1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (15530) 9 қыркүйек, бейсенбі 2010

Аймақтарға «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жұмысқа келген жастардың көпшiлiгi екi-үш айдан артық ауылда тұрақтамайды. Жуырда Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төленбек Саурабаев та осыны растап, жас дәрiгерлердi ауылда ұстап қалудың қиын екенiн мәлiмдедi.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лiгi мен «жас отандықтардың» бастамасы бойынша, тiкелей пре­зи­­денттiң тапсырмасымен 2008 жылдың қаңтар айынан бастап iске асырыла бастаған болатын. Бас­тап­қыда бұл бағдарламаның қар­қыны да, жарнамасы да күштi едi.

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Қаракемер ауылы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектептiң директоры Бибiжамал Табанова мен мектеп мұғалiмдерiнiң арасындағы дау-дамайға әлi нүкте қойылған жоқ. Мұғалiмдер мектеп қабырғасындағы заңсыздыққа, директордың дөрекiлiгiне төзер емес. Ұзынқұлақтың сөзiне қарағанда, бұл даудан ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың да хабары бар көрiнедi. Ендеше, мектеп директорын тәртiпке шақыруға не кедергi болып тұр? Әлде Қаракемердегi мұғалiмдер домалақ арыз жазуға құмар ма?

8 қыркүйек – халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi. Кеше осы күнге орай елiмiздегi бiрқатар журналистердiң құқығын қорғау ұйымдары өкiлдерi Ұлттық баспасөз клубында арнайы баспасөз мәжiлiсiн өткiзiп, жиын соңынан әдiлетсiздiк құрбаны болған әрiптестерiмiздi еске алу шарасын өткiздi. Бұл күн 1958 жылы Бухарестте өткен Халықаралық журналистер ұйымының IV конгресiнде 1943 жылдың 8 қыркүйегiнде фашистердiң қолынан қаза тапқан чех журналисi Юлиус Фучикке арналып белгiленген. Сол уақыттан берi 8 қыркүйек күнi әлем бойынша шынайы ақпарат таратқаны үшiн қудаланған журналистердi қолдау, қызметтiк бабы бойынша қаза тапқан журналистердi еске алу шаралары өтедi.
Елiнiң шынайы тәуелсiздiгiн, отандастарының бақытты өмiр сүр­генiн қалаған және соған берiле қызмет еткен Алтынбек Сәрсенбайұлы бүгiнде арамызда жоқ. 12 қыркүйек – туған күнi, оның өзiнiң қатысуынсыз бесiншi рет аталмақ. Саяси тапсырыспен жасалған қастандықтан қырық төрт жасында мерт болған асыл азаматты күллi Алашы ардақ тұтады. Авторитарлық басқару жүйесiне қасқа­йып қарсы тұрған, барлық оңды күштердi қоғамды демократияландыру күресiне жұмылдыра алған Алты­кең­нiң сөзi мен iсiне зәрулiк күн сайын сезiледi...
Бiз бүгiн А.Сәрсенбайұлының 2004 жылы «Жас Алашта» жарияланған сұхбатын оқырман назарына қайталап ұсынғанды жөн көрдiк.
ҚР Қорғаныс министрi Ә.Жақсыбековтiң назарына
Бұл төтенше оқиға биылғы тамыз айының 5-i күнi болған. Алматы облысының Боралдай ауылындағы №16-194 әскери бөлiмiнiң 3 батальоны Iле ауданындағы әскери полигонға мылтық ату жаттығуына бару үшiн жиналып жатты. Үш батальондағы әскерлердiң ұзын-саны — 75. Әскери бөлiм мен әскери полигонның арасы онша қашық емес. Сағат таңғы он шамасында полигонға жеткен 75 әскер қаздиып сапта тұрды. Жауынгерлердi түгендеп болған командирлер оларды бiр-бiрлеп шақырып, қауiпсiздiк журналына қол қойғызып, әрқайсысына автоматтың 12 оғын таратып берген.

