1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15515) 20 шілде, сейсенбі 2010
Өткен айдың аяғында парламенттiң үшiншi сессиясының жұмысы аяқталып, «шаршап-шалдыққан» депутаттар демалыс­қа кеттi. Расында да, олардың биылғы қызметi «ауыр» болды. Оның бiрнеше себебi бар. Бiрiншiден, жағымпаздану жарысының бәсекесi күннен-күнге «қызып», депутаттардың оппоненттерi көбейiп келедi. Бұрындары президенттiң атын балаларға қойып, «патша» есi­мiндегi «нұр» қосымшасын дүкен-дүңгiршектерге, базарлар мен сауда орындарына, ұсақ- түйектiң бәрiне жапсырып жатса, қазiр «елбасының» атымен тұтас қалаларды, iрi-iрi кәсiп­орындар мен оқу орындарын атауды ұсынып жатыр.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрiнiң орынбасары Қуандық Бишiмбаевтың айтуынша, елiмiзде 3,5 миллион адам тәттi судың ащы азабын көрiп отыр. Төрт мың елдiмекен тәттi судан таршылық залалын тартуда. Үкiмет дәл осы күрмеуi көп күрделi мәселенi алдағы он жылда шешедi-мiс. Үкiмет жаңа бағдарлама арқылы ауызсу мәселесiнiң түйiнiн таратпақ. Өйткенi, бұрынғы «Ауыз су» бағдарламасы оң нәтиже бермедi. Үкiмет бар кiнәнi жобалаушылардың мойнына артып: «Жер­гiлiктi әкiмдiктер 8 мың емес, 12 мың мекемеге лицензия берген. Олардың арасында ауылға су тартпақ былай тұрсын, бұрын-соңды құбыр жүргiзiп көрмегендерi де бар. Соның салдарынан дәл қазiр төрт мыңға жуық ауыл әлi күнге дейiн сусыз отыр», – дейдi. Сонда сегiз жылдан берi бағдарламаның басы-қасында жүрген үкiмет қайда қарады? Неге жұмыс барысын бақылауға алмады? Ауызсуға қолы жетпей жүрген жұрттың мұң-зарына үңiлiп қарамады? 

Оппозициялық «Азат» партиясы «Көктемгi шақыруының» нәтижесiн шiлiңгiр шiлдеде жариялады. Парламенттi таратып, үкiметтi отставкаға кетiрудi қазiрдiң өзiнде бiр миллион адам қолдап отырғанын партияның баспасөз қызметi аптаның басында хабарлаған. Бұл ақпарат «саяси жауырыншылардың» арасында абың-күбiң әңгiме тудырды. «Азат» партиясының бұл әрекетiнен үмiт күтетiндер де жоқ емес. «Азат» партиясы нелiктен «торғайларды» таңдады? «Бас жаққа барыспайықтың» керi ме? Әлде мұның өзiндiк себептерi бар ма? «Азаттың» талабына президент мойынсұна ма? Үкiмет отставкаға кетiп, парламент тарағанда не өзгередi? Мұның жай-жапсарын «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбайдан сұраған едiк.

АҚТӨБЕЛIКТЕР ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ҚҰРСАУЫНАН ШЫҒУДЫҢ ҚАМЫНА КIРIСТI
Жаздың екiншi жартысында-ақ астық рыногында бағаның көтерiлетiнi бiлiне бастады. Кеше ғана француздар қатты бидай сорты экспортының бағасын өсiрдi, iле-шала ресейлiк бидайдың да қымбаттағаны белгiлi болды. Астық рыногында баға жоғарылады. Мұның өзi күзге қарай ет, сүт, бидай өнiмдерiнiң бағасын өсiрiп, басқа да азық-түлiк өнiмдерiнiң қымбаттауына әкеп соқтыруы ықтимал. Оның үстiне, жанар-жағармай бағасының Ресей Федерациясындағы бағамен теңестiрiлетiнi де қымбатшылықтың асқынатынына сендiре түседi.  
ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНЕН ДЕ ҚЫРУАР ПАЙДА КЕЛМЕК
Жаз. Көпшiлiк демалуға асығатын кезең. Аптап ыстықта көлге түсiп, оның жағалауында күнге қыздырынып қайт­қанға не жетсiн. Мұндай кезеңде қазақстандықтардың көпшiлiгi көршi елдегi Ыстықкөлге ағылатын. Өткен жылдардағы мәлiмет бойынша, әр жыл сайын Ыстықкөл жағалауында 2 миллион Қазақстан азаматы демалып қайтады екен. Бiрақ, Қырғызстанда орнаған тұрақсыз саяси жағдай биыл Ыстыққкөлдiң бағын байлады. Осының әсерiнен биылғы жылы өз елiмiздегi Алакөл, Балқаш сынды көл­дердiң жұлдызы жанып, айы оңынан туа ма деген болжам бар едi. Бiрақ, ол үмiтiмiз ақталған жоқ.

