1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (15517) 27 шілде, сейсенбі 2010
Сонымен, Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы түрлi себептерге байланысты («Қажығұмар Шабданұлы Қазақстанның азаматы емес...», «Романда көтерiлген мәселелер Қазақстанның проблемалары туралы емес...», «Роман толық бiтпеген...» және т.б.) Қазақстанның Мемлекеттiк сыйлығынан үмiткер шығармалар тiзiмiнен алынып тасталды. Бұл мәселе Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссия мүшелерi арасында дауысқа да салынды, Қажығұмардың шығармасын қолдамайтындардың саны оны қолдайтындардың санынан артық болып шықты...
Қош делiк. Қажығұмардың шығармасын қолдамаған комиссия мү­шелерi бiзге неге екенi белгiсiз, жа­зушының «Қылмыс» романын оқып шықпаған сияқтанады да тұрады. Егер оқыса... Не десек те, Мем­ле­кеттiк комиссия мүшелерi бұл тұр­ғы­да енжарлық, майысқақтық танытты.
ТОҚАЕВ ПЕН САУДАБАЕВ СИЯҚТЫ ДӨКЕЙЛЕР ТҰРҒАН ҮЙ БЫЛЫҚ БАТПАҒЫНАН ҚАЛАЙ ШЫҒАР ЕКЕН?
Бұрынғы ведомство қызметкерлерi қаржы министр­лiгiмен соттасып жатыр. Нақтырақ айтқанда, осы ведомствоға қарасты «Тұрмыс» мемлекеттiк кәсiпорнымен. «Тұрмыстың» директоры – қалалық мәслихат депутаты Юсуп Келиков. 1998 жылы мемлекеттiк құрылымдар Алматыдан Астанаға көшiрiлген болатын. Сарыарқаның сақылдаған сары аязына тұрақтай алмаған шенеунiктердiң көшiн тұрақтандыру үшiн президент әр министрлiкке қызметкерлерiн баспанамен қамтамасыз ету жөнiнде тапсырма берген-дi. «Титаник» — шенеунiктер мен әкiм­қараларға арнап салынған үкiмет үйi. Есiл бойындағы ұзынша бұл үйдi халық солай атап кеткен.
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРДIҢ «НАҒЫЗ «АҚ ЖОЛДЫ» АШУЫНА ТҮРТКI БОЛМАҚ
Жалпы кәсiпкер деп кiмдi айтамыз? Қазiр дәретхана ашып, елден ақша жинап отырған да немесе шағын дүңгiршек ашып, майда-шүйде сатып отырған да «кәсiпкермiн» деп көкiрегiн кередi. Әрине, мұндай кәсiп­кер­лер­ден ел зиян шекпес. Кәсiптерi алға баса берсiн. Бiрақ Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевқа үлкен қазан керек. Әулие ата өңiрiнде алып сататын, жатып сататын кәсiпкерлер жетерлiк. Алайда, сырттан үлкен инвестиция тартып, алып жобаларды қолға алып, мыңдаған жұмыс орындарын ашқан кесек кәсiпкерлер жоқтың қасы. Кәсiпкерлiкке нәр берiп, тамырына қан жүргiзетiн негiзгi нәрсенiң бiрi – несие. ҚР Ұлттық банкi Жамбыл филиалының
Газетiмiздiң өткен санында (№58. 22 шiлде, 2010 жыл) Шымкент қорғасын зауытының бұрынғы қызметкерлерi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлi­гiне бiрнеше сауал жолдаған-ды. Iле-шала министрлiктiң баспасөз қызметiнен жауап келдi. Тоқетерiн айтқанда, жұмысшылардың алға тартқан сұрағы мынандай болатын: «Бұрын зауытта iстейтiн қызметкерлер 50 жастан зейнеткерлiкке кететiн. Қазiр 63 жастан зейнеткерлiкке шығатын болдық. 53 жастан мемлекеттiк жәрдемақы алып, жұмыстан босаймыз. Жәрдемақының мөлшерi – 12 700 теңге. Бұл қай жыртығымызды жамайды? Дәрi-дәрмегiмiз былай тұрсын, күнделiктi шығындарымызды өтемейдi.
Әр жылдың күзiнде үкiметтi әбден меңдеген ескi ауру қайта қозады. Мәсiмов бастаған министрлер кабинетi биыл да бұл аурудан айыға алмайтын тәрiздi. Күз айларында жұртты әбден әбiгерге салып, әуре-сарсаңға түсiретiн аурудың диагнозы – қымбатшылық. Ал бұл қымбатшылыққа әдеттегiдей жанар-жағармай бағасының көтерiлуi түрткi болатыны анық. Жанар-жағармай жыры күзде қайта басталатыны шiлде айында-ақ байқалып қалды. Кедендiк одаққа енгендiктен, дизельдi отын мен жанармай бағасын әкiмшiлiк жолдармен реттеп, тежеу мүмкiн емес. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұны о баста

Ақши ауылында (Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы) белгiлi қолөнер шеберi, этнограф-ғалым, Қазақстан Суретшiлер және Дизайнерлер одағының мүшесi, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты Дәркембай Шоқпарұлының қолөнер мұражайы ашылды. «Жақсының аты өлмейдi» деген сөз ып-ырас екен-ау, мұражайдың ашылуына жиналған халық «Кезiнде осы жердi Дәркембайға Заманбек Нұрқадiлов алып берiп едi...» деп әңгiмелеп жатты. «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұра­жайы» шын мәнiнде , 2006 жылы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын ретiнде құрылған-ды. 2007 жылдың ақпан айында бұл кәсiпорынға мамандар қызметке қабылданды (7 адам). 

