1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15504) 10 маусым, бейсенбі 2010

Сейсенбi күнi Алматы облысының Ұйғыр ауданыТ асқарасу ауылында «Мемлекеттiк рәмiздер — тәуелсiздiк тiрегi» деп аталатын жастар форумы өттi. Форумды ұйымдастырған — Ұйғыр аудандық әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат бөлiмi. Мақсаты жақсы-ақ — мемлекеттiк туды дәрiптеу, әнұранды шарықтату, рәмiздердi насихаттау, қазақтың үш биiн сахналау...  Мұндай шараны Шонжыда емес, Тасқарасуда өткiзуге не түрткi болды? Құлақ естiген соң бардық, көрдiк. Құдды бiр тәуелсiздiк алғанымызға жиырма жыл емес, жиырма күн ғана болғандай, рәмiздердi күнi кеше ғана қабылдағандай қоңылтақсып қайттық.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСIЗДIГIНЕ ҚАТЕР ТӨНДIРУIНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙМIЗ!
Елiмiздегi елуден астам қоғамдық бiрлестiк­тердi, демократиялық, оппозициялық саяси пар­тияларды, зиялы қауым өкiлдерiн, тәуелсiз ба­сылымдарды, жастар ұйымдарын бiрiктiрген «Тә­уел­сiздiктi қорғау» халықтық – демократиялық қозғалысы халыққа осындай үндеу жариялады. Ел басына тәуел­сiз­­дiктен айырылып қалу қаупi төнген сәтте кез келген саналы азамат, отаншыл патриот бүгiнгi билiктiң Ресей алдындағы дәрмен­сiздiгiне, одақ қамытын қайта кигiзiп, экономикалық, саяси, мем­лекеттiк дербестiгiнен айырылуына төзе алмайды. Мұны редакцияға хабарласып, өз пiкiрлерiн бiлдiрген­дердiң сөзi де қуаттайды.  

Қазақтың қаһарман ұлы, екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов жеңiстiң 65 жылдық мерекесiнде елеусiз қалғанын газетiмiздiң өткен сандарында егжей-тегжейлi жазғанбыз (№37. 12 мамыр, 2010 жыл.). Қазақтың қаһарман ұлы: «Назарбаев менiң бұл күйiмдi бiлмейтiн шығар. Жеткiзiңдер. Бастысы, кiм кiнәлi? Не үшiн, не себептен бұлай жасады? Анықтасын», – деген болатын. Авиация генерал-майорының бұл бұйрығын газет арқылы жеткiздiк. Арада 1 айдай уақыт өттi.

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың,
Премьер-министр Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовтiң,
Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссияның назарына
Әдебиет пен өнерге екi жылда бiр берiлетiн Мемлекеттiк сыйлық өткен жолы ешкiмге берiлмей қалды. Үмiткерлерге Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссия тарапынан көпе-көрiнеу қиянат жасалды. Ол туралы республикалық баспасөз беттерiнде үлкен шу көтерiлдi. Қазақ өнерiнiң бiлгiрi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреа­ты, Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссияның мүшесi, жазушы, мар­құм Ақселеу Сейдiмбек ағамыз

Арман Қани– 1954 жылы, 22 ақпанда Павлодар қаласында туған. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, журналист, Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамы Павлодар облыстық ұйымы «Ертiс дидары» газетiнiң редакторы.  Саяси-қоғамдық iстерге 15 жасынан бастап араласқан ұлтшыл күрескер. 1969 жылы Павлодар қаласындағы №3 облыстық мектеп-интернатта (қазiргi Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия-интернат) оқып жүрген кезiнде ұлтттық мұрат-мүдденi көздеген жасөспiрiмдердiң «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйымын құрып, жұртшылықты кеңестiк отаршылдыққа қарсы

Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиев өткен аптаның аяғында Шымкент қаласында өңiрлiк кеңес өткiзiп жатқан кезде болған оқыс оқиға көпшiлiкке ашық күнде найзағай ойнағандай әсер еттi. Бiлiктi басшы Жұмағали Исмаилов тiзгiнiн ұстаған Оңтүстiк Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы саласындағы оң өзгерiстер кеңiнен тiлге тиек етiлген алқалы жиынның шырқын бұзған суыт хабарды ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалардың құқын қорғау мақсатында құрылған қоғамдық қордың төрайымы Жанетта Жазықбаева жеткiздi.

