1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15512) 8 шілде, бейсенбі 2010

Ол президенттiң жеке күзетi қызметiне 1998 жылы келiптi. Бұған дейiн мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген. Әскери қызметте жүргенiне 19 жыл 4 ай толғанда, зейнеткерлiкке шығуына 6 ай қалғанда, жұмыстан шеттетiлген. Оның үстiнен арызданған прапорщик Сәбит Мұқанов күзет қызметi бастығына жақсы қырынан көрiнгенi үшiн пәтерге ие болыпты. Прапорщиктер арасында мынадай сөз бар екен: «Это не стукачество, а форма доклада. Қашанға дейiн прапорщик болып жүре беремiз?». Президенттiң жеке күзетiнде «бiзге де отбасын асырау керек» деген желеумен бiрiн-бiрi сатып жiберу, ұстап беру кең етек алыпты.

Сонымен, Астанада өткен ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесiнде кедендiк одақтың тағдыры бiржолата шешiлдi. Беларусь пен Ресейдiң мұнай мен мұнай өнiмдерiне салынатын баж салығына қатыс­ты ортақ келiсiмге келе алмағанына қарамастан, кедендiк кодекс қабылданды. Сөйтiп, кедендiк одақ толық күшiне ендi. Ендi Беларусь, Ресей және Қазақстан ортақ кедендiк территорияға айналды. ЕурАзЭҚ кеңесi аяқталғаннан кейiн-ақ ресейлiк басылымдар Беларусь пен Ресейдiң арасындағы дау-дамай кедендiк одақтың iшiнде жалғасатынын айтып, жар салып жатты.

Жуырда «Правда Казахстана» газетiнде Шығыс Қазақстан облысында тұратын бiр топ орыс-славян азаматтарының атынан ашық хат жарияланды. Ашық хат Қазақстан президентi Н.Назарбаев пен Ресей президентi Д.Медведевтiң атына жолданған. Хаттағы ойдың тоқетерi облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев өңiрдегi орыс ағайындарға күн көрсетпейдi екен-мыс. Өскеменнiң қақ ортасында тұрған Лениннiң ескерткiшi алынып, орнына Абайдың ескерткiшi орнатылғаны да орыстар мен орыстiлдiлердiң көңiлiне жақпапты. Осылайша әбден «қорланып, зәбiр-жапа» шеккен олар

ҚОҒАМДЫ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫДАЙ ҚАЙҒЫЛЫ АХУАЛҒА БАСТАП АЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АЛДАМПАЗ КӨШБАСШЫНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ТҮККЕ ДЕ ҚАЖЕТI ЖОҚ
Техника ғылымдарының докторы, лазерлiк техниканың бiлгiр маманы, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты (1984 жыл), саясаткер Ғалым Әбiлсейiтов қазiр Мәскеуде тұрады. ҚР президентi Н.Назарбаевтың арнайы шақыртуымен Ғалым Әбiлсейiтов 1991 жылы Қазақстан үкiметiнде жауапты қызметтер атқарды. Ол әуелi Ғылым және жаңа технологиялар министрi болды, артынан Қазақстан премьер-министрiнiң орынбасары болып тағайындалды. Билiкпен келiсе алмаған Ғ.Әбiлсейiтов 1996-97 жылдары оппозицияға өттi. Мұрат Әуезовпен бiрге “Азамат” партиясының жетекшiсi де болды. 1997 жылдың аяғында билiктiң саясатына қарсы аштық жариялаған Ғ.Әбiлсейiтов өз денсаулығына үлкен нұқсан келтiрiп алды. Артынан денсаулығын түзеу үшiн отбасымен бiрге Мәскеуге кеттi де, сол жақта бiржолата қалып қойды.
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША АТА-АНА БАЛАСЫН ОСЫЛАЙ ЖҰБАТЫП ОТЫР?
Сегiз ай бұрын президент Н.Назарбаев Қазақстандағы бүлдiршiндердiң 36 пайызы ғана балабақша, мектепке дейiнгi мекемелерге баратынын, республикамызда әлi әрқайсысы 280 орындық 800 балабақша салу керектiгiн тiлге тиек еттi. Бұл мәселенi бүкiл халық болып шешуге шақырды. Үкiметке, жергiлiктi әкiмдiктерге тастай етiп тапсырма берiп, шенеунiктерге қабағын шытты. Уақыт өтуде. Бүгiнде президент әмiрiн нөкерлерi қаншалықты дәрежеде орындап жатыр?
АБАЙЛАСАҢ ПАЙДА, АБАЙЛАМАСАҢ АПАТ КЕЛТIРЕДI
Биылғы жылдың алғашқы күндерi Қазақстандық «Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық компаниясы уран шикiзатын өндiруден ғалам елдерi арасында бiрiншi орынға шыққанын және жалпы өндiрiлген шикiзат өнiмiнiң 13 665 тоннаны құрағанын, екiншi жүлделi орынға 9 934 тонна өндiрген Канаданы ысырып, уран қоры жағынан ғаламда бiрiншi орын алатын құрлық – мемлекет Австралияны да үшiншi көрсеткiшке, яғни 8 022 тоннамен артқа тастап кеткенiн жариялап, сүйiншi сұрады. Алайда бұл көрсеткiш «Қазатомөнеркәсiп» АҚ бұрынғы басшысы М.Жәкiшовтiң 23.11
Кәрi –
Емен...
Кәрi –
Қыз...
Кәрi –
Гүлзар...
Қарап тұрып –
Кiсiнiң жаны мұздар:

