1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15510) 1 шілде, бейсенбі 2010

Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың 70-жылдық мерейтойының «келiп жетуiне» санаулы күндер қалды. Осы «оқиғаға» байланысты жоғары билiк өкiлдерi «елбасыға» сый-тарту дайындап, шамасы келгенше көңiлiн аулап әлектенуде. Ел аумағында қандай тарту ұсынамын десе де, әркiмнiң өз еркiнде, әрине. Оған билiктiң мүмкiндiгi де, дәулетi де, ықпалы да жетедi. Бiрақ, Н.Назар­баевты халықаралық деңгейде құттықтау үшiн бiршама қулық-сұмдық пен пенделiк айланы қолданбаса болмайды. Онсыз Түркияда ескерткiш орнатып, Амманда Назарбаевтың атына көше беру оңай емес.

ДҮНИЕЖҮЗIЛIК ҰЙҒЫР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ БҰЛ ӘРЕКЕТIНIҢ АСТАРЫНДА ҚАНДАЙ МАҚСАТ ЖАТЫР?
www.uyghurcongress.org сайтында Дүниежүзiлiк ұйғыр құрылтайы былай деп үндеу тастады: «5 шiлде «Үрiмжi қырғынының» 1 жылдығын еске алу мақсатында Дүниежүзiлiк ұйғыр құрылтайы қаулы қабылдады. Осы күнi әлемнiң әр жерiнде өмiр сүретiн ұйғырлар, егер өзi тұрып жатқан мемлекеттiң заңы рұқсат етсе, үйiнiң қылтимасына (балконына) немесе жеке көлiгiне бiр үлгiде Шығыс Түркiстанның ай және жұлдыз бейнеленген көк жалауын iлсiн. Осы арқылы Қытайға деген наразылығын бiлдiруi қажет».
ДИНАРА НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ АНЬЕРАДАН 75 МИЛЛИОН ФРАНККЕ ВИЛЛА САТЫП АЛҒАНЫ РАС ПА?
Мұхтар Әблязов қаржыландырады дейтiн «Республика» басылымының таппайтыны жоқ осы. Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерiнiң басқан iзiн аңдып жүретiн басылым жақында тағы бiр шетiн мәселенiң ұшын шығарды. Жазғандары жай сөз болса екен-ақ дейсiң, бiрақ қолмен қойғандай деректердi сөйлеткеннен кейiн сенбеске лажың жоқ. Сонымен, «бас қашқын» иелiк етедi дейтiн газеттiң тыным таппайтын тiлшiлерi не жазды? Бұл жолғы басты кейiпкер тағы да сол баяғы — Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева.

Кеше Алматы қалалық әкiм­шiлiгi ғимаратының алдында борышкерлер мен үлескерлер талап-тiлектерiн жазып, президентке тағы хат жолдады.  Естерiңiзге сала кетейiк, сейсенбi күнi республикалық «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қоз­ғалысы баспасөз мәслихатын өткiзiп, «Стрестi активтер қоры» АҚ заңсыз әрекетке барды деп мәлiмдеген-дi. Қозғалыс төрағасы Есенбек Өктешбаевтың дәлелдерiне жүгiнсек, үлес­керлердiң мәселесiн шешуге мемлекет қазынасынан бөлiнген қаржы орынсыз жұмсалуда. Және борышкерлер мен үлескерлердiң қолында акционерлiк қоғамның 2009 жылғы девальвацияны пайдаланып, табыс тапқаны жөнiнде құжат бар.

АЛ АҢҒАЛ ХАЛЫҚ ТӘУЕЛСIЗДIКТЕН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛАРЫН СЕЗСЕ ДЕ, СЕРПIЛМЕЙ ОТЫР
Сонымен, бүгiннен бастап кедендiк одақ өз жұмысын бас­тауы тиiс. Бiрақ бұл бастап­қыда жоспарлағандай үш мемлекеттiң емес, екi мем­лекеттiң арасындағы одақ болмақ. 1 шiлдеде Ресей мен Қазақстан ратификациялаған Кедендiк кодекс күшiне ендi. Сөйтiп, ортақ кедендiк территория құрылды. Алайда бұл одаққа Беларусь мемлекетiнiң мүше болуы екiталай болып тұр. 5 шiлде күнi Астанада ЕурАзЭҚ саммитi өтпек. Беларусьтiң кедендiк одаққа қосылу-қосылмауы осы жиында шешiледi.
ӘЛДЕ ЖIП ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШҚАНЫМЫЗ ДА КЕРЕМЕТ ЖЕТIСТIК ПЕ?
Дүйсенбi күнi президент Н.Назарбаевтың қатысуымен “Қуатты Қазақстанды бiрiгiп құрамыз!” атты ұранмен жалпыұлттық телекөпiр өттi. Телекөпiр даңғаза ұрандар мен бос мақтанға толы, бiр адамның көңiлiн аулауға негiзделген театрланған шоу болды деп айтсақ артық кетпеймiз. Себебi, облыс әкiмдерiнiң арттарына жалаушалар мен ұрандар ұстатқан адамдарды жинап қойып, президент атына мадақты жаудыра келе әр нысанды даңғаза мақтанмен салтанатты түрде ашуы жұмсақтап айтқанда, күлкiлi көрiндi. Дүйiм жұрттың жиiркенiшiн тудырды.

