1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15499) 25 мамыр, сейсенбі 2010

ДЕПУТАТТАР ӨКПЕЛЕГЕНДЕ НЕ IСТЕЙДI? ПРЕЗИДЕНТКЕ ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАЙ МА?

Назарбаевтың саяси кеңесшiсi Ертiсбаев қазiр мұрнынан тiрелiп жүр. Жұмысы шаш-етектен. Бiр газетке сұхбат берiп үлгермей жатып, екiншi сұхбаты жарияланып жататын болды. Оған қыруар жұмыс тауып берген — депутаттар. Ертiсбаевтың депутаттарды атарға оғы жоқ шығар, сiрә. Президентке қатысты саяси шаруаға саяси кеңесшi жауап бермей ме? Депутаттар «ұлт көшбасшысына» қатысты заңды қабылдау арқылы Ерекеңнiң мойнына саясаттың майсiңдi қамытын кигiздi де, журналистердiң алдына салып бердi.

Халық арасында үлкен қарсылыққа тап болған кедендiк одақ келiсiмiнiң күшiне енуi кейiнге қалдырылды. Мұны Санкт-Петербор қаласына жиналған Қазақстан, Белоруссия және Ресейдiң премьер -министрлерi мәлiмдедi. “Әзiрге ортақ келiсiмге келе алмадық. Сарапшылардың шешiмiн қажет ететiн сұрақтар көп. Бiзге әлi екi-үш апта уақыт керек”, – деп мәлiмдедi Ресей үкiметiнiң басшысы В.Путин. “Мир” телеарнасына берген сұхбатында Путин “Кедендiк одақ осы жылдың 1 шiлдесiнен бастап өз қызметiн толыққанды атқара алмайды” деп те ағынан жарылды.

Сонымен, Республика алаңы осы айдың аяғына дейiн жабылды. Қазiр алаңға тас төселуде. Алаңда салынып жатқан «Алмалы» ойын-сауық және сауда кешенiнiң құрылысы аяқталуға жақын. Мұны Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң баспасөз қызметi де растап отыр. Ол жерде 3 жыл бойы тұрған ұсқынсыз қоршаулар жақында ғана алынып тасталды. Ендi бес-алты күннiң iшiнде алаңның үстiңгi жағындағы көгалдандыру жұмыстары аяқталып, көлiк қозғалысына арналған алты жолақты жол ашылмақ.

Газетiмiздiң өткен санында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылында жоқ мемлекеттiң туы желбiрегенiн, ауданда ұлттық мемлекеттiк мәселенiң қордаланып қалғанын жазған болатынбыз (№40. 20 мамыр, 2010 жыл). Бұл мақалаға қатысты көптеген оқырмандар редакцияға хат жазып, қоңырау шалып, “Жас Алаш” газетiнiң сайтында пiкiр бiлдiруде. Сондай-ақ, кеше Ұйғыр ауданындағы бес елдiмекеннiң бес жүзден астам тұрғыны арнайы хат жолдады.

Күнi кеше ғана: «Менiң 70 жылдық атау­лы тойымды өткiземiз деп ауыз ашқандарыңды жұмыстан босатамын» – деп президент қатаң ескерту жасағаны бүкiл елге мәлiм. 50 жылдан берi Ақтау қаласында тұрсам да (15 немерем, 6 шөберем бар,) ұлтарақтай жерiм жоқ. Ол жер ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында, яғни президент тағайындаған министр, әкiмдердiң жолында кетiп жатыр. Сайлау заңына өзгерту кеше ғана енгiзiлдi. Партиялық тiзiмге онда кiмдер бар екенiн бiлместен, сайлау учаскесiне барып, дауыс беру кiмге пайдалы екенiн халық ендi түсiнген болар.

Жыл сайын “жыры” таусылмайтын жол мәселесiнiң биыл жөнi бөлек болып тұр. Сөз жоқ, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттiк жолы – ел экономикасына серпiн беретiн ең iрi жобаның бiрi. Дәл қазiр жол салу жұмысы Жамбылда қызу жүрiп жатыр. Тендердi жеңiп алған төрт компания жұмысқа 1538 адам мен 799 техника тартыпты. Әрине, бұл ғасыр құрылысының қарқыны өте күштi, танк сияқты жолында кездескен проблеманың бәрiн таптап кете беруi мүмкiн.

Иә, Ахаң – Ақселеу Сейдiмбек исi қазақтың арқа тұтар ардақтысы едi. Сөзiмен, iсiмен, кескiн-кейпi, жүрiс-тұрысымен күллi ел-жұрттың көз алдында асқақ қалпында қалып қойды.Төбеден түскендей тосын болды-ау қазасы! Есiлiп-шешiлiп, тереңнен толғап, көсiлiп кесек сөйлейтiн, ой өретiн Ахаңды ойламаған жерде ажал шiркiн дәл осылай құрықтайды деп кiм ойлаған? Әрине, бәрi де бiр Алланың қолында ғой. Әйтпесе, 67 жас деген не?!

Осынша уақыт туған халқы толғатқан мәселелердi бақайшағына дейiн шағып, ешкiмнiң бет-жүзiне қарамай, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, сүйiктi басылымға айналу оңай емес. Қазақтың ең үздiк үрдiстерi мен дәстүрлерiн дамытып әкеткен «Жас Алаш» алғашқы адымынан ақпарат айдынына жастық жалауын көтерiп шықты. Заман ыңғайына қарай бiрнеше мәрте атын өзгерткен газет ел-жұрттың жан бұлқыныстары мен жүрек лүпiлiн бере бiлдi. Бұл газетте халқымыздың ең таңдаулы ұл-қыздары еңбек еттi.

