1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15526) 26 тамыз, бейсенбі 2010
ӘБIҚАЕВТЫҢ ҰҚК-ГЕ ҚАЙТА ОРАЛУЫНАН НЕ КҮТУГЕ БОЛАДЫ?
Дүйсенбi күнi президент Н.Назарбаев Нұр­тай Әбiқаевты Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы етiп тағайындады. Мемлекет басшысының баспасөз қызметiнiң хабарла­уынша, Н.Әбiқаевты ҰҚК ұжымына президент әкiмшi­лiгiнiң жетекшiсi Аслан Мусин таныстырған. — Нұртай Әбiқайұлын ел прези­дентi қандай қызметке тағайындаса да, ол сенiмдi ақтай бiлдi. Мемлекет басшысы оның мына қызметте де сенiмдi ақтап, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң алдына қойылған барлық тапсырмаларды орындайтынына еш күмәнданбайды. Президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы Әдiл Шаях­метовке атқарған қызметi үшiн Н.Назарбаевтың алғысын жеткiздi.
Жоғары билiк биыл да Конституция күнiн әскери шерумен қарсы алатын болды. Шерудiң нелiктен Конституция күнiне орай өткiзiлетiнi, мұның қандай саяси, әскери мән-мазмұны барын билiк өкiлдерi де, оның «бұлбұлдары» да жөндi түсiндiрмедi... Бұл күндi қарапайым қазақстандықтар, әрине, жаз айларындағы соңғы демалыс күнi ретiнде қабылдайды. Бiрақ, Ақорда үшiн бұл күннiң айрықша мазмұны бар. Себебi, 1995 жылы қабылдан­ған Ата заң президент Н.Назарбаевқа шексiз билiк пен үлкен саяси мүмкiндiктер бердi. Пост­кеңестiк елдердiң қатарындағы Украина президенттiң билiгiн күшейтетiн өзгерiстердi конституцияға енгiзудi ендi көтерiп жатса, Қазақстан басшылары мұны осыдан 15 жыл бұрын жүзеге асырып қойған.

Өткен айдың соңында ҚР Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттiк бағдарламасының жобасын көпшiлiк талқысына ұсынған болатын. Бағдарламамен танысып шыққан бiз де бұл жобаның басты кемшiлiгi қоғам талабының ескерiлмегенi екенiн жазған едiк. («Жас Алаш», «Созылған тiлдi соза түсу», 29 шiлде, №60, 2010ж). Бұл пiкiрдi тiл мамандары мен қоғам қайраткерлерi де қолдап отыр. Жобаға жаппай наразылық бiлдiрiп жатқандар да бар.

ТЕК ПРЕЗИДЕНТ ӘЛIПТIҢ АРТЫН БАҒЫП, КЕЙIНГЕ СЫРҒЫТПАСА БОЛҒАНЫ
Ұлттық мүдде айшықталып көрiнетiн ономастика саласы, оның проблемасы жөнiнде осыдан бақандай екi жыл бұрын президент Н.Назарбаев бұқара халықтың алдында сөйлегенi бар. Петропавл және Павлодар қалаларының атауын қазақшалау туралы бүй деген-дi сонда: «...Елiмiздiң зиялы қауымы бiраздан берi Петропавл, Павлодар секiлдi қалалардың атауларын өзгертсек деген ұсыныстар айтып жүр. Ленинград, Сталинград, Ульяновск секiлдi қалалар, басқа да жер аттары өзгерiп жатқанда, бұл да орынды ұсыныс шығар. Жергiлiктi әкiмшiлiктермен, мәслихат депутаттарымен ойласып көру керек. Бұл да – елмен бiрiгiп, ақылдасып шешетiн мәселе».

Өткен аптада Ереванда Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымының бейресми жиыны болып өттi. Бұл жиын­ға Беларусь президентi А.Лукашенконың келу-келмеуi белгiсiз едi. Тiсқаққан сарапшылар Ресеймен арадағы ақпараттық соғыстан соң, әсiресе батьканы әбден масқаралаған фильмдерден кейiн Лукашенко Ереванға аттап баспайтын шығар дескен. Оның үстiне Ресей президентi Д.Медведев Беларусь президентiмен екi­жақты кездесудi жоспарламаған-ды. Ақпараттық соғысты қыздырып жүрген ресейлiк бұқаралық ақпарат құралдары да Медведев Лукашенкомен кездесу түгiлi, әңгiмелеспейдi де деп гулеткен.

