1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15527) 1 қыркүйек, сәрсенбі 2010

Тәуелсiз ғалымдардың айтуына сенсек, «ҰБТ» деген «картаның ойыны» шыққалы берi студенттердiң ұлттық рухы, патриоттығы, бiлiмi күрт төмендеген. Осыған сенуге бола ма? Әбден болады.Бұрындары қалай едi? Өзге оқу орындарын қоя тұрып, тек ҚазҰУ-ды алайықшы. Осы оқу орнында еңбек еткен (кейбiреулерi әлi де еңбек етiп жүр) Ыбырайым Маманов, Зейнолла Қабдолов, Кәкен Аханов, Тұрсынбек Кәкiшев, Мархабат Томанов, Орынбасар Төлегенов, Сұлтанғали Садырбаев, Рымғали Нұрғалиев, Темiрбек Қожекеев және өзге де ардақты ұстаз-ағаларымыз талапкерлерден қабылдау емтиханын алған кезде олардың тек бiлiмiн ғана тексермей, сонымен қатар бетпе-бет әңгiмелесе отырып, бұлардың қазақ тiлiн қаншалықты меңгергенiн, ой-өрiсiн, ниетiн, танымын, отаншылдығын, оттылығын да тексеретiн.

Бүгiн қоңыраудың қоңыр үнi соғылады. Әрине, балапаны мектеп табалдырығын аттағаны – ата-ана үшiн үлкен қуаныш. Әйтсе де, мектепке да­йындық iсi көпшiлiктi қамкөңiл ететiнi бар. Биыл­ғы оқу жылын кiм, қалай қарсы алып жатыр? Бiлiм беру iсiне мемлекет сақадай сай тұр ма, жоқ па? Баласын мектепте оқыту үшiн ата-ана қанша шығын шығарды? Таразылап көрдiк. Жақында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түй­мебаев мынадай ақпарат таратты. Қазақстанда мектептердiң тең жартысы жаңа оқу жылына дайын емес. Су жаңа 67 мектеп­тiң тұсауы кесiлiп, пайдалануға берiледi. Дегенмен, тозығы жеткен 67 мектептiң есiгiне қара құ­лып салынып, жабылуы мүмкiн.
Ж.Түймебаев басшылық ететiн министрлiктi сотқа берушiлер саны артып келедi. Ақтөбелiк мектеп түлегi Артем Завада Бiлiм және ғылым ми­нистрлiгiн сотқа бердi. Мектептi үздiк бiтiрген мүгедек балаға бiлiм беру мекемелерi бiрыңғай ұлттық сынаққа қатыспағанын сылтау етiп үздiк үлгiдегi атестат беруден бас тартып отыр. Артемнiң айтуынша, оны мүмкiндiгi шектеулi жан ретiнде бұл сыннан шенеунiктердiң өздерi босатқан. Естерiңiзде болса, осыдан бiрер ай бұрын тағы бiр мектеп оқушысы Бiлiм және ғылым министрлiгiн сотқа берген болатын. Ол кезде үшiншi сынып оқушысы мектеп бағдарламасындағы оқулықтың баланың қалыпты

Өткен аптада Қазақстандағы Қытай елшiлiгiнiң сауда жөнiндегi кеңесшiсi Чжан Ди бiрқатар қызық мәлiметтiң бетiн ашты. Алғашқыда ресми деректердi алға тартқан кеңесшi қытайлықтардың дәмесiн дипломатиялық түрде жеткiзе бiлдi.  Алғашқы жарты жылдық iшiнде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 66 пайызға өсiптi. Осылайша екi ел арасындағы сауда айналымы 9 миллиард долларға жеткен. Алайда, ең қызығы, Қытаймен арадағы сауда айналымы қытайлық импорт есе­бiнен емес, отандық экспорт арқасында өсiптi. Ке­ңесшiнiң сөзiне сенсек, бi­рiншi жарты жылдықтағы қытайлық импорт көлемi былтыр­ғы жылдың осы кезе­ңiмен салыстырғанда өзге­рiс­сiз қалған.

