1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15498) 20 мамыр, бейсенбі 2010

Бiр айта кетерлiгi, қала маңында 40 жылдан берi тұрған бұл қойма уран қалдықтарын сақтайтын әлемдегi ең iрi 5 қойманың қатарынан орын алады және Қазақстан бойынша уран қалдықтарының жартысынан астамы осы жерде сақ­талған. Анықтап айтар болсақ, 1964-92 жылдар аралығында 45 миллион тонна уран қалдықтары (95 пайызы) төгiлген көрi­недi. Бұл қалдықтар ҚР «Жерасты байлығы және жерасты бай­лығын пайдалану» туралы заңы бойынша мемлекет меншiгi болып саналады.

ОЛ НЕЛIКТЕН ТАСҚАРАСУДА ЖЕЛБIРЕДI? БҰЛ ҰЛТАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕНI УШЫҚТЫРМАЙ МА?

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылында шу шықты. «24 сәуiр күнi ауыл тұрғыны Хамра Намановтың баласы үйлендi. Жастар серуенге шыққан кезде Адылжан Тохтахунов жеке көлiгiнде Шығыс Түркiстанның туын көтерiп, Жiбек жолы бойымен Рахат ауылының арасында жүрдi. Шығыс Түркiстанның туы, елтаңбасы ұйғыр ағайындардың киiмдерiнде, көлiктерiнде iлiнiп жүр. Тiптi, әнұранымыздың сөзi бұзылып, «Қазақстаным» дегеннiң орнына «Ұйғырстаным» дейтiн оқушылар бар. Қазақстан жерiнде неге мұндай бассыздыққа жол берiлуде?»

«Алтын ғасыр», «Бейбiтшi­лiк», «Игалэтте», «Европейский», «Байқоңыр» тұрғын үй кешендерiнiң 292 үлескерi үкiметтiң 1 сәуiрдегi №277 қаулысымен келiспей­тiнiн бiлдiрiп, Кәрiм Мәсiмовке хат жазады. Мәсiмов жауап бермейдi. Сейсенбiде үкiмет үйiнiң алдына 50-60 үлескер келiп, Мәсiмовтiң түсiнiктеме беруiн талап еттi. Кеңсе бастығының орынбасары шығып, үлескерлермен тiл табыспақшы болған едi, бiрақ оның бұл әре­ке­тiнен түк шықпады. Олар үкiметтiң кез келген мүшесi­нiң бiрiмен кездесудi ойлаған.

Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде Қазақстан менеджмент және экономикалық болжау институты студенттерiнiң ата-аналары баспасөз мәслихатын өткiзiп, оқу ордасындағы былық-шылықтың бетiн ашып, институт басшылығының заң бұзушылықтарын әшкерелегенiн жазған едiк  (“Лаңкестiң әкесi – декан, жыныстық зорлықшыл – ұстаз. ҚМЭБИ таңдауы осындай болса, кiмге бiлiм берiп жарытпақ?”, “ЖА”, №39, 18 мамыр). Баспасөз мәслихатында ата-аналар ҚМЭБИ халықаралық аккредитациядан өтпегенiн,

ДЕПОЗИТIНIҢ ПАЙЫЗЫ ЖОҒАРЫ БОЛСА ДА ХАЛЫҚ ҚАЛТАСЫН ҚАҒАДЫ

“Депозиттердi кепiлдендiру қоры алғаш 1999 жылы құрылғанда қиындықтар мен түсiнбеушiлiктер көп болатын, – дейдi Қазақстан депозиттердi кепiлдендiру қорының төра­йымы Бақыт Мәженова. Ол тұста кепiлдендiру жүйесiне небәрi он алты банк қана қосылған-ды. Ал қазiр жағдай бiршама реттелдi. Жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдайтын барлық банктер кепiлдендiру жүйесiнiң мiндеттi мүшелерi”. Бақыт Мәженова журналистерге берген брифингiде 

“Нұр Отанның” қалаулылары –
Мәжiлiс жепутаттары
Мұхтарша айтқанда,
Депутаттар тамаша бiр iс бастапты:
Қаны сорғалаған мәселелер­дiң
Мойындарын бұрап,
Қайырып тастапты.
 

