1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15525) 24 тамыз, сейсенбі 2010
АҚШ-тың орталық барлау қызметi әлем елдерiнiң әлеуметтiк-экономикалық ахуалына талдау жасап, 2009 жылғы деректердi тiзiптi. Бiз американдықтардың Орталық Азия елдерiне қатысты келтiрген деректерiне көз жүгiрттiк.  АҚШ барлау қызметiнiнiң мәлiметтерi көбiне-көп ресми статистикамен сәйкес келе бермейдi. Егжей-тегжейлi зерттеу жүргiзген орталық барлау қызметiне сену-сенбеу әркiмнiң өз еркi, әрине. Десек те құпия ақпараттарға әбден әккiленген американдықтарға сенбеуге негiз жоқ сияқты. Орталық барлау қызметi Орталық Азия және Әзiрбайжанға қатысты баян­дамасын сол елдердiң географиялық аумағы тәрiздi жалпы сипаттамаларды тiзуден бастапты. Ең қызығы, американдықтар бұл елдердiң көрсет­кiштерiн Еуроодаққа мүше мемлекет­тер­дiң көрсеткiштерiмен салыстырған.

АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Ахметжан Смағұлұлы!
2008 жылы Бейжiң олимпиадасы кезiнде қазақ елiнiң намысын қор­ғап, алтын медальды жеңiп алдым. Олимпиада ойындарынан оралған сәтте бүкiл елге тiкелей эфирде бе­рiлген салтанатты кездесу барысында Сiздiң орынбасарыңыз С.Т.Сейдуманов мырза маған пәтер кiлтiн ұсынып тұрып, оның маған және менiң отбасыма деген сыйы деп айт­ты. Мен сол сәтте үлкен алғысымды бiлдiрiп, бұл сыйды қабылдадым. Қабыл алатындай жөнiм де бар. Өйткенi, мен Олимпиада ойындарына дейiн де Алматы қаласының атынан сынға түсiп жүрдiм. Шынын айтқанда, Олимпиада ойындарының чемпионы атанғанға дейiн менiң жеке үйiм де болған емес.
16-19 тамыз аралығында Астана қаласында «Заңғар» шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдас­тыруымен III Республикалық «Қаламгер - Азамат» жас тiлшiлер форумы өтедi дегендi естiген кезде қызығушылығымыз артқан едi. Басқаны қойып журналистика саласының өзiнде күрмеулi мәселелер шаш-етектен. Бұл сол түйiндi мәселелердiң шешiмiн таппаса да, тiгiсiн жазуға жарап қалар деп үмiттенгенбiз. Қазақстанның түпкiр-түпкiрiнен келген жас қаламгерлердiң бiлiктiлiгiн артыруға мұрындық болар деген форумның «әттеген-айлары» амалсыз қолымызға қалам алғызды.

Қазiргi таңда Қазақстан үшiн сауатты көшi-қон саясатын жүргiзудiң мәнi зор. Бұл өз кезегiнде елiмiзде ушығып тұрған демография, мемлекеттiк тiл сынды мәселелердiң де оң шешiмiн табуға ықпалын тигiзерi анық. КСРО кезiндегi 60-жылдарды есепке алмағанда, тәуелсiздiк жылдары елiмiзге оралған қандастарымыздың да елiмiздiң дамуына қосқан үлесi айтарлықтай. Сондықтан, Қызылағаш ауылында болғанда сөйлеген сөзiнде Н.Назарбаевтың шетелден келген қандастарымызға қарата: “Қазақстанның бүгiнгi өркендеп-өскенiне олардың ешқандай еңбегi жоқ...” – деуiне ренiш бiлдiргендер аз емес. Осы орайда оралман ағайынның Қазақстанға бергенi, берерi, көшi-қон саясатындағы олқылықтар жөнiнде әңгiме қозғап көрсек.

“Голос Республики” газетi редакциясы мен оппозициялық “Алға” партиясының белсендiлерi Алмалы аудандық полиция басқармасына сыйлық жасаған болатын. Бiрақ, полиция қызметкерлерi олардың мәрттiгiн бағалай қоймады. Керiсiнше “Алға” партиясының екi белсендiсiн күшпен қамауға алып, үстiлерiнен азаматтық iс қозғады. Тәуелсiз журналистер мен оппозиция белсендiлерi Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы ғимаратының алдында арнайы акция өткiздi. Олар полиция бөлiмiне үстел мен орындық сыйламақшы болған. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, оларды мұндай мәрттiк танытуға бұл бөлiмшедегi

Евгений Жовтистi тез арада қамақтан шығарып, Әдiлет министрi етiп сайлау қажет. Президент айтып жүрген құқыққорғау саласындағы реформаны одан артық ешкiм жасай алмас. Оған себеп те аз емес. Бiрiншiден, Евгений Жовтис халықаралық дәрежедегi құқыққорғаушы. Барлық заңдарды, құқықтық-нормативтiк актiлердi беске бiледi. Оның үстiне өте принципшiл, адал адам. Әйтпесе, билiкпен бiр келiсiмге келiп түрмедегi жазасын өтеуден құтылуына да болар едi. Бiрақ, ол ондайға бармады. Екiншiден, ол қазiр түрменiң iшiндегi жағдаймен, түзету мекемелерiнiң кемшiл тұстарымен жеке танысуда. Яғни, ненi қалай өзгерту керек екенiн бiледi.

