1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (15503) 8 маусым, сейсенбі 2010

РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАРЫНА!

Тәуелсiздiгiмiзге қауiп төндi. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Кедендiк одаққа кiредi. Бас­тапқыда Белоруссия да бұл одаққа қосылмақ болған. Олар өз мүдделерiн жоғалтатынын ал­ғашқы келiссөздер кезiнде анық байқады да, одан бас тартты. Көршi­лерiмiз – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан бұдан сырт қалды. Тәуелсiздiктерiн қастерле­ген­дiктен де Украина, Грузия, Армения мен Балтық жағала­уындағы үш мемлекет мұны тiптi ауызға да алмады.

ПРЕЗИДЕНТТIҢ БЕДЕЛIН ТҮСIРУГЕ  МҮДДЕЛI ТОПТЫҢ IШIНДЕ ДЕПУТАТТАР ДА БОЛУЫ МҮМКIН

– Осыдан тура бес жыл бұрын, нақтырақ айтсам, 2005 жылдың 31 наурызында “Жас Алаш” газетi бетiнде “Ашық әңгiме” айдарымен Сiзбен арнайы сұхбат жүргiзген едiм. Бұл ашық әңгiме “Ел басқарған адамның тiрлiгiне отбасы мүшелерiнiң араласуы үлкен қатер...” деп аталған екен. Осы әңгiмеде көтерiлген мәселелер өмiрде тура солай болып шықты. Болжамдарыңыз да айна-қатесiз дәл келдi. Әрине, Сiз өз ойыңызды “өмiрде олай болмасын, олай болмауы керек” деген жанашырлықпен айтқан едiңiз...
НЕМЕСЕ «ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ» АТАНУДАН МӘЖБҮРЛI БАС ТАРТУ
Қоғамдық пiкiрде қызу талқыға түскен, «Нұр Отан» партиясы мен парламенттiң бастамасымен қалың жұрт­шы­лыққа ұсынылған «Ұлт көшбасшысы туралы» заңға қатысты мәселеге нүкте қойылды. Бiр жылдан берi   – дабыра мен даңғаза бастаманың жоқ жерден «бас кейiпке­рiне айналған» президент Назарбаевтың өзi қойды. Өткен аптаның аяқ шенiнде ресми БАҚ-та мемлекет басшысының республика азаматтарына, парламент депутаттарына және «Нұр Отан» партиясының саяси бюросына жолдаған үндеуi жарық көрдi

Қазақстан тәуелсiздiк алғалы, басқалары барға қанағат қылып жүргенiмен, анда-санда қыр көрсетiп қоятын бiр қауым бар. Ол – казактар қауымдастығы. Сонау 1991 жылғы Орал оқиғасы да әлi талайдың есiнде. Оларға осылай iстетiп, қолтығына су бүркiп отырған шекараның ар жағындағы “көкелерi”. Қаржыландыратын да солар. Жуырда интернетте Қазақстандағы казактар қауымдастығының Ресейдегi “Орталық казак әскерiнiң” құрылғанына 15 жыл толғанын атап өткенi жайлы мақала шықты. Бұны ұйымдастырып жүрген Қазақстандағы казактардың жоғарғы атаманы Юрий Захаров

Дәл қазiр Жамбыл облысының басшылары түскi үзiлiске шығуға қорқатын болды. Өйткенi үзiлiске шығып, түс қайта қызметiне келсе, креслосында бiр алматылық отырады... Әрине, бұл әзiл ғой, бiрақ әр әзiл түбiнде бiр зiл жататыны анық. Соңғы кездерi Жамбылда “Бiр бастық ауысады екен” деген сыбыс шықса, iле-шала “оның орнына Алматыдан бiреу келе жатыр екен” деген әңгiме тарайтын болды. Әйтеуiр, әулиеаталық басшылар кейiнгi кездерi “Ассалаумағалейкүм, алматылықтар” дегендi жиi айтатынды шығарды. Тегiнде “Iстiң тетiгiн кадр шешедi” деген, бiз бұған дейiн

Өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдарының орта тұсы болатын. Елiмiздегi орысшасы, қазақшасы бар мерзiмдi басылымдардың iшiндегi таралымы жағынан ең көбi, ең беделдiсi осы көшбасшы газет «Ленишiл жасқа» жұмысқа келдiм. Қазақстан Компартиясы орталық комитетiнiң үгiт-насихат бөлiмi арнайы жолдамамен жiберген. Содан табан аудармай осында 18 жыл қызмет жасадым. Оның он екi жылында газеттiң жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары лауазымын атқарыппын, ол мен үшiн баға жетпес ғажайып үлкен мектеп болды.

