1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (15522) 12 тамыз, бейсенбі 2010
«ОТАНДАСТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ЕНГIЗГЕН ӨЗГЕРIСТЕРI АРҚЫЛЫ КРЕМЛЬ ОСЫНДАЙ ҰРАН ТАСТАҒАН ЖОҚ ПА?
«Орыс картасы», «Ресей отандастары» деген ұғым және оны iске асыру жобасы пайда болғанда, қазақстандық қоғам дүр сiлкiнiп, бұған қатысты әртүрлi пiкiрлер айтылған-ды. Қызу талқының мән-жайы Кремльге де жеттi ме, әйтеуiр бұған қатысты Ресейдiң экс-президентi В.Путин де өз түсiнiктемесiн берген едi. Ол «отандастар» ұғымына қатысты былай дедi: «Отандастар деге­нiмiз кiмдер? Бұл – ресейлiктер, яғни Ресей аумағында өмiр сүретiн бiздiң елдiң азаматтары. Ал сiздер үшiн «отандас» деп кiмдi айтуға болады? Бұл – қазақ елiнiң аумағында тұратын қазақстандық азаматтар деген сөз. Осының ара жiгiн айырып алғанымыз жөн болар. Бiзде бөтен пиғыл жоқ екенiн есте тұтқан абзал». Содан берi бiрнеше жыл өттi. В.Путиннiң Ресей билiгiне келуi бұл елдi жаңа белеске көтергенi мә­лiм. Ресейлiк билеушiлер (КСРО ыдыраған соң) өздерi­нiң жеке амбициясын ұлттық мүд­деден жоғары қоймайтынын анық көрсеттi

Ресейлiк “Полюс Золото” мен қазақстандық KazakhGold төңiрегiндегi дау-дамайдың толастар түрi жоқ. Даудың басы шiлде айында басталған. Осы кезде қазақстандық шенеунiктер “Полюс Золото” мен KazakhGold арасындағы келiсiмшарттың ашықтығына күмән келтiрген-дi. Артынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бұл келiсiмдi бастан-аяқ қайта қарауға кiрiстi. Өйткенi шенеунiктердiң ойынша, ресейлiк “Полюс Золото” KazakhGold активтерiн тым арзан бағаға сатып алған. Расында да, ресейлiк компания KazakhGold -тың 50,1 пайыз акциясы үшiн 269 миллион доллар санап берiптi.

Айман Ахметтаева дәрiгерлердiң немқұрайлығынан бiр жарым жылдан берi бауыр етi балапанын бiр көруге зар
2009 жылдың 18 ақпаны күнi Алматы облыстық рухани денсаулық және iшiмдiк-есiрткi кеселдерiн емдеу орталығының төсек-орнына ерiксiз матал­ған Айман Ахметтаева “Жас Алаш” газетi редакциясынан араша сұрады. “Орталықтың бөлiм меңгерушiсi Сүлеймен Ақназаров толық медициналық тексеруден өткiзбестен “параноидты шизофрения, кататониялық синдром” ауруына шалдыққан деп диагноз қойды. Бiрақ, мұны Оңтүстiк Қазақстан облыстық психоневрологиялық диспансерi, Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты, тiптi ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi медициналық және фармацевтикалық қызметтi бақылау комитетiнiң Алматы облысы бойынша департаментi жоққа шығарды. Әйтсе де,
“Қаңғып келген шүрегейдiң”, яғни Колбиннiң тұсында бiздiң бiр кексе журналисiмiздiң Шымкент облысын (бүгiнгi Оңтүстiк Қазақстан облысын) “ескiлiктiң ұясы” деп сынап-мiнегенi бар. Марқұм Оралхан Бөкей, ол кезде Орағаң “Қазақ әдебиетi” газетi бас редакторының орынбасары едi, газеттiң жас журналис­терiн жиып алып:– Бiле бiлсек, Шымкент облысы – бiздiң алтын қорымыз. Қазақтың, ұлттың алтын қоры. Тiлiмiздi де, дiлiмiздi де, дiнiмiздi де, дәстүрiмiздi де сақтап отыр­ған кiм? Шымкент облысы. Мәселен, менiң шығармаларымды қадағалап оқитын оқырмандардың 90 пайызы – шымкенттiктер. Өзге облыстардан бiр хат алған кезде, Шымкент облысынан 10 хат алам мен. Бетi бүлк етпей “ескiлiктiң ұясы” дептi... Ал ендi шын түсiне алсаңдар, ескiлiктi сақтау да – естiлiк. 
Жаңаөзен мұнайшыларына және Маңғыстау облысының әкiмi Қ.Көшербаев мырзаға
АШЫҚ ХАТ
Қадiрлi жаңаөзендiк мұнайшылар! Құрметтi Қырымбек Елеуұлы!
Жаңаөзен қаласындағы соңғы кездерi қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылығымды бiлдiрiп, сiздерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық хат жазғанды жөн көрiп отырмын. Бiздер, бiрнеше мыңдаған қарапайым мұнайшылар күнi кешеге дейiн өз құқымыз бен болашағымыз үшiн күрестiк. Алдымен жергiлiктi мемлекеттiк құзырлы органдар мен мұнай мекемелерiнiң басшыларына жай ғана ауызша айту, жазбаша хат жазудан бастап, Астанадағы жоғарғы билiктiк органдарға дейiн мұң-мұқтажымыз