2008 жылдың 25 қазанында Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданы, Рысқұл ауылындағы қазақтың аяулы ұлы Тұрар Рысқұловтың есiмiмен аталатын орта мектеп жаңа ғимаратқа көштi. Мектептiң ашылу салтанатына сол кездегi облыс әкiмi Н.Әшiмов, көрнектi жазушымыз Шерхан Мұртаза, Мәжiлiс депутаты, жерлесiмiз Шалатай Мырзахметов және аудан басшылары қатысты. Ауыл тұрғындарының, ұстаздардың, жас бүлдiршiндердiң қуаныштарында шек болмады.

Жыл сайынғы 9 мамыр қызыл-жасыл от шашу, даңғаза музыка, ән, би сияқты әсiре қызыл рәсiмдермен аталып өтiп жатады. Бұл дұрыс та шығар. Дегенмен... Адам болған соң көңiлде тұнып тұрған ойлар да көп. Мәселен, Жеңiс күнi қарсаңында майданнан оралған майдангерлер мемлекет тарапынан әртүрлi деңгейде марапатталып жатады. Әрине, бұл рәсiмдi терiс деп айта алмаймыз. Орынды. Алайда, нағыз марапат иелерi майданнан қайтпай, сүйектерi шашылып қалғандар болуы керек емес пе? Небiр жайсаң жастар қыршынынан қиылып, өмiрден жар сүйiп, өзiнiң ұрпағын жалғастырар ұрпақ қалдырмай көмусiз қалды емес пе?

Осы жылғы 12 мамырда (№37) «Жас Алашта» жарық көрген «Даңқты батыр неге елеусiз қалды?» деген мақаланы оқып, қатты налыдым. Мәселе Талғат Бигелдиновке атақтың берiлмегенiнде емес, атақ батырдың өзiнде онсыз да жеткiлiктi. Мәселе – есiмi алтын әрiптермен жазылған даңқты батырдың бүгiндерi елеусiз қалғандығында ғой. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы «Ерлiктiң атаусыз кетуi – халықтың трагедиясы» деген жоқ па едi?

Қазақстанды сорлатып отырған коррупция сонау тәуелсiздiк алған 90-жылдары белең алып, күнi бүгiнге дейiн тыйылар емес. Тiптi, өршiп, қайыру бермей қаулап өсiп келе жатқан тәрiздi. Халықтың қазынасына қол сұғатындар көп. Әйтеуiр, ретi келген жерден үзiп-жұлып алып қалу, кертiп жеу көбейдi. Жұмысқа тұру үшiн – пара, емделу үшiн де пара бередi, Тiптi халық санағына бөлiнген қаржыны, қала бердi қазақ тiлiнiң, яғни ана тiлiмздi дамыту үшiн бөлiнген қыруар қаржыны жеп қойды. Мiне, жемқорлықтың тарам-тарам жүйесi осылайша күннен-күнге ұлғайып барады.

ШIЛДЕНIҢ 11-I КҮНI БҮКIЛ ӘЛЕМ ЕУРОПАЛЫҚ ЕКI КОМАНДАНЫҢ АЙҚАСЫНА КУӘ БОЛАДЫ
Голландия футболшылары өз тарихында үшiншi рет әлем бiрiншiлiгiнiң финалдық кезеңiне жолдама алды. Сейсенбi күнi Уругвай футболшыларымен финалдық ойынның жолдамасын сарапқа салған голландиялықтар қарсыластарын 3:2 есебiмен жеңдi.  Дәл қазiр бүкiл голландиялық жанкүйерлер кешегi Йохан Круифф пен Иоханн Неескенстiң заманына қайта оралғандай. Араға отыз екi жыл салып әлем бiрiншiлiгiнiң финалына жолдама алған голландиялықтар Круиффтың арманын iске асыруға бел шеше кiрiскен сыңайлы. Соңғы рет Голландия