(Жазушы Дидахмет Әшiмханұлының “Тасқала” аталатын әңгiмесiн талдау) Жазушы Дидахмет Әшiмхан­ұлының “Тасқала” деп аталатын әңгiмесi бар. “Тасқала” прототипi (түптұлғасы) – Усть-Каменогорск аталып келген Өскемен болуы әбден мүмкiн. Не жасырары бар, орыстан­ған қала. Дидахметтiң Тасқаласы да орыс­танған қала. Тасқаланы бiр қалаға телiп қойып, жазушы шығармасына негiз болған бiр шаһардың бәсiн асырып, туындының тынысын тарылтудың да қажетi шамалы. Шынтуайтына келгенде, “Тасқала” – тұтас қазақ қоғамы.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевқа
Құрметтi президент мырза! Сiзге арызданамын деп ойлаппын ба?! Жергiлiктi шенеунiктер менiң мәселемдi бiрiне-бiрi сiлтеп, әбден қажытты. Шаршатты. Сонан кейiн ерiксiз мұңымды Сiзге айтуға мәжбүр болып отырмын. Менiң күйеуiм – Нұролла Ғазизов белгiлi композитор, Қазақстан Композиторлар одағының белдi мүшесi едi. 1982 жылы қаза болды. 42 жасында. Н.Ғазизов кезiнде Темiржан Базарбаев, Мыңжасар Маңғытаев, Базарбай Жұманиязовпен қатарлас шығып, ел көзiне ерте iлiндi. 1969 жылы Мәскеуде өткен КСРО Композиторлар одағының

Әкем Әтеке бес ағайынды едi. 1941 жылғы соғыс басталғанда әкемнiң бiр ағасы Алжанбек соғысқа кетедi. Әкем колхозда бригадир болып қалады. НКВД-нiң тыңшылары У. деген ауыл тұрғынынан тек жүрген әкемдi «өкiметтi жамандап жатыр деп айт» деп қыспаққа алады. Бiрақ, әлгi кiсi: «Әтекенi қисынсыз жамандай алмаймын. Жұмысты жақсы iстейдi және өзiнiң бала-шағасы бар», – дейдi. Әлгi тыңшылар түнде ауыл адамдары ұйқыда жатқанда бiр қап бидайдың түбiн тесiп, бiреулерге көтертiп, У.-дiң қорасына қойып кетедi. Таң ата әлгi тыңшылар «астық ұрланды»

Бүгiнде Шымқалада үстi-үстiне басылатын «Той өткiзе қалсаңыз...» деген анықтамалықтағы тойханалардың тiзiмiн аяғына дейiн қарап шыққаныңша, iшегiң үзiлiп, демiң бiтiп қала жаздайды. Бұл кiтаптың дүркiн-дүркiн шығарылуының да үлкен себебi бар. Сәулетi мен дәулетi бiрiмен-бiрi аламан бәйгеге түскен салтанат сарайларының қатары күн санап көбейiп келедi. Жүз орындық, мың орындық тойхананың қайсысын қалайсыз, қажетiңiз бен қалтаңызға қарай таңдай берiңiз. Әркiм өзiнiң шамасына лайық жиын өткiзетiн ғимаратты сарсылып iздемей-ақ, оп-оңай таба қояды.

Газеттiң №37 санында жарияланған (12 мамыр, 2010 жыл) Эльмира Әлментаеваның «Қазаққа қажет пе?» атты мақаласын оқып, қолыма қалам алуды жөн көрдiм. Э.Әлментаева бұл мақаласында «Наша Казаша» бағдарламасын жерден алып, жерге салады. Бәлкiм, бiр жағынан дұрыс та шығар. Бiрақ, неге Әлментаева бұл бағдарламаның көлеңкелi тұстарын ғана ашып көрсеттi? Көлеңкесiмен қатар, сәулелi жағы да бар емес пе?