Бiздiң әскер қатарында болғанымызға да жиырма жылдай болып қалыпты. Алайда сол күндердiң әрбiр қызықты сәттерi мен қиын күндерi әлi күнге дейiн көз алдымызда. Әр ұлттан құралған өрiмдей жастар Германия Демократиялық Республикасының (ГДР) Франкфурт қаласына түстiк. Үш күннiң iшiнде бәрiмiздi жан-жаққа тарата бастады. Бес жауынгер Веймар қаласындағы №47054 мотоатқыштар полкiнiң 3-батальонының 3-взводына түстiк. Үлгiлi тәртiбiмiз бен жауынгерлiк қыз­метi­мiздi жақсы атқарғанымыз үшiн алты айға жетпей сержант атағын алдық. Әскери мiнде­тiмiздi өтеген қаладан ФРГ мемлекетi 80 шақырым жерде болды. Ол кез аузын арандай аш­қан алып мемлекет­тердiң бiрiне-бiрi азу тiсiн ақситып тұрған шағы болатын

Құдаларымыз фермерлiк шаруашылықпен айналысқан соң, әрi өзiме кәсiп болсын деп малдарға жем жеткiзiп, сатып, кәсiпкерлiкпен айналысайын деп шештiм. 2007 жылдың желтоқсанынан бастап банктен анықтама арқылы несие алу үшiн таппаған пайданы таптым деп, әлеуметтiк, кәсiпкерлiк және тағы да сол сияқты салықтарды салық комитетiне төлеуге тура келдi. Ал Ақтөбенiң Халық банкi 2008 жылы сәуiр айында “облыс орталығы болмаса аудан орталығындағы үйлер кепiлдiкке жарамайды” деп қарап тұр.

Бiздiң 19 жастағы баламыз Дидар Әбдуалидың Алматыдағы банк колледжiнiң 2-курсында оқып жүрген кезiнде оң аяғының тiзесiнен төмен iсiк пайда болды. Оған республикалық онкология институты сүйек iсiгi деген диагноз қойды. Баламыз 2 рет химиялық терапия алған соң, облыстық аурухана оң аяғын тiзеден жоғары кестi. Операциядан кейiн 6 рет химиялық терапия алды. Дәрiгерлер тексерiп, 6 ай уақытқа химияны тоқтатты. Мiне, осы кезде балам кәдiмгiдей қунап қалды. Қуанышымызда шек болмады. “Барлық қиындық арт­та қалды” деп ойладық.

Басқа жердi бiлмеймiн, дәл Көкпектi ауданында қазақ тiлiнiң құрдымға кетiп бара жатқаны жасырын емес. Қай мекемеге кiрсең де, тек қана орыс тiлiнде сөйлесiп отырған қазақ жастарын көресiң. Бiр таңғаларлығы, бұл мекемелерде бiр де бiр басқа ұлттың өкiлдерi кездеспейдi. Ал сондағы мекеме басшылары оларға қазақ тiлiнде сөйле деп ескерту жасаудың орнына өздерi солармен қосыла орысша сөйлеседi. Көшеде, қоғамдық орындарда да солай орысша сөйлескен қазақ жастарынан аяқ алып жүре алмайсың. Бiр сөзбен айтқанда, бiзде қазақтарды жек көретiн, оның тiлiн менсiнбейтiн нигилистердiң жаңа буыны өсiп, жетiлiп келедi.

...Мен де бiрталай жасқа келiп қалдым. Өткен өмiрiме қарап отырып, мақтанатын тұстарым көп екенiне қуанамын. Басқасын айтпай-ақ қояйын, әкелерiм мен ағаларымның өзi мақтан тұтарлық-ақ азаматтар. Үлкен әкем Оспан Кiшкентаев 1907 жылы дүниеге келген. Өз бетiнше хат танып, кейiннен ауыл шаруашылық жағынан оқу бiтiрiп, бригадир болып жұмыс iстеген адам. 1942 жылы армияға алынып, соғыстан мүгедек болып оралды. Өмiрiнiң соңына дейiн колхозда қой фермасының меңгерушiсi болды. Бала-шаға, немере сүйдi.

Таджима елiндегi Джоугахана тауында Игаки деген сарай бар. Қай патшадан қалған сарай екенi белгiсiз, әйтеуiр сонда Джинджюроу деген самурай тұрған екен. Ђз заманында императорға адал қызмет еткен даңқты самурай болыпты. Император да Джинджюроуға сенiм артып, оған үнемi күрделi iстердi тапсырады екен. Джинджюроуды көре алмаған өзге самурайлар «Бiз тұрғанда бұны неге сонша әспеттейдi. Бүкiл даңқ та, сый-құрмет те Джинджюроудiкi» деп үнемi қызғанып жүрiптi. Содан олар бiрiнен соң бiрi императорға кiрiп, Джинджюроуды жамандай берiптi.

Жасыратыны жоқ, күй өнерi әлi де өзгеше дамуды, қайта қарауды қажет ететiнi сөзсiз. Ол жөнiнде жастайынан күйдiң сөлiн қанып iшкен домбырашы, прозашы, мифология зерттеушiсi, музыка сыншысы, аудармашы, домбыра жасау шеберi, “Бiржан сал” фильмi сценарийiнiң авторы Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ былай ой қозғайды. – Мен бұрынғы Семей облысы Айғыз ауылында нағашы атам, күйшi Жүнiсбай Стамбаевтың қолында өстiм. Байдың баласы болғандықтан абақтыға айдалған атам 1944 жылы елге келгенiмен, 9 жыл НКВД-дың назарында болады. Тек Сталин өлген соң ғана еркiндiктi сезiнген атам атқа мiне салып, Қарқаралыны бетке алады.

