1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, сейсенбі 2010
АСТЫҚ ШЫҚПАДЫ, ШӨП КҮЙIП КЕТТI
Соңғы екi айдағы аптап ыстықтың салдарынан Ақтөбе облысының егiнi шықпай қалды, жайылымдық жерлердiң шөбi күйiп кеттi. Бұл жақтағы ауа температурасы күндiз 45 градусты, түнде 30 градусты көрсетiп тұр. Топырақтың температурасы 60 градустан да жоғары. Шiлде айына дейiн жауын күткен жұрттың үмiтi ақталмай, шаруа қожалықтары иелерi мен ауыл адамдары алдағы қыста малға қалай жем-шөп тауып берерлерiн бiлмей бастары қатып жүр. Ақтөбедегi жем-шөп базарында қазiргi кезде әр бума шөптiң бағасы 400 теңгеден сатылып, оны жұрт таласа-тармаса алып кетiп жатыр. Былтыр шөптiң әр бумасы 120-130 теңгеден сатылып, өтпей жатса, биыл шiлде болмай жатып жем-шөп жайы қиындады. Қала төңiрегiндегi елдiмекендер тұрғындары да жан-жақтан шөп iздеп әлек. Күзге қарай оның бағасы 600-700 теңгеге көтерiледi дейдi.

Биыл Қазақстан шамамен 14,5-15,5 миллион тонна астық жинап, оның 6,5 миллион тоннасын экспорттамақ. Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Арман Евниев дәл осындай болжам айтты. Вице-министрдiң сөзiне сенсек, соңғы бiр жылда Қазақстан 8,3 миллион тонна астық пен ұн пұлдады. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 36 пайызға артық. Әйтсе де, өткен жыл­ғы астықтан 8,6 миллион тонна қалдық қалды. Нақтырақ айтсақ, 6 миллион тоннадан астам бидай элеваторларда, 2,6 миллион тоннасы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң қолында.

«Жас Алаш» газетi­нiң редакциясына ҚР Ауыл шаруашылығы министрi А.Күрiшбаевтың жауабы
Сiздердiң газет бе­тiн­де 2010 жылдың 15 маусымында жарық көрген «Шетелден келген мал шекемiздi шылқылдата ма, әлде шығынға батыра ма?» деген мақалаларыңызды қарап, төмендегiдей жауап беремiз. Өздерiңiзге белгiлi, Қазақстан аграрлық елдер қатарына жатады. Яғни, ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы алар орны ерекше. Сол себептен де оны заман талабына сай тұрақты және қар­қынды түрде дамыту бүгiнгi таңдағы алдымызда тұрған аса жауапты мiндеттер­дiң бiрi екенi сөзсiз.
«Жас Алаштың» өткен 15 маусымдағы 47 санында ҚР Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лi­гiне қарасты «ҚазАгро» Ұлттық басқ­ару холдингiнiң iрi қараны бордақылауға арналған агроөндiрiстiк кешендер тұрғызу бағдарламасы жө­нiнде «Шетелден келген мал ше­кемiздi шылқылдата ма, әлде шығын­ға батыра ма?» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Оны оқып, танысқан осы саланың маманы, белгiлi ғалым Ағыбай Смағұлов бiзбен хабарласып, бұл мәселенiң өте орынды көтерiлгенi жайлы айтып, мүмкiншiлiк болса, әрi қарай өрбiтсек деген тiлек айтқан-ды. «Бүгiн бiздер шеттен мал тасымай-ақ, отандық мал тұқымын асылдандыру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткi­зе аламыз» дейдi Ағыбай Құсманұлы.

Бейсенбi күнi Алматы қаласы, Достық елдiмекенiндегi зират басында «5 шiлде – Үрiмжi қырғынының 1 жылдығын еске алу» мақсатында Қазақстандағы ұйғыр этносы құрбан болғандардың рухына құран оқып, ас бердi. Дәл осы жиында Қазақстан ұйғыр жастары бiрлестiгiнiң төрағасы, Дүниежүзiлiк ұйғыр құрылтайы бас хатшысының орынбасары Абдрашит Тұр­диев былай дедi: «Жасасын ұйғыр халқы! Ұйғырларға азаттық! Ұйғырларға еркiндiк! Ұйғырларға тәуелсiздiк!»

Шетелге ауған атышулы банкир М.Әблязов төңiрегiндегi дау-дамайдың толастайтын түрi жоқ. Жақында Ресейде Әблязов iсiне қатысты тағы бiр ши шықты. Қазақстанда басы дауға қалған банкирге Ресейдiң iшкi iстер министрлiгiнiң тергеу комитетi де айып тақты. Ресейлiк құқық қорғау органдары экс-банкирдi 5 миллиард теңгенi жымқырған деп айыптау­да. Ресейлiк «Ведомости», «Новая газета» басылымдары қашқын банкирдiң өзi Ұлыбританияда бас сауғалап жүргендiктен, Ресейдiң iшкi iстер министрлiгiнiң тергеу комитетi Әблязовтi сырттай айыптағанын жарыса жазып жатыр.

