1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15528) 3 қыркүйек, жұма 2010
Сейсенбi күнi мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Владимир Жұмақанов Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, ал Қабдулкәрiм Әбдiкәзiмов жай орынбасары болып тағайындалды. Бұрынғы төраға Әдiл Шаяхметовтiң бiрiншi орынбасары болған Нұржан Жiгiтеков «басқа жұмыс­қа ауысуына байланысты» қызметiнен босатылды. Ал ендi Әдiл Шаяхметовтiң өзi қайда? Ол «пiлдер зиратына» жөнелтiлдi... ҰҚК академиясына ректорлық қызметке барды. Тәуелсiздiк алғалы бергi 20 жылда Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне төраға болған он бiр адамның «бас терiсiн» сыпырып көрсеңiз, ҰҚК тарихының ала-құла екенiне көз жеткiзесiз. Ведомствааралық айқас саяси қуғын-сүргiнге ұласып, одан халықаралық дау-дамайға жалғасып жатқан қым-қуыт тiршiлiк. «Тоғыз ұлым — бiр төбе, Ертөстiгiм — бiр төбе» демекшi,

Шынын айту керек, көп қазақтар нағыз мұсылман дiнi қайсы, ондағы түрлi дiни ағымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенiн ажыратып жатпайды. Баласы мешiтке барып, намаз оқып жатса «баламыз түзу жолға түстi, арақ iшпейдi, бұзықтық жасамайды» деп қуанады. Ал бiрақ кейбiр ағымдар жас балаға жайнамазға жығылуды ғана емес, мұсылмандыққа жат нәрсенi үйретiп, мүлдем басқа дүниеге жетелейтiнiне ендi көз жеткiзiп жүрмiз. Маусым айының 22-сiнде Ақтаудағы қатаң режимдi колониядан 21 тұтқын қашып, өздерiн-өзi жарып жiберген оқиға елдi бiр дүрлiктiрген-дi.

 Киiкбай ЕШМАНОВ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» ӨФ директоры:
Жаңаөзен десе көзi қарақты оқырман ерiксiз елең ететiн жағдайға жеттi. Оған басты себеп соңғы 2-3 жылдың iшiнде болған Жаңаөзен мұнайшыларының бiрнеше ереуiлi. Осы уақыт iшiнде «Өзенмұнайгаз» өндiрiстiк филиалының төрт директоры орнынан кеттi. Қазiр Маңғыстаудың төл перзентi, жаңаөзендiк мұнайшы Киiкбай Жақыпұлы Ешманов сол қызметтi атқарып келедi. Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен елге жанашыр азаматтар «Жаңаөзеннiң мұнайшылары қалай? Тыныштық па?» деп сауал жолдап жатады. Осыған байланысты «Өзенмұнайгаз» ӨФ директоры Киiкбай Жақыпұлы Ешманов мырзамен сұхбаттасқанды жөн көрдiк.

Бұл дөңгелек үстелде 20 жылдан берi сыртқы көшi-қон саясатында шешiмiн таппай келе жатқан күрмеуi көп күрделi мәселелер талқыға салынды. Жасылдар Руханият партиясының төрағасы Серiкжан Мәмбетәлин, жазушы Смағұл Елубай, Қазақстанның мәдениет қайраткерi Уақап Қыдырхан, оралман-жазушылар Серiк Қапшықбаев, Тұрсынәлi Рыскелдиев, республикалық “Жебеу” қоғамдық бiрлестiгi орталық атқару кеңесiнiң директоры Рахым Айыпұлы, республикалық “Отандас-ел” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мұқан Мамытқанұлы, жазушы Жәди Шәкен, Қалқазат Төлеухан және басқа да азаматтар өз ой-пiкiрлерiн ортаға салды.   

Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы көзi тiрiсiнде Еренқабырға тауының бiр бүйiрiне тұмсығын тығып жатқан Лабасы шыңына шығуды мақсат еттi. «Дайындықтарың жақсы болсын, жiгiттер. Алдымен Беделбай шатқалынан Күнбелге дейiн менiмен бiрге жаяу жүрiп көрiңдер. Әбден шыныққан соң келесi жылы Лабасыға шығамыз». Асыл азамат мұны 2005 жылы айтқан едi. 2006 жылы бұл ойлағаны iске аспады. Саяси тапсырыспен жасалған қастандық оның және қасындағы екi серiгiнiң өмiрiн қиды. Алтекеңнiң осы ниетiн орындауды бүгiнде жерлестерi, бауырлары, жолдастары қолға алып, дәстүрге айналдырған. 