«Жас Алаш» газетiнiң 2009 жылдың 20 тамызында (№67) «Есбосыновқа ешкiмнiң күшi жетпейдi» деген мақала жарық көрген едi. Онда Саудағазы Есбосыновтың Шалқар аудандық «Қазсельхозтехника» бiрлестiгiнiң басшысы болып қызмет iстеп жүргенде, 1996 жылы бiрлестiктi «Ұлы құм» акционерлiк қоғамына айналдырып, артынан оның бар мүлкiн талан-таражға салғаны, жұмысшыларға тиесiлi үлестерiн беруден заңсыз бас тартқаны, тиiстi акцияларын бермегенi, содан

Португалия құрама командасының белдi ойыншыларының бiрi Нани ОАР-да өтетiн әлем бiрiн­шiлiгiне қатыспайтын болды. Англияның “Манчестер Юнайтед” клубын өрге сүйреп жүрген португалиялық “қара маржан” қара құрлықтағы додаға бармайтын футболшылардың “қара тiзiмiн” толықтыра түстi. Құрама сапындағы ең үздiк ойыншылардың бiрiнен ай­ы­рылған Португалия құрама командасының бас бапкерi Карлуш Кейруш дереу “Спортингтiң” жартылай қорғаушысы Рубен Аморим­дi шақырды.

·               Барлық ойындар Астана уақытымен берiлген.
·               Мексика – Уругвай, АҚШ – Алжир, Парагвай – Жаңа Зеландия, КХДР – Кот Д Ивуар құрамалары арасындағы ойындардың жазбаша нұсқасы көрсетiледi.
·               Әр топтан бiрiншi және екiншi орын алып шыққан команда 1/8 финалына жолдама алады.
Маусымның 10-ы күнi “Хабар” арнасында түнгi сағат 00.00-де әлемдiк эстрада жұлдыздарының қатысуымен әлем бiрiншiлiгiне арналған концерт өтедi.

Қазiр бала туу жылдан-жылға кемiп барады. Шындығына келсек, қазақтың қыз-келiншектерiнiң басым көпшiлiгiнiң тiршiлiк әрекеттерi өмiрге ұрпақ әкелуден әлдеқайда алшақ жатқанын мойындауымыз керек. Олар Еуропа әйелдерiнiң жолын, салтын ұстануға көштi. Жезөкшелiк, арақ iшу, темекi, анаша тарту – ұрпақ әкелуге керi әсерiн тигiзуде. Бұлар өмiрге науқас ұрпақ әкелуде. Және бұлардың көпшiлiгi – кәмелетке толмаған қыздар. Осыдан кейiн ұрпақ өсiмiнiң тоқырауға ұшырауы өзiнен-өзi-ақ белгiлi емес пе?! Ал адамдық қасиетi жоқ ұрпақ қалай ұлт тағдырын қорғамақ!

Өткен аптада елiмiздiң палуандары Грузия­ның Тбилиси қаласынан оралды. Еркiн және грек-рим күресiнен Гран-при жарысында бақ сынаған қазақстандық палуандар жиыны   1 алтын, 2 күмiс, 5 қола медальға ие болды. Грузия астанасында өткен додада елiмiздiң грек-рим күресiнiң палуандары ерледi. Мұратбек Қасымханов жаттықтыратын грек-рим күресiнiң шеберлерi бұл жарыс­та 1 алтын, 2 күмiс, 3 қола медальдi қанжығаларына байлады. Жақында Үндiстанның Дели қаласында өткен Азия бiрiншiлiгiнде күмiс алқаның иесi атанған 66 келiдегi Айбек Еңсеханов

Сейсенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар 14-тур ойындарын өткiздi. Көш басындағы Қостанайдың “Тобылы” бұл турда “Ақтөбенi” қабылдап, 2:1 есебiмен басым түстi. “Тобыл” сапынан Нұрбол Жұмас­қалиев екi доп соғып, көзге түссе, “Ақтөбенiң” капитаны Самат Смақов Нұрболдың екi добына бiр доппен ғана жауап бердi.