1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15506) 17 маусым, бейсенбі 2010

Қоғамдық пiкiрдiң қызу талқысына түскен «Ұлт көшбасшысы» туралы заң жобасы қабылданып, күшiне ендi. Президент Назарбаевтың баспасөзде мәлiмдеме жасап, одан «бас тартуына» қарамастан. Мемлекет басшысының пiкiрi БАҚ-та жариялана салысымен билiктiң «бұлбұлы» Ермұхамет Ертiсбаев «президент бұл заң жобасына вето қойған жоқ, одан түбегейлi бас тартпады, ал вето қойылмаған заң бiр айдан соң ресми баспасөзде жарияланып, ол күшiне енген болып саналады» деген едi. Шын мәнiнде солай болып шықты. «Елбасы ерледi», «президент дұрыс iстедi», «мемлекет басшысының көреген саясатының нәтижесi» деп бөркiн аспанға атқан билiкшiл топтар да, «масқарадан аман қалдық», «абыройымызды сақтадық» деген тоқтамға келген тәуелсiз сарапшылардың да айтқанын жоққа шығарды.

АСТАНАМЫЗ АСҚАҚТАҒАНМЕН, АУЫЛДАРДЫҢ АЖАРЫ ҚАНДАЙ?

Сонау жылдары Елордамыздың Арқа жерiне қоныс аударуы жабайы жекешелендiруден есеңгiреп қалған ел-жұртқа кәдiмгiдей ес бердi. Оның көп адам мән бермейтiн геосаяси, рухани жағын айтпағанда жергiлiктi халыққа әлеуметтiк-материалдық тұрғыдан көмегi көп тидi. Ауыл жарықтық ажарынан айырылғасын, ендi не iстеймiз деп аңтарылған ағайын-жұрт ел орталығы Ақмолаға көшкеннен кейiн, солай қарай ағылды. Ең бастысы, ол жерде екi қолға бiр жұмыс бар. Құрылысқа кiрiп, кiрпiш қалайсың ба, болмаса, базар жағалап, арба итересiң бе, әйтеуiр, денi сау адамға кәсiп табылатын. Талайлар сосын қала аумағынан жер алып, баспана тұрғызып дегендей, әйтеуiр өлмес күндерiн көрiп кеттi.
БЕЙРЕСМИ АҚПАРАТ КӨЗДЕРI ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАН 2000-НАН АСТАМ АДАМ ҚАЗА БОЛҒАНЫН АЙТАДЫ
Қызыл крест халықаралық комитетiнiң өкiлi Кристина Кардон сейсенбi күнi Бiшкекте мәлiмдеме жасап, «қақтығыстан мыңға жуық адам қаза болды» деп мәлiмдедi. Соңғы екi күнде Ош пен Жалал-Абадта бiршама тыныш болды. Оқта-текте мылтық дауысы естiлiп қалғаны болмаса. Десе де, Қырғызстанның оңтүстiгiндегi жағдай әлi де ширығып тұр. Жұрт гүлетiп жүр, «қанды қырғынның көкесi әлi алда» деп. Сейсенбiден сәрсенбiге қараған түнi Оштың өзбектер шоғырланған ауданын белгiсiз бiреулердiң гранатометпен атқылағанын Ош қалалық iшкi iстер басқармасы хабарлады.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚАЙЫН ЖҰРТЫНЫҢ ҚАЙДА ЕКЕНIН БIЛЕ МЕ?
Қайын жұрт дегенде қай жiгiттiң жүрегi шым етпейдi дейсiз. Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың қайын жұрты Талас ауданы екенiн елден емiс-емiс естiп қалатынбыз. Бiрақ Бозымбаевтың бойынан туыстық, жекжаттыққа бұра тартатын ешқандай жаман қасиет көрмеген соң, “е, бұл кiсi өз көзiмен көрмеген соң қайын жұртының нақ­ты қай ауыл екенiн бiлмейтiн шығар” деген ой туған. Қайбiр күнi облыс әкiмi Талас ауданында болған кезде осындағы Үшарал ауылының ақсақалдары оның алдынан тайлы-тұяғымен шықты. Ауылдың қақ ортасын қақ жарып өтетiн жолды құм көшкiнi жауып қалып, жанындағы мектепке қауiп төндiрiп тұрғанын майдалап жеткiзген ақсақалдың бiрi облыс әкiмiне “анау тұрған құмтөбенi көрiп тұрсыз ба, сол жерде бiр кездерi сiздiң

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамал және Райымбек ауылдық округының аумағындағы бос жатқан жердi бес жүздей адам басып алды. “80 гектарға жуық мына жер әлi күнге игерiлген жоқ. Бұл жердiң иесi кiм? Мемлекеттiң жерi болса неге бiз сияқты пәтер жалдап, қаңғып жүрген Қазақстан азаматтарына бөлiп бермейдi?” – дейдi олар.  Әрине, жердi бұлай басып алу заңға қарама-қайшы. Әйтсе де, жиналған жұрт не дейдi? Талаптарын тыңдадық. Мұң-зарымен бөлiстiк. 6 сотық жерден дәмелi Нұрымхан Нұрәлиева “Шаңырақтағыдай” бала-шағаның обалына қалмайық

Ұйғыр қаламгерi Тұрған Тоқтамов достық дәнекерiне айналған жан едi
Уақыт ұзап, жылдар жылжып өткен сайын әрбiр жұмыр басты пенденiң бұрынғы көргендерi, бастан кешкендерi әрдайым жарқын, жағымды құбылыстардай танылып, есте сақталар естелiктерге, кейде тiптi сартап сағыныштарға айнала бастайтыны бар. Әдетте бүгiнгiсiне көңiлi толмай, айналасынан сүйеу боларға жарарлық тұғыр-тұрлау таппағандар кәдеге асар құндылықтарды өткен шақтан iздейдi емес пе? Сол өткен шақтың iшi-тысы таңдай қағарлық тамашаға толып тұрмағанын бiлсе де, бәрiбiр адам баласына қашанда бүгiнгiсiнен бұрынғысы сынық сүйем сүйкiмдiрек көрiнедi. Адам жанының жаратылысы осындай.