– Ең алдымен, баланың ана сүтiмен қоректенуi қажет. 1 жасқа дейiн ана сүтiмен қоректенген сәбидiң иммундық қабiлетi мықты болады. Өкiнiшке қарай, қазiр жас босанған әйелдердiң тең жартысы сәбилерiн емiзуге құлықсыз, оларды жасанды тамақтармен қорек­тендiруге әуес. Педиатрлар осы мәселеде дабыл қағып отыр. Жас аналар неге сәбиiн емiзгiсi келмей­дi? 25 жылдық педиатрлық тәжi­рибемде дәл осындай жағдайды бұрын-соңды кездестiрмеппiн. 1 жасқа дейiн ембеген сәбидiң ағзасындағы өзгерiстер 12-13 жасқа жеткенде белгi бередi

Қазiр еркек те, әйел де неше түрге бөлiнiп, түрлi кейiпке енiп жүр ғой. Бұл жерде жыныс мәселесiн айтып тұрмын. Еркек еркектi, әйел әйелдi жақсы көретiнiн теледидардан ашық көрсетiп, газеттер ашық жазып жатыр. Алматының өзiнде осыларға арналған клубтар жетерлiк. Кеңес Одағы кезiнде де гомосексуалистерге арналған клубтар болды. Бiрен-саран ғана. Жасырын түрде. Кеңес Одағының жүрегi – Мәскеуде еркектердiң осындай бiр жиынына тап болғаным бар. Онда мен 3-курстың студентi едiм. Көп нәрсенi бiле бермейтiн шағым. Бiр күнi бiр бөлмеде жататын владивостоктық Сергей есiмдi курстасым: “Тiсiңнен шығармасаң, бiр клубқа алып барамын”, – дедi. “

Құрдастардың қалжыңы дегенде есiме Сламбай атам түседi. Бiздiң Майбұлақ ауылы екi құрдас – Сламбай мен Сейфолла аталарымыздың қалжыңын әлi күнге жыр қып айтады. Сламбай Тоқбергенұлы 1989 жылы қайтыс болып кеттi. Жатқан жерi жаннатта болсын. Сейфолла Әшiрбекұлының көзi тiрi, бiрақ соңғы жылдары аяғы ауырып, жүре алмай қалыпты. Құдай өзi қуат берсiн. Осы екi атамның қызық уақиғаларын естiген сайын құрдас болып қалжыңдай бiлу де бiр өнер екенiн сеземiн. Ол да бiр ғанибет тiрлiк. Ендеше Сiз құрдасыңызбен қалжыңдай бiлесiз бе?

БЕТТI СҰЛЫНЫҢ СУЫМЕН ЖУЫҢЫЗ

Белгiлi әншi Эдита Пьеха 80 жастан асса да әлi күнге қартаймаған. Ол жас кезiнен бастап таза, жуылған бетiне өзi жеген жемiс-жидектi жағуды ұмытпаған. Беттi немен жуған десеңiзшi? Сұлының суымен. Жалпы, көптеген әртiстер беттерiн газдалмаған минералды сумен жуады. Кейде бұларды мұздатқышқа қоятын ыдыс­қа құйып, қатырып, мұз күйiнде бетке жағуға да болады. Сонда әжiмiңiз тартылып, бет терiңiз жұмсарады.

Бұл жерде сансыз шақырымға созылған жазық дала мен керемет көлдер, сарқыраған өзен мен биiк-биiк таулар бар. Ал осы өңiр жұртшылығының тағы бiр ерекшелiгi – спортқа деген құштарлығы. Әр жылдары осы ауданның түлектерi түрлi халықаралық жарыстарда ел намысын абыройлы қорғады. Бекен Күреңкеев, Рашид Валиев, Айдын мен Рустем Смағұловтар, Бауыржан Оразғалиев, Алмас Сақаев, Ерлан Тәжiков, Сержан, Нұрлан және Сайран Омаровтардың есiмдерiн жергiлiктi халық әлi күнге дейiн ауыздарынан тастамай ерекше құрметпен атайды.

«ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ» ЖАРАҚАТЫ
Ендi үш күннен кейiн футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтетiн әлем бiрiншiлiгiнiң тұсауы кесiледi. Төрт жылда бiр рет келетiн әлемдiк дода биыл тұңғыш рет қара құрлықта жалауын көтередi. Әлемнiң отыз екi елiнiң мықтылары тура бiр ай бойы әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздарын анықтайды. Iрiктеу ойындарынан суырылып шыққан отыз екi команда төрт-төрттен сегiз топқа бөлiнген. Олар 11 маусымнан 25 маусымға дейiн топтық ойындарын өткiзедi де, үздiк шыққандары жарысты ары қарай жалғастырады.

Румынияның Бухарест қаласы мен Испанияның Мадрид қаласында өткен аптада дзюдодан кезектi әлем кубогы өттi. Бұл сында ел намысын қорғаған қазақ елiнiң дзюдошы қыз-жiгiттерi елiмiзге жүлдесiз қайтты. Жақында Бразилияда кезектi әлем бiрiншiлiгiн тәмамдаған (Бразилияға қазақ елiнiң дзюдошылары бармады) дзюдошы жiгiттер Испания астанасына жиналды. Әлемнiң қырықтан аса елiнiң дзюдошылары бақ сынаған жарысқа Қазақстан құрамасының сапынан бес спортшы қатысты.

Қаршыға Ахмедияров – ұлы өнерпаз. Ұлы өнерпаз дүниеден өткенде, сол өнерпаз өмiр кешкен орта да, қоғам да жетiмсiреп, жүдеп қалады. Кезiнде Ғабит Мүсiрепов айтпап па едi: «Аттың орнын тай басар» деген жұбату Мұхтар Әуезовке жүрмейдi. Мұхтар Әуезовтiң орнын ешкiм де баса алмайды» деп. Сол сияқ­ты, Қаршыға Ахмедияровтың күйшiлiк өнердегi орнын да ешкiм баса алмайды. Өйткенi, ол – қайталанбас тұлға.