11 сәуiр күнi алғашқы жалпыұлттық жастар митингiсiн өткiзуге талпынған жастарға билiк тарапынан жауап қайтарылып, жастар келiссөзге барған болатын. Сол келiссөз нәтижесiнде қоғамдағы ең өзектi мәселелердi талқыға салатын әрi оны шешуге ықпал ететiн жастар палатасы құрылатыны жөнiнде келiсiлiп, әртүрлi топтағы тәуелсiз жастардан және билiкшiл жастар ұйымдарының өкiлдерiнен тұратын арнайы комиссия құрылды. Өткен жұмада Алматы қалалық әкiмшiлiгiнде осы комиссияның алғашқы отырысы өттi.

Кәрiм аға адвокаттық жұмыстан қолы қалт еткенде өлең жазады, ән шығарады. Күнi бүгiнге дейiн отызға жуық ән шығарыпты. Және де сол әндердi өзi орындайды. Ағамыздың прозаға да ауық-ауық түрен салып қоятыны бар. 2005 жылы «Өнерiм — өмiрiм» атты жыр жинағы, 2008 жылы «Жолаушы» атты детективтi повесi жарық көрдi. Ал өлеңдерi республикалық басылымдар да жиi жарияланып тұрады. Мерейтойы қарсаңында Кәрiм ағаны редак­циямыз­ға арнайы шақырып, әңгiме-дүкен құрған едiк.

Олар әуелi мереке қарсаңында (Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың 65 жылдығы) бесеу едi. Кезiнде Қызылтас ауданының орталығы болған Қызыл­кесiктiң кеудесiндегi қызыл жұлдыздың бес бұрышындай жарқыраған бес ардагер – бес мың тұрғыны бар берекелi жердiң бетке ұстар тiрi тарихы болатын. Қазақы болмысын қашан да жоғалтпайтын қа­һармандарымыздың есiмi де “Қ”-дан басталады. Олар – Құбайдолла, Қыдырмолда, Қозан, Құдайберген, Қабдолла

Мен нағашы апамның қолында тәрбиелендiм. Ол кiсiнiң қолына бiр айға толған кезде келiппiз. Шешем екеумiз. Қазiргi Санкт-Петербор қаласынан. Бұл 1983 жылдың жазы екен. Мен бiр жарым жасқа келгенде шешем Көкшетау қаласына жұмысқа кетiп, сол жақтың қазағына күйеуге шығыпты. Шешемнiң шешем екенiн мектеп бiтiрер кезде бiлдiм. Менде ала­құйын сезiм болған жоқ. Анамның тастап кеткенiне ренжiген де жоқпын. Қасымда менi тумаса да туғандай болған мамам (нағашы апам) болды. 

Үлкендер: “Қазiргi жастар қазақ киносын көрмейдi” деп жатады. Шын мәнiнде, бiз көруге тұрарлықтай қазақ киносы бар ма?! Базарларда үлкен сұраныспен сатылып жатқан “Қазақ кинолары” деп аталатын топтаманы көрiп жағамызды ұстадық... Бұл топтамада “Қарой”, “Әкенiң қорлығы”, “Бақсы” фильмдерi жинақталған. Ал осы фильмдердi көрген жастар рухани дағдарысқа ұшырады десек те болады. “Қарой” фильмiндегi басты кейiпкердiң аяғы ауыр әйелдi зорлауы, “Әкенiң қорлығы” фильмiндегi әкенiң туған қызын зорлауы қазақ менталитетiне жат, ақылға сыйымсыз көрiнiстер.

