1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15509) 29 маусым, сейсенбі 2010
Жақында отандық телеарналардың бiрi «Терминатор. Ақырзаман» фильмiн көрсеттi. Оны көрiп отырып «бiздiң Терминатор» — Даниал Ахметов еске түсiп кеткенi. «Бiздiң Терминатор» қайда жүр екен осы, ә? Бiз оны тектен-текке iздеп жатқан жоқпыз. Қазақтың жат­қа кеткен құнын жоқтамақпыз. Оны табу онша қиын болмаса керек-тi. Ахметовтiң келбетi екiнiң бiрiнiң көз алдында фотороботсыз-ақ айғақтал­ған. Голивудтық кинорежиссер Джеймс Кэмеронның Терминаторын көзiңiзге елестетiп көрi­ңiзшi. Тұла бойы темiрмен құрсауланған құлтемiр ауырсынудың не екенiн бiлмейдi. Сезiм деген атымен жоқ. Жолындағыны бұзып-жарып өте шығады.
ЗАҢГЕР 2 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКIН
Салық органдары заңгер Сергей Уткиндi тексерiстiң астына алып, «салықтан жалтарған» деген желеумен мойнына 6 миллион теңге iлдi. Бiрақ С.Уткиннiң өзi салық органдары шүй­лiгуiнiң түпкi себебi оның «Комета – S» баспаханасына заңгерлiк қолдау көрсеткенiнен деп есептейдi. Заңгердiң бұл пiкiрiн кеше өткен баспасөз мәслихатында «Комета - S» баспаханасының директоры Юлия Козлова мен қаржылық кеңесшi Ольга Бруж да құптады. «Комета-S» – былтырғы жылы «Рес­публика» газетiн басуға келiскен жалғыз баспахана. Қыркүйек

Үш аптадан берi республикалық «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қозғалысы Алматыдағы «Нұр Отанның» табалдырығын тоздырып, талап қоюда. Алғашында тығырыққа тiрелiп, қарызға белшесiнен батқан борышкерлердiң мәселесiне мән берген «Нұр Отанның» белсендiлерi кейiн iнiнен шықпай қойды. Үшiншi рет билiк партиясы ғимаратының ауласында наразылық шарасын ұйымдастырып, құлақтарына кеспе iлген борышкерлер былай дедi: «Бос уәде берудi доғарыңыздар! Нақты шешiм қабылдауға, борышкерлердiң мәселесiне көңiл аударатын уақыт жеттi!».

НАРЫМБАЕВ КIМ? «ҚҰРБАНДЫҚ» ПА, ӘЛДЕ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ МОЙЫНДАЛМАҒАН ЖОҚТАУШЫСЫ МА?

Бұрын оппозицияның жиынында Нарымбаев өзiн бiртүрлi ұстайтын. Жиынның шырқын бұзбақ болып, тыраштанады да жүредi. Оны көрген жұрт: «Әй, мынау сау сиырдың жапасы емес қой. Осы пәлекет «үш әрiпке» қызмет етпей ме?» — деп күбiрлесетiн. Судья Шынар Ерғалиева Нарынбаевтың «үш әрiпке» қызмет етпейтiнiн шығарған үкiмiмен дәлелдеп бердi. Сонда Ермек Нарымбаев кiм болды? Демократиялық күштердiң ешкiм мойындамаған өкiлi ме, әлде «үш әрiптiң» құрбандығы ма?

Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпуновтың ұлы Iлияс Храпуновтың байлығын түгендеуден бiр жалықпайтын батыс басылымдары жақында миллионердi тағы бiр әңгiмеге тартыпты. Онсыз да еуропалық басылымдарға ауық-ауық сұхбат берiп, жұртты байлығымен таңдандырып жүрген 26 жасар Iлияс Храпунов бұл жолы да таңғалдырмай қоймады. Швейцария азаматтығын алуға ниет бiлдiрген Iлияс Храпунов жиған-тергенiн түрлi инвестицияларға жұмсамақ. Француз тiлiнде шығатын женевалық “Tribune de Geneve” газетiнiң мәлiметiнше, миллионер Храпунов бiр ғана “Geneve-Plage” кешенiне 147 миллион доллар құюға дайын.