Журналистердi қорғаудың халықаралық комитетi Тараз түрмесiнде аштық жариялап жатқан журналист Рамазан Есiргеповтiң жағдайына қатты алаңдайтынын бiлдiрдi. Ал түрме басшылығы болса саяси тұтқынның аштық жариялап жатқанын жасырып қалуға тырысқан. Оған тиiстi дәрiгерлiк көмек те көрсетiлмептi. Аштық жариялардан бұрын Рамазан Есiркепов Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымына мүше 55 елдiң атына арнайы мәлiмдеме жасаған болатын. Онда: “Сiздерге үшбу хат жолдап отырған — “Алма-Ата ИНФО” басылымының бас редакторы Рамазан Есiргепов.

Астана күнi мен президенттiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Астана қаласында Н.Назарбаев атындағы жаңа оқу орны салтанатты түрде ашыл­ған болатын. Жаңа ашылған университеттi Н.Назар­баев “әлемде жоқ” деп бағалады. Оның салынуы мен ашылуының басы-қасында жүрген шенеунiктердiң сөзiне сенсек, отандық “ғажап” оқу орны Кембридж, Оксфорд, Гарвард университеттерiнiң өзiне бәсекелес болмақ. Сонда бұл оқу орны несiмен “әлемде жоқ”, шынымен де ашыла салып әлемдiк бiлiм берудiң алпауыттарымен бәсекеге түсе ала ма? Осы сауалдар төңiрегiнде әңгiме қозғап көрсек.

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ КӨБЕЙДI
Елiмiздiң сыртқы қарызы көбейе түстi. Ұлттық банктiң кеше таратқан мәлiметiне қарағанда, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы I тоқсанның аяғына қарай 2009 жылдың осы кезеңiмен салыс­тырғанда 5,8 пайызға өскен. Сөйтiп, сыртқы қарыз 110,7 миллиард долларға жетiптi. Мұның iшiндегi фирмааралық берешек – 51163 миллион доллар. Фирмааралық берешектi есепке алмағанда, Қазақстанда әрбiр адамның басында 3701,9 доллар қарызы бар. Ал жалпы сыртқы қарыз

Ұлтымызды қатты алаңдатқан жымысқы, аяр ойын ақыры мәресiне жеттi. Президент тiрек еткен үштаған мен оның төңiрегiндегi жағымпаздар дайындаған “Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы тұңғыш президентiнiң – Елбасының қызметiн қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бо­йынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” конституциялық заң дүлей дауыл алдындағы сұрқай желдiң ащы ызғырығындай тым ыз­ғарлы естiлдi.

Қазақ журналистикасының бастау көзi қашан және кiмнен басталады? Ұлтымыздың, елiмiздiң, халқымыздың хал-ахуалын бiлгiрлiкпен жазып, кейiнгi ұрпаққа өнегелi сөзiн қалдырған, немесе бүгiнде де нәрлi жазып жүрген журналистерiмiз кiмдер? Бұл сұрақтарға оралуыма не себеп болды деп сұрасаңыз, бұған мынандай жайт түрткi болды. Жақында ғана газеттен оқып бiлдiм, бiздiң республикамызда жұртшылыққа танымал, дарынды газет редакторларына, журналистерге жыл сайын Г.Толмачев атындағы сыйлық берiледi екен. «Толмачев деген кiм?

