1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15514) 15 шілде, бейсенбі 2010
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ ТҮСIНЕ ДЕ КIРМЕЙДI. СТАТИСТИКА АГЕНТТIГI ЕЛIМIЗДЕ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ 74 791 ТЕҢГЕ ДЕЙДI. СIЗ БҰҒАН СЕНЕСIЗ БЕ?
ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2010 жылдың мамыр айында орташа есеппен Қазақстанның әрбiр азаматына 39 120 теңге кiрiс кiрдi. Орташа айлық жалақы 74 791 теңгеге жеттi. Жұмыссыздар саны – 495 900, жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретiнде тiркелгендер – 69 500 адам. Төрағаның дерегiне жүгiнсек, Қазақстандағы жұмысқа қабiлеттi азаматтардың 5,7 пайызы ғана екi қолға бiр күрек таба алмай жүр. Ал белгiсiз жұмыссыздар – 0,4 пайыз ғана. Бұл деректер ақиқаттан алыс жатқан жоқ па? Таразылап көрелiк.
Бавна ДАВЕ, Лондон университетiнiң шығыстану және африкатану мектебiнiң оқытушысы, доктор:
Лондон университетiнiң шығыстану және африкатану мектебiнiң оқытушысы, доктор Бавна Даве жақында ғана «Азаттық» радиосының тiлшiсi, белгiлi журналист, шығыстанушы Ғалым Боқашқа арнайы сұхбат бердi. Қазақстан туралы өз ойын бүкпесiз, ашық айтқан Бавна Давенiң ой-пiкiрлерi кәсiби тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да өте әдiл көрiндi. Сол себептi де бiз бүгiн осы сұхбатты өз оқырмандарымызға қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдiк.

Астананың Есiл аудандық соты «статистиктер iсi» бойынша 2009 жылы ұлттық санаққа бөлiнген қаржыны қымқырды деген айыппен белгiлi кәсiпкер Серiк Тұржановқа 9 жыл жаза кескенiн хабарлаған едiк. Сейсенбi күнi бiр топ кәсiпкерлер қауымдастығының жетекшiлерi мен бизнес өкiлдерi баспасөз мәслихатын өткiзiп, сот үкiмiне наразылығын бiлдiрдi. Президент Н.Назарбаевқа ашық хат жолдады. Баспасөз мәслихатына Серiк Тұржановтың жары Мейраш Тұржанова және адвокаты Венера Нұрғалиева да қатысты.

Осылай деп есептеген атыраулық қоғамдық құқық қорғаушылар Тоқаевты, Мұхамеджанов пен Мәсiмовтi сотқа сүйремек
Қазақстанда тұңғыш рет мемлекет басшысы емес, палата спикерлерi мен үкiмет басшысы қол қойған заң күшiне ендi. Қазақстан Республикасының прези­дентi Нұрсұл­тан Назарбаевты ұлт көшбасшысы атаған, бiрақ президенттiң өзi қол қоймаған бұл заң төңiрегiндегi дау әлi басылар емес. Заңды қолдайтындар прези­денттiң жаңа мәртебесi – халық қалауы дегендi айтып жүр. Ал оған мүлде қарсылар сотқа шағымданып жатыр.Естерiңiзде болса, алдымен “Голос республики” басылымының журналисi Жанна Байтелова ұлт көшбасшысы туралы заңды керi қайтарып алу туралы сотқа шағымданған едi.
Теңiзшевройлдың мердiгерi “ESS Support Services” компаниясында еңбек ететiн қазақстандықтар еңбек дауын шешуде жергiлiктi билiктен күдер үзiп, ТШО-ның бас директоры Тодд Левиге хат жазуға кiрiстi. Олар өздерiнiң әлеуметтiк таршылық тартып отырғандарын экспат инвестор бiлмейдi деп санайды. Ал Атырауда талтаңдаған үндiлiк кәсiпкер қазақстандық жұмысшыны өз кәсiбiне төнген қауiп ретiнде қарап отыр. Теңiзшевройлдағы осыдан бiрнеше жыл бұрынғы түрiктер мен отандық жұмысшылар арасындағы қақтығыстан соң бiршама уақыт өтсе де, жалақыдағы теңсiз­дiктiң таразысы теңгерiле қойған жоқ.

