1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (15524) 19 тамыз, бейсенбі 2010

Екi жылда бiр берiлер Мем­лекеттiк сыйлықтың қа­лам ұстаған көп ағайынның бас ауруына айналғалы қа­шан?! Қыр астынан қиқу шықса, бiттi – ұлы дүбiр, қауырт науқан басталды дей бер. Дәмегөй көп, қалпақпен қағып алар оңай олжа көрiп, ерiнбеген екiнiң бiрi қойторысын баптамай-ақ борсаңдатып бәйгеге қосатын әдет тапты. Аламан бәйге емес, ГТО-ның нормасын орындау үшiн өткiзiлетiн жапа-тармағай жаяу жарыс сияқты. Мынау да жүйрiк, анау да сәй­гүлiк. Соңғы он шақты жылдағы оза шауып бәйге алғандардың қарасы оған дейiнгi барлық лауреаттардың ұзын санымен қарайлас. Азаттық алғалы тынысымыз ашылып, шыныменен-ақ талантты шығармалар көбейдi ме, әлде асыл мен жасықтың парқын ажырататын таразыдан әдiл­дiк кеттi ме? Әйтеуiр, қалай болғанда да, жыл өткен са­йын бұл Сыйлық “мә, қоңқай!” деп ұстата салар әлдебiр жомарттың қолындағы шүленге айналып бара жатқандай.

БОСТАНДЫҚ АУДАНЫНАН БАСЫ МЕН ЕКI ҚОЛЫ КЕСIЛГЕН МӘЙIТ ТАБЫЛДЫ, ОНЫҢ КIМ ЕКЕНI АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР
Жүрген жерiн улатып-шулатып кететiн Эдгар Салдузидiң өткен сенбiде ұшты-күйлi жоғалуы қоғамды бiршама дүрлiктiрiп қойды. Бiрiншiден, жұрт бұрынырақта өзi адам ұрлауға қатысты деп айыпталған Эдгар Салдузидiң өзiн әлдекiмдердiң «өңгерiп әкеткенiне» таңданыс бiлдiрсе, екiншiден, 2006 жылдың қанды ақпаны естерiне түсiп, тiксiнiп қалды... 34 жастағы кәсiпкер, SMmarket дүкендер жүйесi қожа­йындарының бiрi Эдгар Салдузидiң iз-түзсiз жоғалып кеткенiн полицияға оның жұбайы Анастасия Салдузи хабарлаған. — Сенбi күнi таңғы сағат тоғыз жарымда ол өзiнiң «Кадиллак Эскалад» көлiгiмен үйден (оның үйi Әуезов ауданындағы «Дубок» ықшамауданында — ред.) шығып кеттi. Кетерiнде жұмысына баратынын, бiрқатар маңызды кездесулерi бар екенiн айтты. Кешке келуге уәде еттi.
Ресей және Беларусь: ақпараттық айқас
Ресей мен Беларусь арасында өршiген ақпараттық соғыстың таяуда бiтер түрi жоқ. Бұған дейiн Ресей президентi Д.Медведев: «Беларусь басшысы А.Лукашенко ТМД елдерi басшыларының көзiнше Оңтүстiк Осетия мен Абхазияның тәуелсiздiгiн мойындаймыз деп уәде бердi де, артынан сөзiнен тайып кеттi», – деп батьканы жазғырған болатын. Өткен аптада Беларусь президентi Медведевтiң сөзiн терiске шығарып, Ресей президентiнiң ар-ұяты таза емес деп дүрсе қоя бердi. «Мен бұл тақырыпқа пiкiр таластырғым келмеп едi, – дедi А.Лукашенко журналистермен болған кездесуде, – Бiрақ ресейлiк әрiптесiм ар-ұятқа салмай белгiлi бiр нәрселердiң төбесiн қылтитып жүр». Батьканың айтуына қарағанда, Ресей президентi екеуара әңгiменiң басын толық ашпаған.
ҚР премьер-министрi К.Мәсiмов мырзаның назарына
Жаңа оқу жылынан бастап Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технологиялар және инжиниринг университе­тiн­де (КМТ ж ИУ) оқу ақысы тағы да қымбаттап, тiптi бұл жолы шарықтап көтерiлетiнге ұқсайды. Бұлай дейтiн себебiмiз, өткен оқу жылының аяғында университет басшылығы әртүрлi жиындар мен бас­қосуларда студенттерге келесi оқу жылында оқу ақысы 270-280 мың теңгеге дейiн баратынын айтып ескерткен (Бұған дейiнгi оқу ақысы 215-220 мың теңгенi құраған едi).
 “L&K Building” ЖШС-ның ашынған жұмысшылары “Тұран” тұрғын үй кешенiнiң алдына шығып, наразылық бiлдiрдi. Бұл – олардың үшiншi мәрте қарсылық көрсетуi. Құрылыс алаңына екi жылдан берi жалақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар жиналды. Кейiн олардың қатарын iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi, прокурор мен еңбек инспекторы толықтырды. Үстiмiздегi жылдың басында құрылысшылар мәжiлiс депутаты Динар Нүкетаеваға арызданған екен, одан түк шықпапты.