Мен – Жаңаөзен қаласының тұрғыны, көп балалы анамын. Өзiмнiң басымнан өтiп жатқан жағдайды айтсам, баспана мәселесi жөнiнде талай рет қала әкiмдiгiнiң есiгiн тоздырғандардың бiреуi – менмiн. «Кезегiм қашан келер екен?!» деп армандаумен күндерiм өтiп жатыр, бiрақ ол кезек еш уақытта келетiн емес. Маған «Әзiр үй жоқ» дегеннен басқа ештеңе айтпайды, ал қарап отырсам жаңа салынған үйлерден үйi бар адамдарға пәтерлер берiлiп жатыр?! Ал қаншама үйi-күйi жоқ жас отбасылар, көп балалы аналар қаңғып пәтер, бөлме жалдап жүр. Оларға ешкiм назар аудармайды.

Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнде зейнетақы жасындағы азаматтарды бiрдей табыспен қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қалыптастыруға көңiл бөлiнiп отыр. Бiрiншiден, базалық зейнетақы мөлшерi 5981 теңгеге дейiн артты (ЕТКД 40 пайызға); екiншiден, ең төменгi зейнетақы мөлшерi базалық зейнетақыны қоса есептегенде 18325 теңгенi құрап отыр; үшiншiден, ең жоғарғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 40001 теңгеге артты, орташа есеппен алғанда – 27481 теңге.

Мен 2007 жылдың сәуiрiнен 2008 жылдың қыркүйегiнiң соңына дейiн Ембi қаласындағы «Энерджи коммерс Дженерэйшн» ЖШС-да күзетшi болып жұмыс iстедiм. Серiктестiк Ембi қаласында газ құятын станция салмақ болып құрылыс жұмыстарын жүргiздi. Жергiлiктi азаматтарды жұмысқа шақырды. Серiктестiк Алматыда орналасқан, бастығы Магомед Богатырев деп естiгенiмiзбен, бiрақ ол азаматтың бет-жүзiн көрмедiк. Ембiге бiр келмедi. Оның орнына Қуаныш Тағанов деген ақтөбелiк азамат серiктестiк жұмыстарымен шұғылданды.

Ауылдағы бiр әзiлқой ағамыз ауру-сырқау ақсақалға: «Оу, көке, ауылдағы бiр көшенiң атын сiзге сары майдай сақтап отырмыз. Бақи дүниеңiзге барынша асығыңыз. Оны аз десеңiз, ол жақтан қайтып оралмайтыныңыз­ға көз жеткiзгенше тағы 5 жыл күтемiз. Тiрiлерге түк те жоқ» дегенiн өз құлағымызбен естiп, күлгенiмiз бар. Шынын айтсақ, ана бiр жылдардағыдай емес, ауыл, көше, мектептерге жөндi-жөнсiз адам аттарын тықпалау бiршама тыйылды. Әкiмқарлар­дың ауызша келiсiмiмен iс бiт­пейтiнiн ел ендi түсiндi.

 1968 жылы бiрiншi Алматыдағы ескi вокзалды бұзып, орнына жаңа вокзал салуға кiрiстiк. Оның құрылысын Мәскеу­дегi Көлiк министрлiгi 2 миллион сомға бағалап, жоспарлады. Димаш аға бiздi – бiр топ маманды, «Қазақтранспорт»» тресiнiң бастығы, Еңбек Ерi Мұстафа Түленұлы Қазбековтi кабине­тiне шақырып: «Бұл халық үшiн тұрғызылып жат­қан, шеттен келген қонақтардың көзiне бiрден түсетiн одақтағы iргелi, республиканың тоғыз жол торабы түйiсер жерiне орнатылар үлкен ғимарат. Сырттан келген әр адамның ат басын тiрейтiн жерi – вокзал, әуежай, автовокзал

