1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (15501) 1 маусым, сейсенбі 2010

Мiне, тура екi айдан асып барады, теледидарды ашып қалсаң да, радионы басып қалсаң да, сол баяғы бiр әңгiме: «ұлт көшбасшысы...». Құдай-ау, Қазақ мемлекетi мен қазақ мемлекеттiлiгiнiң төрт құбыласы түгелденiп бiтiп, ендi күллi тiрлiгiмiз бен мақсатымыз, барша мұратымыз бен миятымыз осы «ұлт көшбасшысы» деген атауға тiрелiп тұрғандай-ақ, соншама желiккенiмiз қай қылғанымыз? Халыққа, ұлтқа, Қазақстанымызға ауадай қажеттi №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7 мәселелердi көтерiп жатсақ бiр сәрi, егер маңыздылығы мен мәнiне қарай, салмағы мен құндылығына қарай нөмiрлесек, №950 болатын (бәлкiм №1050, тiптi №1150 болуы да!) қисынсыз, қиуасыз, беймезгiл әрi орынсыз

Дариға Назарбаева мен Нұрәли Әлиевтiң «Нұрбанк» акцияларын сатып, банк акционерлерiнiң қатарынан шығуын жұрт сан-саққа жүгiрте бастады. Бұған дейiн президенттiң қызына банктiң 50,71 пайыз акциясы тиесiлi болса, немересi Н.Әлиевтiң қолында «Нұрбанктiң» 5,98 пайыз акциясы болған-ды. Жақында бұлар осы акцияларды банктiң келесi бiр акционерi Софья Сәрсеноваға сатып жiбердi. Беймәлiм Софья Сәрсенова онсыз да «Нұрбанктiң» iрi акционерлерiнiң қатарында болатын. Ол осыған дейiн «Нұрбанктiң» 10,29 пайыз акциясына қол жеткiзген. Бұған

ҚЫРҒЫЗ АҒАЙЫНДАР ОСЫНДАЙ ТАҢДАУ ЖАСАМАҚ

Қазiр қырғыз елiндегi жағдай шиеленiсiп тұр. Президент Құрманбек Бакиевтi тақтан тайдырған қырғыз жұртшылығы қазақстандық үлгiдегi «жұмсақ» авторитаризмнен анархияның құшағына енгендей әсер қалдырады. Бұрынғы президент пен оның жақындары елден қуылғанымен, жағдай әлi тұрақтанбаған. Қырғызстанның түкпiр-түкпiрiнде, әсiресе елдiң оңтүстiгiнде атыс-шабыс, әлiмжеттiк көрсету мен вандализмнiң тоқтайтын түрi жоқ. Дәлiрек айтсақ, оны тоқтататын, қылмыскерлердi жазалайтын билiктiң қауқары шамалы.

НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛЫС КРАНЫ САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫ БОЛҒАН ЖОҚ ПА?

Қажымқан Мәсiмов құрылтайшыларының бiрi болып табылатын “HAS-ER KZ” компаниясында 120 мың доллар алашағым бар, егер компания ақшамды қайтармаса, құлап өлемiн деп құрылыс кранының басына шығып кеткен Гүлзейнет Әбiлованың әрекетi жайлы “Жас Алаш” өзiнiң өткен 40 – санында жазғанын бiлесiздер. Әбiлованың ақшасын бермей қойған адам ретiнде серiктестiк құрылтайшыларының бiрi Сапаргүл Махамбетованың аты аталады. Астанада орын алған бұл оқиға жайлы БАҚ бiткен сол күнi-ақ айқайлата жазып, тiптi көршiлес Ресей елi де әп-сәтте құлақтанып қалыпты.

