1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15508) 24 маусым, бейсенбі 2010

Белгiлi ғалым, академик Мұфтах Диаров Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы аса мол көмiрсутегi қорын игеру барысындағы болуы мүмкiн апаттарға ғылыми болжам жасайды. 2010 жылғы сәуiрдiң 23-iнде Мексика бұғазында мұнай төгiлдi. Әртүрлi ақпарат көзi 27000 тонна мұнай рәсуа болғанын айтады. Төгiлген мұнайды жинақтау iсiне 97 мың адам мен 670 кеме тартылған. Бұл оқиға бүкiл АҚШ халқын дүр сiлкiндiрдi. Еске түсiрсек, дәл осындай апатты жағдай бiзде де 1985 жылы маусымның 25-iнде болған едi. Академиктiң терең зерттеулер мен нақты сараптамаларға сүйенген бағамдары мұнайлы елдiң қаралы ертеңiнiң нақты көрiнiсi iспеттi.

Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Новодолинка ауылында халықтың қақаған қыстан әупiрiмдеп алып шыққан азғана малы жаппай жұқпалы аусыл (ящур) ауруына шалдықты.  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң агроөнер­кәсiп кешенiне қарасты Ақмола аумақтық мемлекеттiк инспекциясының бастығы Жомарт Нұркеновтiң «Новости-Казахстан» агенттiгiне берген сұхбатын назар­ға алсақ, ауылдағы айыр тұяқты мал бiткен қан шығармай жансыздандыру әдiсiмен жойылған. Ауылда қазiр 21 күнге карантин жарияланған. Аурудың аса қауiптi вирусы желмен ұшып тарауы мүмкiн. Сондықтан ауыл тұрғындарына бейсауат жүрiп-тұруға, бас­қа елдiмекенге шығуға тыйым салынған.

Бiр кездерi Ресей мен Украина арасында тұтанған «көгiлдiр газ» дауы ендi басқа елге ауысты. Ол уақытта Кремль саяси тәуелсiздiктi қалаған, iшкi және сыртқы сая­сатты өзi жүргiзуге ұмтылған, «ресей­шiлдiктен» бас тартқан Украина билiгiн газ арқылы қыспаққа алса, бұл жолы өзiнiң «одақтас» мемлекетiне қарсы қысым көрсетуде. Кедендiк одаққа енуден қашқақтап отырған Минскiнi Ресей осылайша тұсаулап ұстағысы келетiн сияқты.

«Алматы облысы, Қарасай ауданы, Iргелi ауылын су шайып кеттi», – деген суыт хабарды құлағымыз шалып, елдiмекенге ат басын бұрдық. Iргелi ауылдық аймағының әкiмi Ерболат Оразәлиевтiң айтуынша, дүйсенбi күнгi нөсер жаңбырдан Ақсай өзенi тасыған. Оған таудағы ерiген қар мен жылғадағы су қосылған. Сөйтiп таңғы сағат тоғыздар шамасында өзен жағасында орналас­қан тұрғын үйлердiң ауласын су шайған. Бiрақ, қазiр судың деңгейi төмендедi. Ешқандай шығын жоқ. Әйтсе де, бүгiнгi (Сейсенбi күнi – Д.И.) жауған жаңбырдан соң су қайта көтерiле ме деген қауiп бар.

ҚР ҰҚК «Астана-Финанс» АҚ бұрынғы топ-менеджерлерiнiң үстiнен бiрнеше қылмыстық iс қозғап, тергеу жүргiзуде. Бiрер ай бұрын үстiнен қылмыстық iс қозғалған Қазақ мемлекеттiк филармониясының басшысы Аян Сұлтанғалиев те ақыры тұтқынға алынды.  «Ұлттық қауiпсiздiк комитетi «Астана-Финанс» АҚ бұрынғы басқарушылары мекеме қаржысын жымқырды деген дерек бойынша қылмыстық iс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргiзуде», – делiнген