“Жас Алаш” газетiнде (№30, 15 сәуiр, 2010 жыл) Жамбыл облысы, Байзақ ауданының тұрғыны Т.Тойбаевтың “Баламды кiм өлтiргенiн елдiң бәрi бiледi, тек полиция ғана бiлмейдi” деген мақаласы жарияланған едi. Мақала иесi өзiнiң баласы А.Тойбаев­ты осыдан 12 жыл бұрын, яғни 1998 жылы Байзақ ауданының Ақшолақ ауылында бiр топ жiгiттер айуандықпен өлтiргенiн, аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық iстiң әлi күнге дейiн ашылмағанын, қылмысты жасаған кiнәлi адамдардың бүгiнгi күнге дейiн әдiл жазаларын алмағанын, қылмыстың ашылмауына

Қажығұмар ШАБДАНҰЛЫНЫҢ 6 томдық «Қылмыс» романын оқып отырып, мақал-мәтелге бергiсiз талай сөз тiркестерiн ұшыраттым. Ендi соларды оқырмандар назарына ұсынғанды орынды көрдiм.

Көрнектi ақын, белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi Мұхтар Шахановтың шығармашылық кешi өте табыс­ты өттi. Қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген қазақ ақынының кешiне жиналған адам Республика сарайының 3 мың адамдық залын лық толтырды. Қазақтың белгiлi өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен шығармашылық кеште ақынның әр жылдары жазылған «Қазақтың дастарханы», «Рух пен тiл», «Отырар кiтапханасы» және т.б. әндерi шырқалды.

15 мамыр — әлемге әйгiлi көркемгимнастшы Әлия Жүсiпованың туыл­ған күнi. Биылғы туылған күнiн оның ерекше қарсы алғаны елдiң есiнде ұзақ сақталатыны даусыз. Облыс әкiмдiгiнiң қолдауымен, облыс спортына бiлiктiлiкпен басшылық жасап келе жатқан Болат Қырық­баев­тың ұтымды ұйымдастыруымен ұлтын ұлықтай бiлген қаршадай қызды сый-құрметке бөлеп, туылған күндi тойлау екi күн бойы елдiң көз алдында дүркiреп өттi.

Қазiр не көп? Баспа көп. Қазiр не көп? Сол баспалардан шығып жатқан кiтап көп. Қазiр не көп? Өлең көп... Бүгiнде олардың бәрiн қадағалап, бәрiне баға беру мүмкiн емес... Сонымен бiрге ол кiтаптарды, мем­лекеттiк тапсырыстан тыс, өз ақшаларымен шығарып жатқандары қаншама?! Олардың көптiгiне қуана отырып... кейде қатты торығып, күйiнесiң. Сол топан кiтаптарды қарасаң, әдебиетке деген талаптың төмен түсiп кеткенiн, талғам-таразының бүлiн­генiн көре тұрып қалай күйiнбессiң.

Хоккейден Германияда өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнде ширек финалға шыққан командалар белгiлi болды. Өкiнiшке қарай, әлем бiрiншiлiгiнде сынға түскен елiмiздiң хоккейшiлерi өз тобында соңғы орында қалып қойды. Қазақстан құрамасы соңғы ойында Франция құрамасымен айдынға шығып, 3:5 есебiмен ұтылып қалды. Дүнижүзiлiк дода барысында бiрде-бiр ұпайға қол жеткiзе алмаған Андрей Шаяновтың командасы келесi жылы төменгi топта өнер көрсетедi.

БРАЗИЛИЯНЫҢ “ОЛЕ БРАЗИЛ” КЛУБЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ТАҒЫ ДА КЕЛЕ АЛМАДЫ

Мамырдың 18-21-i аралығында Бразилияның “Оле Бразил” футбол академиясының бапкерi Фабрисио Морозетти Астананың “Астана Арена” стадионында елiмiздiң жүзге тарта бүлдiршiндерi мен бапкер­лерiне арнап шеберлiк дәрiсiн өткiзуi керек едi. Алайда, “Оле Бразил” академиясы маманының бұл жолы тағы жолы болмады. Исландиядағы вулканның әсерiнен Қазақстанға ұшып келе алмаған футбол мамандары сапарларын кейiнге шегердi.