Маңғыстау мұнайшылары соңғы уақытта бас бiрiктiре бас­тады. Ђткен жолы Жетiбай мұнайшылары Қараман ата әулиеге ас-садақа берген болатын. Ол жөнiнде газетiмiзде жазғанбыз. Араға көп уақыт салмай, мұнайшылар Қаратаудың етегiнен Адай атаға садақа беру үшiн жер сұрап, Маңғыстау ауданының әкiмi Қармыс Боқанов мырзаға хат жолдады. Уақытында жауап болмаған соң жауапты өзiмiз iздеп бардық. Әкiм мырза мұнайшылардың өтiнiшiн өзiнiң орынбасары Ерболат Махмутовқа тапсырыпты.

“Ұлт көшбасшысы” заң жобасына президенттiң қол қою, қоймауы мен үшiн маңызды мәселе емес. Маңыздысы – осы тақырыптың көтерiлуi. Әлбетте, әркiмнiң өзiне тән дүние танымы, ой өрiсi мен өмiрлiк ұстанымы бар. Соның шеңберiнде әр адам өз пiкiрiн бiлдiрiп, тiрлiк етедi. Осы тұрғыдан келгенде Н.Назарбаевты ұлттың көшбасшысы жалпақ тiлмен айтсақ, көсемi жасағысы келген Әмзебек Жолшыбеков, Розақұл Халмұрадовтардың ұсынысын жерге түсiрмей, iлiп кеткен депутаттарға базына айту – артық жұмыс. Һәм бос әурешiлiк. Дегенмен

12 МЫҢ АҚБӨКЕН IНДЕТКЕ ШАЛЫНДЫ МА, ӘЛДЕ УЛАНДЫ МА?

Кеше Ұлттық баспасөз клубында мамандар Батыс Қазақстан облысы, Жәнiбек ауданындағы ақбөкендердiң қырылу себебi туралы өз ойларын ортаға салды. Естерiңiзге сала кетейiк, бұдан бұрын облыстық санэпидқадағалау департаментiнiң директоры Серiкбай Иманқұл Оралда баспасөз мәслихатын өткiзiп, пастереллез iндетi киiктердiң жаппай қырылуына бiрден-бiр себеп болғанын мәлiмдеген-дi. Әйтсе де,

 Күнделiктi ақпарат құралдарын қарап отырсаң, қай-қайсысының да географиясы шектеулi екенiн байқайсың. Ақпарат-хабарлар көбiнесе Астана, Алматы төңiрегiнен аса алмайды. Ал ендi жүздеген мың қандастарымыз тұратын солтүстiк, шығыс өңiрлер, әсiресе шекараға жақын аймақтар Қазақстанның құрамына кiрмейтiн сияқты. Әдейiлеп барып бiреу жазбаса, олардың тiрлiгi БАҚ бетiнде көрiнiс таба қоймайды. Әйтпесе, Ресейдiң Алтай өлкесiмен, Новосiбiрмен, Омбымен, Түменмен, Қорғанмен, Орынбормен шектесетiн аймақтарда қаншама қазақ бауырларымыз тұрып жатыр.

МЭЛС ЕЛЕУСIЗОВ: ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУДЫҢ ӘСЕРIНЕН МҰЗДЫҚТАРДЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ ЕРIП КЕТКЕН

Ғаламдық жылыну ең өткiр проблемаға айналғалы қашан. Экологтар ғаламдық жылыну проблемасын шешпесе, мұның салдары ауыр болатынын тәптiштеп түсiндiрiп жүр. Сондай экологтардың бiрi, “Табиғат” қозғалысының жетекшiсi Мэлс Елеусiзов ғаламдық жылынумен күресудiң жолын тапты. Оның ойынша, таулардағы мұздықтардың еруiн болдырмау үшiн таудағы тастарды ақтау қажет. Әйтпегенде, мұздықтар ери берсе, халық ауызсусыз қалуы әбден мүмкiн. Әңгiмелесудiң сәтi түскен соң, бас экологтан Сорбұлақ көлiнiң мәселесiн де сұрап бiлдiк.

