта алмай жүргенде Иртышбаев қожайынына қатысты бүй дедi: «Осыдан кейiн мемлекет басшысы мерзiмiнен бұрын билiктен кетуi ғажап емес. Бұл биыл болуы да әбден мүмкiн»

Мәжiлiстiң заңнама және сот-құқықтық реформа комитетi президенттiң қызметiн жетiлдiретiн заң жобасын 25 маусымда нақтылаймыз деп халықты алдап, 12 мамырда ай-шайға қарамай екi оқылымда да мақұлдап жiбердi. Жеңiстiң 65 жылдығына берiлген үшкүндiк мерекеде мәжiлiс демалмай жұмыс iстептi. Мәжiлiстен қалыс қалмайық, өгейсiмейiк деген болуы керек, ертеңiне сенат та екi заңды жалпы отырысқа шығарды. “Саясатпен айналыспасаң, саясат сенiмен айналысады” деген бар. “Ұлт көшбасшысын” ұлттың өзi бiле ме?

Жуырда ғана Мәжiлiс депутаттары президентiмiздi “Ұлт көшбасшысы” деп атау жөнiнде ұсыныс тастап, бұл турасындағы заң жобасын тез арада қабылдап үлгердi. Абыройы асқақ Нұрсұлтан Назарбаевқа “Ұлт көшбасшысы” деген мәртебе әбден лайық-ақ. Әйткенмен, әлемдiк деңгейдегi саясаткер үшiн бұның өзi аз сияқты. Менiңше, тұңғыш президентiмiздiң көрегендiк саясаты әлемдiк деңгейде мойындалып жатқанда, ол кiсiнi “Әлем Әкесi” деп атағанымыз жөн тәрiздi.

Заң бойынша рақымшылық жасау мәселесiн Белоруссия мен Грузия шешiп жат­қан көрiнедi. “Ұлт көшбасшысы” идеясын заңдастырған сенат отырысында Ғани Қасымов рақымшылық жайлы сөз еттi. “Осы мәселенi үшiншi рет көтерiп отырмын. Үкiмет “Мәселенi қарастырып жатырмыз, келiсiлiп жатыр” дейдi. Қарастырылып жат­қан келiсiмнiң нендей келiсiм екенiн ашып айтпайды”, – дедi ол.

ҚМЭБИ-дiң таңдауы осындай болса, кiмге бiлiм берiп жарытпақ?

Атышулы Қазақстан менеджмент және экономикалық болжау институтының басы тағы дауға қалды. Кеше ҚМЭБИ студенттерiнiң ата-аналары баспасөз мәслихатын өткiзiп, оқу ордасындағы барлық былық-шылықтың бетiн ашты. Оқу орны басшылығының өрескел заң бұзушылықтарын әшкере­ледi. ҚМЭБИ студенттерi ата-аналар қауымдастығы атқарушы комитетiнiң төрағасы Байкарим Түтенов институттағы дау-дамай 2006 жылдан бастау алғанын тағы бiр еске салды.

Бәйге төбенiң басына жеткенiмде УАЗ көлiгiнiң алдыңғы орындығында дүрбi салып Нүсiпбек ақсақал отыр екен. Сыртынан қызықтап қарап бiраз тұрдым. Бала кезiмде осы өңiрдiң ойдағы не қырдағы, ауылдағы не қаладағы үйiне барғанымда үнемi осы кiсiнiң есiмiн ел-жұрттың аңызға айналдырып отыратыны әлi есiмде. Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Сарыбастау колхозын құрғанда басы қасында жүрiп, артынан оны табаны күректей 30 жыл басқарып, өңiрдегi ауқатты ауылдың бiрiне айналдырғаны бөлек әңгiме. Менi қызықтыратыны бұл кiсiнiң басқа қырлары едi.

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАУЫМДАР ПАЛАТАСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗI

Әнекеңнiң туғанына 2010 жылдың 12 мамырында 80 жыл толды. Сол мерейлi күн қарсаңында қазақ және орыс тiлдерiнде «Бiздiң Әнуар» – «Наш Ануар» атты естелiктер жинағын шығардым. Соны әзiрлеу күндерiнде мұрағатжайлардан бұрын ешқайда жарияланбаған, жоғарыда аталған мақалаларын тауып алдым. Мен Әнекеңмен 20 жыл аралас-құралас болдым, Жазушылар одағында 12 жыл бiрге қызмет iстедiк, бiрақ ол халықаралық биiк мiнберлерден сөйлегенi туралы тiс жарған емес... Ерекше қарапайым болған қайран ӘНЕКЕ, тiрiңде қадiр-қасиетiңдi бiле бермедiк-ау!..  

Мекеменiң бастығы Ауыз Өңешов,
Өзiнiң орынбасары Көмекеймен кеңесiп,
Коррупцияға қарсы бiр жиын өткiзбекке,
Елдiң көзiн көп нәрсеге жеткiзбекке, бекiнiп,
Қарамағындағылардың мазасын кетiрiп,

Ойпырмайдың отбасы. Дас­тар­қан басында аннан-мыннан келген он-он бес шақты қонақ. Қақ төрде сайрап, облыс орталығында тұратын Дайрабай, оның оң қол жағында Паттал, мына жағында сары сақалды Салмамбет отыр. Сосынғылары: Ақтанау, Амантүгел, Есенаман, Опырып, Далбағай, Топли, Әлеулiм, Маркен, Ноутбай, Ноутбек, Арлекино, Қалаулiм және ағайынды Быттыбай мен Сыттыбай. Қанша болды?

Акушерка Альбина Степановна мұндай пәленi өзiнiң медициналық тәжiрибесiнде бұрын-соңды көрмеген болатын. Туа сала татардың халық әнiн нәшiне келтiре орындаған шақалақты көргенiңiз бар ма? Әрине, көрген емессiз. Ал Альбина Степановна көрдi. Көрдi де, есi шығып кеттi. Бiрақ, Альбина Степановна есiн тез жинап алды. Сөйттi де, жаңа ғана туылған сәбидiң бетiне шапалақпен салып қалды: – Бiрiншiден, бұл – филармония емес, әйелдер босанатын үй. Ереже бойынша сенiң қазiр емшек сұрауың керек.

Мамырдың 9-14 аралығында Алматыда бокстан Кеңес Одағының Батыры, армия генералы, “Халық қаһарманы” Сағадат Нұрмағамбетовтiң жүлдесi үшiн бокстан халықаралық турнир өттi. Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Түрiкменстан, Тәжiкстан, Моңғолия, Қытай елiнiң был­ғары қолғап шеберлерi шақырылған дүбiрлi жарыс алты күн бойы Әскерилердiң орталық спорт клубының залында өттi. 155 боксшының басын қосқан жарыста қазақ елiнiң боксшылары жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Үндiстанның Дели қаласында күрес түрлерiнен Азия бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Бұл сында қазақ елiнiң палуандары 2 алтын, 4 күмiс, 5 қола медальға ие болды.Азия бiрiншiлiгiнiң екiншi күнi Қазақстан құрамасының қоржынына еркiн күрестен 120 келi салмақтағы Марид Муталимов алтын медаль салды. Олимпиада ойындарында көк байрағымызды көкте желбiреткен Марид алғашқы белдесуiнде үндiстандық Томар Радживтi тiзе бүктiрдi. Естерiңiзде болса, былтыр Паттайяда өткен Азия бiрiншiлiгiнде