1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
ДЕГЕНГЕ СЕНБЕСЕҢIЗ, ЕРКIҢIЗ БIЛСIН. ДЕРЕКТЕРГЕ ЖҮГIНЕЙIК
...Бакиев Шым­кент­тi шулатып жатыр. Көршiлес қырғыз елiнде айыр қалпақты ағайындардың құқығын аяққа таптаған Құрманбек Бакиев абыройы айрандай төгiлiп, би­лiктен айырылды. Ал Шымкент­те құ­рығы ұзын дейтiн құзырлы мекемелер В.Бакиев шектен шыққан заңсыз әрекеттерге барса да тәр­тiпке шақыра алмай шарасыз күй кешумен ғана шектелмей қайта оны жанұшырып қолдап, қорғап отырғандары қайран қалдырады. Нақты айғақ керек пе? Айтайық.

Алашорда көсемдерiнiң өмiрiн зерттеушi белгiлi ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы соңғы бiрер жылда Әлихан Бөкейханға қатысты талай-талай тың деректер тапты. Сұлтан Хан Аққұлұлы өткен жылы Азаттық радиосының сайтында жарияланған зерт­теу мақаласында былай деп жазып едi: «Ресейдiң федералдық қауiпсiздiк қызметiнiң мұрағатынан алынған құжатқа мән берейiк. «Құпия» белгiсi қо­йылған анықтамада былай дейдi:

ҰҚК генералы, президент Н.Назарбаевтың немере iнiсi Қайрат Сатыбалдының «Нұр Отан» хатшысы қызметiне тағайындалуы – билiк партиясы үшiн өткен аптаның басты жаңалығы болды. Жаңа хатшыны партия төрағасының бiрiншi орынбасары Нұрлан Нығматуллиннiң өзi келiп таныстырды. Жұртшылыққа таратылған баспасөз мәлiмдемесiнде: «Қайрат Сатыбалды партияның жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, бұған қоса «Нұр Отанның» әскери-интернационал, жастар және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен байланысын қамтамасыз ету мәселесiмен айналысады», – деп жазылған.

“БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ” IСКЕ АСА МА? КӘСIПКЕРЛЕР БҰҒАН КҮМӘНМЕН ҚАРАЙДЫ

Жақында “Бизнестiң жол картасы – 2020 ” бағдарламасына қатысты бiрқатар құжаттарға қол қойылды. Экономикалық даму және сауда министрi Жанар Айтжанова бұл бағдарламаны көкке көтере мақтады. Кейбiр бизнес қауымдастықтардың өкiлдерi министрдi қоштады. Үкiмет жетекшiсi Кәрiм Мәсiмов те сән-салтанатпен қабылданған бағдарламаның “кереметтiгiне” тамсанды.

Бiр кездегi жаппай орыстандырудың салқынынан әлi де айыға алмай тұрған солтүстiк өңiрдегi қаланың бiрi – Павлодар. Шаһардың көне тарихи атауы Керекудi қайтарамыз деген жергiлiктi ұлт жанашырларының бiрнеше жылғы әрекетi де сәтсiз аяқталғанын бiлемiз. Тiптi, бұндағы көше атауларының 80 пайызға жуығы әлi де орысша. Павлодарға табаның тигенде, Ресейдiң жерiне келгендей әсер аларың рас. Ең басты көше­лерi Ленин мен Кутузов, Cуворов атымен аталса, өзiмiз қанiшер деп жүрген атаман Ермактың атында да көше бар

Әбдiғапар Жанбосынұлын Тор­ғай жұрты, жалпы қазақ елi “Әбдiғапар хан” деп атайды. Әбдiғапар Жанбосынұлы хан тұқымынан емес. 1916 жылы Ақ патшаның маусым жарлығы шығып, қазақтың жастарын майдандағы қара жұмысқа алатын кезде, Тор­ғай жұрты Әбдiғапар Жанбосын­ұлын ақ киiзге көтерiп, хан сайлап алады. “Бiздiң өз ханымыз бар, ақ патшаға бағынбаймыз...” деген ниет қой... Рас, Әбдiғапар хан туралы аз жазылған жоқ. Әбдiғапар Жанбосынұлы туралы кiтап та жарық көрдi. Десек те, бiз әлi Әбдiға­пар мен оның айналасы, төңiре­гi туралы шындықты толық аша алған жоқпыз. Амангелдi Имановтың өлiмiнiң сырын да әлi түгел әрi нақты ашып көрсете алмай жүр емеспiз бе?! Осы ретте бiз бүгiн оқырмандары­мыз­ға Әбдiғапар хан мен оның ұрпақтарының тағдырын зерттеп жүрген тарихшы Серiк Мамыраевтың

