1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15505) 15 маусым, сейсенбі 2010

ЕЛ ТӘУЕЛСIЗДIГIНЕ ШОҢ ҚАТЕР ТӨНДIРЕДI

Маусымның 10-ынан  11-iне қараған түнi Қырғызстанның екiншi iрi қаласында жергiлiктi ұлт өкiлдерi мен этникалық өзбектердiң арасында кикiлжiң басталды. Бейресми деректерге сүйенсек, қақтығыс Оштағы ойынханалардың бiрiнде тұтанып, ары қарай ұлтаралық араздыққа әкеп соққан. Оштағы оқиғаларды көзiмен көрген адамдардың айтуына қарағанда, өзбек пен қырғыз арасындағы қарулы қақтығыс бiрден тұтанған. «Жастардың қолында қару-жарақ, соғысқа қажеттi құрал-саймандардың бәрi болды», – дейдi олар. Бiрнеше күнге созылған қақтығыстың нәтижесiнде қаза тапқандардың саны 100-ге жеткен. Бiр мыңнан астам адам жараланған.

Халықтың мүддесiн ойламаған, өзiн, бала-шағасын, жағымпаздана шашбаулаушы айналасын жарыл­қауды бiлген Қ. Бақиевты тақтан тайдырған Ұлы Манас ұрпағына риза болған қазақтардың бiрi мен едiм. Қырғыз бауырларыма осы газет арқылы “Бәрекелдi!” деп ыстық лебiз жолдап едiм. Ал бүгiн өкiнiп отырмын. Өкiнiшiмнiң себебi – Манас ұрпағының iрi қимылын басқа мақсатқа пайдаланған арандатушы сойқандардың атқа мiнгенi. Өкiмет халық өкiлдерiнiң қолына өткенiне ашық қарсылық көрсете алмаған арамзалар дереу астыртын әуейiлiкке кiрiсiп,

Өткен аптада билiктiң «бұлбұлы» Ермұхамет Ертiсбаев «Нұр-Медиа» басылымдарының бiрiне мақала жазыпты. Прези­дент­тiң кеңесшiсi бұл жолы Кедендiк одаққа қарсылық бiл­дiрiп, 1 миллион адамның қолын жинауға кiрiскен «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысына шүйлiгiптi. «Қаласақ Кедендiк одақты қолдайтын алты миллион адамның қолын жинап алуға болады. Бiрақ, бұл – бос әурешiлiк. Көптеген сайлаулар халықтың оппозицияның дау­рықпа iсiнен гөрi, президент ұстан­ған саясатқа көбiрек сенетiнiн дәлелдеген болатын» , – дейдi Е.Ертiсбаев. Сонымен бiрге,

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары жан баласына қажетi болмай, әбден берекесi кеткен ауылдар, уақыт өте келе нарықтық өмiрдiң қыр-сырын игерiп, кейiнгi оншақты жылдың iшiнде түтiнiн кәдiмгiдей түзеп алды. Ауылдың тiрлiгiне тiреу болып отырғаны –қолындағы азғана малы. Киетiн киiмi мен iшетiн тамағы, басқадай тiрлiгi осы малға ғана тәуелдi. Одан басқа кiретiн кiрiсi болмағасын, ауылдың малсыз күнi қараң. Қар кетiп, көк көрiнiсiмен-ақ ауылдағы ағайын бiр қарасын базарға өткiзiп, жанар-жағарма­йын сатып алып, малының қысқы жем-шөбiн әзiрлеуге шығады.