Билiк жақта бiр әбiгер бар iшкi,
Тарихты да талдап жатыр жаңаша.
Таңғалдырып жақын менен алысты,
Астанада парад өттi. Тамаша!
Болмасам да ұқсап бағам (Абайша),
Айтпайын десем, есем кетiп барады!
Дүйiм жұрттан шеттеттi ме, қалайша,
Ата Заңды погондардың парады!
БIРАҚ, ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҚАЛА ӘКIМIНЕН ҚАЙЫР БОЛМАЙ ТҰР
Конституция күнiнде алматылық зейнеткерлер наразылық шарасын ұйымдастырып, президент Н.Назарбаевқа, ЕҚЫҰ төрағасы Қа­нат Саудабаевқа, Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовке және басқа да билiк өкiлде­рiне тоқсан бiрiншi үнде­уiн жолдады. Алматы қаласындағы тәуел­сiздiк алаңына Ата заңның 15 жылдық мерейтойын атап өту үшiн жұрт көп жиналды. Мере­ке­лiк шараның буына қаланың жоғары шендi шенеунiктерi масайып қалған шақ. Президент Н.Назарбаев тiкелей эфир ар­қылы құттықтау сөзiн ел-жұртқа жеткiзуде. «...Ата заң тәуелсiз­дi­гiмiз бен тұтастығымыздың кепiлi ретiнде бiздiң бiрлiгiмiздi бекемдеп, елдегi тұрақтылық пен татулықтың берiк тұтқасы болды. 
БАЛА СҮЙМЕК ТҮГIЛI, КЕЙБIРЕУI ҮЙЛЕНIП ТЕ ҮЛГЕРМЕЙДI ЕКЕН
Менiң алдымда өндiрiсте қаза тапқандардың, олардың жесiрi мен балаларының тiзiмi жатыр. Оған “Жезқазғантүстiмет” өндiрiстiк бiрлестiгiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi директоры Тоғызбай Тәжбенов қолын қойған. Көздегенi қайырымдылық болғанымен, қабырғаны қайыстырар қаралы тiзiм. Батпандай бейнеттiң бодауында жүрiп жан тапсырғандардың бұл тiзiмi олардың артында қалған, жасы кәмелетке толмаған балаларына жаңажылдық сыйлық әзiрлеу үшiн былтыр желтоқсанда жасалған. Әрқайсысына өндiрiстiк бiрлестiк өз қаржысы есебiнен 1500 теңгеден (!) бөлген, егер қосымша тиын-тебен қосқысы келгендер табылып жатса, оны өндiрiсте қайтыс болғандар еңбек еткен кәсiпорындар басшылығының патша көңiлiнiң қалауына қалдырған.
ВЕНАДА ӘЛНҰР МҰСАЕВҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ПРОЦЕСI АЯҚТАЛДЫ
Тамыздың 26-сы күнi Венада Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевқа қатысты сот процесi аяқталды. Бұл туралы Австрияның “Остеррайх” басылымына сiлтеме жасай отырып “Азаттық” радиосы хабарлады.2008 жылы Ә.Мұсаев “Қазақстан билiгi менi ұрлап әкетпек болды” деп даңғазалатып, Вена сотына арыз түсiрген-дi. Екi жылда екi-ақ рет өткен сот процесi 26 тамызда аяқталды.Күдiктiлердiң қатарында бiр қазақ студентi бар көрiнедi. Ол Венаға Берлиндегi қазақ елшiлiгiнiң тапсырмасын орындау үшiн барыпты. Мұндай шаруаны қалайша студент­ке сенiп тапсырған дерсiз, бәлкiм. Сот тергеуi кезiнде анықталғаны — оған Әлнұр Мұсаевты аңду, оны ұрлап әкетуге қатысатын адамдарды табу тапсырылыпты.
ҚОС БАТЫРДЫҢ ТАРИХТАҒЫ ОРНЫ, МАХАМБЕТ ПЕН ИСАТАЙ СЕКIЛДI, БIР-БIРIНЕН БӨЛIНБЕК ЕМЕС
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы дәл қазiр Иса–Досан көтерiлiсiнiң 140 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. Бiз осы өлкенiң өткенiн бiр кiсiдей зерттеп, зерделеген жазушы һәм журналист, Махамбет сыйлығының лауреаты Әбiл­қайыр Спанды осы тақырыпта аз-кем әңгiмеге тартқан едiк. 
– Әбiлқайыр аға, Адай көтерiлiсi деген сөз тiркесi ел аузында көп айтылады. Жалпы патшалық Ресейдiң, сосын Кеңес одағының қол астына қарағалы Адай руы қанша рет көтерiлiске шыққан?
Өнбейтiн дауды қууға әуес өспейтiн ел болып барамыз жылдан-жылға. Әңгiме – «Өлсем көрден тұрғызатын құдiретiм – Сөз менiң!» деп Несiпбек ақын айтқандай, сөз өнерi, әдебиет жайлы. Өнбейтiн дау да сол жайлы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «лайықты шығарма жоқ» деген сылтаумен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығы берiлмей қалғаны аян. Үлкен дау сонда туды. Тосын тұтанған от бүкiлелдiк өртке айналып кете жаздап, әйтеуiр аман қалдық. Ол жолы да жөнсiздiк болып едi. Ендiгiсi мынау...  Жалпы, уақыты уа­ғыздалып, ке­зеңi анықталып, жылы белгi­лен­ген жүлде сол шартқа сәйкес берiлуге тиiс! Егер Мемсыйлық шартында «Бұл жүлде ғасырға ұласса да тек бүкiл ғаламды дүр сiлкiндiретiн шығармаға ғана берiледi» деген сөз болса,