Почта бөлiмшесi – ауылдағы қайнаған тiршiлiктiң ортасы. Бүгiнде почта саласы бұрынғыдай тек хат-хабар жеткiзу, газет-журнал тарату қызме­тiн атқарумен шектелмейдi. «Қазпоч­та» акцио­нерлiк қоғамы қазiргi заман талабына сай 50-ден астам қызмет түрлерiн көрсетедi. Оның iшiнде зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, салық төлемдерiн қабылдау, курьерлiк қызмет, экспресс жолданымдар, күнделiктi тұтыну тауарларын сату, халықтан депозит қабылдау, зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары үшiн

1931 жыл. Маңғыстаудағы Адай көтерiлiсi. Жiгерлi қимыл көрсеткен Мамай Салпықұлұлының жасағы түгел тұтқындалды. Мамайдың отбасы да жол бойы қызылдардың ұрып-соғуымен Берiш ауылына азып-тозып жеттi. Бұл күздiң суық кезi едi.
Мамайдың жары Бәлкеш сұлу қайғыдан қан жұтып, бұрынғы ажарынан айырылды. Мамайдың өзi және оның көптеген үзеңгiлес серiктерi қызылдармен болған шайқас­та оққа ұшты. Тiрi қалғаны Үстiрт үстiмен Гурьев түрме­сiне жаяу айдалып кеткен-дi. Бәлкеш те үрей мен қорқыныштан азап шектi. Осындай қиын сәтте ағайындары оны жұбатып: «Мамай өлмептi, Иранға өтiп кетiптi. Ендi көп ұзамай келiп қалар», – деген хабар таратты. Бұған оның көңiлi сәл де болса жұбаныш тапқандай едi. Бiрақ, оның үйiне НКВД адамдары жиi келiп, тергеп-тексерiп кетуiн қоймаған едi.

9 жыл болды бұл сергелдеңге. Осы уақыт аралығында мақтаралдық оқу­шылар қай жерде «демалмады» десеңiзшi?! Кәсiп­кер­лердiң таудай етiп тұрғызған үйi болса болды, Мақтарал аудандық әкiм­дiгi мен бiлiм бөлiмi балаларды сол жерге «тықпалайды». Ал жыл сайын 5-6 миллион теңге балалардың демалыс, сауықтыру орталығына, бұрынғы үйрен­шiктi әдетпен айтсақ, «пио­нер лагерiне» бөлiнедi. Биыл да мемлекет тарапынан 6 миллион теңге қаржы бөлiнiп отыр.

...Биылғы жылғы жолдаудың негiзгi бағыты – елдi индустрия­ландыру. Бұл мәселе 2003-04 жылдарда айтылғанымен, әлi күнге дейiн оңтайлы шешiм таба алмай келедi. Мәселен, Төле би ауданында соңғы он жылда iске қосылған бiрде-бiр өндiрiс орны жоқ. 2009 жылғы жолдау­да шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн әр ауыл округiне 50-100 миллион ақша бөлу көрсетiлген. Алайда, мұны да көзiмiз көрмедi.

«Екi жұлдыздың» ең үлкен кемшiлiгi – үмiт­керлердiң келесi айна­лым­ға шығуы үшiн жалпы дауыстың 50 пайызын иеленуi. Бұл – қазiргi кезде жиi айтылып жүрген сыбайластықтың ең «мәде­ниеттi» түрi. Өйткенi, әңгiменiң шыны керек, сiз де, бiз де танысымызға дауыс беремiз ғой. Бұл жерде әншiнiң ән таңдауы, оны көрермендерге жеткiзуi, өзiн сахнада ұстауы, дауыс және басқа да тиiстi санаттар ескерiл­мейдi. Мiне, Айнұр Тұр­сын­баева сияқтылар осындай жолмен

Ол кiсi ешкiмге танымал, атақты тау-тұлға болмаса да, мен үшiн бәрiнен де биiк жан болып қала бередi. Әке туралы толғанысым, ойларым мен қиялым таусылмайтын ұлан-ғайыр теңiз секiлдi. Әкемнiң өмiр жолы, қарапайым адам ретiнде еткен еңбегi, жан-дүниесiнiң байлығы, сондай-ақ бала бақыты үшiн күресi әлi күнге менi таңғалдырады. Мен оны мақтан етемiн. Өмiрдегi ғибрат алатын жанның бiреуi әкем деп бiлгендiктен, қолыма қалам алып, сiздердiң редакцияларыңызға хат жазып отырмын.

