1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
Ресей мен Беларусь арасындағы ақпараттық соғыс әлi де жалғасып жатыр. Екi ел арасында газ жанжалынан бастау алған дау-дамайдың жақында бiтер түрi жоқ. Беларусь пен Ресей арасындағы ақпараттық айқасты екi елдiң басылымдарын былай қойғанда, батыс ақпарат құралдарының өзi сан-саққа жүгiртiп жатыр.
Ресейлiктердiң Лукашенкоға қарсы ақпарат майданы шiлденiң басында бастау алған. Бұл батьканың кедендiк одаққа бiрде кiремiн, бiрде кiрмеймiн деп Кремльдiң қитығына тиiп, қалыңдықша сызылған кезi-тiн. Ақыры Беларусь басшысы кедендiк кодекстi ратификациялағанын, Астанада өтетiн ЕурАзЭҚ-тiң мемлекетаралық кеңесiне қатысатынын мәлiмдедi. Ертесiнде ресейлiк НТВ арнасы Лукашенконың былық-шылығын әшке­релейтiн
ПРОКУРАТУРА МЕН ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ АЛҚА БИЛЕРДI АЯҚТАН ШАЛЫП ЖҮР
Биылғы жылы 28 мамырда Қызылорда облысының қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соты алабөтен iстi қарады. Алабөтен болатын себебi айыпталушылар — Қызылорда қалалық iшкi iстер департаментiнiң есiрткi саудасымен күрес бөлiмiнiң қызметкерлерi. Ал iстi қараған — алқабилер алқасы мен судья З.Тәжiмова. Әрине, мемлекеттiк айыптаушы мен жәбiрленушi жақ өкiлiнiң iске қатысуы қалыпты жағдай. Бұл iстiң ерекшелiгi
БАТЫСТЫҢ НЕГIЗГI «ЭКСПОРТ КӨЗIНЕ» АЙНАЛДЫ
Өткен аптаның аяғында Алматы маңындағы Ақбұлақ мекенiнде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы iстер министрле­рiнiң алқалы жиыны өттi. Оған еуропалық қауымдас­тықтың беделдi «ойыншыларының» лауазымды тұлғаларының барлығы дерлiк қатысты. 2010 жылы Қазақстан билiгiнiң алдында екi «супер» маңызды мәселе тұрды. Бiрi – «ұлт көшбасшысы» Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту болса, екiншiсi – ЕҚЫҰ- ға мүше мемлекеттер президент­терiнiң саммитiн қабылдау

Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзген «Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының тең төрағалары Әдiлет министрлiгiн сотқа беретiндерiн айтады. Оппозиция жетекшiлерi аталмыш министрлiктiң заңды өрескел бұзып, партияның қайта тiркеуден өтуiне кедергi келтiрiп отырғанын жеткiздi. «14 шiлде күнi бiзге Әдiлет ми­нистр­лiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасы М.Сексембаев қол қойған «АЗАТ» ЖСДП-ны мемлекеттiк қайта тiркеуден өткiзбеу туралы бұйрығы келiп түстi. Бұл шешiм Әдiлет ми­нистр­лiгiнiң

Шымкент қорғасын зауытының бұрынғы жұмысшылары “Жас Алаштың” қара шаңырағына бас сұғып, былай дедi: “Кеңес заманында жұмыстың ауырлығын, денсаулыққа зияндығын ескерiп, 50 жасқа толған қызметкер зейнет­керлiкке шығатын. Бiрақ, тәуелсiздiк алғаннан соң заң өзгердi. Зейнеткерлiкке 63 жастан шығатын болдық. 53 жасқа толғанда ай сайын мемлекеттiк жәрдемақы алып, жұмыстан босадық. Дәл қазiр сол жәрдемақының мөлшерi – 12 700 теңге. Бұл қай жыртығымызды жамайды? Дәрi-дәрмегiмiз былай тұрсын, күнделiктi шығындарымызды өтемейдi. Бұл мемлекеттiк жәрдемақы тiптi ең төменгi күнкөрiс мөлшерiне де жетпейдi. Неге

Алматыда өткен ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң саммитiне белгiлi құқық қорғаушы Евгений Жовтис арнайы хат жолдады. Жовтистiң қазiргi күнi Өскемендегi еңбекпен түзеу колониясында отырғаны да оқырмандарымызға мәлiм. Алматыда өткен саммитте Е.Жовтистiң хатына ешкiм назар аударған жоқ. Десек те, құқық қорғаушы өз хатында назар аударуға тұрарлықтай бiрсыпыра мәселелердi сөз етедi. Ендi бiз төменде Евгений Жовтистiң осы хатын ықшамдап аударып, назарларыңызға ұсына кеткендi орынды көрдiк.