Соңғы уақытта қазақ көшi ақсақ қойдың кейпiн кидi. Ел iшiндегi сан-саққа жүгiрген әңгiменi былай қойғанда, бұл саясаттың шикiлiгiн Астана да ауызға алуда. Шетелдерде атамекенге орала алмай миллиондаған қазақ жүр. Бiрақ, Қазақстанның бiр жылға бөлiнген квотасы иесiн таппай тұр. Үкiмет шетелдегi қандастарымыздың атажұртқа оралуына жағдай жасадық десе де, көш саябырсыды. Мәселен, қазақ көшiнiң жолын байлаған басты мәселелердiң бiрi – қағазбастылық. Тарихи Отанына кереге керген, әлi де қоныс аудару ниетiнде жүрген қандастарымыздың шекесiне тиген нөмiрi бiрiншi мәселе де осы.

Орыс отарында ұзақ жылдар болып келген қазақ халқы тiлiнен, дiнiнен, дiлiнен айырылып қала жаздап, 1991 жылы егемендiкке қол жеткiзгенде, осы жоғалтқандарымызды қайта түген­дейтiн болдық деп бiр қуанғанымыз бар. Алайда, арада жиыр­ма жыл уақыт өтсе де, ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыру жұмыстары тым баяу жүрiп келедi. Тiптi, кейде құндылықтарымызды қорлау әрекеттерiнiң де қылаң берiп қалатыны жасырын емес.Мысалды арыдан iздеп қайтемiз. Идеологияның басты құралы БАҚ пен кино өндiрiсi десек, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың орнына

Өткен аптада үкiмет үйiнде Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев Бiлiм берудi дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдар­ла­ма­сының жобасын ұсын­ды. Министрдiң айтуынша, бұл бағдарлама бiлiм беру жүйесiн жаңаша жандандыру, бiлiм сапасын жоғарылату және оның еуропалық деңгейге көте­рi­луiне жол ашу сынды мiндеттердi көздейдi. Ал құжатпен танысып шыққан бiрқатар мамандар бағдарламаның дiттеген мiндеттерге қол жеткiзерiне сенбейдi. Жаңа жоба осыған дейiнгi бiлiм берудi дамытудың 2005-10 жылдарға арналған

12 маусым немiстiң   Der Spiegel журналы Германияның сұрауы бойынша Польшада “Мосадтың бiрiншi шпионы” тұтқындалғанын хабарлады.  Израильдiк Ури Бродский маусымның 4-i күнi Варшаваның халықаралық әуежайында Германияның ордерi бойынша тұтқындалыпты. Варшава соты Бродскийдiң iсiн қарап, оның тұтқында отыру мерзiмiн 40 күнге ұзарт­қан. Немiс ақпарат көз­дерiнiң хабарлауынша, Ури Бродский Махмұд әл-Мабхухтың көзiн жою операциясына қатысушы шпионға көмектескен. Және де Бродский герман азаматы Михаэль Боден­хаймердiң атына жалған құжат жасатқан.

Алматының «Көкбазары» маңындағы «жетiмбұрыш» қайнап тұр. Бiреу баспана iздеп жүрсе, екiншiсi жалға алушы таппай сарсаң. Үшiншiсi – делдал. Төртiншiсi... Әйтеуiр, күнкөрiс үшiн жанталасып жатқан жұрт. Қарбалас тiрлiктiң шыж-быжын көрiп, танысу үшiн «жетiмбұ­рышқа» енiп кеттiк. Әр жерде iлулi тұрған қағаздар­ға үңiлiп, делдалдармен саудаласып жүргендер де, пәтер иесiмен келiсе алмай керiлдесiп жүргендер де мол-ақ. «Времянка» деген жазуды қолына ұстап, «клиент» iздеп жүргендер де кездеседi.

