1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15511) 6 шілде, сейсенбі 2010
БIЗДЕГI ЖАҒДАЙДЫ АМЕРИКАЛЫҚ КИНОРЕЖИССЕР ЕСТIМЕЙ-АҚ ҚОЙСЫН, «ФИЛЬМ ТҮСIРЕМIЗ» ДЕП ӘДIЛЕТ МИНИСТРIН ӘУРЕ ЕТЕР...
Ақтау қаласындағы ИУ-23 (171/1) қатаң режимдегi түрмеден қашқан қылмыскерлер туралы жаңа деректер жария болды. Бұл туралы «Время» газетiнiң тiлшiсi Г.Бендицкий өзiнiң зерттеу мақаласында жазыпты. Алғашқыда қылмыскерлердiң түрме жарығын сөндiрiп тастап қашқаны туралы ресми ақпар тараған-ды. IIМ сарбазы Е.Отарбаевтың оқ тиiп жараланып, қансырағанына қарамастан қылмыскерлердiң үшеуiн атып түсiргенi туралы да аз айтылған жоқ. Алайда, ресми ақпараттың шындыққа жанаспайтыны әшкере боп қалды.
Кедендiк одаққа Беларусь та қосылды
Кеше Астанада ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi мемлекетаралық кеңесiнiң отырысы өттi. Осы жиында кедендiк одақтың тағдыры бiржолата шешiлдi. Бұған дейiн кедендiк одаққа бiрде кiремiн, бiрде кiрмеймiн деп қалыңдықша сызылып, Мәскеудiң қитығына тиген Беларусь президентi сенбi күнi кедендiк кодекстi ратификациялағанын мәлiмдедi. Кедендiк одақты саудаға салып, әбден қипақтаған Лукашенконың Астанаға келу-келмеуi де соңғы күнге дейiн белгiсiз болып келген. Алайда сенбi күнi Беларусь президентiнiң баспасөз қызметi Лукашенконың Астанаға келетiнiн хабарлады.

Бүгiн қазақстандықтар үшiн мереке. Бiрақ, бiз қандай той тойлап жатырмыз: Астананың 12 жылдығын ба, әлде президент Н.Назарбаевтың 70 жылдығын ба? Егер Астананың 12 жылдық тойы болса, неге соншалықты даң­ғазамен, дабырамен өтуде? Әлде президент айналасындағы жағымпаздар мен жандайшаптар Астана күнiн сылтау қылып, прези­дент­тiң туған күнiн тойлап жүр ме? Халық үшiн бұл мерекенiң қаншалықты мәнi бар? Осы са­уалдарға жауап iздеп көрдiк.

Сiздерге үшбу хат жолдап отырған — «Алма-Ата ИНФО» басылымының бас редакторы Рамазан Есiргепов. Мен кәсiби қызметiм үшiн iстi болып, 3 жылға сотталып, жалпы режимдегi колонияда қамалып отырмын. Жаза мерзiмi бiткен соң 2 жыл бойы баспа iсiмен және журналистикамен айналысуға құқығым жоқ. 2002 жылы «Начнем с понедельника» газетiн басқарып жүргенiмде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар жариялағаным үшiн 1 жыл шартты жазаға кесiлгенмiн. Кейiннен толықтай ақталып шықтым. Ал 2007 жылы президент әкiмшiлiгiнiң, бас прокурордың және

БIЗДЕГI МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ МӘСЕЛЕСIНЕ АЛАҢДАҒАН АМЕРИКАЛЫҚ ҒАЛЫМ ОСЫНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕДI
Қазақстандағы мемлекеттiк тiл мәселесi қазақтарды қойып америкалық ғалымдарды алаңдатуда. Жиырма жылдан берi ел болып қазақты қазақша сөйлете алмай жүргенiмiзде, қазақшасы судай АҚШ-тағы Индиана университетiнiң профессоры Уильям Фиерман елiмiзде мемлекеттiк тiл проблемасының осы уақытқа дейiн шешiмiн таппауының негiзгi себептерiн атап, тығырықтан шығудың өзiндiк жолдарын ұсынды. Орта Азия елдерiн зерттеумен айналысатын ғалымның қазiргi зерттеп жүрген тақырыбы – Қазақстандағы мемлекеттiк тiл мәселесi.

Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сәтбаев ауылының тұрғыны Ырыскүл Мұхамединқызы редакцияға бас сұғып, өз ойын былай жеткiздi: «Ауылда жұмыс орны – тек қана мектеп. Шындықты айту керек, жастарға жұмыс жоқ. Сондықтан Алматы, Астана сынды қалаларға барып, қара жұмыс iстеп жүр. Ал үкiмет күлкiңдi келтiрiп «Ауылға – дипломмен» дейдi. Дипломмен барған жастарды ауыл құшақ жайып қарсы алатындай. Мұндай саясатты насихаттап жатқандары несi? Жұртты ақымақ санай ма осы? Ойлап қараңызшы, қандай маман жетiспей жатыр ауылға, ә? Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн елдiмекендерге жаңадан жұмыс орнын ашу керек қой, сiрә».

– Көп жыл вокзал бастығы болғаныңның басты себебi неде? 
– Басты себебi, мен ешқашан бiреуден бiр нәрсе дәметiп, пара-сара алған емеспiн.
– Рысты қызым, қояр тағы сұрағым бар, – деп маған сынай қарады. – Түбiнде менен жiбi түзу темiржолшы шықпайды-ау деп қобалжыған кезiң болды ма?
– Болды, Димаш аға. Екiншi курста оқып жүргенiмде темiржол бойынан қыздарға жұмыс табылмайтын шығар, ертерек

Ескi жылдың ең соңғы күнi едi. Қасындағы құрбы қыздардың бәрi де ауыл-ауылдарына тарап кеттi де, Жанар жалғыз қалды. Күндiз жұмыс бабымен келген бiр-екi адамның шаруасын атқарғаны болмаса, қалған уақытта төрт қабырғаға қамалды да қалды. Ал кешкiлiк көшеде де адам аяғы саябырсыған сәтте елегiзiп, сондай бiр беймаза күй кештi. Содан кейiн шыдамай, әлгiн­де дүкеннен алып келген оны-мұны заттарының iшiнен бiр жартылық арақты тауып алып, қырлы стақанға мәймiлдете құйып, тартып жiбердi.

