1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15523) 17 тамыз, сейсенбі 2010
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫН ҚА­ЛАЙ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН ЖАҢАРТАМЫЗ?
Өткен аптаның соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев үкiметке биылғы жылдан қалдырмай құқық қорғау саласын реформалауды тапсырып, тоқтап қалған заң жобасын тездетiп парламентке өткiзудi бұйырды. Сөйттi де, былай дедi: «Бiз жылдар бойы аз жұмыс атқарған жоқпыз. Мұны әлемдiк сарапшылар да көрiп-бiлiп отыр. Ендi сол реформаны жүргiзу ғана қалды. Бiз азаматтарымыздың құқығы өз деңгейiнде қорғалғанын қалаймыз, кәсiпкерлер де алаңсыз болуы тиiс. Құқық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа бөгет қойылуы керек. Жауапкершiлiктi көтеру өте маңызды және әр орган өз iсiмен айналысқаны жөн. Кейбiр жаза түрлерiн балама жазамен ауыстырған дұрыс, мәселен iрi көлемде айыппұл салу немесе қоғамдық жұмыс­қа тарту...».
МИНИСТРЛIКТIҢ ОЙЛАП ТАПҚАНЫН САРАПШЫ МАМАНДАР САУАТСЫЗДЫҚ ДЕП БАҒАЛАУДА
Қазақстанның байланыс және ақпарат министрi Асқар Жұмағалиев «Қазақстан Республикасы заңдылықтарын сақтау үшiн БАҚ өнiмдерiне арналған мониторинг әдiстемесiн мақұл­дау туралы» бұйрыққа қол қойды. Жуырда қабылданған бұл бұйрық Қазақстан аумағындағы барлық БАҚ-тарға, сондай-ақ интернетке де қатыс­ты. Сарапшылардың айтуынша, министрлiктiң БАҚ-қа қатысты заңның барлығын бiр әдiстемеге жинап, оны ресми түрде жариялауы үлкен күдiк туғызады. Мұның артында сөз бостандығын шектеу, тәуелсiз басылымдарды болмашы сылтаулармен жабу науқаны тұруы да мүмкiн.
НЕМЕСЕ БIЛIМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫП-ҚЫЗЫЛ САУДА
Қызық болғанда, билiк сыбайлас жемқорлықпен күрестi “күшейткен” сайын ел аузынан түрлi былық-шылықтар туралы еститiн болдық. Сөйтсе де, көп нәрсеге көзiмiз үйренiп, етiмiз өлiп кеткендей. Бiр ғана бiлiм саласын ала­йықшы. Өткенде үйге Қызылорда облысы, Шиелi ауданында тұратын бiр танысым келдi. Әңгiме жұмыс барысына ауыс­қанда әлгi танысым: “Жұмысым жаман емес, 30-40 мың теңге айлық аламын. Бастысы, оқу жылы басталарда үстеме сағат қосып алу үшiн директорға бес-он теңгесiн берсең болды” дедi. Бес-он теңге дегенi бес-он мың теңгенiң айналасы. Мектепке жұмысқа тұрарда онсыз да пара берiп кiретiн мұғалiм жұмысынан айырылып қалмауы үшiн де жылда директордың құлқынын тығындауы керек екен.
Қыркүйек айында Австрия астанасы Вена қаласында ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанның ұйымдастыруымен электронды дауыс беру жүйесiне қатысты семинар өтпек. Бұл жиында ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң электрондық сайлау тәжiрибесi, бұл жүйенiң болашағы жайлы сөз болмақ. Осы семинардың ұйымдастырушысы биылғы жылғы ЕҚЫҰ-ның төрағасы Қазақстан да өзiнiң электронды сайлау «тәжiрибесiмен» бөлiспек көрiнедi. Бiрақ бiздегi электронды дауыс берудi былай қойғанда, кәдуiлгi қағаз бюллетеньмен дауыс берудiң өзi өрескел заң бұзушылықтармен өтетiнiнен жұрттың бәрi хабардар. «Сайлау» электронды жүйесi дауыс берудi бұрмалау, дауысты бұрыс есептеу үшiн билiктiң ойлап тапқан құралы екенi баяғыда айқұлақтанып қалған. Бұл ретте «Азат» ЖСДП президиумының мүшесi Маржан Аспандияро­ваны әңгiмеге тартып, электронды дауыс беруге қатысты пiкiрiн бiлмек болдық.
Сiз үшiн қаншалықты сенiмдi?
Қысқа жаздан сайланады. Ал сайлауға ше? Қазақстандағы парламент, президент сайлауларының қалай өтетiнi әмбеге аян. Дауыс беру нәтижесiн санақшының қалауы, оған тапсырма берушi қожайын шешедi. Бүгiнгi билiк дауыс ұрлаудың, бұрмалаудың iзiн бiлдiрмес, көзге көрiнбес етудiң жолын тапқан. Сайлауды электронды жүйеге көшiре бастауының сыры осында дейдi сарапшылар. Көзi қарақты әркiм де осылай түсiнедi. Үлкен сайлаулар өтетiн 2012 жылға да көп қалған жоқ. Сайлауға әзiрлiктi билiктегiлер де, оған қарсылар да қалай, қашан бастауды бiледi. Ал оған тiкелей қатысатын дауыс иесi – сайлаушы не iстемек? Әрине, сайлаудың қалай өтерi оған бәрiбiр болмаса, өз таңдауын жасайды.