“Армстрой”, “Мақсат СТ”, “АстанаШаңырақҚұрылыс” және “КапиталСтройИнжениринг”... Биылғы жылдан бастап Жамбыл облысының құрылысында аяқ астынан осындай компаниялардың пайда болғанын бұған дейiн жазған едiк. Рас, Қарағанды, Павлодар, Астана қалаларынан келген бұл компания­лардың кейбiрi Жамбыл облысына тiркелiп, салық төлеп отыр. Бiрақ, бүгiнде тендерге түскенде “таныс” болмаса, ешқандай “шанс” болмайтынын елдiң бәрi бiледi ғой. Соған қарағанда бұлардың Жамбыл жерiне жалғыз аяқ жол тапқаны анық. Әрине, бiздiң елде “басқа облыстың құрылыс компаниясы неге бiздiң облыстың тендерiн ұтады?” деген әңгiме жүрмейдi.

ҚР президентi Н.Назарбаевқа хат
Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2006 жылдың 18 маусымында бiз отбасымызбен ауыр жағдайға тап болдық. Анығын айтқанда, Маңғыстау облыстық ауруханасындағы дәрiгерлердiң өрескел қате­лiктерiнiң кесiрiнен 1982 жылы туған қызым Ақырыс Кұбашева күтпеген жерден I топтағы мүгедек болып қалды. Қызымның болашағы алда едi, Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университеттi бiтiрiп, 2003 жылдан берi Оңды ауылындағы Ә.Кекiлбаев атындағы орта мектепте ұстаздық қызметiн атқарып жүрiп жатқан. Сол 2006 жылдың маусым айында “23-24 апталық жүктiлiк, анемия, гипотония, созылмалы пиелонефрит” деген диагнозбен облыстық перинаталдық орталықта ем алып жүрген-дi.
ҚР Iшкi iстер министрi С.Баймағамбетовтiң назарына!
Өткен жылдың 19 желтоқсаны күнi шаң­қай түсте белгiсiз бiреу туған бауырымды атып кеттi. Оқиға Қордай ауданы, Қызыл Партизан ауылында болған. Бауырым Қанат Жетiбаев жекеменшiк көлiгiмен ауланың алдына келiп тоқтағанда “ИЖ” маркiлi мотоцикл мiнген белгiсiз бiреу оған оқ жаудырады. Мото­циклдегi адамның басында арнайы каска болған. Бiрнеше жерiнен қатты жарақаттанған Қанат сол мезетте-ақ қайтыс болды.Бауырым Қанат Жетiбаевтың қазасы бо­йынша қылмыстық iс қозғалды. Оқиға шаң­қай түстiң кезiнде болғандықтан бұл жөнiнде бiрнеше адамдар нақты түсiнiктер берген. Олардың айтуына қарағанда

32 жастағы күйеуiм Айдар Шекенов – I топтың мүгедегi. Сымдай тартылған сымбатты жiгiт заңгер болып қызмет iстеп жүргенде екi бүйрегi де жұмыс iстемей қалды. Мiне, 4 жылдан берi күйеуiм Айдар “жасанды бүй­рек” аппаратымен өмiр сүруде. Сөйтiп, 32 жастағы күйеуiм мүгедек болып қалды. 2008 жылы Денсаулық сақтау министрлiгi бүйрек салу үшiн Айдарды квотамен Пәкстанға жiбердi. Бiрақ, бүйрек салу операциясы жасалынбады. Мiне, квотамен жасалынатын дәл осы операцияның өндiрiстен алынып тастал­ғанына да бiр жыл болды.

Жақында “Хабар” арнасынан жаңа қазақ-түрiк телесериалын тамашаладық. “Астана– махаббатым менiң” деп аталатын бұл сериалда қазақ-түрiктiң атағы жер жаратын небiр әртiстерi өнер көрсетсе де, менiң көңiлiмнен шыққан жоқ.Бiрiншiден, бұл сериал аралас некемен аяқталады. Яғни, қазақ жiгiтi қазақ елiнен қыз таппағандай, түрiк қызына үйленсе, ай мен күндей қазақ қызы түрiк жiгiтiне бұйырады. Мүмкiн идея авторлары мұнда шынайы махаббатты көрсеткiсi келген болар, бәлкiм. Бiрақ, аралас некенiң несi жақсы? Екiншiден, “түбi бiр түркi халқы” болсақ та, сериал орыс тiлiнде көрсетiлдi. Бұл ненi бiлдiредi?