Жүрекке сөзбен жетпеген дүние әнмен жетедi. Музыканың құдiретi де осында ғой. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастар туралы елдiң арасында екiұдай пiкiр қалыптасып, билiк көтерiлiсшiлердi нашақорға, маскүнемге теңеп тұрған сәтте бiр ғана ән халықтың рухын көтерiп, iштегi бұғып жатқан ұлттық намысты қамшылады. Ол ән “Қара бауыр қасқалдақ” едi. Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бiр жылдан кейiн дүниеге келген әннiң тарихы туралы, әннiң авторы, белгiлi сазгер Лесбек Амановтың өзiнен сұрағанды жөн көрген едiк.

Құрметтi “Ырғақ” қосымшасы! “Ырғақтың” өткен бiр санында Әсет Бейсеуовтiң “Алтыным” әнiнiң кiмге арналғаны белгiсiз екенi туралы мақала шығып едi. Осы әннiң шығуына қатысым бар болғандықтан өздерiңiзге хат жолдап отырмын. Мен – Мұрат Сыздықов деген азаматпын. Бүгiнде Пайғамбар жасындамын. Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында тұрамын. Аудан орталығында мектеп-балабақшада ән-күй сабағынан дәрiс беремiн. Ән тарихына қатысым барын дәлелдеу үшiн өмiрбаян беттерiнен деректер бере кетейiн.

Ұлы Отан соғысының ардагерi, белгiлi жазушы Қалмұқан Исабай «Жас Алаш» газетiнiң редакциясына келiп, жақында Италияның Триест қаласында 104 кеңес жауынгерiне ескерткiш орнатылғанын, сол жауынгерлердiң 36-сы қазақ екенiн айтты. Сондай-ақ, 23 жасында батальон командирi болған Бейсен Райсов және бiр рота фашистi жер жастандырып, ерлiкпен қаза тапқан 10 қазақ жауынгерi жайындағы деректердi алдыға жайып салды.

“Мәссаған” бағдарламасы эфирге шыққанына бiр жыл­ға жуық уақыт қана болса да, халық көңiлiнен шығып, мерейлерi үстем болды. Неге десеңiз, бұл бағдарламада театр тарландары мен КВН ойыншылары, сондай-ақ, эстрада әншiлерi мен әртүрлi би ұйымдары бiр сахнада қауышады. Бәлкiм, басқа бағдарламалардан артықшылығы да осыда болса керек. Бұл бағдарлама қаншама жас таланттардың үлкен өнер жолына бет бұруына септiгiн тигiздi.

Биылғы жылғы айтулы халықаралық музыкалық конкурс Eurovizion 2010 Норвегияның астанасы Ослода өтедi. Ал­ғашқы жартылай финалға жолдама алғандар бүгiн, яғни 25 мамырда бақтарын сынайды. Алғашқы жартылай финалға қатысатындар: Ресей, Молдавия, Эстония, Словакия, Финляндия, Латвия, Сербия, Босня және Герцоговина, Польша, Бельгия, Мальта, Албания, Греция, Португалия, Македония, Белоруссия және Исландия.

Дәл осы күнi “Милан”, “Ювентус” және “Интер”  футболшылары Еуропа шыңын бағындырды

Өткен сенбi күнi футболдан Чемпиондар лигасының финалдық кездесуi өттi. Мадридтiң “Сантьяго Бернабеу” стадионына жиналған сексен мың жанкүйердiң алдында көсiле шапқан Германияның “Бавариясы” мен Италияның “Интерi” арасындағы ойын 2:0 есебiмен итальяндықтардың пайдасына шешiлдi.
“Оқжетпес” (Көкшетау) – “Ақжайық” (Орал) – 0:1 (Забродин, 63-минутта);“Қайрат” (Алматы) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:0 (Фомин, 71-минутта); “Ертiс” (Павлодар) – “Тобыл” (Қостанай) – 0:0;“Тараз” (Тараз) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 2:2 (Кенбаев, 5-минутта, Байтана, 33-минутта –Кенжесариев, 12, 41-минуттарда); “Жетiсу” (Талдықорған) – “Локомотив” (Астана) – 1:0 (Мужиков, 45+2-минутта); “Атырау” (Атырау) – “Шахтер” (Қарағанды) – 1:0 (Пейкришвили, 73-минутта, пенальтиден).

Өткен аптаның жексенбiсiнде Германияда хоккейден әлем бiрiншiлiгi өз мәресiне жеттi. Осымен жетпiс төртiншi рет ұйымдастырылып отырған додада Чехия хоккейшiлерiнiң аты озды. Финалда Ресей құрамасын 2:1 есебiмен жеңген чехтар соңғы он бес жылдың iшiнде алты мәрте әлем чемпионы атанды. Ширек финалда Канада хок­кейшiлерiн 5:2 есебiмен жеңген Ресей құрамасы әлем чемпионы атағын қатарынан үшiншi мәрте жеңiп алуға жақын тұр едi. Алайда, Вячеслав Быковтың шәкiрттерiнiң финалдық ойында жолдары болмады.