13 мамыр күнi ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Сағынбек Тұрсынов премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке депутаттық сауал жолдаған-ды. “Қызылағаштықтарға және Шығыс Қазақстан облысы тұғындарын қолдауға бюджеттен қанша қаржы бөлiндi және ол қалай игерiлуде?” деген мәселе алға тартылған едi. Депутат үкiметке үлкен сын болған төтенше оқиғаларды тiзiп, шығынды түгендемекшi едi. Арада дерлiк бiр жарым ай өткенде Кәрiм Мәсiмовтен ресми жауап келдi. Бiрақ, депутаттың сөзiне қарағанда, неге екенi белгiсiз, үкiмет басшысы жеке компа­ния­лар мен тұғалардан түскен қаражаттың көлемi мен оның жұмсалу барысы жөнiнде ләм-мим демептi.

Жуырда Астана қаласында президент Н.Назарбаев бiр топ жастармен кездестi. Ресми ақпарат көздерi бұл кездесу жөнiнде былай деп жазды: “Олардың iшiнде кiм жоқ дейсiз, ғалым, дәрiгер, ұстаз, сәулетшi, спортшы, кәсiпкер, өнерпаз бәрi де бар”. Бiрақ, мұнымен келiсу қиын. Себебi, кездесуге еркiн ойлы, тәуелсiз жастардың бiрi де шақырылмаған. Жиналғандар тегiс “президент командасына” жататын жарамсақтардың жаңа буыны ғана. 

“Жас Алаш” газетiнде (03.06.2010 №44) жазушы Ғаббас Қабышұлының “Аруақты ардақтайтын қазақ едiк” деген көлемдi мақаласының Қасым Қайсеновке қатысты тұсын шамалы толықтыр­ғым келедi. Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, көзi тiрiсiнде аты аңызға айналған батыры, Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қай­сеновтiң өз шығармаларында және майдандас достарымен жолығысқанда оны “Вася” атандырғаны жайлы сан мәрте айтылды да, жазылды да. Ал Ж.Жолдыбаев, Ш. Ысқақова дегендердiң “Общес­твенная позиция” газетiне (“Жас Алашта” келтiрiлген үзiндiлер ар­қылы бiлдiм, Е.Н.)

– Мен Қалдықожаева Айшакүл 1924 жылы Жамбыл облысында туғанмын. 1940 жылы осы облыстың азаматы Бөлегенов Бейсенбекпен отбасын құрдым. Жолдасым 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 1944 жылы ауыр жарақат алып, елге қайтып оралды. Содан совхозымыз тарар шақта құрметтi еңбек демалысына шықтық. Бейсенбек екеуiмiз ұзақ жылдар бiрге тұрған уақытымызда арамызда бала болмады. Бiрақ бiз туысқандарымыздың қыздары мен балаларын қолы­мыз­ға алып, тәрбиелеп өсiрдiк. Олар Айткүл, Марткүл және Қанатбек. Қанатбектi өзiмiз үйлен­дiрiп, тойын, басқа да рәсiмдерiн өз қаражатымызбен ойдағыдай өткiздiк. Келiнiмiз Жар­қынбекова Гүлжан да өз ауылымыздың қызы болатын.
Бейсенбек соғыстан алған жарақаты меңдеп, соның зардабынан қайтыс болды. Осы кезге дейiн бiз баламыз Қанатбекпен бiрге тұрып, дүниеге келген немеремiздi жұбатып келгенбiз. Тағдыр маған өз құрсағымнан бала көрсетпеген соң, барлық аналық мейiрiмiмдi мен соларға төгетiнмiн. Ендi құдайым осылардың алдында алса арманым жоқтай сезiнетiнмiн. Бiрақ өмiрдiң маған тартар сыйы әлi де көп екен.