11 шiлде күнi Тараз түрмесiнде аштық жариялап жатқан саяси тұтқын Рамазан Есiргепов наразылық шарасын тоқтатуға мәжбүр болды. Оның жұбайы Раушан Есiргепованың айтуынша, Р.Есiргепов аштықты өз талаптарынан бас тартуына немесе денсаулығының сыр беруiне байланысты тоқтатпаған. Ол мұндай қадамға түрмедегi басқа да сотталушылар­ға деген аяушылық сезiмiнен барған. «Алма-Ата ИНФО» газетiнiң бас редакторы, «Елдi кiм басқарады? Президент, әлде ҰҚК» аты мақаласында ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құпияларын жариялады деген айып­пен үш жылға

Шiлденiң 3-i күнi Щучинск қаласында Ақмола облысы бiлiм беру қызметкерлерiнiң арасында өткен спартакиадада Степногорск қаласындағы тау-кен техникалық кол­леджiнiң оқытушысы Көркем Есмағамбетова қайтыс болды. Жалпы бұл Ақмола облысы бойынша спорттық жарыстардың үстiнде кiсi өлiмiнiң орын алуы туралы екiншi оқиға. Биыл­ғы жылдың наурыз айында Ақмола облысының Зерендi ауданында мемлекеттiк қызметкер­лер­дiң арасында өткен III қысқы спартакиадада, нақтырақ айтсақ шаңғы жолы үстiнде Ерейментау аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы

Жыл сайын Қазақстанның белдi азаматтары кез келген ауылда, кез келген мектепте көп­балалы, жағдайы төмен отбасыларына, жартылай жетiм балаларға материалдық көмек көрсетiп жатады. Қыстық киiм, оқу құралдары дегендей... Әри­не, бұл – өте дұрыс. Жәрдем беру – сауабы мол iс. Бiрақ, неге мұндай сый-сияпаттарды көптiң алдында бередi? Мiне, мен соған әлi күнге дейiн түсiнбеймiн. Балаларға шын жаны ашығаннан ба, әлде өздерiнiң атақ-абыройы үшiн бе?

Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, бiр Қарағанды аумағының өзiнде жүз түрлi бағыттағы дiни ұйымдар бар екен. Бұл не деген сөз? Бұл – халық осыншама тараптардағы жат идеология­лар­ға тартылып жатыр деген сөз. Бұлар ертеңгi күнi халық арасына «лаңкестер» деп аталып кеткен ағымдардан кем лаң салып жүрме­сiне кiм кепiл? Бiр мемлекеттегi бiр ұлттың белгiлi бiр дiннiң жалғыз екi ағымына бөлiнгенiнiң өзi олардың бейбiт қатар өмiр сүруiн үлкен проблемаға айналдыратыны, бұлардың өзара тiл табысуын қиындататыны, қарым-қатынасын нашарлататыны әлемдiк тәжiрибеде әлдеқашан-ақ дәлелденген жайт.

Бүгiнде банан жеу балалар үшiн таңсық емес. Базар мен азық-түлiк дүкендерiнiң сөрелерiнде көздiң жауын алып, қаз-қатар iлiнiп тұратын бұл жемiс қазақ дастарқанының төрiнен нық орын алғалы қашан?! Тiптi, онсыз дастарқанның сәнi кiрмей, той-томалақты былай қойғанда, ас-құдайыларда да сары банан нан-тоқаштан биiк тұратын болды. Банан дегенде тас төбеден күннiң, табаныңнан құмның қызуы ұратын сонау Африка елi елестейдi. Бұл жемiс пальмасының жапырағы жайқалып, айнала құм, теңiзaiнiң суы жағаға сәт сайын ұрып жататын осынау ыстық елде ғана өседi деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, олай емес көрiнедi. Күтiм жасап, мәпелей бiлсең, бiздiң қара топырақта да банан бой түзеп, жапырақ жаяды екен.