ТЕРIСКЕЙДЕГI СЫРТҚЫ КӨШI-ҚОН САЯСАТЫ ОСЫҒАН ҰҚСАЙДЫ
2010 жылы Солтүстiк Қазақстан облысына мемлекеттiк квота бойынша 500 оралман отбасын көшiру жоспарланған. Дегенмен, дәл қазiр терiскейде көш көрiктi болмай тұр. Өткен жылы Қызылжар өңiрiне кереге керген отбасы саны жылдағыдан үш есеге кемiген-дi. Ал биыл тiптi аз. Ресми мәлiметтерге жүгiнсек, бүгiнде көшiп келуге ниет бiрдiрген отбасы саны сексенге де жетпейдi. Мәселенiң мәнiсi неде? Ұлы көш неге саябырсыды? “Қызылжар өңiрiне 2006 жылы – 570, 2007 жылы – 500, 2008 жылы – 410, 2009 жылы – 154 отбасы кереге кердi, – дейдi

Солтүстiкте ақырғы нүктесi Санкт-Петербургте, оңтүстiкте соңғы аялдама Қытайдың Ляньюнгань айлағында аяқталатын 8 445 шақырымдық “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” трансқұрлықтық көлiк дәлiзiнiң 2 787 шақырымы елiмiздiң   5 облысы аумағының ортасын жарып өтедi. Геосаяси жоба, ортағасырлық “Жiбек Жолын” қайта жаңғырту деп қанша жерден саяси сылап-сипалса да, Ресей авторлығымен туған кедендiк одақтың бизнес-жобасы екенi түсiнiктi. Жолдың Еуропаға ашылар қақпасының кiлтi кiмде болса, соның қоржыны қалың. 

Жуықта Ерейментау қаласында халық ауыз әдебиетiнiң iрi өкiлi Үмбетей жырау Тiлеуұлына ескерткiш орнатылып, ақындар мүшайрасы өткiзiлiп, ас берiлдi. Ұлтымыздың басынан өткен нәубеттi кезең­дердiң бiрi – Шоқан Уәлиханов «ерлiк ғасыры» деп атаған ХVIII ғасыр. Қазақ деген халықтың тағдыры таразыға тартылған осы бiр алмағайып уақытта ел намысын ту етiп атқа мiнген батырлардың жанында қашанда ордалы елдiң ой-арманын арқалаған ақындар мен жыраулардың жүргенiн тарихтан бiлемiз. Солардың бiрi – Үмбетей жырау Тiлеуұлы.

Белгiлi тюрколог ғалым, президенттiң мәдени орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековтiң   «Егемен Қазақстанның» бетiнде «Елiнiң елшiсi, ұлтының ұяты» атты мақаласы жарық көрген едi. Мырзатай ағамыз ақын, саясаткер Олжас Сүлейменовтiң еңбегiн саралай келе оны «ұлтымыздың ұяты һәм намысы» деп бағалапты. Оны эпостың қаһарманына балап, тiптi Олжас тұрған жерде марқұм Айтматов өрелi ой айта алмаған кезi болғанын еске алады. Олжастың дарыны мен талантына, оның елiне сiңiрген еңбегiн шегiне жеткiзе дәрiптеген ғалым М.Жолдасбеков бұл материалда елдiң қытығына тиетiн бiрнеше мәселенi қозғай кетiптi.