Мен қазiр
Сөздерi де келiскен,
Өздерi де келiскен.
Елi мен жерi үшiн
Билiк таластырмай,
Билiк бөлiскен
Керей мен Жәнiбектей
Көсемдерiмдi iздеймiн.

Күш атасы атанған даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовты дәрiптейтiн дәстүрлi бiрiншiлiк әдеттегiдей Ордабасы ауданының орталығы Темiрлан елдiмекенiнде 46-рет жарасымды жалғасын тапты. Халықаралық деңгейдегi боз кiлемдегi белдесулер екi күн бойы елдiң құмарын қандырды. Қазақтың мықтылығын мойындату мақсатында жұмыр жердi жаяу аралап, жамбасы жер иiскемей күрескен жарықтықтың зираты аудан орталығының iргесiндегi Зерделi ауылында жатыр. Балуандар ғана емес

Өткен аптада Астанада таэквондодан Азия бiрiншiлiгi өттi. Сары құрлықтың жиырмадан аса елiнен жиналған спортшылардың арасынан ерлер арасында Иран таэквондошылары топ жарса, әйелдер арасындағы сында Оңтүстiк Корея спортшылары суырылып алға шықты. Қазақ елiнiң қыз-жiгiттерiне бұл сайыста 1 алтын 1 күмiс, 3 қола медаль бұйырды.  Таэквондо өнерi елiмiзге тоқсаныншы жылдардың басында келдi. Iргетасын Мұс­та­фа Өзтүрiк қалаған

Биылғы жылдың 12 мамыр күнi «Эйр Астана» әуе компаниясының «Эйрбас А320» ұшағы Ақтау – Атырау – Астана бағытына кезектi рейс жасауға даяр­лан­ған-ды. Авиалайнер Ақтаудан жергi­лiк­тi уақыт бойынша сағат 13.40-та КС 182 рейсiмен ұшу керек едi. Жолаушыларды алдын ала отырғызудың аяқта­луына 15 минут қалғанда Маңғыстау облыстық ауруханасының «Жедел жәрдем» көлiгi бизнес-класқа науқас жолаушыны (аты-жөнiн этикалық себептермен жазбадық) алып келдi.

Жақында Үндiстанда Азия бiрiншiлiгiне қатысқан елiмiздiң бойжеткен пал­уандары Қарағандыда елiмiздiң үздiктерiн анықтады. Екi күн бойы боз кiлемде белдескен палуандар жетi салмақ дәрежесi бойынша белдестi.  Әйелдер құрамасының бас бапкерi Саржан Жақсыбековтiң айтуынша, Қарағандыда өткен ел бiрiншiлiгiне кiлең мықтылар қатысыпты. Турнир деңгейiнiң жоғары болғаны да осыдан болса керек. 48 келi салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы Элео­нора Әбутәлiпова өзiне тең келер қарсылас таппай, Қазақстан чемпионы атанды.

“Ақжайық” (Орал) – “Тараз” (Тараз) – 2:3 (Саки, 39-минутта, Козлов, 83-минутта – Қонысбаев, 79-минутта, Землянухин, 82-минутта, Евстигнеев, 87-минутта);“Локомотив” (Астана) – “Оқжетпес” (Көкшетау) – 4:0 (Киров, 25-минутта, Андроник, 47-минутта, Остапенко, 55-минутта, Көкеев, 79-минутта, пенальтиден); “Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Шахтер” (Қарағанды) – 0:1 (Сучков, 6-минутта); “Тобыл” (Қостанай) – “Атырау” (Атырау) – 2:2 (Бақаев, 32-минутта, Лотов, 60-минутта – Фрунза, 15-минутта, Седельников, 90-минутта);