Торқалы тоқсан жасын атап өткелi отырған бұрынғы “Лениншiл жас” қазiргi “Жас Алаш” газетiнiң табалдырығында табанымның iзi, тарихында қолтаңбам қалғаны үшiн өзiмдi бақытты санаймын. Қазақ баспасөзiнiң қара шаңырақтарының бiрi саналатын бұл басылымның дәмi маған бұйырар ма, бұйырмас па едi, кiм бiлсiн, егерде курсымда әлдекiмнiң бойынан болсам дейтiн ұшқын көрсе, соны жетелеп, бауырындай бауырына тартып демеп жүретiн курстасым, курсымның комсоргы, бүгiнде филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Мәдениет министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң төрағасы бiздiң Бауыржан Омаров болмаса...
Менiңше, дүниеде қазақ болудан асқан қиын шаруа жоқ! Шын айтам. Сенбесеңiз дәлелдейiн.Қазақ қазiр кәдiмгiдей екi топ­қа бөлiнген. Бiрiншi топта кiлең – “қазақ емес қазақтар”. Осылардың қатарында болсаңыз, рахат ендi! Ұйқыңыз тыныш, жүйкеңiз бабында. Бұларды ұлттық рух, туған тiлдiң тағдыры, тағы да осыған ұқсас “ұсақ-түйек мәселелер” мазаламайды. Өзiмiз көп айта беретiн “патриоттық сезiм” деген дерттен бұлар ада. Тiптi керемет, қарап тұрсаң! Ал екiншi топтағы қазақ болсаңыз, онда бiттiм дей берiңiз!
“Өмiрдiң мәнi неде?” дейсiз, ә? Шынында да, өмiрдiң мәнi неде?  Мұны түсiндiру үшiн мысал келтiруiмiз керек. Мәселен, құдiреттi бiр күш адамдардың бәрiн көкөнiске айналдырып, яғни бiрiн – қиярға, екiншiсiн – помидорға, үшiншiсiн – бұр­шақ­қа, қалғандарын тағы да әр түрлi көкөнiске айналдырып, үлкен бiр банкiге салып, тұздап, консервiлеп тастады делiкшi.Содан бiр күнi әлгi құдiреттi күш салат жегiсi келiп, консер­вiленген банкiнi ашты делiк. Қолына шанышқы алып, банкi­ден ең бiрiншi қиярларды терiп алды.
Әйелi кешiгiп келген күйеуiнiң үстiнен ұзын қара шаш тауып алып: “Бәсе, түнделетiп қайда жүр десем...” – деп әлектi салыпты.Күйеуi әрбiр кешiккен сайын түрлi-түстi шашты қолға түсiрiп: “Боянатын, сыланатындармен қыдыратын болғансың ба?” – деп сойқанды салады. Келесiде шұқшиып iздеп, ақыры бiр тал ақ шаш тауып: “Ендi кемпiрлерге баратын болғансың ба?” – деп боздапты.Келесiде қанша шұқшиып iздесе де қолына шаш тұрмақ қылтанақ iлiнбейдi. Шаршап-шалдығып, ақыры амалдың жоқтығынан: “Ендi, таз әйелдермен жүрудi шығарыпсың, оңбаған!” – деп ойранды салыпты.
Үйдiң iшi
Опыр да топыр маман!
Әйел де маман,
Бала да маман,
Қыз да, келiн де маман!
Қос-қостан институт бiтiре берген,
Дипломдары үйiлiп жатыр, сабан!..

ОАР-да өтiп жатқан футболдан әлемдiк доданың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Ендi бес күннен кейiн, дәлiрек айтсақ, 11 шiлде күнi ОАР-дың орталығы Йоханнесбургте он тоғызыншы әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпазы анықталады. Дәл қазiр доп додасының жартылай финалына шыққан командалар белгiлi болды. Олар әлемнiң үш дүркiн жеңiмпазы Германия мен екi дүркiн әлем кубогының иегерi Уругвай және Голландия мен Испания құрамалары. Бүгiн жасыл алаңға Уругвай мен Голландия футболшылары шықса, ертең Германия мен Испания құрамалары өзара финалдық кездесудiң жолдамасын сарапқа салады.

Әлем бiрiншiлiгiнiң алдында “Жас Алаш” газетi ОАР-дағы футбол тойына байланысты бәйге ұйымдастырған-ды. Содан берi оқырмандарымыздан отыздан аса хат келiп түстi. Футбол десе iшкен асын жерге қоятын жанкүйерлердiң бiразының жорамалы өткен аптада жоққа шықты. Себебiн жанкүйерлердiң iшi сезiп отырған да шығар. Қоржынымызға келiп түскен 34 хаттың жартысынан астамында Бразилия мен Аргентинаның әлем чемпионы болатыны болжанған екен. Ширек финалда Бразилия мен Аргентинаның жолы болмағанын бәрiңiз бiлесiздер.

Астанада бокстан ҚР Президентiнiң кубогы мәресiне жеттi. Әлемнiң оннан аса елiнен келген былғары қолғап шеберлерi бiр апта бойы он бiр салмақ дәрежесiнiң жүлделерiн сарапқа салды. Бұл жарысқа бiрден төрт команда жасақтап шығарған қазақстандық боксшылар 6 алтын, 6 күмiс, 14 қола медальға қол жеткiздi. 48 келi салмақтың финалдық кездесуi қазақстандық бокс­шылардың арасында өттi. Әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлде­герi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн жеңiмпазы Бiржан Жақып ең жеңiл салмақта өзiне тең келер қарсылас жоқ екенiн дәлелдеп, жеңiмпаз атанды.