Егер елдiктi ойласақ, Мемлекеттiк сыйлықтың кiмге және не үшiн берiлетiнiне немкеттi қарамауға тиiспiз. Ертеректе қалай едi? Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған шығармалар (жасырынбақ ойнағандай болмай) бiр жыл, жарты жыл бұрын баспасөз бетiнде кеңiнен талқыланып, сыншылар қызыл кеңiрдек болып жататын. Ал қазiр ше? Мәдени ортаны бойкүйездiк, немкеттiлiк жайлап барады. Менiңше, баспасөз бетiнде әбден сараланып, сонан кейiн бiлiктi топтың (яғни, комиссияның) екшеуiнен өткен шығарма ғана – Мемлекеттiк сыйлыққа лайық.

СЕЙДОЛЛА БӘЙТЕРЕКОВ – 65
Егер арамызда жүрсе, дарынды сазгер Сейдолла Бәйтереков 65 жасқа толар едi...
«Орнында бар оңалар», Сейдолла Бәйтерековтiң екi ұлы да қазiр азамат жасында. Үлкен ұлы Санжар Мәскеудiң консервато­рия­сында оқып жүр. Әкесi сияқты Санжар да ән жазады. Кiшi ұлы Данияр Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқиды. Халықаралық құқық мамандығы бойынша.  Данияр да музыкаға бейiм. Гитарада шебер ойнайды.

Құрметтi Сейфолла аға, Сiздiң “Жас Алаш” газетiндегi (29. 06. 10 ж.) менiң мақалама қатысты шыққан “Олардың өздерi емес, шығармалары жарысқа түседi ғой” деген пiкiрiңiздi оқыдым. Сөз өзiме тiкелей айтылған соң, жауап беруiме тура келдi. Пiкiрiңiздiң сыңайына қарағанда, менi кiнәлайтын сияқтысыз. Әрине, ағыңыздан жарылып, ағалық ақыл айтып, қазаққа тән кiсiлiк танытып жатсаңыз құба-құп. Алайда, мына сөздерiңiздiң сиқы оған үш қайнаса сорпасы қосылмайды екен. Сөз бiлетiн адамсыз, менiң мақаламда көтерiлген мәселелердi түсiнбей қалуыңыз мүмкiн емес, әдейi бұра тартып, пендешiлiктiң қызыл итiн қыңыр жүгiртiп отырғаныңыз болмаса...

Туған ауылыма қажет кезде қатынай алмау қасiретiмдi осы жерде ерiксiз еске алып отырмын. Осыдан үш жыл бұрын жалғыз қарындасым дүние салғанда қол­дың қысқалығынан жерлеуiне жете алмай, қырқына әрең iлiктiм. Сол сапарда ең болмаса жолақымды өтесiн деп, баспа “қа­ламақың” деп берген “Керзаман” атты тарихи романымның 2-кiтабының 150 данасын ала барғам. Жеткерген Оралмағанбетов деген азамат бұл кiтаптарымды өткiзiп беруге уәде де етiп едi, бiрақ уәде­сiнен танып кеттi. Оның Құ­рымтауға әкiм болып тағайындалғанын естiп құттықтағанымда:

(жапон халқының аңызы)
Баяғыда бiр атақты самурай болыпты. Бiрде ол құлы екеуi жолға шығады. Жаздың аптап ыстығында кенезесi кеуiп келе жатқан самурайдың көзi қауын егiлген бақшаға түседi. Сайдың тасындай теңкиген қауындардың пiсiп тұрған шағы екен. Самурай ойланбастан бiреуiн қылышымен жарып жiберiп, шөлiн қандырады. Қауынды жеп болғаннан кейiн ғана өзiнiң бұл әрекетiнiң ұрлық екенiн сезедi.Самурай құлы екеуi ары қарай жүре бередi. “Екеумiздiң бiреудiң бақшасынан қауын ұрлап жегенiмiздi ешкiмге айтпа” дейдi самурай құлына. Құл “тiс жармаймын” деп уәде бередi.
Сейсенбi күнi футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнде ширек финалға шыққан командалар толығымен белгiлi болды. 1/8 финалында Чили футболшыларын 3:0 есебiмен ұтқан Бразилия құрамасы үздiк сегiздiктен орын алды. Ендi әлемнiң бес дүркiн чемпиондары ширек финалда Голландия құрамасымен кездеседi. Голландия футболшылары ширек финалдық жолдаманы Словакия құрамасымен сарапқа салып, қарсыластарын 2:1 есебiмен ұтты. Әлем бiрiншiлiгiнiң ширек финалына Парагвай мен Испания құрамалары да жолдама алды.