Қазақылығының қаймағы бұзылмаған өлкенiң қонақжайлығының, дархан көңiлiнiң, ықылас-мейiрiмiнiң айқын айғағы шығар, тұрғындар саны үш миллионға жуықтап үлгерген елiмiздегi ең халқы көп облыс –Оңтүстiк Қазақстанға оралмандар қоныстануға құмар-ақ. Әбдiбақыт Мақұлбаев басқаратын облыстық көшi-қон департаментiнiң дерегiне жүгiнсек, тәуелсiздiк туы тiгiлгелi оңтүстiкке қоныстанған оралмандардың саны (2010 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мәлiмет бойынша) 50 150 отбасыға немесе 172 985 адамға жетiптi. Бұл атажұртқа қоныс аударған

ДОСҚАЛИЕВТIҢ НЕ ОЙЛАҒАНЫ БАР?
ҚР Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиев тағы бiр бағдарлама қабылдап, өз саласында қордаланып қалған мәселелердi шешпек. Бұл қандай жаңа бағдарлама дейсiз ғой? 2011-15 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» атты бағдарлама. Басты мақсат – азаматтардың денсаулығын жақсарту және елдiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету. Ал бағдарламаны орындауға мемлекеттiк бюджеттен 550 миллиард теңге шамасында қаржы бөлiнбек.

Бiздiң, өткен ғасырдың 60-70 жылдардағы журналистiк қызметiн жаңа бастаған бiр топ жастардың, алғашқы қанаттанған киелi босағамыз республиканың барша кәрi-жасына қадiрi бөлек “Лениншiл жас” – қазiргi “Жас Алаш” газетi едi. Қаламгерлiк қарымды танытып, өзiңдi көрсетуге мүмкiндiк беретiн шеберлiк мектебi десе болар. Редакцияға қажеттi әртүрлi жанрдағы материалдарды бората жазып, әрегiдiк көркем шығарма жазуға барлау жасаған кезеңдер – жалыны лаулаған жастықтың куәсiндей едi-ау. 

«Жас Алашта» жарық көрген ақын Несiпбек Айтұлының «Өлгеннен кейiн бiздiң де кезегiмiз келер» атты мақаласында айтылған пiкiрлерге толық қосыламын. Бiздiң республика жағдайында әдебиет пен өнер саласында белгiленген сыйлықтарды ұсыну, талқылау, беру тәртiбiне қатысты кейбiр пайымдауларымыз бен ұсыныстарымыз бар. Бiрiншiден, өлiлер мен тiрiлердi жарыстырмау, бәсекеге түсiрмеу керек деген пiкiр әбден дұрыс. Бұрындары, 2006 жылы болуы керек, Үкiмет тарапынан дәл осындай тәртiп белгiленген секiлдi едi.

Өткен аптада Оңтүстiк Африка Республикасында он тоғызыншы әлем бiрiншiлiгiнiң жалауы көтерiлдi. Iрiктеу ойындарынан iркiлмей өткен әлемнiң ең үздiк отыз екi командасы сегiз топ­қа бөлiнiп бақ сынауда. Бүгiнгi күнге дейiн алғашқы төрт топта бас қосқан командалар бiрiншi тур ойындарын өткiзiп үлгердi. Әлем бiрiншiлiгiндегi А тобын осы додадағы ең күрделi топтардың қатарына жатқызуға әбден болады. Ашылу салтанатынан кейiн iле жасыл алаңға шыққан алаң иелерi мен Мексика құрамаларын айтпағанның өзiнде, Франция мен Уругвай құрамаларының қай-қайсысы болмасын плей-офф ойындарында ойнайтын командалар.

Қазақстан Мұсылмандарының Дiни басқармасы биылғы жылы дiни тақырыптағы өлеңдерге мүшайра жариялап жатқанын жамағат жақсы бiлуге тиiстi. Жақсы бiледi деп отырғанымыз, мүшайраның жарнамасы республикалық басылымдарды былай қойып, облыстық, аймақтық газеттерге де жарияланған болатын. Содан шығар, қазiр Дiни басқарманың сайтын ашсаңыз, аты белгiлi ақындардан басқа, талай-талай адамдар өздерiнiң лайық деп жазғандарын осы мүшайраға жолдағанын көресiз. Байқағанымыз, бұрын қалам ұстап, поэзияға

