1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (15529) 7 қыркүйек, сейсенбі 2010

Келер жылы қазақ елiнде өтетiн маңызды шараның бiрi әрi бiрегейi – Қысқы Азия ойындары екенi баршаға белгiлi. Қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы аралығында Алматы мен Астанада өтетiн спорттық жарысқа 20 мемлекеттен 2 мыңға тарта спортшы, 800 журналист, 500-ден астам мәртебелi қонақ қатысады. Бiр сөзбен айтқанда, мұндай ауқымды әрi маңызды шара ел тарихында әлi болып көрген жоқ. Екiншi жағынан, 2011 жылы «Ақ Азиаданы» қабылдау арқылы Қазақстан Қысқы олимпиада ойындарын өткiзу құқын жеңiп алуға тырысып бағуда. Бар-жоғы бiр аптаға созылатын «ақ ойындардың» ақшаның жұты болатыны әу баста әйгiленiп қалды. Шенеу­нiктер «бұл ойындарды өткiзуге 1,5 миллиард доллар қажет» дегенде-ақ талай шикiлiктiң боларын жұрт алдын ала сезген едi.

Қажымхан Мәсiмов. 1939 жылы Талдықорған облысының Ақсу ауылында туған. 1969 жылы Омбы темiржол көлiгi институтын, 1974 жылы Павлодардың индустриалдық институтын, 1989 жылы Алматы мемлекеттiк дене тәрбиесi институттарын бiтiрген. Спорт Академиясының құрметтi профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигi. Бiр ұл, бiр қызы бар. – Қажымхан Қасымұлы, бiлуiмiз­ше, сiз баспасөзбен жиi араласып, көп ашыла бермейтiн адамсыз. Шынын айтсақ, ел-жұрт сiздi тек премьер-министрдiң әкесi деп қана таниды. Ол – бiр. Екiншiден, халыққа танымал адамдар жайлы алып­қашты сөз көп жүредi. Сон­дықтан әңгiмемiздiң ба­сында өзiңiз жайлы қысқаша айтсаңыз.

Соңғы кездерi Беларусь президентi А.Лукашенко төңiрегiндегi түрлi алыпқашпа әңгiме одан әрi гуледi. Батька ойда жоқта туған күнiн басқа күнге ауыстырып жiберiптi. Туған күнiн өмiр бойы 30 тамыз күнi тойлап жүрген Беларусь басшысы төл мерекесiн бiр күн кейiнге жылжытты. Сөйтiп, Лукашенко туылған күнiн кенже ұлы Николаймен бiр күнде атап өткен көрiнедi. Былай қарасаңыз, түкке тұрғысыз осы бiр ақпаратты журналистер әп-сәтте iлiп әкетiп, бұдан сенсацияға бергiсiз жаңалық жасап жiбердi. “Батька мен оның мұрагерi туған күнiн бiр күнде тойлайтын болыпты, президент туған күнiн тектен-текке ауыстырған жоқ” деп Минскiнiң тәуелсiз ақпарат құралдары мұның астарынан бiр гәптi iздей бастады.
КЕЗIНДЕ АСЕКЕҢДI ҚАРАЛАҒАН УӘЛИХАН СҮЛЕЙМЕНОВТIҢ БҮГIНДЕ ОНЫҢ АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫ БАСҚАРУҒА ҚАНДАЙ МОРАЛЬДЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БАР?
Уәлихан!
Қазақта «Оразданың кәрiсi – қартайғанда қазына болады, шиырлының кәрiсi – қартай­ғанда қазымыр болады» деген әдемi сөз бар. «Оразда» сөзiнiң мағынасы — өмiрден көргенi мен түйгенi мол, бойына жақсы қасиеттер мен iлiм-бiлiмдi жинақтаған, соның арқасында адам ғұмырында болып жататын түрлi жағдаяттарға сын көзбен қарап, дұрыс бағамдай алатын және өзiнен кейiнгi­лерге көрегендiгi­мен ұнайтын қарттың болмысына арналған сөз. Ал «шиырлы» деген – жас­тығында жасаған ұнамсыз тiрлiктерiн қартайған шағында да қайталап, жан-жағындағыларға әбес қылық, оғаш тiрлiк көрсетiп жүрген адамның бейнесiн айқындайтын анықтауыш.