Жуырда белгiлi тарихшы Елтоқ Дiлмұхаммедовтiң «1837-47 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерiлiсi» атты кандидаттық диссертациясының жаңа басылымының тұсауы кесiлдi. Бұл еңбек 1946 жылы Ташкентте қорғалған. Алайда уақыт өте келе еңбек жоққа шығарылып, ғалымға атағынан айырылуға тура келген. Кейiн ол қамауға алынады. Ал оның оппонентi болған Ермұхан Бекмаханов та осы тақырыптағы еңбектерi үшiн ГУЛАГ-қа айдалды.

ТМД-ның экономикалық сотында Беларусь пен Ресей арасындағы сот процесi басталды. Минск бұған дейiн мұнай өнiмдерiнiң экспортына салынатын баж салығымен келiспей, Ресейдi сотқа берген едi. Ендi Беларусь пен Ресей арасындағы жанжал­ға түрткi болған мұнай және мұнай өнiмдерiнiң экспортына салынатын баж салығының қаншалықты заңды екенiне ТМД соты төрелiк айтпақ. Екi одақтас елдiң арасындағы кикiлжiң мен дау-дамай осы мұнай экспортына салынатын баж салығынан бастау алған. Бұрындары мұнай өнiмдерiнiң экспорты үшiн баж салығын алмайтын Ресей сөзiнен айнып, аяқ астынан салықтың осы түрiн енгiздi.

«Ер түрiктiң бесiгi, екi дүниенiң есiгi...» киелi Түркiстан қаласының тiзгiнiн ұстаған басшылар соңғы кездерi адамды адалдыққа, адам­гершiлiкке, имандылыққа баулитын игi тiрлiктерге ұдайы ұйытқы болып жүрудi дәстүрлi дағдыға айналдырды. Рухани астананың әрбiр басқан қадамына көпшiлiктiң көз тiгiп қана қоймай, өздерiнiң көшiн түзеуге септiгiн тигiзетiн тың бастамалар күтетiнiн жақсы түсiнетiн қазiргi қала әкiмi, iскер басшы Қайрат Молдасейiтов өзгелер өнеге тұтатын тағы бiр игi тiрлiктiң жүзеге асуына түрткi болды.

КЕЙБIР ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРIН СОЛАЙ ДЕМЕСКЕ АМАЛЫҢ ЖОҚ

Мен жеке кәсiпкермiн. Мемлекетке уақытында салықтарымды төлеп тұрамын. Елiмiздiң өркендеп дамуына осы елдiң азаматы ретiнде өз үлесiмдi қосып келемiн. Президент Н.Назарбаев: “Жеке кәсiпкерлердi қолдау керек.Оған кедергi келтiрген мемлекеттiк шенеунiктердi қатаң жазалаңдар!” деп үнемi тапсырып келедi. Бұл сөзiн жақында теледидардан шегелеп тұрып және айтты. Бiрақ, президенттiң сөзiн жергiлiктi шенеунiктер құлақтарына iлетiн емес. Жаңаөзен қалалық қаржы полициясының қызметкерлерi менiң жеке кәсiбiме көмектеспек түгiлi, қоймамдағы дүние-мүлкiме қол сұғып,өзiмдi ауыр соққыға жығып, ауруханаға түсiрдi

«Жас Алаш» газетiнiң биылғы жылдың 3 қыркүйектегi №70 санында кәсiпкер Жұмасейiт Нұрбаевтың «Таразда кәсiпкердiң құқын кiм қорғайды?» деген мақаласы жарық көрген-дi. Мақалада автор кәсiпкерлiк құқын қорғап, бармаған жерi, баспаған тауы қалмағанын ашына жазған едi. Осы мақалаға байланысты Тараз қаласының әкiмшi­лiгiнен жауап хат келдi.«Тараз қаласы әкiмiнiң аппаратына келiп түскен әр хат қатаң бақылауда. Хаттар мазмұны әртүрлi. Аса көп мөлшердегi қаржыландыруды талап ететiн мәселелер де баршылық.