Осыдан бiрер ай бұрын газеттерiмiзде Мұстафа Шоқайдың (1890-1941) бұрын белгiсiз болып келген жаңа қолжазбаларының табылғаны, олардың ТҮРКСОЙ тарапынан елге жеткiзiлгенi және бұл қолжазбалардың болашақта кiтап болып шығатыны туралы қуанышты хабар жарияланды. Осы орайда ТҮРКСОЙ-дың жаңа басшылығы бiрқатар игi шараларды жүзеге асырып жатқанын арнайы атап өткенiмiз жөн. Бұл құнды дүниелердi ондаған жылдар бойына көзiнiң қарашығындай сақтап келген бауырымыз, Түркияда тұратын қырымтатарлық Мұзапар Ақшора оларды 1976 жылы Тайыр Шағатай есiмдi азаматтан алғанын айтыпты. Бiрақ, Т.Шағатай жайында мағлұмат бермептi. Сонда Тайыр Шағатай деген кiм? Бiз өз мақаламызда қал-қадерiмiзше осы туралы әңгiмелекпiз.

Арада он жыл өткенде Баукеңнiң жеке мұрағатымен танысу бақытына ие болдым. Нақтылай айтқанда, атаның қара шаңырағында сақтаулы жеке мұрағатынан тиiсiнше материалдар алып тұруыма Бақытжан аға Момышұлы мен Зейнеп жеңгей Ахметова маған ерекше мүмкiндiктер берген едi. Аға-жеңгемiзге мың алғыс! Ол кiсiлермен бiрге қағаздармен танысудамын... Кезектi папканы ашқаным да сол едi, кенет бiр тосын материалдың көзiме оттай басылғаны... 1962 жылғы “Қазақ әдебиетi” газетiнiң сарғайған бiр нөмiрi. Бiрiншi беттiң редакторлық бағанасында – Баукеңдi “сойып салған” мақала. Iшкi бетте – қос автордың Баукеңдi түйреген фельетоны... Әлгi жерде, осыларға байланысты Олжекеңнiң қынжылысқа толы баяғы мақаласы ойыма бiрден сап ете түскенi.

