1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15502) 3 маусым, бейсенбі 2010

Бiздiң елiмiзде бiлiмнiң сапасын анықтайтын құрал (жүйе) – ұлттық бiрыңғай тест (ҰБТ). Оған көпшiлiктiң көңiлi толмайтыны осы ҰБТ енгiзiл­геннен берi талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Бұл жүйе оқушылардың бiлiм деңгейiн нақты анықтайтын тәсiл емес, сонымен бiрге мектеп оқушыларының бiлiм сапасының төмендеуiне де өз әсерiн тигiздi. Қазiргi күнде әлемнiң көптеген мемлекеттерi бұл ҰБТ тәсiлiнен үзiлдi-кесiлдi бас тартып отыр.

25 жыл бойы iшкi iстер органдарында қызмет етiп, зейнеткерлiкке шықтым. Қазiр бейнетiмнiң зейнетiн көрiп отырған жайым бар. Бiрақ жергiлiктi әкiмдердiң ауылды талан-таражға салуы ашу-ызамды тудырды. Бұған көзжұмбайлықпен қарай алмадым. Ең алдымен ауызсу мәселесi алаңдатады, Пограничник ауылында ауызсу мәселесi әлi күнге дейiн шешiлмеген. Су тапшы. Оның өзiнде күнiне бiр сағатқа ғана берiледi. Бiр шелектi толтырып үлгерсең, соған да тәуба. Бiлуiмше, ауызсуға 13 миллион теңге бөлiнген. Алайда мәселе осыдан шешiмiн тапса, қане?

КСРО атты империя ыдырап, тәуелсiздiк алып, мысалы, бiз – қаламын тiрлiк құ­ралы еткендер – жетпiс жыл­ғы кеңестiк цензурадан құтылып, арқа-басымыз кеңiп, жолымыз ашылып едi, бiрақ “әттеңнен” әлi де арыла алмай келемiз: тiлден тиек ке­тiп, “Ерiктi ауызға бөрiктi бас сыйып” жатыр. Басқасы басқа-ау, аруақтарды саңлауы тар сананың базарына алып шығып: “Үйде бiр қызым бар, бұдан да сорақыға” ұшыратып жүрмiз. Ауызды Абылай ханға салып: “Ол аласа бойлы, қауқарсыз екен, Бұқар жыраудың арқасында хан болыпты...” деп бiраз шiренiп алып, содан кейiн Абайға сүйкенiп:

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Қаракемер ауылы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектепте дау шықты. Кеше мектеп мұғалiмдерi, республикалық «Ар-намыс» қоғамдық ұйымы және «Болашақ» қозғалысының жетекшiлерi баспасөз мәслихатын өткiзiп, бiлiм ошағында болған бiрнеше заңбұзушылықтарды тiзiп бердi. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың сөзiне қарағанда, Қаракемердегi орта мектептiң директоры Бибижамал Таванова өрескел заңбұзушылыққа барған. Бұл жө­нiнде мектеп мұғалiмдерi құзырлы орындарға шағымданған.

Шыны керек, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға атанған кезде бұл жетекшiлiкке бiраз үмiт артып, елiмiзде демократияны нығайтуға, авторитаризмнiң позициясын әлсiретуге ықпал етедi деп сенгендер аз болған жоқ. Сонымен, ЕҚЫҰ – ның төрағасы қызметiне кiрiскенiмiзге жарты жыл болды. “Баяғы жартас – сол жартас”. Бұл фактор қазақстандықтардың Еуропаның беделдi ұйымына деген сенiмiн шайқалтты. Қазiр осындай көзқарас елде нық бекiдi. “Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының аралық қорытындысы” атты тақырыппен “Азат” ЖСДП партиясының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде әр түрлi ой-пiкiрлер айтылды.

Тәуелсiздiк алған соң жер-жерде кешегi қып-қызыл коммунис­тердiң есiмiн иеленген көше-мектеп атаулары өзгерiп, жаңа есiмдердi алып жатты. Бұл игiлiктi шара негiзiнен оңтүстiк аумақтарда жүргiзiлдi. Ал елiмiздiң солтүстiк жақтарында әлi күнге қазақты бодан қылып, қырғынға салған “әсiре қызылдардың” есiмдерi орталық көшелердi бермей отырған жайы бар. Бұл мүмкiн елiмiзде отарсыздану саясатының жүргiзiлмегенiнен де болар. Әйтпесе, көшелердi “отаршылардың” есiмiнен тазарту ең бiрiншi астанадан бастау алуға тиiс болатын.

Қызылағаш апаты Алаш жұртының қабырғасын қайыстырып-ақ кеттi. Қашанда “бол­ған iске болаттай берiк болуды” бiлетiн, “өлгеннiң артынан өлмек жоғын” түсiнiп, түйсiнiп өскен ел еңсесiн тез көтердi. Күрсiне жүрiп қолына күрек алды. Опаттың орнына қайыспас емен, майыспас қайыңын қайта отырғызып, оңаша жерге ордасын қайта көтеруде. Жер-жерден “малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” дейтiн, жүрегi жұртым деп соғатын патриот азаматтар қолдарынан келген қайырымдылығын жасауды тоқтатқан жоқ.

Мұқағали Мақатаев сияқты Еркiн Iбiтанов та қасиеттi Қарасазда туылды. Еркiн Iбiтанов – Мұқағалидың тек туысқан iнiсi ғана емес, сонымен бiрге рухани iнiсi. Жастайынан Мұқағалиды пiр тұтып өскен Еркiннiң өлеңдерiнен оның Мұқағалиға елiктегенi мен Мұқағалидан үйренгенi анық байқалып тұрады. Егер арамызда жүргенде марқұм дәл қазiр 75-ке толатын едi. Осы мерейлi күнге орай бiз бүгiн ақын Еркiн Iбiтановтың бiр топ өлеңiн назарларыңызға ұсынуды жөн көрдiк.