Жақында белгiлi кинодокументалист Қалила Омаровтың «Айқын» газетiнде «Қысастықты кешiре бiлген кемеңгер» атты сұхбаты жарыққа шықты. Iле-шала оған қарсы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлсiм Оразалықызының «Дәлелi жоқ документалист» деген мақаласы жарияланды. Осы екi материалға байланысты кеше ҚР Жазушылар одағында арнайы баспасөз мәслихаты өттi.

«Дос-Мұқасан» ансамблi кезiнде қазақ өнерiне жаңаша леп әкелiп, эстрадаға деген көзқарасты түбегейлi өзгертiп, қазақ эстрадасының абыройын асқақтатып-ақ жiберiп едi. Өйткенi «Дос-Мұқасанның» жiгiттерi ұлттық намысты ту еттi, ұлттық өнердi басшылыққа алды. Және сол бағытынан ешқашан жаңылып та көрмедi. 4 наурыз күнi кешкi жаңалықтардан осы ансамбльдiң серкесi, қазақ өнерiнiң майталманы Бақыт Жұмадiлов ағамыздың жол апатынан көз жұмғанын естiп, жаман болдық. Алла Тағала иманын нәсiп етiп, жақындарына сабыр берсiн.

... 1932 жыл. Ерте көктем. Ақтөбе. Темiржол вокзалы жанындағы алаңда митинг. Мәскеу не Алматы бағытына бара жатып, жол-жөнекей аялдаған. Ф.Голощекин аш-жалаңаш жұрт алдында қызыл билiктiң жетiстiктерiн мақтап, оңды-солды сөйлеп тұр. Аштан өлiп, босып жатқан қазақ жөнiнде бiр сөз жоқ. Айнала қызыл билiктiң орындаушылары. Бiр мезетте топ алдына арбаға мiнген сақалы аппақ қудай қарт шығып, Голощекинге жақындап: “Разве большевики боролись за то, чтобы люди гибли как мухи от голода? Прекратите болтать!” – деп айқай салды. Сценарий бұзылды.

Абылай хан өз заманында Жоңғар мен Қытайдан қатты қауiптенiп, Ресейге қосылыпты деген сөз бар. Қазiр Қазақстан кiмнен қорқып Ресейге қосылғысы келедi екен? Ресей мен Белоруссияға шекара ашып, «2012 жылдан бастап бiртұтас экономикалық аймақ құру жоспары...» деп бүркемелеп, елдi «қазақ халқына, мемлекетiмiздiң экономикасына жақсы болады» деп алдап, Ресейге Қазақстанды өз еркiмен қосқысы келедi.

Қазiргi уақытта Қазақстан тек Орталық Азия өңiрiнде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бо­йынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым жетiлген заңнамасы бар ел болып отыр. Мұндай құқықтық актiлердiң қатарына 1998 жыл­ғы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды Жемқорлықпен күрестiң 2006-10 жылдарға арналған мемле­кеттiк бағдарламасын жатқызуға әбден болады. 2005 жылы мемлекеттiк қызмет­шiлердiң «Ар-намыс» кодексi бекiтiлдi. Ал 2007 жылдың қаңтарында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заң қабылданды.

Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан футболдан әлем бiрiншiлiгiнiң кеше топтық ойындарыныңбiрiншi туры аяқталды

Әлем бiрiншiлiгiнде Н тобына түскен Испания, Швейцария, Чили және Гондурас құрама командалары кеше кешкiсiн 1-тур ойындарын қорытындыласа, ОАР футболшылары мен Уругвай топтық ойындардың 2-турының тұсауын кестi. Газетiмiздiң өткен санында бiз А тобынан бастап Е тобына дейiнгi өткен ойындарды баяндағанбыз. Соңғы екi күннiң iшiнде үш топтың ойындары өттi. Е тобында бас қос­қан Жапония, Камерун, Голландия және Дания құрамаларының арасында әзiрге Жапония мен Голландия футболшыларының

Дәл қазiр әлем бiрiншiлiгiнiң ойын­дары елiмiздiң телеарналарынан үздiксiз көрсетiлiп жатыр. Алайда, теледидар алдына телмiрген жанкүйерлер африкалықтардың ұлттық аспаптарының даусынан мезi болған сыңайлы. Теледидардың бергi жағында отырған жанкүйерлердiң жүйкесiне ши жүгiрткен керней-сырнайлардың даусы алаңда жүрген футболшылардың жүйкесiне тимейдi дейсiз бе? Әрине, тиедi.

Маусымның 14-i күнi Италия мен Парагвай арасындағы кездесуде алаңға шыққан итальяндық қорғаушы Фабио Каннаваро әлем бiрiн­шiлiгiндегi он алтыншы ойынын өткiздi. Жалпы, әлем бiрiншiлiгiнiң тарихында алаңға ең көп шыққан футболшы – немiс Лотар Маттеус. 1982 жылдан 1998 жылға дейiнгi аралықта бес бiрдей әлем бiрiншiлiгiне қатысқан немiс футболшысы әлемдiк додада 25 рет жасыл алаңға шығыпты.