Төрт айдың iшiнде Қызылағаш ауылында 470 үй салынып, резервте тұрған жетi үйден өзгесi түгелдей пайдалануға берiлдi. Жұма күнi апаттан кейiнгi ауылға президент Н.Назарбаев та барып қайтты. Апат құрбандарына арналған ескерткiштiң ашылуына қатысып, оған гүл шоғын қойды. Сыртынан су қоршаған Ана ағаштың тасасында баласын арашалап тұр. Сыншылар бұл ескерткiштi елiмiзде салынған соңғы он жылдағы ең мазмұнды мүсiн деп бағалауда. Оның ашылуына тек ауыл тұрғындары ғана емес, апатта қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшiн Ақсу ауданының халқы түгелдей жинал­ған. Ендi сол ескерткiштiң бетiне апатта қаза тапқандардың есiмi жазылмақ.

Биылғы жазда ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Алматылық екiншi сынып оқушысы Әлихан Жұманов Бiлiм және ғылым министрлiгiн сауатсыз оқулық шығарғаны үшiн сотқа берген. Бiрақ, алғашында әдiлеттiлiкке қол жеткiзбей қоймаймын деген Әлиханның әкесi сотқа берген арызын қайтарып алды. Оған “өте беделдi әрi құрметтi” кiсiмен болған әңгiме әсер еткен көрiнедi. 1-2 сыныптарға арналған “Жол жүру ережелерi” оқулығындағы қателiктерден көз сүрiнетiнiн, ондай оқулықты оқуға мәжбүр болған оқушының жүйкесiне зақым келетiнiн айтқан әкелi-балалы екеу министр­лiктi сотқа берiп, моральдық шығын ретiнде 100 миллион теңге талап еткен-дi.

Тамыздың 1-i мен 10-ы күндерi аралығында мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау конкурсы өттi. Биыл конкурсқа 80600 адам құжат тапсырған. Үкiмет таға­йындаған грант саны – 35 мың 425. Гранттар бiрiншi кезекте “Алтын белгi” белгiсiмен марапатталған түлектерге үлестiрiледi. Келесi кезекте республикалық, халықаралық ғылыми жарыстарда, спорт сайыстарында жеңiм­паз атанған оқушылардың құжаттары қаралады. 1138 бiлiм гранттарына жетiм, мүгедек балалар, ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкiлдерi ие болады.