Алматыдағы “интерқыздар” атанып, полицияның тiзiмiне iлiнген бiр мыңнан астам қыздың 700-ден астамы қазақтың қара домалақ қыздары екен. Ал ендi бұлардың “қара тiзiмге” iлiкпей жүргендерi қаншама! Мұны мен жуырда баспасөз бетiнен оқыдым. Осымен қатар өз ерiне у берiп өлтiру немесе балтамен соғым сойғандай қырық жiлiк етiп шауып, өз күйеуiн о дүниеге аттандыру, одан қалса, арақ iшiп, анаша мен темекiнi тамсана тартып, өз үйiнен безiп, немесе туған бала-шағасын iшкiлiкке айырбастап кеткен аналар туралы да аз жазылып жүрген жоқ. Құдай-ау, қазақ әйелдерiнiң, мұсылман әйелдерiнiң iсi ме бұл iстейтiн?

Осыдан екi жыл бұрын Қытайдағы қандасымыз, белгiлi фотосуретшi Асылхан Бәген бiздi Iле-қазақ облысындағы қазақтардың жыл сайын өтетiн ақындар айтысын көрiп қайтуға шақырған едi. Сонымен қатар, ұлттық ойындар мен ұлттық салт-дәстүрдi тамашалаудың да сәтi түсiп тұрғанын айтқан-ды. Алайда, бұл мереке жоспарланған мерзiмде өтпей қалды. Басты себеп – Үрiмшiдегi ұйғыр-қытай қақтығысы. Осы шара өтер кезде ұйғыр ұлтының екi азаматы халықтың қақ ортасында өздерiн-өздерi жармақшы болған. Мұндай қадамға баруларын олар “ұйғыр қырғынға ұшырап жатқан кезде мұндай ойын-сауыққа жол жоқ!” деп түсiндiрiптi. Бұл екi азаматтың екеуi де қамауға алынған.

Жақында қолыма 2007 жылы “Арыс” баспасынан шыққан “ Кiшi жүз. Шежiре” деген кiтап түстi. Авторы – Мақсұт Неталиев. Бұл кiтапта “Махамбет Өтемiсұлының шежiресi” деген бөлек тарау бар екен. Автордың бұра тартқан, қисынсыз деректерiне қарсы дау айтқым келiп отыр. “Кiшi жүз. Шежiре” деген бұл кiтапта Өтемiстiң он ұлын санамалай келiп, автор “Досмайылдан –Есей, Дабыс. Есейден –  Сағынғали” деп қате түсiнiк берген. Досмайылдың балаларының аты – Есей, Дабыс емес. 2003 жылы 9 тамызда шыққан “Егемен Қазақстан” газетiнде жарияланған “Менiң бабам – Махамбет” атты мақаламда мен мынадай деректер келтiрген едiм.
СИҚЫРЛЫ ТАС
Ресейдiң белгiлi саяхатшысы әрi ғалымы Эрнест Муллашев жақында Карелияға сапар шекпек. Өзiнiң сапарының мақсатын Э.Мул­ла­шев былай түсiндiредi.– Бiз өткен жылы Тибетте болдық. Тибеттiң ламалары әйгiлi Шыңғыс ханның тасы туралы айтты. Бұл тасты Шыңғыс хан қалтасына салып жүредi екен. Егер осы тас қалтасында болса, Шың­­ғыс хан кiмдi қабылдаса да, кiммен әңгiмелессе де, қарсыласы мұның айтқанына көне бередi екен. Өйткенi, әлгi таста қарсыласыңды жуасытатын, айтқаныңа көндiретiн қасиет бар құсайды. Мұндай тастар тек Карелияда ғана кездеседi.
Серiк ОҢҒАРБАЕВ, Ұлттық және су спорты түрлерiнен олимпиада iзбасарларын дайындайтын Оңтүстiк Қазақстан облыстық балалар мен жасөспiрiмдердiң кешендi мамандандырылған спорт мектебiнiң директоры:
Олимпиада ойындары тарихында ең көп алтын медаль жеңiп алған 10 спортшының 5-еуiнiң бағы су спорты түрлерiнде жанған. Атап айтқанда, Майкл Фелпс 14 алтын, Марк Спитц 9 алтын және Дженни Томпсон мен Мэтт Бионди 8 алтын медальдан жеңiп алып, аты аңызға айналған жүзгiштер атанса, Бригит Фишер байдарка және ескек есуден алдына жан салмай, олимпиада ойындарында 8 алтын жүлдесiне қол жеткiзiптi.
Тамыздың 14-i күнi қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин колумбиялық Милтон Нуньеспен жұдырықтасады. Егер Гена Нуньестi жеңсе, онда ол WBA версиясы бойынша әлем чемпионының тағына жақындай түспек. Өйткенi, бұл жұптың қай жеңгенi чемпиондық белдiк үшiн француз боксшысы Хасан Нджидадпен қолғап түйiстiредi. — Әуесқой бокспен шұғылданып жүргенiмде Лучиано Буте, Андре Диррелла, Матвей Коробов сияқты атышулы қарсыластарды тiзе бүктiргеннен кейiн мен үшiн кәсiпқой боксқа ет үйрету оңай болды. Бұдан әрi де өте мықты қарсыластармен ғана жұдырықтасқанды жөн көремiн. Өйткенi, өзiмнiң шеберлiгiмдi де көрсетуiм керек қой.