Адамның түсiне кейде кiрмейтiн нәрсе кiредi. Таң алдында қара терге түсiп, шошып ояндым.
Қаптаған халық екен деймiн түсiмде, бәрiнiң көзi көкте қалықтап ұшып жүрген бiр аппақ құста.
– Бұл не құс? – деймiн қасымда тұрған бiреудi түртiп.
– Бақыт құсы, – дейдi ол аспаннан көзiн алмастан. Кiмнiң басына келiп қонса, сол адам осы елге президент болады!
– Қойшы-ей! – деймiн нанар-нанбасымды бiлмей. Тура ертегiдегiдей екен!
«Лениншiл жас»!... Қазақ баспасөзi қара шаңырақтарының бiрi ғана емес, бiрегейi! Осынау жастар басылымы шығармашылық iзденiстер мен батыл сынақтардың (эксперименттер) мектебi болды десем қателеспеспiн. Тағдыр менiң маңдайыма кәсiби қызметiмдi осынау Қара шаңырақта бастап, оның ғажайып мектебiнде 14 жылдай дәрiс алу бақытын жазған екен. Өзi жастар басылымы болғандықтан әрi ұжымында жас журналистер жұмыс iстегендiктен болар, әйтеуiр «Ленишiл жаста» шығармашылық батыл қадамдар жиi жасалатын. Тым тәуекелшiл iстер еш кiбiртiксiз еркiн атқарылатын. Өзiм куә болған сондай тәуекелшiлдiктiң бiрi жайлы айта кетсем

Фотография бастапқы кезде мер­зiмдiк баспасөздi безендiру, көркемдеу құралы ретiнде қолданылды. Оның баспасөз беттерiнен тұрақты орын алуы 1932 жылдың 9 мамырынан басталды. Дәл сол күнi Алматыда ВКП (б) Орталық Коми­тетiнiң партиялық баспасының Қазақстандағы филиалы ашылды. Соған байланысты баспахана техникалық тұрғыдан жаңартылып, газет-журнал беттерiнде жарияланатын фотосурет­тердiң клише­лерiн жасайтын цех iске қосылды. Бұл өз кезе­гiне орай мерзiмдiк баспасөз­дiң сапасын арттырумен қа­тар олардың бiр орталыққа шоғырландырылуына мүмкiн­дiк туғызды.

“Жас Алаш” газетiнiң 2010 жылғы 13 шiлдедегi санында Жам­был облысы бойынша ҚАЖКБ ЖД 158/2 мекемесiнде (жалпы режим) жазасын өтеушi Рамазан Есiргепов туралы Инга Иманбайдың “Түрме басшылығы саяси тұтқынның аштық жариялағанын жасыруда” деген мақаласы жарық көрдi. Онда Рамазан Есiргеповтiң жұбайы Раушан Есiргепованың айтуынша, қазiр түрме басшылығы саяси тұтқынның жағдайы туралы шындықты қоғамнан жасырып, оған дәрiгерлiк көмек көрсетпеген, Есiркеповтi күнде асханаға саппен айдап апарып, мәжбүрлi түрде тамақ iшкiзуге үгiттейдi делiнген. Бұл – негiзсiз айтылған жайттар.

“Өзен – Қызылқия – Қорған” темiржолы халық­аралық маңызға ие. “Өзен – Түрiкменстан мем­лекеттiк шекара” жаңа темiржол желiсi құрылысы алғашқы рельсiнiң бұрандасы өткен жылы қыркүйектiң соңында қағылған болатын. Содан берi бiршама уақыт өттi. Ұйымдастыру шаралары жасалды. Мамандар мен жұмысшылар таңдалды. Техникалар топтастырылып, қажеттi материалдар құрастырылды. Осы жылдың ерте көктемiнен бастап жаңа темiржол құрылысы жан-жақты қарқын алды. КАМАЗ-дар мен КРАЗ-дар, экскаваторлар мен бульдозерлер қайнаған еңбектiң үлгiсiн көрсеткендей. Күндiз-түнi тынбай тартқан ауыр составты пойыздар тiзбегi Жаңаөзендегi бұрынғы еңбек дүбiрiне дүбiр қосқандай.

Сурет түсiру кезiнде ең алдымен жағдайға қарап әрекет етiп, айналадағы адамдардың көңiл-күйiн бақылап алу маңызды. Егер қандай да бiр жағымсыз жағдай болып, суретке түсi­руге бiр адам қарсы болса, онда оның рұқсатынсыз түсiр­меген жөн. Егер суретке түсiру кезiнде сiздiң жаныңызда тұрған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнсе, егер сол адам­ға сенiң көмегiң керек болып тұрса, сурет түсiрудi қойып, ол адамға көмектескен жөн. Қа­лай болғанда да бiз ең алдымен адам баласы екенiмiздi ұмытпағанымыз дұрыс.

Қазiр несиеге қол жеткiзе алмай жүрген жұрт көп. Әсiресе, дағдарыс алқымнан алып, қаржы тапшылығы қысқалы берi несие алу тiптен қиындады. Қайсыбiр банктер онсыз да қатал талаптарды одан бетер ауырлатып жiбердi. Несие алмас бұрын алдын ала 30 пайыз комиссиялық жарна төлеу керек, кепiлдiкке қойылатын мүлкiңнiң құны жоғары болуы тиiс, осы тәрiздi толып жатқан талаптарды естiгенде төбе шашым тiк тұратын. Сөйтiп, бүгiнде несие алу мұңға айналды деп түйгенмiн. Осылайша несиеге қол жеткiзе алмаймын-ау деп жүргенде танысым Альянс банкiнен несие алғанын естiдiм.