Соңғы жылдары техникалық мамандықтарға көптеп көңiл бөлiнiп, бұл мамандықтарға бөлiнетiн гранттардың саны артты. Десек те, одан сапалы техникалық мамандар саны арта қойған жоқ. Әлi де елiмiздегi ең үздiк шетелдiк, ұлттық компаниялар мен холдингтерде шетелдiк мамандар қызмет етедi. Неге? Ендi осы сауал төңiрегiнде ой өрбiтiп көрсек.
Бiрiншiден, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, қысқаша “ҰБТ” енгiзiлген жылдардан берi тың шығармашылыққа деген iзденiс, әсiресе әр саладағы инженерлiк мамандықтарға талдау, iрiктеу мәселесi назардан тыс қалып қойды. Журналистикаға, ән, би, актерлiк мамандықтарына тапсырған түлек­тердiң шығармашылық қабiлетi тексерiледi.
Оқу, жұмыс деп жүрiп бұл ауылға да келмегелi бiраз болып едi. Осындағы баяғы достарымды қатты сағындым. Тай-құлындай тебiсiп өскен құрдастарыммен сырласып, балалық шаққа “саяхат” жасағанға не жетсiн, шiркiн. Мiне, аз күнге демалыс алып, ауылға асығып келе жатқаным да сондықтан. Алдын ала сондағы атамның үйiндегiлермен ұялы телефон арқылы хабарласып, ауылда достарымнан кiмдердiң бар екенiн бiлiп алғым келген. Бiрақ, сөйлесудiң ретi түспедi. Өйткенi, ауылда ұялы телефонмен сөйлесу үшiн, қырға шығу керек екен. Онда да қыр-қыр етiп, айтылған сөздердi түсiнiп жарытпайсың. Артынша байланыс үзiлiп кетедi.
Мен қысық көз бұл жiгiттi бұрыннан бiлетiн едiм. Мiнезi ашық-жарқын, көрген беттен құшақ жая қарсы алатын оның соңғы кездерi мiнезi күрт өзгерiп кеттi. Бүгiн оны тiптен танымай қалдым. Темiржол вокзалы, дұрысы “Дәулет” сауда үйiнiң маңынан жолықтырып:
– “Кореец” (көзi қысық болған соң осылай атайтынбыз), қалайсың?! Көрiн­бей кеттiң ғой? – деп сұрадым.
– Нормально, – дедi мұңайғандай.
– Не болып қалды, бәрi дұрыс па?!
– Достым, – дедi маған жақындай түсiп – Мына “игровой аппарат” деген бiр пәле болды ғой! Кеше ғана зарплата алып
ҰЯТ-АҚ БОЛДЫ
Осыдан тура бiр ай бұрын Петропавл қаласының Орталық демалыс паркiне 30 жазушының мүсiндерi орнатылған-ды. Өткен аптада қала тұрғындары облыстық әкiмшiлiкке барып, тура әкiмшiлiктiң алдында баспасөз мәслихатын өткiздi. Сөйтсек...Орталық демалыс паркiне орнатылған мүсiндер мүсiн иелерiне мүлде ұқсамайды екен. Мәселен, Сәбит Мұқановтың басы шамадан тыс үлкен боп кеткен, ал Ғабит Мүсiреповтiң аяғына тап бiр 60 размерлi аяқкиiм кигiзiп қойғандай. Кейбiр жазушылардың тiзелерi терiс қарап орнатылған. Лермонтов пен Шоқан Уәлиханов – егiз қозыдай ұқсас. Мұның қайсысы Лермонтов, қайсысы Уәлиханов, айыру мүмкiн емес.
Өткен аптада футболдан Қазақстан премьер-лигасының бiрiншi кезеңi аяқталды. Ерте көктемде жарысқа қосылған он екi команда күнi бүгiнге дейiн жиырма екi ойыннан өткiздi. Жиырма екi ойынның қорытындысы бойынша алғашқы алты орынды иеленген командалар ендi алтын медаль үшiн айқасады. Қазақстан премьер-лигасының екiншi кезеңiнiң тұсауы 22 тамызда кесiледi. Бас жүлдеге таласатын бес команданың бiрiншi кезеңнiң ойындары аяқталмай жатып-ақ анықталғанын осыған дейiн де жазғанбыз.

Тамыздың 14-i күнi Сингапурде жас­тар арасында Олимпиада ойындарының алауы тұтанды. Әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен жиналған жас жеткiншектер үш жас аралығы бойынша Олимпиада жүлделерiн сарап­қа салады. Қазақстандық жастар бұл сында спорттың он тоғыз түрiнен сынға түсуде.  Тұңғыш рет өткiзiлiп отырған жастар олимпиа­дасының алғашқы күнi Алаш жұрты үшiн айтулы күн болды. Грек-рим күресiнен 69 келi салмақта белдескен Жәнiбек Қандыбаев (суретте ортада) өзiне тең келер қарсылас таппай, Олимпиада чемпионы атанды. Жәнiбек – жастар арасындағы олимпиада ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақ.

Астанада ҚР президентiнiң кубогын сарапқа салған “Барыс” хоккейшiлерi финалда Минскiнiң “Динамосымен” кездесiп, қарсыластарын буллит арқылы ұтты. Тұңғыш рет сарапқа салынған кубокты жеңiп алу “Барыс” хоккейшiлерi үшiн оңайға түскен жоқ. Андрей Хомутов баптайтын “Барыс” алғашқы екi ойында Мәскеу облысының “Атлант” клубы мен Риганың “Динамосын” оңай ұтты. Екi ойында да 4:2 есебiн қайталаған астаналықтар Минскiнiң “Динамосымен” болған топтық ойында қарсыластарынан 1:3 есебiмен ұтылып қалды.