Бiз Нүкiс қаласынан жуықта ата-бабамыздың туған жерi Семей қаласына қоныс аударып, отбасымызбен көшiп келдiк. Бала-шағамыз көп болғандықтан жеке үй салуға жер телiмiн iздедiк. Газеттердi қарап жүрiп “Ертiс өзенiнiң жағалауынан 15 сотық жер телiмiн сатамын” деген хабарлама бойынша көршiммен бiрге жер телiмiн барып көрдiк. Жер телiмi бiзге ұнағаны соншалық, сату бағасы қымбаттау болса да сатып алуға келiстiк. Жер телiмi бiр азаматтың атына тiркелгенi жөнiнде құжаттарын көрдiк. Менiмен жердi барып көрген көршiмнiң қатынасуымен жердi сатып алу туралы келiсiмшарт жасадық.

КӨЗ ҚЫСҚАННЫҢ БӘРI СОҚЫР МА?
Ауылда Айдар деген кiсi қу тiлдi едi. Әдетi бiр көзiн қысып жүретiн. Сол Айекең ұзақ жылдар бойы ескi мәшине жүргiзсе керек. Бiрде кезегi келiп жаңа мәшинеге қолы жеткенде Айекеңнiң үстiнен арызшыл қулар: “Айдардың бiр көзi соқыр. Соқырға жаңа мәшине берiле ме?” деген сыңайда арыз жазыпты. Ақыры бұл дау ушығып аупарткомда қаралыпты. Аупартком хатшысы А.Исаев Айекеңдi өзiне шақырып мән-жайды сұраса ол:
Ол екеуiмiздiң танысуымыз қызық болды. 1968 жылдың көктемi. Бiр күнi Алматының Гоголь және Сейфуллин көшелерiнiң қиылысындағы “Көне кiтаптар” (“Букинист”) дүкенiне бара қалсам, қаламгер ағамыз Әнуар Әлiмжанов жүр екен. Дүкенде қалыптас­қан тәртiпке бағынып, күбiрден көтерiңкi, сыбырдан пәстеу үнмен сәлемдестiк. Сол әредiкте қасымызға нығыз төртпақ жiгiт келдi. Қолында өзi тақiлеттес қалың кiтап бар. Маған басын бiр изедi де, кiтапты Әнуарға ұсынып: “Әнеке, бағана айтқаным, мiне, осы”, дедi. Ал Әнекең одан кiтапты ала бере:
– Амантай, Ғаббаспен таныссың ба? – деп менi шынтағымнан ұстады.

Ұлттық құраманың бас бапкерi Бернд Шторк Түркиямен өткен ойынмен салыстырғанда бұл жолы бiрнеше өзгерiстер енгiзiптi. Мәселен, Түркиямен болған кездесуде шабуыл шебiнде ойнаған Сергей Остапенконы бас бапкер өзiмен бiрге ертпей, Қазақстанда қалдырды. Оның орнына Глеб Мальцев ойнады. Сондай-ақ, Генрих Шмит­гальдiң орнын Қазбек Гетериев басты. Алаңда бар-жоғы белгiсiз Максим Азовский де бұл жолы негiзгi құрамға шыққан жоқ. Бас бапкер М.Азов­скийдi Евгений Аверченкомен алмастырды.

Мәскеуде күрес түрлерiнен өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрамасының қоржынына екi медаль түстi. Боз кiлемге бiрiншi болып шыққан грек-рим күресiнiң шеберлерi арасынан 60 келiдегi Алмат Кебiспаев пен аса ауыр салмақтағы алыбымыз Нұрмахан Тiнәлиев (суретте) дүниежүзiлiк жарыстың қола жүлдегерлерi атанды.
Жарыстың алғашқы күнi 55, 66 және 96 келi салмақта күрескен елiмiздiң үш бiрдей палуанына жүлде бұйырмады. Алдымен бозкiлемге шыққан 55 келiдегi Жанкелдi Әзкенов екiншi белдесуiнде кубалық палуанға есе жiберiп алды. Бiрiншi белдесуде Жангелдi австралиялық палуанды айқын басымдықпен ұтқан болатын.