1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15507) 22 маусым, сейсенбі 2010
Олжекең өзiнiң ойын майдалап бас­тап, түпкi ниетiн жұқалап жеткiзсе де, мұның ар жағында бiр-ақ мәселе тұрғанын ашық айтуымыз керек. Ол қандай мәселе? Ол – орыстандыру! Онсыз да орыстанып жатқан Қазақстанды онан әрi орыстандыру! Бiртұтас экономикалық аймақ, бiртұтас мәдени кеңiстiк арқылы қазақты бiржолата орыстандыру! Олжекеңнiң артында кiмдердiң тұрғаны, қандай күштердiң тұрғаны бәрiмiзге де белгiлi... Адам шынын қай кезде айтады? Күйiнген кезде айтады. Бiр кексе жазушымыз күйiнген кезде: «Қазаққа жүз орыс бiрiгiп жасай алмайтын зиянды Олжастың жалғыз өзi жасайды!» деп едi. Сол рас боп шықты...

«Жас Алаш» газетi белгiлi саясаткерлердiң, қоғам қайраткерлерi мен партия жетекшiлерiнiң басын қосып, дөңгелек үстел өткiздi. Оған «Азат» партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай, Коммунистiк партия жетекшiсi Ғазиз Алдамжаров, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов, белгiлi ақын, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Темiрхан Медетбек, «Мемлекеттiк тiл» қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов, Қазақстан журналистер одағының жетекшiсi Сейiтқазы Матаев, «Әдiл сөз» халықаралық қорының төр­а­йымы Тамара Калеева және «Жас қазақ үнi» газетiнiң бас редакторы Қазыбек Иса, «Свобода слова», «Жас Алаш» газетiнiң тiлшiлерi Мирас Нұрмұхамедов, Жанболат Мамай қатысты. Оқырман назарына осы жиында айтылған ой-пiкiрлердi ұсынамыз.  

ҚЫРҒЫЗ ЖЕРIНДЕГI ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАН ҚАЗА БОЛҒАНДАР 2 МЫҢНАН, БОСҚЫНДАР САНЫ 400 МЫҢНАН АСТЫ

Қырғызстан денсаулық сақтау ми­нистрлiгiнiң баспасөз қызметi елдiң оңтүстiгiндегi қақтығыстардан қаза болғандардың саны 208-ге жеткенiн хабарлады. Маусымның 10-ынан берi 2101 адам дәрiгерге көрiнiп, оның 962-сi ауруханаға жатқызылған. Ал қалғаны амбулаториялық ем алған.Куәгерлердiң айтуынша, Жалал-Абад пен Оштағы жағдай бiршама тұрақтанған. Мылтықтың гүрсiлi азайғанымен, елдi аштық пен жоқшылық екi бүйiрден қысып барады. Шетелдерден келетiн гуманитарлық көмек бәрiне бiрдей жетпейдi.Уақытша өкiметтiң баспасөз қызметi Оштың өзiнде және Үзген, Қара-Су, Араван аудандарында төтенше жағдай режимi маусымның 25-iне дейiн созылатынын хабарлады. Ал Жалал-Абад облысында

Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Кәрiм Көкiрекбаев бұрын көзге көп түсе бермейтiн. Облыс әкiмiнiң жай орынбасары кезiнде өзiмен-өзi, бiртоға, «сен тимесең мен тиме» саясатын ұстанды. Ендi Әулие ата жерiне Қанат Бозымбаев әкiм болғалы бiрiншi орынбасардың креслосына жайғасты да Көкiрекбаевтың көкiрегi көтерiлiп, аяғын маңғазданып басатынды шығарды. Қызмет деген адамды бiр күнде өзгертедi екен ғой, қайтсiн ендi... Шынында, бiрiншi орынбасар деген әкiмге ең жақын отыратын, ең көп ақылдасатын, әкiм жоқта осы елге әкiм бола тұратын оң қолы,

Иә, желдей ескен, сеңдей көшкен қайран жылдар-ай десеңiзшi! 1961 жылдың шiлде айының аяғына таман қасиеттi шаңырақтың киелi табалдырығын имене аттағаныма аттай бiр жыл толғанда «Лениншiл жастың» жiгiт-қыздары бас қосып, Алатау бөктерiндегi қалалық кеңестiң саябағында той өткiзгенi күнi кешегiдей көз алдымда. Ол «Лениншiл жастың» 40-қа толу құрметiне арналған той болатын. Мiне, содан берi елу жылға жуық уақыт өтiптi. Сол кездегi бозбала қарттыққа қадам басыпты...  Ендi сол алтын ұям алдағы жылы 90 жылдығын тойлағалы жатыр.