Кеше Ұлттық баспасөз клубында “Стратегия” әлеуметтiк-саяси зерттеулер орталығы” қоғамдық қоры баспасөз мәслихатын өткiзiп, Қазақстандағы тұрғын үй мәселесiне баға бердi. Қоғамдық қордың төрайымы Гүлмира Iлеуованың айтуынша, мамыр айында “Стратегия” Қазақстан Республикасындағы саяси-әлеуметтiк жағдайды зерттеу мақсатында арнайы сауалнама жүргiзген. Оған елiмiздiң 14 облысы мен Астана және Алматы қаласының 1622 тұрғыны қатысқан. Тұрғын үй мәселесiне баға берген қоғамдық қордың әлеуметтанушысы Серiк Бейсембаев қазiр Қазақстан халқының әлеуметтiк көңiл-күйi бiрқалыпты дейдi.

ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Құрман­ғали Уәли “Нұрлы көш” бағдарламасы негiзiнде салынып жатқан Ақмола облысы “Красный Яр” кентiне iргелес тұрған “Нұрлы көш” ауылы тұрғындарының арыз-шағымын премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке жайып салды. Отанына оралған қандастарымыз бағдарлама бойынша салынған сырты сұлу, iшi суық, жайсыз, сапасыз үйге қоныстанғандарына қамкөңiл. Әлеуметтiк жағдайлары да мәз емес. Жұмыссыз. Күнделiктi азық-түлiгiн алуға шамасы жетпейтiндер де бар. Ауылда аурухана, мектеп, сауда орталығы, мәдениет үйi сияқты тұрмыстық қажеттi ғимараттар жоқтың қасы.

Дүниедегi әрбiр адам үшiн ата-анадан қымбат не бар дейсiз?! Менiң әкем Бахадүр Мырзатаев ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, бiлiм беру саласына сiңiрген еңбегi үшiн «Төле би ауданының құрметтi азаматы» атағын алған, зейнеткерлiкке шыққан соң ауылдың қадiрмендi қариясы атанған жан болатын. Анам Үрзада Сейдуалиева да өмiр жолын ұрпақ тәрбиесiне арнаған, сегiз ұл-қыз бағып-өсiрген ардақты ана едi. Өзектi өртер өкiнiштiсi сол, бейнетiнiң қызығын көрер жасқа жеткенде асқар таудай әкемiз бен асыл жүректi анамыздан ойда-жоқта айырылып қалдық. Жазықсыз жандар қаныпезер қарақшылардың қолынан қаза тапты.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы қатаң режимдегi түрмеден қашқан 21 қылмыскердiң барлығы ұсталды. Жаппай түрмеден қашу оқиғасына байланысты қылмыстық iс қозғалып, түрме бастығы қамауға алынды.  Iшкi iстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов Азаттық радиосына берген түсiнiктемесiнде былай дептi: «26 маусымнан 27-сiне қараған түнi арнайы жауынгерлiк операция жүргiзiлдi. Қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсетiп оқ атса да, олардың 5-еуi ұсталып, 8-i қаза болды».

Павлодар облысының әкiмi Б.Сағынтаевқа, Павлодар қаласының әкiмi Б.Жоламановқа, Павлодар облысының прокуроры Д.Ш.Сартаевқа қарата мынаны айтқым келедi. Қаламыздағы қазақ тiлiнiң қолдану аясы өте тар екенiн өздерiңiз де бiлуге тиiссiздер, мырзалар. Расын айтсақ, мемлекеттiк тiлге деген жүрдiм-бардым көзқарас орын алған.
Мысалы, қала iшiндегi жолау­шылар тасымалын алайық. Үнтаспа арқылы берiлетiн қазақ тiлiндегi аялдама хабарландырулары 20-30 пайыздан аспайды.
«Жас Алаш» газетiнде басылған Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi Несiпбек Айтов iнiмiздiң өкiнiштiлеу өкпесiне мен де өз пiкiрiмдi қосқым келдi. Несiпбек айналайын, сөз жоқ, сен де қазiр әдебиетiмiзге, оның үстiне поэзиямыздың өлкесiне үлкен үлес қосып жүрген жансың. Серiк Ақсұңқар екеуiңе Мемлекеттiк сыйлықты өткен жолы берсе де болатын едi. Оған бiрақ бап шапқанмен, бақ шаппай қалды ғой, амал нешiк?! Сенiң «өлiлердi тiрiлермен жарыстырмаса екен» деген пiкiрiң­нiң жөнi бар сияқты. Бiрақ, олардың өздерi емес, шығармалары жарысқа түседi ғой. Сондықтан бұған өте жiтi көзбен қарау керек сияқты