БЕЛОРУССИЯ РЕСЕЙДIҢ “ҚҰШАҒЫНАН” БАС ТАРТТЫ, АЛ БIЗ ӨЗIМIЗ СҰҒЫНЫП БАРА ЖАТЫРМЫЗ...

Белоруссияның президентi Александр Лукашенконы жұрт анау-мынау деп жүр ғой қазiр. Кiм не десе де, “колхоз директоры” жеме-жемге келгенде ерледi. Путиннiң ақшасына да, шақшасына да қараған жоқ. Кесiп айтпаса да, “кедендiк одағың бiздi қызықтырмайды” дегендi ұқтырды. Ендi 1 шiлдеден бастап Кедендiк кодекс күшiне енiп, кедендiк одақ жұмысын бастайды. Бұл жолы “батькасыз”. Кедендiк одақ елдерi үкiмет басшыларының Санкт-Петерборда өткен отырысында Ресейдiң премьер-министрi Владимир Путин Белоруссияға қатысты былай дедi:

Президеттiң жолдауы бойынша зейнетақы 25 пайызға , жеңiлдiк төлемдерi 9 пайызға өседi деп БАҚ-тарда жазылды. Керегiңе толықтай жетпегенiмен, бiр жыртығымызды жамауға келер деп ойлағанбыз. Бiрақ зейнетақы қорына барып, есептеу тәсiлiмен танысқан соң, көңiлiмiз су сепкендей басылғанын несiн жасырайық. Түсiнiктi болу үшiн мына таблицаға назар аударыңыз:

Парламент мәжiлiсiнiң жағымпаздары бастаған «ха­лық қалаулылары» онсыз да шексiз билiкке ие Н.Назар­баевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берудi ұсынып отыр. Оу, ағайын, ұят қайда?! Бұларыңыз нағыз масқара емес пе? Ең сорақысы сол, бүкiл әлемге мазақ болдық қой! Осы ұсынысты жасаған үш депутат елге, сайлаушыларының бетiне қалай қарайды? Мұндай асығыс ұсыныстың артында не тұр? Бәлкiм, президенттiң айналасындағы кейбiр жемқорлар өз қылмыс­тарын осылай жасырып-жапқысы келетiн болар?

Бүгiнгi жастардың, әсiресе, орысша тәрбиеленгендердiң сәлемi мүлде бөлек. Соңғы уақытта сүйiсiп амандасу кең етек алуда. Менiңше, бұл қазақ халқына жат. Тiптi, байырғы салт бойынша мұндай сәлемдесу әдепсiздiк деп саналған. Сондықтан адам баласы кiммен қай жерде, қандай жағдайда жолықса да, барынша сыпайы, әдептi түрде сәлемдесiп үйренгенi жөн-ақ.

Күн жылынып, жер көгере бастағаннан-ақ қалалықтар мен қала меймандары тауға шығуға, көгалға демалуға ағыла бастайды. Мұндай жағдайда таза ауада тынығушыларға, саяжайда жұмыс жасаушыларға, малды күтiп, баптаушыларға, жемiс-жидек теру­шiлерге кенелерден абай болуын ескертемiз. Кененiң шағуы – адамды қауiптi ауруларға және көп жағдайда өлiмге апаруы мүмкiн. Кене үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келедi. Кененiң қауiптiлiгi сонда, олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды

Шiлденiң 5-7 аралығында Грузияның астанасы Тбилисиде еркiн және грек-рим күресiнен Гран-при жарысы өтедi. Осыған байланысты грек-рим күресiнен ұлттық құраманың бас бапкерi Мұ­рат­бек Қасымханов грузин жерiнде ел намысын қорғайтын палуандардың есiмiн жариялады. Мамыр айының басында Үндiстанда Азия бiрiн­шiлiгiнде бақ санаған палуандарымызға Тбилисиде өтетiн Гран-при турнирi әлем бiрiн­шiлiгi мен Азия ойындарының алдында тәжiрибе жинақтайтын жарыстардың бiрi болмақ

Елiмiздiң “Алматы” волейбол клубы алдағы сенбiде Қытайда клубтар арасындағы Азия бiрiншiлiгiне қатысады. Шiлденiң он үшiне дейiн жалғасатын додада алматылықтар Жапония, Вьетнам, Индонезия және алаң иелерiнiң командаларымен А тобына түстi. Геннадий Паршин жаттықтыратын отандастарымыз алғашқы ойынын 5 шiлде күнi жапон клубына қарсы өткiзедi.  Ерлер арасындағы сайыс мәресiне жеткеннен кейiн жарысты бойжеткендер жалғастырады. Араға екi апта салып, Индонезияда басталатын жарысқа ел намысын биылғы Қазақстан бiрiншiлiгiнде топ жарған “Жетiсу” клубы қорғамақ.

Қостанай облысының Щербаково кентiндегi “Сосновый бор” санато­ри­йi­нiң базасында “Қазақстан Халық Банкi” АҚ-ның “Халықтық лига” әлеуметтiк жобасы шеңберiнде жасөспiрiмдер үшiн баскетболдан “Үмiт кубогi” мәресiне жеттi. Биылғы жылы Халық банкiнiң қамқорлығындағы балалар үйлерi мен мектеп-интернат тәрбие­ленушiлерiнiң арасындағы жарыс 2010 жылғы 19 мамырдан 25 мамырға дейiн өткiзiлдi. Аталған турнирге үстiмiздегi жылы елiмiздiң 14 облысындағы 16 балалар үйi мен мектеп-интернатының тәрбиеленушiсi болып табылатын 1994