Менiң ауылға келгенiмдi көрiп көршi келiншек ерекше бiр қуансын. Үйiне шайға шақырып жалпақтап жатыр. Көршiм шайға шақырса, одан бас тартып нем бар, бара қойдым. Тозығы жеткен дастар­қан үстiне қолдан жапқан таба нанды үйеме етiп турап тастапты. Одан есiк алдына еккен бес-алты түп қызанағынан екi-үш қызарғанын терiп әкелiп, салат iстедi. Сөйтiп, алдыма шетi сынық кесесiмен шәйiн ұсынды.
– Сенiң келгенiң дұрыс болды. Қанша дегенмен оқы­ған адамсың ғой, маған арыз жазып бере қойшы, – десiн шай үстiнде ол шақыруының мәнiсiн түсiндiрiп. Сөйттi де жыларман күйде жағдайын айта бастады:

Жетiсудағы Жар­кент шаһарына жолы түскен адам таңдай қағып, тамсанбай өте алмайтын бiр керемет бар. Ол – Уәли бай мешiтi. 1895 жылы Жоңғар Алатауының қарағайларынан қиюластырып, бiр шегесiз салынған ескi жәдiгерлiк­тiң бас шеберi Хон Пик деген қытай азаматы болған деседi. Ол мешiт құрылысына қанша ағаш кетедi дегенде “артық та емес, кем де емес, мынадай мөлшерде болсын“ деп кесiп айтқанда халық таң қалысады. «Құрылыс болған соң бiр арба артық, бiр арба кем деген секiлдi...» деп сөз бастағандарға тағы да қайталап «жоқ, мынадай мөлшерде болсын» дейдi. Расында, құрылыс аяқталғанда, басы артық сынық қиынды да қалмаған.

ҚР бас прокуроры Қайрат Мәмидiң назарына!
Адам хатты, арызды ерiк­кеннен жазбайды. Әрбiр хаттың артында адам тағдыры тұр. Кез келген адам хатты үлкен үмiтпен, “осыдан бiр нәтиже шығады-ау” деген сенiммен жазады. Осыны ескерген президент Н. Назарбаев құзырлы мекемелерге елден келген хаттарға, қағаздарға мұқият қараңдар, дер кезiнде жауабын жазып, мәселенi оң шешуге тырысыңдар дегендi сәт сайын айтып отырады. Әрине, құзырлы мекемелер президенттiң айтқанын қалт еткiзбей, хатқа жауап жазудан еш шаршаған емес. Бiрақ, одан не пайда, бәрiбiр оң шешiлiп жатқан мәселе жоқ. Қайта бiздiң мекемелер соңғы жылдары қағазбасты болып бара жатқан сияқты.
Қаражалда әкiм ауысты. Мұқашев Ғалымның орнына басқа Ғалым, Ғалым Әшiмов келдi. Жаңа әкiмнiң тындырар жұмысын, алла жазса, болашақта көре жатармыз. Ал Қаражал қаласына 2 жыл басшылық жасаған Ғалым Мұқашев туралы не айтуға болады? Жеткен жетiстiк­терi мен жiберген қате­лiктерi, кемшiлiктерi қандай?“Жетiстiктерi” туралы әкiмшiлiк тарапынан шындық пен өтiрiгi араласқан халыққа көп ақпарат берiлдi. Ал кемшiлiктерi мен қате­лiктерi туралы ше? Қала тұрғындары арасында бұ­рын­ғы әкiмнiң атқарған жұмысы туралы сұрау жүр­гiзсеңiз, басым көпшiлiгi Мұқашев мырзаның жұмысына терiс баға берерi хақ.

2008 жылы күйеуiм қайтыс болып, үлкенi 18, кiшiсi 3 жастағы, шиеттей 6 баламен жесiр қалдым. Содан бергi 2 жыл iшiндегi басымнан өткен қиындықты дұшпаныма да тiлемес едiм. Өзiм жұмыссыз, балалардың күтiмiмен, екi күннiң бiрiнде ауырып-сырқап (бәрi жоқтықтан ғой) үйде отырдым. 18-ге толған үлкен ұлымды “жұмысқа тұрғызамын” деп, бармаған жерiм, баспаған тауым қалмады. 2009 жылдың аяғында “Өзенмұнайгаз” ӨФ-нда болған жұмысқа алу байқауына да қатыстық. Еш нәтиже болмады.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының палуандары қыркүйек айының 8-13 аралығында Токиода өтетiн әлем бiрiншiлiгiне қатысады. Ербол Қырғызбаев пен Жанна Нұртазина бастаған елiмiздiң дзюдошы қыз-жiгiттерi осы күндерi Талдықор­ған мен Алматыда әлем бiрiншiлiгiнiң қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарын өткiзуде. Биылғы жылдың басты жарысы Азия ойындары екенi даусыз. Десек те, дүниежүзiлiк додада намысты қолдан бермеу – палуандарымызға сын. Кезiнде Асқат Житкеев, Асқат Шахаров сынды татами шеберлерi әлемдiк жарыста ел намысын абыроймен қорғап, жүлделi орындардан көрiнсе, былтыр Голландияның Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатында Максим Раков қазақстандық дзюдошылардың арасынан тұңғыш рет бас жүлдеге ие болды.