Астанада бiр аптадан берi аштық жариялап отыр­ған үлескерлер және жергiлiктi билiк органдарының өкiлдерi қатысқан баспасөз мәслихатында «Лайықты баспана үшiн» қоғамдық қозғалысының жетекшiсi, құқыққорғаушы Зәуреш Батталова былай деп мәлiмдеме жасады: «Қазақстан билiгi саяси шешiм шығаруы керек. Үлескерлерге көңiл бөлмеген билiктiң өз обалы өзiне. Үш жылдан берi үкiмет тарапынан құр сөз естiп келемiз. «Нұр Отан» сырт көзге есеп берген болып, нәтижесiз басқосулар өткiзедi. ЕҚЫҰ-ға төраға жылы Қазақстандағы адам құқығына билiктiң назарын аудару үшiн қолдан келгеннiң бәрiн жасаймын. Халық баспанаға қол жеткiзуi

Едi Бегдiлда Алдамжардың 2005 жылы «Жұлдыз» журналында айтқандарын сәл-пәл ғана редакциялап, мүлде басқа пiкiрге айналдырып жiберген «Үш қоңыр» газетiнде жарық көрген мақаласындағы мына бiр «ше­берлiгiне» назар аударайық: «Темiрхан не туралы жазса да, жадағай публицистиканың, жамиғатнаманың жете­гiнде кете бередi. Оның көзi Жапонстанда жасалған фотоаппараттың объективiндей қырағы, әрi ол жылт еткен ең бiр ұсақ нәр­сенiң өзiн жадына хаттай етiп жазып ала қояды. Бiр ерекшелiгi, оның метафоралары мен теңеулерi, жалпы көркемдейтiн азбырайы қазақ өлеңiне НТР-дiң нобайы, көлеңкесi ретiнде ғана кiрiп, қазақтың төл топырағына табан тiрей алмайды. (Соңы. Басы өткен санда)

ӨСТIП ТЕ ӨШ АЛАДЫ ЕКЕН-АУ...
Өзбекстанның барлық басылымдарының, барша газет-журналдарының бас редакторларына, теле және радиоарналардың басшыларына «Бұдан былай қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есiмi мен оның шығармаларының аты аталмасын!» деген ауызша бұйрық берiлiптi. Бұл ауызша бұйрықты берген Өзбекстан президентiнiң әкiмшiлiгi көрiнедi. Ресми емес дерек көздерiнiң айтуынша, бұл Өзбекстанның Оштағы қанды оқиғаға қайтарған жауабы-мыс. Сұмдық-ай! Өстiп те өш ала ма екен? Шыңғыс Айтматовтың жазығы не?..
«Жарияға жар салмай көмектесуге болмай ма?» деген мақаланың («Жас Алаш», №56, 15 шiлде, 2010 жыл) авторы Айжан Қасымованың небәрi 10-сынып оқушысы екенiн оқып, риза болып, мұндай адамгершiлiктi елеусiз қалдыра алмай, аяулы Айжанға алғысымды бiлдiрудi жөн көрдiм. Осыдан жиырма жыл бұрын мүгедектiктiң барлық тауқыметiн тарта жүрiп, өзiм құрған мүгедек әйелдердiң республикалық «БИ­БI-АНА» қоғамының мүшелерi тек қана мүгедек қыздар, мүгедек әйелдер мен олардың балалары болғандықтан әртүрлi жағдайдың куәсi болуға тура келдi.

2009 жылдың сәуiр айында Алматыдан осы ауылға көшiп келдiм. Байқағаным, ауыл тұрғындарының бруцеллез деген ауруға етi де, бойы да әбден үйренiп алыпты. Адамдар да, малдар да осы аурумен жиi ауырады. Биыл бұл ауру мүлде асқынып тұр. Жанталасып жатқан не әкiмшiлiк, не мал дәрiгерi, не адам дәрiгерi жоқ. Ауыл тұрғындары да бұған мойынсұнған секiлдi. «Не iстеймiз, көппен бiрге көрермiз...» дейдi. Бастықтардың қырына iлiгiп кетiп, жұмыстан айырылып қалғысы келмейдi. Ауылдағы екi-үш үй: «Былтыр әр малға 300 теңгеден төлеп, дәрi ектiрдiк» дейдi.