НЕМЕСЕ «НИЧЕГО, КАЗАХИ НЕ УМРУТ» ДЕГЕН СӨЗ КIМНЕН ШЫҚТЫ?

«Ұлтын сатқан адам кө­мусiз қалады» дейдi өз­бек­тер. Шынында да, өз­бек­тер ұлтын сатқан адам­ды ешуақытта аямайды. Қатаң жазалайды. Бұрын да солай бол­ған, қазiр де солай. Ұлтын сатқан пақыр егер тiрi болса – елден кетедi (әрине, кетiредi), ал елден кетуге мұршасы жетпей, оралы келмей өле қалса – оның жаназасына ешкiм жиналмайды. Тiптi, оның сүйегi де көпшiлiк мо­лаға жерленбейдi. Оқшау, бөлек жерге (онда да қал­тарыстау, елеусiздеу жерге) қойылады. Өзбек ағайындардың «көмусiз қалады» дейтi­нiнiң де мәнiсi осы. Ендi осы жерде бiздiң бiраз оқырмандарымыз «Бұрын солай болса солай болған да шығар, ал ендi қазiргi өркениет заманында...» деп, бiздiң сө­зi­мiзге күдiк келтiруi де мүм­кiн.

Әншi Ғани Мәтебаев” дегенде былайғы жұрт “бұл кiм едi?” деп қалуы мүмкiн. Бiрақ жүзiн көргенде “е, мынау “Дүнген қызын” орындайтын әншi ғой” дей­тiнi анық. Иә, тараздық әншi Ғани Мәтебаев көпшiлiкке Шәмшiнiң “Дүн­ген қызымен” танылды. Осыдан кейiн Ғаниды өз әнiн тапқан бақытты әншi­лер­дiң қатарына жатқызуға әбден болады. Күн сайын теледидар­ға шығып, мың жерден танымал болса да, өзiнiң әнiн айта алмай кеткен әншiлер өте көп емес пе?!. Бiз бүгiн ауылда жүрсе де бiр әнiмен Алматыны мойындатқан Ға­ни Мәтебаевпен аз-кем әңгiмелескен едiк.
— Әншiнi танытатын телеарна, радио деп жатады. Онсыз да Алматыда тас лақтырсаң әншiге тиедi, сонау ауылдан сендердi эфирге түсуге шақыра ма?

“Қазақ вальсiнiң королi” Шәмшi Қалдаяқов Созаққа жиi келетiн. Осындай сапарларының бiрi 1986 жылы болды. Сәуiр айының орта шенiнде: “Ауданға Шәмшi келiптi, ел аралайды екен”, – деген сөздi естiп елеңдестiк. Сөйтсек, Шәкең мен досы ақын Сабырхан Асановты сол кездегi аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Досыбай Шерiмқұлов: “Созақ-Терiскей елi туралы бiр жақсы ән шығарып берiңiз”, – деп шақырған екен. Ол кезде сырттан келген меймандарды озат шаруашылықтарға апаратын әдет бар-тын. Аудан басшылары мал төлдетуден қатарынан үш-төрт жыл озат болып тұрған Энгельс атындағы совхозға бағыттапты.