Бас прокурор Қайрат Мәмидiң назарына!
Бiздiң отбасымыз ауыр жағдайға тап болды, тiптi өмiр сүргiмiз де келмейдi. Неге дейсiздер ме? Анамыз жалған жаладан қайтыс болды.Менiң анам Ырысбибi Өтепова 2009 жылдың 26 қарашасында 36 жасында жабылған жалаға шыдай алмай өзiне-өзi қол жұмсады. Бiз үш бала (15, 12, 4 жастағы) және II топтағы мүгедек әкеммен жетiм қал­дық. Анам өлер алдында өзiнiң кiнәсiз екенiн, өлiмiне себепшi болған адамдардың атын атап хат жазып қалдырыпты. Бiрақ, анамның жанайқайы облыстық пошта бастығы Асайнов мырзаны да

Баспасөз беттерiнен «Әлемнiң 38 елiнде 5 миллионнан астам қандастарымыз тұрады» дегендi талай оқыдық. Демек, бұл – әр үш қазақтың бiреуi Қазақстаннан тыс, жат жұртта тұрады деген сөз. Мәселен, көршiмiз Қытайда 2.5 миллиондай қазақ тұрады. Олардың атажұртына оралуына Қытай үкiметi тарапынан түрлi кедергiлер жасалуда. Ал көшiп келгендерi қағазбастылықтан бас көтере алмай, сандалып жүр. Тағы бiр қынжыла айтарым, Қазақстан азаматтығын аларда төлқұжатта өз әкесiнiң аты жазылмай, оның орны бос тұр.

1964 жылы Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен бiлiм қуып келген ұл-қыздар Алматы мемлекеттiк медицина институтының бала емдеу (педиатрия) факультетiнiң студентi болдық. Олардың тең жартысынан көбi ауылдың «қара домалақ» балалары болатын. Бiздiң ұрпақтың, әсiресе, мектептi ауылдан қазақша бiтiрiп келген замандастарымыздың ең басты көрген қиыншылығы – орыс тiлiн бiлмей­тiн­дiктерi болды. Бiрiншi күннен бастап-ақ барлық пәндердi орысша оқи бастадық. Лекцияларды жазып үлгермеймiз, орысша сөздердiң мәнiн түсiнiп болғанша лектор

Футболдың тек ұлттық, мемлекеттiк қана емес, әлемдiк маңызға ие екенiн осыдан-ақ байқай берiңiз
Төрткүл дүниенi телмiрткен теңбiл доп додасы да тәмамдалды. Әлемнiң отыз екi үздiгi бас қосқан аламан бәйгеде тұңғыш рет Испания футболшыларының бағы жанды. Дәл қазiр Пиреней түбегiнде үлкен той. Испан жұртшылығы мұндай жеңiстi бұрын-соңды тойлап көрген емес. Осыдан екi жыл бұрын Еуропа шыңын бағындырған Испания құрама командасы ендi, мiне, арада екi жыл өткеннен кейiн әлемнiң ең таңдаулы командасына айналды.  Тұңғыш рет Африка құрлығында жалауы көтерiлген доп додасы несiмен есте қалды? Аламанға қосылған отыз екi сәйгүлiк футбол жанкүйерлерiнiң көңiлiнен шықты ма? Ендi соған келейiк.

– Менiң ойымша, футболшылар үшiн әлем бiрiн­шiлiгiне 32 команда қатысқаны тым көп. Өйткенi, финалға дейiн жеткен команда жетi ойын өткiзедi. Бұл дегенiмiз футболшыларға психологиялық жағынан тым ауырлау болады. ОАР-дағы әлем бiрiншiлiгiнде талай қызықтардың болғаны рас. Әсiресе, Франция, Италия, Англия сынды азулы командалардың тым болмағанда ширек финалға жете алмағаны менi қатты таңғалдырды. Десек те, Франция мен Италияның әу бастан-ақ ұзаққа бармайтынын сездiм. Бiрiншi турдан кейiн Германия, Голландия Аргентина, Испания, Бразилия футболшыларының бiреуi чемпион болатын шығар деп ойлап едiм. Нәтижесiнде Испания жеңiмпаз атанды.