Досмайыл бақсының емшiлiк қасиеттерi жайлы аңызға бергiсiз әңгiмелер оның көзi тiрiсiнде-ақ бүкiл Жетiсу өңiрiне тараған. Досма­йыл бақсы 1889 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Майбұлақ деген жерде туылып, сол жерде 90-ға қараған шағында дүние салды. Ол дәрiгерлердiң емi қонбай, ауруына шипа таба алмаған талай нау­қасты жазды. Бұл дүниеден күдерiн үзген талай сырқатты өлiм аузынан қайтарып алды.

Людмила Зубкова 33 жасында клиникалық өлiмдi бастан өткерiп, көрiпкелдiк қабiлетке ие болды. Содан бастап көрiпкел талай адамға қол ұшын созып, тiптi милицияға қандықол қылмыскерлердiң iзiн кесуге көмектескен. Людмила Зубкова мемлекеттiк стандарттау мекемесiнде инспектор қызметiн атқарып жүргенде Саратов облысы кәсiпорындарын тексеруге келген. Сөйтiп, аудандағы дүкен сатушысымен әңгiмелесiп тұрып, сатушының қойған сауалға селқос жауап берiп, әлденеге алаңдап тұрғанын аңғарған. Сөйтсе, әлгi келiншек

БӘРIМIЗ ТӨРТ ПАЙЫЗҒА НЕАНДЕРТАЛЬДЫҚПЫЗ
Атақты немiс генетигi Сваанте Паабо өткен ғасырдың аяғында неандертальдықтардың генiн зерттеп, неандертальдық – бiздiң ата-бабамыз емес, тiптi қазiргi адамдардың онымен еш­қандай генетикалық байланысы жоқ деген қорытынды жасаған-ды. Жақында ғалым Science журналына сұхбат берiп, бiздiң неандертальдықтармен аз да болса ортақ генiмiз бар деген пiкiр бiлдiрiптi.

Туған күндi тойлап жатқан кезiмiз. Үйге жиналған қонақтардың бәрi дән риза. Бiр уақытта Әзiмхан ағам кiрiп келдi де, “iбiлiс шықты” дедi. Үйдегi қонақтар: “Қандай iбiлiс?” – деп шу ете қалды. Сонда ағам болған оқиғаның мән-жайын былайша баяндап бердi. “Оқшы атаның тұсындағы үлкен жолдан бiр мәшине өтiп бара жатқан-ды. Жүргiзушi анадай жерде көлiк тоқтатып тұрған қызды көзi шалады.“Жол-жөнекей жүргiншiнi ала кетейiн” деген оймен әлгi қызды көлiкке отырғызыпты.

Роза апамыздың “ақ патшасы” итальян мен француздың жайлауына мәңгi бақиға “прописка жасатып” қойған Олжас Сүлейменов айына бiрер рет ойға түскен сайын мұндағылардың миын маңайламайтын “мировой жаңалықтарды” қапшықтап ала келедi. Өткен аптада тағы жетiп, Алматының Аграрлық ұлттық университетiнде достарымен, студенттермен кездесу өткiзiп (туған күнiн атау керек қой!), өй, сiлтедi-ау! (әрине, iшiмдiктi емес, ол жағынан хабар-ошарым жоқ, баяғы сөздi айтам да, сөздi!).

Мен «Лениншiл жас» газетiнде өткен ғасырдың 1980-85 жылдары аралығында Торғай және Целиноград облыс­тары бойынша өз тiлшiсi болып iстедiм. Басқа газеттер елдегi тiлшiлерiн «меншiктi тiлшiмiз» деп жазса, бiздiң «Лениншiл жас» «өз тiлшiмiз» деп жазатын.  Осындай өзгешелiктерiмен жастар газетi шеңберден шығармайтын темiр құрсау кезеңiнде де өзiндiк бұлқыныстарын байқатып қоятын.