Тiркелмеген “Алға” партиясы және Қазақстан коммунистiк партиясы президент Н.Назарбаевты мерзiмiнен бұрын отставкаға кетiру мақсатында жалпыхалықтық референдум өткiзу жөнiнде бастама көтердi. Олар 25 қыркүйекте елiмiздiң барлық аймақтарынан және Алматы, Астана қалаларынан белсендi азаматтарды жинап, бұл бастаманы қолдаушылардың алғашқы кеңесiн өткiзбек. Бұл ойларын қос партия өкiлдерi арнайы баспасөз мәслихатында мәлiмдедi. Бастамашыл топ елiмiздегi саяси-әлеуметтiк, құқықтық дағдарыстың тереңдеп бара жатқанын айтты. “

Жақында президент Н.Назарбаев парламентке көшi-қон туралы заңға енгiзiлетiн өзгерiстердi қарап, қабылдауды тапсырды. «Елiмiзде көптеген ұйымдар көшi-қон iсiмен айналысуда. Бiрақ, олардың ешқайсысы бiзге қанша адам келiп-кеткенiн айтып бере алмайды», – дедi президент. Әйткенмен, бұл тақырыпты талқылап, таразылап жүргендер басқа пiкiрде. «Көшi-қон саясатындағы басты мәселе бұл емес. Шетелге тарыдай шашылған 5 миллион қазақты тарихи Отанына қайтару үшiн нақты iс-шаралар жасалып жатқан жоқ. Отанына оралған қазақтар Қазақстанда жетiм баланың күйiн кешуде», – дейдi олар.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының бас жағында болуы керек, сол тұстағы ең атақты қазақ кино­режиссер­лерi­нiң бiрi С.Қожықовтың «Қыз Жiбек» атты көркем фильмi экранға шығып, елге көрсетiлiп, недәуiр жоғары бағаланып, жан-жақты мақталып жатты. Осы мақтаулы фильм­дi мен ауылға жазғы демалысқа бар­ғанымда, Шиелiнiң орталығындағы аудандық мәдениет үйiнiң қабырғасына жалғастыра салынған төбесi ашық кинозалда кешқұрым уақытта тамашалаған едiм. Әрине, жалғыз өзiм емес, қасымда жергiлiктi «Өскен өңiр» газетiнiң бiрлi-жарым қызмет­керлерi бар-тұғын. Кинодан соң сол күнi Шиелiге қонып шығып,

Тараз қаласының шетiндегi «Зүнiн шейх» мешiтiн елдiң бәрi бiледi. Бұл мешiт осыдан 4-5 жыл бұрын Парламент Сенатының депутаты болған, белгiлi меценат, елiмiздегi таэквондо федерациясының президентi Шамсат Исабековтiң демеушiлiгiмен салынған. Ал осындағы бас имам Әбдiуахит Әбдулғафурұлының есiмi ел iшiнде ерекше айтылады. Жайнамазға жығылып, Құран аударып жүрген мұсылмандардың бәрi оның бiлiмдарлығына, Ислам дiнi жөнiнде бұл өңiрде онымен бiлiм таластыратындай ешкiм жоқ екенiне шәк келтiрмейдi.