ПРЕЗИДЕНТТIҢ НЕМЕРЕСI ЖӘНЕ ...АНФИСА ЧЕХОВА
Бұдан бiрер күн бұрын интернет сайттарында ресейлiк атақты тележүргiзушi Анфиса Чехованың бұрынырақта “Твиттер” блогына жазған «шимай-шатпағы» жария­ланды. Ол он­да бүй дейдi: “...Айт­пақшы, мен Нұр­сұл­тан Назарбаевтың неме­ресiнiң туған күн кешiн жүр­гiзедi екенмiн. Әлемдiк деңгей­дегi атақты жұлдыздар келмек­шi кө­рiне­дi. Бiздiң жұл­дыздар (ресей­лiк жұлдыздар — ред.) да аз болмайды. Алдымен жөн-жосығын бiлiп алайын, содан кейiн бәрiн егжей-тегжейлi жазамын”.“Өткен жылы президент немересiнiң туған күнiне Дженифер Лопес, Бритни Спирс келiптi деседi. Бай­қаймын, биыл Перис Хилтон келмейтiн сияқты.
Қыркүйектiң 3-i күнi Қазақстан құрама командасының футболшылары Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу турнирiнiң алғашқы ойынын өткiзедi. А тобында өнер көрсететiн елiмiздiң аяқдопшылары Астананың “Астана-Арена” стадионында Түркия құрамасын қабылдайды. Қазақстан құрамасының футболшылары соңғы рет Түркия футболшыларымен 2005 жылы 8 маусымда Алматыда ойнаған-ды. 2006 жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу кезеңiнде түрiк футболшыларымен екi кездесу өткiзген сол кездегi Сергей Тимофеевтiң командасы қарсыластарынан ойсырай ұтылған болатын. Ыстамбұлда өткен алғашқы ойында 0:4 есебiмен жеңiлген жерлестерiмiз Алматыдағы кездесуде өз қақпаларынан алты доп алып шығуға мәжбүр болды: 0:6!
Сингапурде өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындары өткен аптада мәресiне жеттi. Әлемнiң 205 елiнiң жас жеткiншектерi қатысқан тұңғыш олимпиада ойындарында Қазақстанның жас спортшылары жалпыкомандалық есепте 24-орынға ие болды.
Дүниежүзiлiк ойындардың ал­ғаш­қы күндерi қазақстанндық спорт­шылар үшiн сәттi болды. Ең бiрiншi болып бозкiлемге шыққан грек-рим күресiнiң палуандарының арасынан 42 келiде күрескен Ақан Баймағамбетов қола медальға ие болды. Артынша, Ақанның жүлдесiн Жәнiбек Қандыбаев толықтырды. 69 келi салмақта алдына жан салмаған Жәнi­бек Алаш жұртына алғашқы алтын медальдi сыйлады...
Газетiмiздiң өткен сандарында еркiн және әйелдер күресiнен Мәскеудегi әлем бiрiншiлiгiне қатысатын палуандарымыздың есiмдерiн жариялағанбыз. Ендiгi кезек грек-рим күресiнiң шеберлерiне келдi.
Мұратбек Қасымханов тiзгiнiн ұстайтын грек-рим күресiнiң пал­уандары Мәскеу жерiнде жетi салмақтың барлығында да белдеседi. Бас бапкердiң түзген тiзiмiне қарайтын болсақ, елiмiздiң ең тәжiрибелi палуандарының бiрi Нұрбақыт Теңiзбаевтың жоқтығы бiрден байқалады. М.Қасымхановтың айтуынша, Н.Теңiзбаев жарақатынан әлi айығып үлгермеген. Оның орнына әлем бiрiншiлiгiнде Алмат Кебiсбаев күреседi. Алмат та осал палуан емес.

Өткен аптаның бейсен­бiсiнде футболдан Чемпиондар лигасының топтық турнирiнiң жеребесi тартылды. Алдымыздағы жылдың мамыр айына дейiн созылатын аламан бәйгеге Еуропаның ең үздiк деген отыз екi командасы қатысады. Кәрi құрлықтың 22 командасы турнирдiң топтық ойындарына бiрден жолдама алса, он команда iрiктеу ойындарын сәттi өткiзiп, мықтылар қатарына қосылды. Чемпиондар лигасының топтық турнирiне жолдама алған 32 команда төрт-төрттен сегiз командаға бөлiндi.

АЛЬЯНС БАНКI ӨНIМДЕРI АРҚЫЛЫ
Күнделiктi тұрмыста әртүрлi қажеттiлiктiң туатыны заңдылық. Көңiл қалаған қандай да бiр затты қалта көтермей қалатын кездер аз емес. Мұндай жағдайда алтын уақытты бекерге сарп еткiзбей, қалағаныңа қол жеткiзгiң келедi. Осындай сәтте қол ұшын созуға дайын жора-жолдас не туысың болса, жақсы. Бiрақ таныстарды жағалап, ақша iздеп сабылғанша, бiрден банкке бет алған әлдеқайда тиiмдi. Әркiмге бiр жалынып, жағда­йынды түсiндiрмейсiң әрi итәуреге түсудiң де қажетi жоқ.
Бiрақ мұндайда қай банкке барған дұрыс деген сауалдың басы қылтияды. Егер тұтынушылық мақсатқа несие алам десеңiз, Альянстың ұсынар өнiмi сан алуан.