Облысымыздағы Маңғыстау ауданының ауа райы – жазы өте ыстық, қысы жылы. Өлкемiздегi 55 жылдық ғылыми-сараптамалық зерттеулер бойынша әрбiр жылдың (365 күннiң) 273 күнi – аязсыз, яғни 0 градустан жоғары, ал қалған 92 күнi – аязды, 0 градустан төмен екенi анықталып, нақтыланған. Менiң бұл жерде айтқым келiп отырғаны – қыста негiзiнен жылуға, жазда отынға пайдаланып отырған табиғи газ мәселесi.

Global Witness халықаралық ұйымы жақында “Қазақмыс” компаниясының былық-шылығын әшкерелейтiн есеп жариялады. Британдық халықаралық беделдi ұйым өз есебiнде “Қазақмыс” пен президент Н.Назарбаев әмпей-жәмпей әрекеттерiнiң бетiн ашатын таңғаларлық фактiлердi алға тартады.  
Global Witness-тiң “Тәуекелшiл бизнес: Қазақстан, Қазақмыс plc және Лондон қор биржасы” атты есебiнде: “Лондон нарығындағы 100 iрi компанияның қатарына кiретiн қазақстандық мыс өндiрушi “Қазақмыс” биржаға шыққанда
КҮН ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҰШАТЫН ҰШАҚ
Solar Impulse ұшағының қоз­ғалтқышы тек күн энергиясы есе­бiнен жұмыс iс­тейдi. Жақында Швейцарияда осы ұшақ алғаш­ рет сынақтан өт­кi­зiлдi. Оны құ­рас­тырушы­лар­дың бiрi Андре Боршберг Solar Impulse-тi арнайы аппарат арқылы бас­қарған. Сөйтiп, күнi бойы күн энергиясын жинаған ұшақ әуеде 26 сағат бойы сам­ғапты. Ұшақты жасап шығарушылардың көздеген басты мақсаты – Solar Impulse-тiң түн мезгiлiнде ұшу мүмкiндiгiн тексеру. Ұшақты ойлап тапқан Андре Бошберг пен Бертран Пикарлардың айтуынша, ұшақ өзiне артылған сенiмдi толық ақтап шыққан.

Алматы маңындағы Мәншүк Мәметова мұздығында орналасқан №6 көлдiң мәселесi көптен берi айтылып та, жазылып та жүр. Осы мореналық көл арнасынан тасыса, Алматыға сел қаупi төнуi мүмкiн. №6 көлдiң проблемасын он жылдан берi көтерiп жүрген география ғылымдарының докторы, профессор, Қазгидрометтiң ғылыми қызметкерi Борис Степанов апаттың алдын алу жолдарын көрсетiп бердi. Борис Сергейұлымен арадағы әңгiмемiз №6 көлдiң проблемасы төңiрегiнде өрбiдi.

Жалпы, жын дегенiмiз не?
Олар да өз алдына бiр әлем, бiр жұрт көрiнедi. Қазақтың аңыз, қисса-жырларында жындар елi туралы аз айтылмайды. Бiз бүгiн осы тақырыпта дiнтанушы, қажы Икрам Әбдiқайымұлымен бiраз ой бөлiскен едiк. Бәлкiм, төменде айтылған әңгiмелерге бiреу сенер, бiреу сенбес, бiрақ мұның адамға ой салатыны анық.
ТЕК ОНЫ ТҮСIНЕ БIЛУ КЕРЕК
Бұл оқиғаны маған марқұм ағам айтып берген-дi. Ол ағамның өз басынан өткен.
“Әдетiмше ерте оянып, бетi-қолымды жуып жатқанмын. Ойымда ештеңе жоқ. Әрi таңғы уақыт болғандықтан, ұйқым ашылмаған, әрi-сәрi болып тұрған кезiм. Бiр кезде оң жақ иығыма қойылған әлдебiреудiң қолын сездiм. Алғашқыда ермек таппай жүрген туыстарымның бiрi шығар деп қорыттым да, артыма бұрылып қарасам, о, тоба, ешкiм жоқ. Тiрi жан көрiнбейдi. Бiрақ әлгi қол әлi иығымнан түспегенiн сезiп тұрмын.