АДАМ ОЙЫН ОҚИТЫН ҚҰРАЛ
Ambient американдық корпорациясы ерекше техникалық құрал ойлап шығарды. Audeo деп аталатын құрал адамның ойын оқи алады. Яғни, бұны электронды телепат құралы десе де болады. Audeo мойынға тағатын кәдуiлгi алқа тәрiздес. Ол дауыс жолдарына түсетiн жүйке импульстерiн оқып, оны жария ете алады. Ол үшiн бұл құралды тағатын адам ойланып, iштей сөйлесе жеткiлiктi. Ол сол мезетте-ақ адамның не туралы ойлағанын айтып бере алмақ. Құрал қазiр 150 сөз бен сөз тiркесiн оқи алатын көрiнедi. Бiрақ мұны ойлап тапқан ғалымдар құралды жетiлдiре түсемiз дейдi.

Ол тұста 1-курста оқитын едiм. Университетке жаңа түскен кезiмiз. 1-курс студенттерiнiң бiр-бiрiне қонаққа барып, түн ұзақ әңгiмелесетiн әдетi бар емес пе. Бөлмеде екi қыз тұратын едiк. Тағы бiр құрбымыз басқа бөлмеде тұратын. Бiр күнi құрбымыздың қасындағы көршiлерi аяқасты ауылдарына қайтып кеттi де, құрбымыз жалғыз қалды. Кешке қарай ол бiздi шайға шақырды. Шай iшiлiп, әңгiме айтылып болған соң көршiм екеумiз құрбымды жал­ғызсыратпай сол бөлмеде қонатын болып шештiк. Құрбымыз төсек салып берiп, бiздi жайғастырды. Ол өзiнiң төсегiне, ал көршiм екеумiз бiр төсекке қисайдық. Бiрақ түн ортасына дейiн көз iлмей, әңгiме-дүкен құрдық. Таңға жуық үшеумiз де ұйықтап кетiппiз.

Қазақстан құрамасының футболшылары Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарын жеңiлiспен бастады. Түркия құрамасының футболшыларымен жасыл алаңға шыққан отандастарымыз қарсыластарынан 0:3 есебiмен ұтылды.
Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы ойыннан кейiн екi елдiң бапкерлерi бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Алдымен сөз алған Гус Хиддинк үш ұпайды қоржындарына салғанына қуанышты екенiн жасырмады. Жасырмағанда ше, түрiк футболшыларының тiзгiнiн ұстағалы берi, ресми ойындағы алғашқы жеңiсiне қол жеткiзiп тұрса...

Қазақстан құрамасы Түркия футболшыларын қабылдаған күнi Еуропа бiрiншiлiгiнiң басқа да iрiктеу ойындары өттi. Қазақстан құрама командасымен бiр топта ойнайтын Германия футболшылары сырт алаңда Бельгия құрамасымен кездесiп, алаң иелерiн 1:0 есебiмен жеңдi. Өткен жұманың ең басты сенсациясы Беларусь футболшыларының жеңiсi болды. Франциямен күш сынасқан беларусьтар алаң иелерiн ойынның соңғы минутында қапы қалдырып, үш ұпайды қанжығаларына байлады. Биылғы әлем бiрiншiлiгiнде француздардың қалай қара бет болғаны естерiңiзде болар.

Қытайдың Бейжiң қаласында бiр аптаға созыл­ған шығыс жекпе-жек түрлерiнен дүниежүзiлiк ойындар аяқталды. Тұңғыш рет тұсауы кесiлген жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары жетi медаль жеңiп алды. 
Бейжiңге әлемнiң 100-ге жуық елiнiң спортшылары жиналды. 13 спорт түрiнiң жүлде­лерiн сарапқа салған мыңнан аса спортшылардың арасынан жарысты өткiзушi ел Қытай жалпыкомандалық есепте екiншi орында қалып қойды. Бiрiншi орынды Ресей спортшылары иелендi. Қазақстан – 24-орында. Дүниежүзiлiк ойындарға бар­ған қазақстандық спортшылардың арасынан Тiлеуiмбетов­тердiң отбасы ерледi. Ағайынды Нұрлан мен Ерлан ел намысын абыроймен қорғап, джи-джитсудан бiрi – алтын, бiрi күмiс медальдi еншiледi.