Маңғыстау – республикамыздың экономикасына елеулi үлес қосатын облыс. Бұл бiрiншiден, Маң­ғыстаудың жер қазынасының арқасы болса, екiншiден, сол қазынаны өндiрген қарапайым маңғыстаулықтардың еңбегi. Бiрақ, бiздiң облыс республиканың өзге аймақтарымен салыстырғанда базар нарқы ең қымбат өлке. Мысалы, азық-түлiк тауарларының 85-90 пайызы, киiм-кешек, халықтың күнделiктi тұтыну тауарларының 95-100 пайызы көршi мемлекеттерден және өзге облыстардан тасымалданады. Бұл өз кезегiнде тауардың бағасының көтерiлуiне әсер етедi. Маңғыстау халқының барлығы мұнайшы емес екенiн ескерсек, сол мұнайға қатысы жоқ қарапайым халық көп қиындық көредi.

Ақкөл өңiрi атақты Естай ақын­ның елi. Арқадағы қалың қа­зақ кие тұтқан Исабек ишаннан тараған қожалар әулетiнiң қонысы да сол арада. Басын Ерейменнiң күнгейiндегi Жаман Нияз тау­ларынан алатын Өлеңтi жарықтықтың ана бiр жылдары жазғытұрымға салым телегей-теңiз болып тасығанда, техниканың дәуi аталатын К-700-дiң өзiн өткiзбей қоятын тентектеу мiнезi болатын. Қазiр ол заман тыңдаған адамға ертегi сияқты. Арқаның ат құлағы көрiнбей, апталап соғатын бораны ұмыт болғалы қашан (Адам тiптi боранды да сағынады екен). Ақпанда жауған қары ат бауырынан асатын сол кездегi қаһарлы қыс қазiр жоқ. Қар болмағасын, өзенде су қалсын ба. Су жайылмағасын, шабарға шөп шықпайды, шаруаны қинайды.

Шiлденiң ми қайнатар ыстығы, аяғын iлби басып қолында судан босаған құтысы бар кейуана келедi. Көшенiң қиы­лысына жеткенде тағы да екi әйел кездестi. Амандық-саулық сұрасқан соң, алғашқы­сы­на екеудiң бiрi сұрақ қойды:
– Әй, қыз-ау, күмiс алқаң келген жоқ па, сенiң бiзге қарағанда сауатың бар ғой. Әлгi қараң қалғыр басшылардан сұрамайсың ба?
– Е, жеңеше, қазiргi күнде сенiң сауатыңа кiм қарайды, бардым, ауыл әкiмiне екi рет, аудандағы Қамира Өмiрбай деген әйелге төрт рет, зейнетақы, жәрдемақы төлеу орталығына да бардым.
Биылғы жылдың соңына қарай халқымыздың аса көрнектi һәм тағдырлы жазушысы Қажығұмар Шабданұлына тапсырылуға тиiстi «Ұлттық рух» әдеби сыйлығының есепшотына алғашқы ақша да түстi. Кiмнен дейсiз ғой? Кәсiпкерлерiмiзден де емес, қалталы азаматтарымыздан да емес, қатардағы зейнеткерден. Зейнеткердiң аты-жөнi – Болат Шайманұлы. Ке­зiнде журналист, заңгер болып қызмет атқарған. Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына да ие болыпты. Қазiр зейнеткер. Бiр айлық зейнетақысын (20 000 теңге) «Ұлт­тық рух» әдеби сыйлығының есепшотына аударыпты. Ендi Болат Шайман­ұлының редакцияға жаз­ған хатына назар аударалық:

Бала кезiмде, мектепте, студенттiк өмiрде бiлiм берген, өмiрдi танытқан жақсы ұстаздарым болды. Ал олардың iшiнен iрiктелiп, менiң өмiрлiк жолымда өзiнiң өнегелiк қасиетiмен жүрегiмнiң бiр түкпiрiнде қалып қойған рухани ұстазым, көрнектi қаламгер – Сейдахмет Бердiқұлов.Ол кiсi жалғыз менiң ғана емес өткен ғасырдың 70-90 жылдары әдебиет әлемiне келген әрбiр қазақ қаламгерiнiң алғашқы тәрбиешiсi болды десем, қателеспеймiн. Өйткенi, ақын-жазушы, сыншы, әдебиетшi-ғалымдардың, белгiлi журналист-публицистердiң алғашқы қалам ұштар ұясы сол кездегi “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетi болғаны белгiлi.