Кеңес заманында Мәскеуде «Прогресс» деген баспа болды. Бұл баспаның тек керектi, қажеттi, маңызды кiтаптарды шығаратыны соншалық, кiтап дүкенiне барған адам дүкен сөресiндегi кiтаптың «Прогресс» баспасының шыққанын көрдi-ақ, әлгi кiтапты ойланбастан-ақ сатып ала беретiн. Өйткенi, «Прогресс» баспасы ешуақытта ортақол кiтап шығармайтынын, тек маңызды, мәндi кiтап шығаратынын зиялылар түгел бiлушi едi.

Астанада бокстан әйелдер арасында өткен Азия бiрiншiлiгiнде қазақстандық бойжеткен-боксшылар жалпыкомандалық есепте бiрiншi орынға ие болды. Вадим Присяжнюк баптайтын елiмiздiң құрама командасының қыздары жиыны 8 медальға ие болды. Астанадағы “Дәулет” спорт ке­шенiнде бiр аптаға созылған дүбiрлi додаға елiмiзден он бiр боксшы қатысқан-ды. Өкiнiшке қарай, үш боксшымыз жартылай финалға жете алмай, жүлдесiз қалды.

Жеңiл атлетика – спорт падишасы. Дүйiм жұрттың назарын өзiне бұрып, көкейiнен орын тапқан бұл спорт түрi – бүгiнгi таңда әлемдiк спорттың ажырамас бөлiгiндей болып, басты түрлерiнiң бiрiне айналып үлгергенi қашан. Шаң жұқтырмас желаяқтар мен жүзден жүйрiк саңлақтардың осындай кәсiбiне де “спорт падишасы” деген атау тегiннен берiлмесе керек.Жақында Халықаралық олимпиада комитетiнiң жанынан құрылған “Спорт барлығы үшiн” халықаралық қозғалысы жүргiзген сауалнама бойынша,

Мамырдың 20-24 аралығында Венгрия­да кикбокстан әлем кубогы өттi. Осымен он алтыншы рет жалауы көтерiлiп тұрған жарыста қазақ елiнiң спортшылары 5 алтын, 6 күмiс, 4 қола медальға ие болды.
Можар елiнде өткен дүние­жүзiлiк додада Қазақстаннан он сегiз спортшы атанған-ды. Ұлттық құраманың бас бапкерi Қайрат Смағұлов бастап апараған сайыста спортшылар кикбокстың екi түрiнен, яғни фулл-контакт және лоу-киктен бақ сынады.
Жалпы, кикбокс өнерi – Қазақстанда кеңiнен қанат жайған спорт түрлерiнiң бiрi. Асқар Можанов

Кеше футболдан Қазақстан құрама командасының ойыншылары Талғарда оқу-жаттығу жиындарын бастады. Мамырдың бесi­не дейiн созылатын жаттығу жиын­дарына ұлттық құраманың бас бапкерi Бернд Шторк елiмiздiң жиырма алты футболшысын шақырды. Бiр айта кетерлiгi, немiс маманы “Тобыл” командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевтi құрама команданың сапына қосыпты.

Сонымен, бұл мар­кетингтiк акцияның екiн­шi кезеңi де мәресiне жеттi. Айта кететiнi, “Visa International” халықаралық ұйымы маркетинтiк акцияның алғашқы ке­зеңiн былтырғы жылдың 1 қыркүйегi мен 31 қазаны аралығында өткiзген-дi. Ал екiншi кезең биылғы жылдың 1 наурызы мен 30 сәуiрi аралығында өттi. Сөйтiп, марке­тингтiк акцияның екiншi кезеңiнде алматылық Татьяна Елисееваның жолы болып, жүлдеге қол жеткiздi. Visa карточкасының ұстаушысы Татьяна Елисеева Visa Fifa – 2010 маркетингтiк акциясының арқасында Sony фирмасының үй кинотеатрын ұтып алды.