Қазiргi нарық заманында мұнай алпауыттары мен билiктегiлердiң өзара мүдде­лерiнiң бiте қайнасып жатқаны көзi ашық, көкiрегi ояу адамдарға құпия болудан қалған. Сол мұнайды өндiрiп жатқан мұнайшылардың ең­бекақылары олардың көрiп жүрген бейнеттерiне сай емес. Тиiстi деңгейде жалақыларын ала алмай жүрген мұнай саласындағы жұмысшылардың наразылық-акциялары соңғы кездерi көбейiп кеттi. Астанадағы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен «Қазмұнайгаз» Барлау Өн­дiру» АҚ-ның бас кеңсесiнде жұмыс жасайтын 23-27 жастағы, мұнайды өңi түгiл

Орманы желек жамылған, таулары кiлең ақ самай,
Жап-жасыл кiлем үстiне қойылған түйiр мақтадай.
Қойнына таудың қонған ел, таңғалып жатпас биiкке,
Сиыры кербез басатын жорықтан қайтқан патшадай.
Әжемнiң үйi ортада қартымыз едi құрметтi,
Асса да жасы жетпiстен науқас дегендi бiлмептi
Ақиқатты айтам деп айдаладан,
Тайғақ кешiп, тар жерде тайғанағам.
Пенделерден перiште iздеме деп,
Ақыл айтып тұрғандай Ай да маған.
Байқағаным, басқаша болмысым бар –
Қамсыз қарын тойғызған қайманадан.

Алашыбай Асқарұлы Есмағамбетов 1945 жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Орта мектептi оқып жүрген кезден бастап-ақ аудандық газетте мақалалары шыққан. 1965 жылы С.М.Киров атындағы КазГУ-дiң филология факультетiне оқуға түскен. Сол уақыттарда газет-журналдарда әңгiме-мақалалары басылып жүрдi. Университет бiтiргеннен кейiн әскери борышын Якутия­да жалғастырған, сол кезде де әңгiме-мақалалары газет-журналдарда жарық көрiп тұрған. Әскерден кейiн

Биыл Құрмаш батырдың дүниеден озғанына 80 жыл толды. Құрмаш батыр кiм едi? Құрмаш – құралайды көзге атқан мерген, шаршы топқа түскен шешен, артына халқын ерте бiлген көсем кiсi болған. Құрмашты кешегi кеңес өкiметi 1990 жылға дейiн “Банды Құрмаш” деп атап келдi. Құрмаштың атын атауға қатаң тыйым салды. 90-жылдардың басында Тоқабай руының азаматтары Құрмаш батырдың басына үлкен ескерткiш орнатты. Жазушы ағамыз Ә.Спан “Тоқабай Құрмаш” атты кiтап жазды. Құрмашты кеңес өкiметi банды дегенмен, халық өз батыры санады.

Интернет-жеңгетай арқылы әлдебiреумен танысуға бел шеш­сеңiз, ең алдымен фотосу­ретiңiз­ге мән бергенiңiз жөн. Интернетке қолға iлiнген суреттi қыстыра салуға болмайды. Егер ер-азаматтар­ға ұнауды көздесеңiз, онда суретiңiз де көпшiлiк көңiлiнен шығатындай болсын. Ала-құла суретке түсiп, уақытты тектен-текке сарп еткiзгенше, бiрден сапалы суретке түскенiңiз дұрыс. Сапалы суретiңiз болмаса, интернетке анкетаңызды орналастырып, әуреге түспей-ақ қойыңыз. 

Аргентина, Голландия және Бразилия құрамалары келесi айналымға шықты

Футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгi нағыз қызған шағына жеттi. Кеше кешкiсiн әлемдiк додаға қатысып жатқан командалар екiншi тур ойындарын қорытындылады. Әзiрге топтық бәсекеде қатарынан екi мәрте жеңiске жеткен Аргентина, Голландия, Бразилия құрамалары 1/8 финалына жолдама алды. Сондай-ақ, Уругвай, Мексика және Парагвай құрамалары да бiр аяғымен келесi айналымға шығып тұр.

«UMEF» ЖШС қарағандылық кәсiпорынның директоры Надежда Штеркельдiң ойынша, сенiмдi әрi уақыт сынынан өткен серiктестерiң болған жағдайда ғана әлемдiк қаржы дағдарысының салдарынан сүрiнбей өтуге болады. Компанияға қолдау көрсеткен Қазкоммерцбанк сондай серiктес бола алды. Банк «Даму» қорының ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттiк бағдарламаның 4-iншi траншы шеңберiнде компанияға кредит бердi.