Осыдан отыз жыл бұрынғы бiр оқиға тап кеше ғана көрген түсiмдей әлi күнге есiмнен кетпейдi. 1980 жылдың жылауық, жаңбырлы көктемi едi. «Жазушы» баспасынан әкемнiң «Қасиеттi қас қағым» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрiп, бiздiң кiшкентай пәтерiмiзде ұлан-асыр той болды. Тiптi бұл той, өзiм оқып жүрген ертегiлердегiдей бiрнеше күнге ұласып, қуанышы қойнына сыймаған марқұм әкем туыстарын, жора-жолдастарын шақырып, кiтабының жарық көргенiн шамамен бiр айдай жуып, алған гонарарын суша шашып жiбердi.

Мiне, Қарқаралы өңiрiнен тағы да бiр «Алтын адам» табылды. Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлiм меңгерушiсi, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бейсенов бастаған археологтардың айтуынша, бұл Алтын адам бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi VII-VI ғасырда өмiр сүрген. «Қарқаралыдан табыл­ған алтын адамның киiмiндегi алтын әшекейлер әйел киiмiне тән», – дейдi ғалымдар. Десе де, алтын адамның бас сүйегi мен дене сүйектерi экспертизаға жiберiлдi. Мұның «Алтын ханзада», не болмаса «Алтын ханшайым» екенi содан кейiн анықталады.

Бұрынғы өткен заманда бiр хан ұзақ жылдар бойы билiк құрыпты. Жасы ұлғайса да тағынан түспек түгiлi, тақ мұрагерiн де дайындауды да ойластырмай, ел шаруасынан гөрi той-томалақ, ойын-сауық құруға әбден етi үйренiптi. Өзiнiң кемшiлiгiн айтып, ақиқат сөйлеген­дердiң артына түсiп, басын алып, зынданға қамап, дегенiн iстетiп отырыпты. Ханның қасында жүрген нөкерлер өңшең жалбақайлар мен жәдiгөйлерге айналыпты. Хан өзiн таңның атысынан, күннiң батысына дейiн мадақтатып, сарай ақындарына жырлатып қояды екен. Бiр күнi хан саятшылыққа шығып, шаршап келiп мамық төсектiң үстiнде жатып көзi iлiнiп кетiптi. Хан түс көредi.
“Ақтөбе” (Ақ­төбе) – “Олимпи” (Грузия) – 2:0 (Смақов, 40-минутта, пенальтиден, 53-минутта). “Ақтөбе”: Сидельников, Ба, Бано, Бадло, Хайруллин, Смақов, Головской (Тлешов, 71-минутта), Карпович, Эссомба, Аверченко (Дарабаев, 80-минутта), Перич (Хохлов, 87-минутта); “Олимпи”: Бедиашвили, Кемокпидзе, Гонгадзе, Квахадзе, Рехвиашвили, Модебадзе, Размадзе, Челидзе (Долидзе, 85-минутта), Болквадзе (Хидешели, 74-минутта), Чедия (Добровольский, 55-минутта), Гецадзе; Төрешi: Б.Ылдырым (Түркия); 14 шiлде. Ақтөбе. Орталық стадион.
“Атырау” (Атырау) – “Дьор” (Венгрия) – 0:2 (Пилибайтис, 26-минутта, Бугерра, 88-минутта);
“Атырау”: Шабанов, Жұмабаев, Воротников, Црнагорац, Шакин, Әлиев, Пейкришвили (Чуреев, 84-минутта), Сақалбаев (Ларин, 76-минутта), Коструб, Фрунзе (Хижниченко, 59-минутта), Мамонов;
“Дьор”: Стеванович, Станишич, Фехер, Пилибайтис, Сабо, Алексидзе (Трайкович, 46-минутта), Копа, Кинк (Бугерра, 65-минутта), Бабич, Джорджевич, Кольтай (Сеолин, 46-минутта);
Бас төрешi: Йохан Вербист (Бельгия);
15 шiлде. Атырау. “Мұнайшы” стадионы.
Футболдан ОАР-да өткен әлем бiрiншiлiгiне қатысқан елдердiң бас бапкерлерге төлейтiн жылдық жалақылары