Бiздiң ауылға бүгiн асыл тұқымды, шетелдiк сиыр әкелмекшi дейдi. Сиыр бол­ғанда көп емес, бiреу ғана. Көп алуға жағдай жоқ көрiнедi. Себебi шетелдiк сиырлардың бағасы удай қымбат болады екен. Бiздiң ауылдағы бар сиырды базарға салсаң, бұның бiреуiнiң құнына жетпейтiн көрiнедi! Өткенде ауылға жоғарыдан адамдар келiп, мемлекет бюджетiнен жүздеген миллион доллар жұмсап, бiздiң ауданға осындай он бес сиыр әкелiнгенiн айтқан болатын. Сол сиырларды қазiр әр ауылға бiр-бiрден таратып берiп жатқан көрiнедi. Бiздiң “Жыраққалған” ауылына да сондай бiр шетелдiк сиыр тиесiлi болыпты. 

Жақында Қытай Халық Республикасының Шыңжан өлкесiнде, Үрiмжi қаласында орналасқан Тянь-Шань киностудиясы “Гүлбике” атты киноны өмiрге әкелдi. Бұл кинода қазақтың этнографиясы түгел қамтылған деуге негiз бар. Сәбидiң туылуы, ата мен әженiң тұңғыш немеренi бауырына басуы, қыз ұзату, келiн түсiру, өмiрден қайтқан адамды ақтық сапарға аттандыру, жоқтау, сыңсу, сахарадағы қазақтың ұлттық-дәстүрлiк тiршiлiгi, жөн-жоралғысы табиғатпен тұтасып, ғажайып туындыға айналған.

Астана күнiне орай әр түрлi iс-шаралардың қолға алынып жатқаны да белгiлi. Iс-шараның да iс-шарасы бар. Iс-шара ешуақытта өткiншi, жеңiл болмауы керек. Егер бұл iс-шаралар көрерменге, жұртшылыққа рухани нәр, рухани азық берiп жатса, онда мұндай iс-шараның мiндетiнiң өтелгенi. Осы ретте “Альянс Банк” үлкен рухани iс-шара ұйымдастырып отыр.  24 маусымда Астанада “Альянс Банк” АҚ-ының ұйымдастыруымен классикалық музыкадан арнайы концерт өттi. Бұл концерт Астана күнiне арналған мерекелiк iс-шаралардың беташары iспеттi болды. Осы концертте “Солистер академиясы” мемлекеттiк камералық оркестрiнiң сүйемелдеуi­мен әйгiлi скрипкашылар Арман Мырзағалиев пен Анастасия Хитрук

Жақында ғана (26 мамыр, 2010 жыл) Алматыда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiске арналған халық­аралық конференция өттi. Келесi 27 мамыр күнi “Жас Алаш” газетiнде тарихшы Серiк Мамы­раевтың “Әбдiғапар ханды атқызған Әлiби Жангелдин едi” деген мақаласы жарияланды. Осыған байланысты жангелдинтанушы-ғалым ретiнде өз пiкiрiмдi айтқым келедi. С.Мамыраев былай дейдi: “Қазақ зиялылары да бас көтерiп, Алашорда партиясын құрып, қазақ халқы үшiн автономия деп жанталасып жатты. Алашордашылар да үкiмет билiгiне таласты.

Редакцияға студенттер мен ата-аналардан толассыз келiп жатқан хаттардың денi Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевқа бағытталған. Ата-аналардан келген сол хаттардың бiреуiн назарларыңызға ұсынып отырмыз. “Жас Алаш” газетiнiң 27 сәуiр 2010 жылғы №33 санындағы “Түймебаев ауған студенттерiн жарылқамақ” деген мақалаларыңыз бiздiң ғана емес, бiз сияқты баласы оқу орындарының ақылы бөлiмiнде оқитын ата-аналардың жанды жерiне тидi деп есеп­теймiз. Ауылдық жерде халықтың күн­көрiсi өте қиын. Соған қарамай, балаларымыз оқыса, сауатты азамат болса деп армандаймыз. Ол үшiн бiрде тоқ, бiрде

Өткен аптада президент Астана төрiне бiр топ жас белсендiлердi жинап, кездесу өткiзгенi жөнiнде газеттiң өткен санында жаздық. Кездесуге билiкшiл жастар ғана шақырылып, тәуелсiз жастардың шақырылмағаны жөнiнде де айттық. Ендi бiз осы кездесу жөнiнде жиынға қатысқан жастар мен тәуелсiз жастардың пiкiрiн берудi жөн көрiп отырмыз. – Президент пен жастардың кездесуiн көрдiм. «Хабар» телеарнасынан. Жұмсақтап айтқанда, жағамды ұстадым! Неге десеңiз, жастар жағымпаздану мен мемлекет басшысын орынсыз әрi негiзсiз мадақтаудан, мақтаудан