Ақын Несiпбек Айтұлының «Өлгеннен кейiн бiздiң де кезегiмiз келер» атты мақаласы «Жас Алашта» жарияланған соң, басылым бетiнде әжептәуiр пiкiрталас туғанынан оқырман қауым хабардар. Бұл мәселе жөнiнде О.Сәрсенбай, Қ.Ысқақ, С.Оспан, А.Нысаналин секiлдi аға буын ақсақалдар өз ойларын бiлдiрдi. Осының бәрiн оқыған соң, «ау, жазушы шығармасының ең басты тұтынушысы оқырман жұртшылық емес пе, олар неге үнсiз жатыр?» деген ой келедi ерiксiз. Байқасаңыз, әдебиет туралы қазiр әдебиет саласымен азды-көптi байланысы бар адамдар ғана жазады, солар ғана сөйлей­дi.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ МЕТАТIЛI ЖӨНIНДЕ
Қазақ хандығы дипломатиясын зерттеу барысында бiз, билер институтының атқарған қызметi мен олардың дипломатиялық қатынастарды орнатудағы рөлiне тоқталмай өте алмаймыз. Мұның iшiндегi ең маңыздысы – тiл мәселесi, яғни дипломатиялық қатынастарды орнатудағы даналық тiлдiң, тапқыр тiлдiң қызметi. Осыдан келiп дипломатиялық қызметтегi метатiлдiң орны анықтала бастайды. «Метатiл» деген термин ненi бiлдiредi? Металингвистика, метатiл атаулары ғылыми айналымға ХХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап ене бастады.
“Танымал әншi, талантты әртiс Айгүл Иманбае­ва масқарапаз (клоун) Мұрат Мұтыр­ғановқа күйеуге тидi, тойлары 10 маусымда өтедi” дегендi орыстiлдi бiр басылымнан оқығанда, құдайшылығын айтайық, сенiңкiремедiк. “Тең — теңiмен, тезек — қабымен” демей ме қазақ. Дегенмен де, аузы дуалы әлгi басылым мұны Мұтырғанчиктiң өз аузымен айтқызғаннан кейiн Айгүл мен Мұратты құттықтап, газет арқылы бiр ауыз тiлек айтқанды жөн көргенбiз. Сөйтсек, бұл масқарапаз Мұтырғанчиктiң Айгүл әпкесiне еркелегенi екен. Айгүл Иманбай қайсыбiр жұлдыздар сияқты шiкәмшiл емес. Ол мұның мән-жайын “Ырғақтың” редакциясына арнайы келiп, түсiндiрiп бердi.

27 шiлде мен 1 тамыз аралығында Юрмалада өтетiн «Жаңа толқын» («Новая волна») конкурсының қазылар алқасы анықталды. Олар: Игорь Крутой, Раймонд Паулс, Макс Фадеев, Игорь Николаев, Александр Ревзин, Владимир Пресняков, Александр Румянцев, Евгений Орлов және Ирина Дубцова. Бұлардың барлығы да – эстра­да саласының «жiлiгiн шағып, майын iшкен» майталмандар. «Вести Сегодня» басылымына берген сұхбатында Раймонд Паулс былай дептi: «Кейбiреулер менi «қазылар алқасының қатарынан шығыпты» деген әңгiме таратып жүр.

Ол – мен үшiн өмiрге жолдама берiп, шығарып салған бүгiнде 90 жасқа толғалы отырған бұрынғы “Лениншiл жас” – бүгiнгi “Жас Алаш” газетi. ...Менi журналистикаға жас кезiмде кiтапты көп оқығаным алып келдi. Болмаса журналистiк мамандық бар екен-ау, оған ар­нау­лы оқиды екен-ау деп ойламаған екенмiн. Арман шiркiн кеуденi түрткiлей бастаған алғашқы сәттерде өнер адамы боламын деп шешiп қойғанмын: мектептiң, ауылдың баяншысы, домбырашысы – мен, сахнадан өлең, тақпақ оқитын – мен, драма үйiрмесiне қатысушы аздың бiрi – мен... Мектебiмiзге Отанаман Жан­темiров, одан соң Сәкен Торшин деген мұғалiмдер келген соң өнер екiншi орынға ауысып, алға ...спорт шығып кеттi

Жексенбiден дүйсенбiге қараған түнi Оңтүстiк Африкада өтiп жат­қан 19-әлемдiк футбол додасында Испанияның аты озды. Негiзгi 90 минутта Еуропа футболының серкелерi бiрiн-бiрi ала алмады. Әлем чемпионы қосымша уақытта анықталды. Ойын соңындағы пенальтиге қарыс қадам қалғанда аса шебер ойыншы, испан командасының “моторы” Андрес Иньеста гол соғып, Испания құрамасына чемпиондық кубокты әпердi. Бұл — Испанияның футболдан әлем чемпионаты финалындағы алғашқы жеңiсi.

БҰҒАН БАСҚА БАНКТIҢ КЛИЕНТТЕРI ДЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ
Осыдан бiрнеше жыл бұ­рын, дәлiрек айтсақ, дағдарыс әлi бастала қоймаған кезде жұрттың банктерден оңды-солды ала-құла несие алғаны рас. Бiрақ көп ұзамай алқымнан алған дағдарыс халық қалтасын қақты. Бұл аздай, бiреулер қысқартуға ұшырап, ендi бiрi жұ­мысынан айырылып, күн­делiктi табысынан қа­ғылды. Сөйтiп, көпшiлiк банктерден бұрынырақта алған несиесiн қайтара алмай, әуре-сарсаңға түстi. Осылайша несие өтеуге төлем қабiлетi жетпеген жұрт банктерден түрлi жеңiлдiктер сұрай бастады. “Несие ставкасы төмен­детiлсе екен”, “несие мер­зiмiн ұзартуға бола ма?”,