Редакциямызға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, ақын, зейнеткер Сақан Кәдiрбекұлы келдi.
– Мен атажұртқа Қытайдан 1962 жылы келiп едiм. Жас кезiмде Қажығұмарды көрдiм. Қажығұмар Шабданұлы бiзге дәрiс те оқыды. Дәрiсi өте өткiр әрi өтiмдi болушы едi. «Жас Алаш» арнайы бастама көтерiп жатқаннан кейiн үйде тыныш жата алмадым. Зейнетақымды алдым да, «Ұлттық рух» әдеби сыйлығына ақша аударайын деп банкке келсем, ондағылар «анаусы қане, мынаусы қане?» деп басымды ауырт­ты. Ендi сол ақшаны редакцияға әкелiп отырмын. Өздерiң қабылдап алыңдар! – дедi С.Кәдiрбекұлы.
– Жаным, подруга, бүгiн үйге қонақтар шақырдым. Қолың бос болса көмектесiп жiбершi, өзiм жалғыз үлгермей жатырмын, – деп звондаған Нұрияның даусында өзiмсiнген жалыну бар едi. Қыз кездерiнен бiрге бойжетiп, бiрге есейiп өскен Нұрия шақырған соң ақкөңiл Мәдина бар жұмысын тастай салып қаланың екiншi шетiндегi құрбысының үйiне таксилетiп жетiп келдi. Келсе, Нұрия телефонға жабысып отыр. Қонақ күтетiн адамға ұқсамайды.
– Қонақтарды қай мезгiлге шақырдың? Дайындығың қайда? – деген сұрағына Нұрия бейқам кейiпте:
Бiздiң Қазақстан – көпұлтты, көпдiндi ел. Яғни, бiз – көпқырлы елмiз. Бiз осы өзiмiздiң көпқырлығымызды онан әрi дамытуымыз, көркейтуiмiз қажет. Бұл үшiн не iстеуiмiз керек?
Менiң ойымша, ең алдымен бiз жоғары бiлiктi, жоғары кәсiби, арнайы дипломы бар тамадалар даяр­лап шығаруымыз керек. ҚазҰУ-ден бе, жоқ әлде АГУ-ден бе, әйтеуiр елiмiздегi iрi оқу орындарының бiрiнен тамадалар даярлайтын арнайы факультет ашуымыз керек. Мен мұны неге айтып отырмын? Жақында ғана бiздiң бiр жақын қарындасымыз АҚШ-тың негрiне күйеуге шықты. “Негр” деп  тiлiмiз үйренiп қалғаннан кейiн айтып жатырмын. Шын мәнiнде, бұларды “афроамерикандық” деп атайды. Мiне, осы екi жастың Алматыда
– Сәлеметсiз бе?
– Сәлеметпiн.
– Бас редакторымыз сiзбен сұхбаттасуды тапсырып едi.
–Тапсырса, орында!
– Хы-хы-х... Бiздiң бiраз сұрағымыз бар.
– Менiң бiраз жауабым бар.
– Хы-хих... Бiрiншi сұрағым: Егер сiз министр болсаңыз, қайтер едiңiз?
– Орыстар ұсақталып барады...
– Оны қайдан бiлдiң?
– Ельциннiң бойы 189 см болатын, Путиндiкi 171 см едi, ал Медведевтiң бойы – бар болғаны 158 см...
***
– Сiздiң халық маған ызалы, ашулы көрiндi.
– Бiздiң халық бiр мiнездi.
– Қалай?

Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жатқан елiмiздiң командалары өткен аптаның жексенбiсiнде екiншi кезеңнiң ойындарын бастады. Алғашқы алты орын үшiн бақ таластырып жатқан командалардың арасынан әзiрге “Тобыл” футболшыларының шоқтығы биiк тұр. Олай дейтiн себебiмiз, қостанайлық футболшылар жексенбi күнi өз алаңында “Атырау” футболшыларын қабылдап, 3:0 есебiмен жеңiске жеттi. “Тобылды” өкшелеп келе жатқан Павлодардың “Ертiсi” сырт алаңда Астананың “Локомотивiнен” ұтылды: 0:1. Бұл ойында “темiржолшылар” жеңiс добын ойынның 88-минутында соқты. “Ертiстiң” жеңiлiсi “Тобылдың

Қыркүйек айының 6-12 аралығында Ресейдiң Мәскеу қаласында күрес түрлерiнен әлем бiрiншiлiгi өтедi. Осыған байланысты еркiн күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкерi Нұрғали Рахманқұлов Ресей жерiнде ел намысын қорғайтын палуандардың тiзiмiн жариялады. Ұлттық құраманың бас бапкерi Н.Рахманқұлов 55 келi салмаққа Қазақстан бiрiн­шiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Аслан Жанахановты қойды. 60 келi салмақта ел намысын Абылай Телтаев қорғайды. Биыл Қазақстан бiрiншiлiгiнде топ жарған Абылай – Польшада өткен халықаралық турнирде күмiс алқаны жеңiп алған палуан. 66 келi салмақта Қазақстанның бiрнеше дүркiн жеңiмпазы Ақжүрек Таңатаров күреседi.

Ай сайын спортшылардың әмиянын ақтарып тұрмаса көңiлдерi жай таппайтын АҚШ-тың “Форбс” журналының қызметкерлерi өткен аптада спортты серiк еткен бойжеткендердiң қалтасын ақтарып шығыпты. Әлемдегi ең бай, ауқатты спортшы әйел кiм деген сұраққа жауап iздеген американдық журнал тiзiмнiң ең ұшар басына ресейлiк теннисшi Мария Шарапованы (суретте) шығар­ған. “Форбс” журналының зерт­­теуiн­ше, ресейлiк теннис­шi өткен жылдың шiлде айынан осы жылдың шiлде айына дейiн 24,5 миллион доллар табыс тапқан.