Көпбалалы аналарға алтын, күмiс алқа тағайындалғаны туралы естiгенде аналардың қуанышында шек болмап едi. Бiрақ, қаңтар айынан бастап жергiлiктi әкiмшiлiктер балалары қайтыс болған аналардың құжаттарын қабылдамады.

Шоқан Уәлиханов 1856 жылдың 1 тамызынан бастап қазан айының 15-iне дейiн Құлжа қаласына сапар жасайды. Соның нәтижесiнде “Қытай империясының батыс өлкесi және Құлжа қаласы” атты еңбегiн жазады. Онда автор өлкенiң әкiмшiлiк құрылысымен, Шығыс Түркiстанның көне заманнан бастап, оны Қытай жаулап алғанға дейiнгi саяси тарихымен таныстырады. Туындының ең көп бөлiгi Қытай мен Орта Азиялық деректердi қамтиды. Шоқан өзiнiң Құлжаға барған сапарын қызғылықты етiп, көркем тiлмен баяндаған. Шекаралық Жоң­ғарияны мекендеушi халықтардың өмiрi мен тұрмыс-салты суреттелген.

4-жастағы ұлымыз Уәлихан Алматы қаласындағы №4 перзентханада туылды. Ұлымыздың туған күннен бастап науқас халi отбасымызға үлкен қайғы әкелдi. Дәрiгерлер оған “ДЦП-эпилепция” деген диагноз қой­ған. Уәлиханды Алматыда да, Астанада да, Бiшкекте де емдедi. Бiрақ, аяғын дұрыстап жерге баса алмайды, оқтын-оқтын күле бередi, сөйлемейдi, есту қабiлетi де нашар. Жақында ұлымызды Қытайдың Үрiмшi қаласындағы балалар медицинасын өте жақсы бiледi деген профессорға апарып қараттық
Балам Серiктi Сансызбай Абыз­баев­ автокөлiгiмен (мемлекеттiк нөмiрi А 233 FAN) қағып өлтiрдi. Содан берi, мiне 4 жыл 8 ай өттi. Әлi күнге дейiн әдiлдiкке жетер емеспiн. Өзiм баламның күйiгiнен ауру болып қалдым.Сансызбай Абызбаев Алматы – Астана бағытымен жүрiп келе жатып, 1980 жылы туылған балам Серiктi қағып кеткен. Балам Қаскелең қаласының орталық ауруханасында қайтыс болды. 2006 жылдың 26 тамызында Қарасай АБII анықтаушысы, полиция аға лейтенанты К.Ақатаев жүргiзушi С.Е.Абызбаевқа қарсы қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан. 
Маңғыстау облысының әкiмi Қ.Көшербаев мырзаға хат
Маңғыстауда облыстық мүгедектер қоғамының құрылғанына биыл 21 жыл толды. 2001 жылдың 23 ақпанында қоғамға Ақтау қаласының 7-шағынауданындағы № 22 балалар бақшасынан екi бөлме (сол кездегi Ақтау қаласының әкiмi С.Оспановтың өкiмiмен) жалдау ақысынсыз бөлiнген болатын. Бүгiнгi күнге дейiн осы екi бөлмеде мүгедектер бас қосып, жұмыс жасап келемiз. Өткен жылдың қазан айында №22 балабақшаны босатуды талап етiп, балабақша және қалалық оқу бөлiмi меңгеру­шiлерiнен арнайы екi бiрдей хат келiп түстi.

Алматыдағы “Шаңырақ”ықшамауданында орналасқан “Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының” iргетасы осыдан үш жыл бұрын қаланды. 2007 жылы 19 шiлдеде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен ашылған осынау спорт орталығында бүгiнде 300-ден астам бала тәрбиеленiп жатыр. Республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен спортқа дарыны бар жеткiншектердi тәрбиелеп жатқан орталықтың жас спортшылары қазiргi таңда ел намысын абыроймен қорғауда. Философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Асқарбек Иманқұлов

Сингапурде жастар арасында өтiп жатқан Олимпиада ойындарынан сүйiншi хабар жеттi. Олимпиада ойындарының үшiншi күнi зiлтемiршi қызымыз Жазира Жаппарқұл жастар арасындағы Олимпиада ойындарының жеңiмпазы атанды. Бұған дейiн қазақ спортшылары арасынан палуанымыз Жәнiбек Қандыбаев Олимпиада чемпионы атанған-ды. 63 келi салмақта бағын сынаған Жазира алдымыздағы желтоқсан айында он жетiге ендi ғана толады. Жазира үшiн жарыс сәтсiз басталды десек артық айтқанымыз емес. А тобында бiрiншi болып жарыс жолына шыққан қазақтың қаршадай қызы жұлқи көтеру әдiсi бойынша салмағы 87 келi тартатын зiлтемiрдi ығына бағындыра алмай жанкүйерлердi жерге қаратқан.