Әлем бiрiншiлiгiнiң тарихына көз жүгiртер болсақ, ең көп доп соққан футболшы бразилиялық Роналдо екенiн байқаймыз. 2002 жылғы әлем бiрiншiлiгiнде 8 доп соққан сұрмерген Оңтүстiк Корея мен Жапонияда әлем чемпионы атанып қана қоймай, ең үздiк шабуылшы деген атаққа да қол жеткiздi. Осыдан төрт жыл бұрын Германияда өткен әлемдiк додада Роналдо немiс шаб­уылшысы Мирослав Клозенi алға қоя берiп, өзi үш доппен кейiнгi орында қалды. Жалпы бразилиялық футболшының әлем бiрiншiлiгiнде соққан доп саны – 15. Бұл – әлемдiк рекорд.

Өткен аптада Қазақстан премьер-лигасының 15-тур ойындары өттi. Ендi жетi турдан кейiн премьер-лиганың бiрiншi кезеңiн тәмамдайтын командалардың ара-жiгi ашылатын түрi жоқ. Өткен турда “Ақтөбенi” өз алаңында ұтып, көш басындағы командалардан екi-үш ұпайға озып кеткен Қостанайдың “Тобылы” бұл турда ойламаған жерден өз алаңында Талдықорғанның “Жетiсуына” есе жiбердi: 0:1. Қостанайлықтардың жеңiлiсiнен кейiн турнир кестесiнiң бiрiншi сатысына Қарағандының “Шах­терi” көтерiлуi бек мүмкiн едi.

Қытайдың Хуаншан қаласында күрес түрлерiнен Азия бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Осындай дүбiрлi додада бақ сынаған елiмiздiң жас палуандары барлығы 4 алтын, 3 күмiс, 5 қола медальға ие болды. Қытай жерiнде өткен құрлықтық жарыс­та грек-рим күресiнiң жас палуандары ерледi. Сегiз салмақ дәрежесi бойынша белдескен палуандардың арасынан үш бiрдей палуанымыз Азия чемпионы деген атқа ие боп қайтты. Атап айтсақ, 50 келi салмақта боз кiлемге шыққан Жансерiк Сәрсембиев өзiне тең келер қарсылас таппай,

Егер «Маринский» наны қажет болса, «Нан даласына» бару керегiн павлодардағылардың барлығы бiледi. Онда мейiз бен бал қосылған «Маринский» наны ғана емес, дәмдi нанның 18 түрi бар. «Немецкий», «Прииртышский», «Отрубной» нандары, сондай-ақ «Литовский» және «Студенческий», «Хала», «Багет» батондары үлкен сұранысқа ие. Тұрғындар бұл жердiң наны дәмдi, хош иiстi әрi сапалы болғандықтан жақсы көредi. Күн сайын «Нан даласы» павлодарлықтарға 8 000 - 11 000 дана нан жiбередi екен. Ал тұрғындар ендi келесi нанға, саны бойынша нанның жиырмасыншы сұрыбына, қандай атау берiлетiнiн ойлап отырған сияқты.   

«ЖИНАҚ БАНКI»10 000-ЫНШЫ КОРПОРАТИВТIК КЛИЕНТIН МАРАПАТТАДЫ
Қазақстан экономикасының дамуына елеулi үлес қосып отырған «Жинақ банкi» АҚ еншiлес банкi жақында корпоративтiк клиенттерiнiң саны 10 000-ға жеткен күндi ерекше салтанатпен атап өттi. Он мыңыншы клиент мәртебесiне қарағандылық кәсiпкер ие болды.  Республика халқына әмбебап банктiк қызметтер көрсете отырып, ұлттық компаниялармен және шағын кәсiпорын­дармен табысты ынтымақтастықпен жұмыс iстеп келе жатқан «Жинақ банкi» қысқа уақыт iшiнде үлкен биiктердi бағындыруда. Нақты мысалдар келтiрер болсақ, «Жинақ