Бiзде бүгiнде не көп? Ғылыми атақ көп! Әсiресе билiк жақта. Өкiмет пен үкiмет, парламент, ассамблея дегендердегi шенеунiк, депутат атаулының арасында пәлен де түглен ғылымдардың кандидаттары, докторлары ма, академик пе, әйтеуiр, құралақан жүргендерi аз. Сондай нән атақтылардың бiрi Мырзатай Жолдасбеков мырзаның басқалардан бiр артықшылығы бар, ол – сөз байлығы («тiл байлығы» деп ұғып қалмаңыздар, бұл екi байлықтың арасы Астананың Алматыдан қашықтығындай). Онысы «Егемен Қазақстан» газетiнде Олжас Сүлейменов туралы жарияланған екi етектей мақаласынан тағы менмұндалап көрiндi.

Шәмшi Қалдаяқовтың, Шәкеңнiң өмiрiнiң соңғы 7-8 жылында жиi араласып, ұзақ-ұзақ сыр шертiсiп, саз­гер­дiң жүрек түкпiрiне терең бойлауға саналы түрде ұмтылыс жасағаныма бұл күндерi шүкiршiлiк етемiн. Өйткенi қазақтың ұлы перзентiмен бiрге өткiзген асыл уақыттың қадiрiн бiлiп, танып-бiлгiм келген сұрақтардың жауабын өз аузынан естiдiм. Ол кiсi туралы жеңiл-желпi қаңқу сөздер мен қылжақбас әзiл-оспақтардың шындыққа жанаса бермейтiн жамау-жасқаулары көп екенiн бұрын да шамалаушы едiм. Қазiр де байқап қалам...1983 жылдың жазында бiздiң Шубаровка деп аталатын ауылдағы (сол кездегi Бөген, бүгiнгi Ордабасы ауданы) үйiмiзден аттанып
Қадiрмендi Мұхтар аға!
...Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiр орынбасары сiз жиi көтерiп жүрген ұлт, тiл мәселесiне кейде жасырын, кейде ашық түрде қарсы саясат жүргiзiп келедi. Билiк елiмiздi бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» көшiрмекшi бол­ғанда сiз аштық жарияламаққа бел будыңыз. А.Әшiмов, Т.Кәкiшев, М.Мырзахметов, Д.Исабеков, С.Сматай, Н.Нүсiп­жа­нов секiлдi өнер, әдебиет, ғылым қайраткерлерi және елiмiздiң өзге ұлтжанды азаматтары, барлығы 4 мыңнан астам адам, сiзбен бiрге аштық жариялайтындықтарын бiлдiрдi. Нәтижесiнде, билiктi ұлт мүддесiмен санасуға мәжбүр еттiңiздер.
Қыркүйектiң 8-i күнi құрлықтық хоккей лигасының тұсауы кесiледi. Келесi жылдың көктемiне дейiн, дәлiрек айтсақ, сәуiр айына дейiн созылатын аламан жарыста ел намысын биыл да Астананың “Барысы” қорғамақ. Екi жыл қатарынан үздiк он алты команданың қатарына қосылған астаналық хокейшiлер биылғы жылы үздiк сегiздiкке кiрудi басты мақсат етiп қойды.  Астаналық команданы биылғы жылдың жазына дейiн Андрей Шая­нов жаттықтырғаны барша­мыз­ға мәлiм. Былтырғы жылдың ақпан айынан бастап команданың тiзгiнiн ұстаған ресейлiк маман “Барысты

Өскеменде хоккейден Қазақстан кубогын сарапқа салып жатқан командалар топтық ойын­дарды аяқтады. Биылғы кубоктық жарысқа қатысып жатқан сегiз команда төрт-төрттен екi топқа бөлiнген. А тобынан “Горняк” (Рудный), Арлан” (Көкшетау) және “Барыс-2” (Астана) клубтарымен мұз айдынына шыққан елiмiздiң чемпионы қарағандылық “Сарыарқа” қара үзiп шықты. Десек те, қарағандылық хоккейшiлер топтағы соңғы ойында ойламаған жерден “Барыс-2” командасынан ұтылып қалды: 5:6.

Қазақстанның әйелдер күре­сiнiң бас бапкерi Саржан Жақсыбеков қыркүйектiң 6-12 аралығында Мәскеудегi әлем бiрiншi­лiгiне қатысатын палуандардың есiмiн атады. Ұлттық құраманың бас бапкерi дәл қазiр шәкiрт­терiмен бiрге Ресейдiң Чехов қаласында оқу-жаттығу жиындарын жүргiзуде. Бойжеткен пал­уандарымыз ол жақта АҚШ құрамасының палуандарымен бiрiккен оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп, сол жақтан әлем бiрiншiлiгiне барады. Дүние­жүзiлiк додада белдесетiн пал­уандарға келсек, 48 келiде жастар арасындағы