Ертiс ауданының әкiмi В.И.Левченко Сiлетi аулының тұрғындарымен ал­ғаш кездесуге барғанда, жергiлiктi жұртшылықтың «ауыл жастары үшiн мәдениет орны қажет» дегенiне: «Ауылдарың әрi кетсе оншақты жылда тарап бiтедi. Келешегi жоқ ауылға шығындалудың не керегi бар?!» – дептi. Ауылдың табалдырығын аттамай жатып, танысып үлгерместен олай деп айтуға кiм құқық бердi? Қателеспесем, облыс әкiмдiгi ол кiсiнi Ертiс ауданына сол қирап қалған ауылдарды қалпына келтiрсiн, елдiң еңсесiн көтерсiн деп жiберген жоқ па. Ал әкiмнiң айтып отырған сөзi мынау.

Кейде бiр ауылда өсiп-өнген, тiптi жанымызда жүрген адамдарды жақсы бiлмей жататынымыз рас. Мен де Жамбыл ағамның жас кезiнде футбол ойнағанын бiлмеппiн. Оны да кенеттен, яғни Африкада өтiп жатқан футбол жарыстары туралы қызу талқылау кезiнде естiдiм. Таңғалғанымды несiне жасырайын...  Жамбыл Молдашев 1941 жылы туған. Балалы-шағалы, немерелi. Дембелше келген орта бойлы ағам әлi күнге де­йiн спортпен айналысады. Сондықтан болу керек, дене­сiн тiк ұстайды, жылдам жүредi.

Жалпы, сiздiң хоббиiңiз не? Осы сұрақты тiлшiлер қауымы сұхбат берушiге жиi қояды. Әрине, хоббисiз адам жоқ. Бәрi әйтеуiр, бiр нәрсемен айналысады. Бiрақ, шынын айту керек, бiздiң қазақта коллекция жинаумен айналысатындар өте сирек. Тiптi мұны кей адамдар ерiккеннiң ермегi көруi мүмкiн. Бiрақ, коллекция жинау да үлкен iзденiстi, берiк шыдамдылықты қажет ететiн өнердiң бiр түрiне жататынын мо­йындауымыз керек. Бiз бұған белгiлi ғалым, Жамбыл гуманитарлық-техникалық универ­ситетiнiң ректоры Жомарт Қошқаровтың жеке коллекциясындағы дүниелермен танысқан кезде көз жеткiздiк.

ОҒАН ТҮРКIСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКIМҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙIТОВ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ
Өткен аптада Ер Түрiктiң бесiгi – киелi Түркiстанда еңселi ескерткiш бой көтердi. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, небәрi жиырма жылдық ғұмырында жасындай жарқ етiп, қазақтың рухын аспандатып, қапияда қыршынынан қиылған қыран жiгiт — Бекзат Саттархановқа туған жерiнде көп құрмет жасалған. Түркiстанның сары топырағын кешiп, сары самалына қақталып, Бекзаттың балалық шағы өткен, бүгiнде 30 мыңға тарта тұрғыны бар ықшамаудан батыр ұлдың есiмiмен аталады.

Өткен жексенбiде Көкшетау қаласында триатлоннан Азия кубогының кезектi этапы өттi. Дүбiрлi жарысқа қатысуға Австрия, Белоруссия, Израиль, Үндiстан, Ресей, Чехия, Өзбекстан және Қазақстаннан 109 спортшы ниет бiлдiрiптi. Өткен жылғы Азия кубогына тек Азия елдерiнiң спортшылары ғана қатысса, биыл жарыстың бәсi өсiп, Еуропа елдерiнен де спортшылар бақ сынауға ниет етiптi. Жарыстың салтанатты ашылуының алдында «ауыздықты шайнап», тыпыршып тұрған спортшылардың тiзгiнiн бiр жiберiп алу әдетке айналған.

«Жинақ банкi» өз клиенттерi үшiн тең­дес­сiз өнiм ұсынды. «Жинақ банкi» АҚ ЕБ Бiрыңғай тарифтiк кеңiстiк жобасын iске қосты. «Ресейге қош келдiңiздер!» – бұл осы жобаның басты сөз орамы. Жаңа жоба «Жинақ банкiнiң» клиенттерi үшiн ыңғайлы әрi тиiмдi. Бұдан былай «Жинақ банкi» төлем карталарын пайдаланушылар Ресейдiң кез келген аумағында орналасқан «Жинақ банкiнiң» банкоматтары арқылы қолма-қол ресей рублiн ала алады. Оның үстiне банкомат арқылы ақша алу кез келген клиент үшiн қолжетiмдi. Осылайша «Жинақ банкiнiң» Ресей аумағында орналасқан 21 мың банкоматының кез келгенiнен қолма-қол ақшаны жеңiлдiк тарифтер бойынша алуға мүмкiндiк бар.