Мен 1998 жылы Асқар Жылқыбеков деген азаматпен заңды некеге тұрдым. Бiр жылдан кейiн ұлымыз Байғозы дүниеге келдi. Көп ұзамай-ақ, «үйлену оңай, үй болу қиын екенiне» көз жеткiздiм. Бiздiң некемiздiң берiктiгi ұзаққа бармады. Ажырасуымыздың басты себебi – күйеуiмнiң iшiмдiкке салынуы мен есiрткiге тәуелдiлiгi болды. Iшiмдiктi қою үшiн ол 2000 жылы «Доктор Лукьяненко» орталығында емделiп те көрдi. Бiрақ, бiр жыл жетер-жетпестен қайтадан iшiмдiкке берiлiп кеттi. Содан 2002 жылы №2 Тараз қалалық сотының шешiмiмен екеуiмiз ажырастық.

Ағаларым жырын таңға айтып та­уыса алмайтын атақты жатақханадан маған да бiр төсек бұйырды. Бiр бөлмеде төртеумiз. Төртеумiздiң де мақсатымыз айқын. «Ақыр ая­ғында мұратына жетiптi» дегендей, үйi, саяжайы, мәши­несi һәм атағы бар бақуатты жазушы болып, зей­нет­­ке шығу. Даладан қалаға адам бо­лам деп аяқ басқан бөзөк­пе­лер үшiн, шынында, тәттi арман емес пе?!. Бiздiң «классиктердiң» хикаясы жатақхана қауымы түгел ұйқыға кетiп, түн жарымының жым-жырт тыныштығы айрандай ұйыған сәтте басталады.

1/8 финал Аргентина – Мексика. Уругвай – Оңтүстiк Корея

Футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнiң топтық кездесулерiнiң аяқталуына санаулы ойындар ғана қалды. Сейсенбi күнi әлем бiрiншiлiгiнiң 1/8 финалына төрт команда жолдама алса, кеше кешкiсiн бұлардың қатарына тағы да төрт команда қосылды. А тобындағы жағдайды газетiмiздiң өткен санында саралап көргенбiз. Осыдан төрт жыл бұрынғы әлем бiрiншiлiгiнде күмiс медальға қол жеткiзген француздардың мүмкiндiгiнiң шектеулi

Маусымның 17-сi күнi Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында Қазақ боксының негiзiн қалаушы, Кеңес одағы кезеңiндегi тұңғыш спорт шеберi Шоқыр Бөлтекұлы мен оның зайыбы, Қазақ КСР-ның еңбек сiңiрген әртiсi, қазақтың тұңғыш балерина-бишiсi Нұрсұлу Тапалованың басына ескерткiш тас орнатылды.Маңғыстау облысы бо­кс қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға осы өңiрдiң тумалары Сақып Керелбаев пен белгiлi кәсiпкерлер Меңдеш Салихов, Ибрагим Жақсымбетов, Нұржан Жұмағұловтар демеушiлiк көрсеттi.

Дүйсенбi күнi УЕФА-ның штаб-пәтерiнде футболдан 2010/2011 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа кубогының жеребе тарту рәсiмi өттi. Биылғы еурокубоктық додаға елiмiздiң атынан “Ақтөбе”, “Тобыл”, “Шахтер” және “Атырау” командалары сынға түседi. Қазақстанның төрт дүркiн чемпио­ны “Ақтөбе” Чемпиондар лигасындағы ойынын екiншi кезеңнен бастайды. Владимир Муханов баптайтын ақтөбелiктер жеребе қорытындысы бойынша Грузияның “Олимпи” командасына қарсылас атанды.

Петропавлдық кәсiпкер Владимир Левиннiң дағдарысқа қарсы өз рецептi бар. Ол мынандай: тек жаның сүйетiн кәсiптi адаспай тауып, оны дөңгелете бiл. Левин — өзiнiң атындағы жиһаз кәсiпорнының негiзiн қалаушы.  Владимир Давыдовичтiң жаны сүйетiн кәсiптi тапқанына еш күмәнi жоқ. Таңдау бұдан жиырма жыл бұрын, 1989 жылы жасалған. Ол кезде Владимир жиһаз өнеркәсiбiнде маман едi. Ал қазiр оның бизне­сiнiң екiншi тынысы ашыл­ған. Нарықта ентiкпей секiрiс жасау үшiн де қыруар қаржы керек. Бұл шаруа Қазкоммерцбанк арқылы шешiмiн тапқан.