Жуырда “НұрАстана” газетiнiң бетiнен бiр сауалнамаға көзiм түстi. Газет жастар арасында қазiргi таңдағы жас белсендiлердi, яғни көшбасшы жастарды анықтау үшiн арнайы сауал қойыпты. Нәтижесiнде, үздiк үштiк анықталыпты. Бұлары дұрыс та шығар. Алайда, газет атауындағы “сәулелi шуақтың” әсерi ме, кiм бiлсiн, жеке өз басым үшiн үздiк үштiктiң орналасу тәртiбi орынсыздау көрiндi. Газетте үздiктер триосы тө­мендегiше орналасыпты: 

Лад” славян қоғамы Республикамыздағы орыс тiлiнiң қолданысы мен дамуына көңiлдерi толмайтынын бiлдiрдi. Олар елiмiздегi тiлдердiң дамуына қатысты мемлекеттiк мекемелерге хат жазып, орыс тiлiне қысым көрсетiлмеуiн және оның дамуына көңiлдерi толмайтынын жеткiзген екен. Республикалық “Лад” славян қозғалысының төрағасы Максим Крамаренконың russkie.org сайтындағы: “О казахских “портфеленосцах” Где же Ваши “кирпичи” в фундаменте суверенной республики!?” мақаласында қазiргi кездегi Қазақстан билiгiнiң жүргiзiп отырған саясаты

“Жас Алаштың” 30 наурызда “Студент” қосымшасында жарияланған “Алды-артыма қаратпай елден қуып шықты” атты мақалада қандасымыз, Моңғолия азаматы, студент Дамир Адайдың арыз-шағымы баяндалған едi. Студенттiң шағымына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк қызметi шекара қызметiнiң 2017 әскери бөлiмiнiң командирi, майор А.Заманбековтен жауап келдi. Онда былай делiнген:

Редакциямызға сонау Пәкiстаннан келiп оқып жатқан студент жiгiт келдi. Ол газеттi арнайы iздеп келiптi. Айтуынша, бұған дейiн басқа да бiраз мұсылман елдерiнде оқыған. Иранда, Әзiрбайжанда, тағы да бiраз елдерде болған. Өзi қолөнермен айналысады екен. Кашмирде бұл дәстүрлi шаруа көрiнедi. Онымен бала кезiнен айналысыпты. Қазақстандағы оқу құнын сол бұйымдарын сатып, ақша табу арқылы төлейтiн көрiнедi. . Шеберлiк өнер оның отбасына тән ерекшелiк екен. Ол сол жолды жалғастырушымен дейдi.

Әлемнiң екi дүркiн чемпионы Уругвай құрамасы араға қырық жыл салып ширек финалға жолдама алды

Бүкiл әлемдi дүрлiктiрген доп додасының өткен аптада топтық ойындары аяқталды. Әлемнiң үздiк отыз екi командасы бақ сынап жатқан жарыста жолы болмаған он алты команда топтық ойыннан әрi аса алмаса, сенбi және жексенбi күндерi 1/8 финалында өз қарсыластарына есе жiберген тағы төрт команда артынып-тартынып ауылдарына қайтты. Дәл қазiр әлем бiрiншiлiгiнiң ширек финалына Уругвай, Гана, Германия және Аргентина құрамалары жолдама алды. Кеше кешкiсiн үздiк сегiздiкке кiрген тағы екi команда белгiлi болды. Бүгiн 1/8 финалының соңғы екi ойыны өтедi.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жатқан елiмiздiң командалары өткен жексенбi күнi 18-тур ойындарын өткiздi. 16 және 17-турда көш басындағы “Шахтер” мен “Ақтөбенi” ұтқан Астананың “Локо­мотивi” бұл жолы “Тобыл” футболшыларын тоқтатты. Өз алаңында Қазақстан чемпиондығынан бiрден-бiр үмiткер команданы қабылдаған “темiржолшылар” қарсыластарының қақпасына жауапсыз екi доп соқты. Бұл жеңiсiнен кейiн астаналық футболшылар турнир кестесiнде “Атырау” командасын ығыстырып, алтыншы орынға табан тiредi. “Локомотивке” өз орнын босатып берген “Атырау” футболшылары бұл турда “Ертiстен” ойсырай жеңiлдi: 0:3.