1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15531) 14 қыркүйек, сейсенбі 2010
Мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы 2004 жылы «Жас Алашқа» берген сұхбатында былай деп едi. «...Екiжүздiлiк — өте қауiптi құбылыс Осындай қауiптi құбылысқа мен «шибөризм» деген термин ойлап таптым. Қарсақтар, шибөрiлер құладың бiттi, талап жейдi. Егер бiздiң басшылар сол шибөрiлердiң қатарын көбейте беретiн болса, Қазақстанда шибөризм кең етек жайып кетедi». Алтекеңнiң қаупi расқа айналғалы қашан. «Шибөризмнiң» кең етек жайғанына, тiптi сәнге айнала бастағанына әлдеқашан көзiмiз жеткен. Екiжүздiлiктiң де түр-түрi бар. Оның iшiндегi ең қауiп­тiсi — саяси екiжүздiлiк, яғни саяси шибөризм. Алтекең көзi тiрiсiнде саяси шибө­ризмнiң қандай болатынын жiлiктеп
Дәл қазiр сыртқы көшi-қон саясатында күрмеуi көп күрделi мәселелер жетерлiк. Оның үстiне, көш саябырсып, үкiметтi тығырыққа тiреп отыр. Көшi-қон комитетi мәселенi оңтайлы шешу үшiн жаңа заң жобасын дайындап, парламентке ұсынған-ды. Бiрақ, «бұл заң жобасының шикi тұстары бар. Шеттегi қазақтың тарихи Отанына оралуына кедергi болады» деген қарсы пiкiрлердiң де басы қылтиғаны қашан. Сырт­қы көшi-қон саясатында дауға түскен мына үш сұрақты таразыға салдық.
Сенбi күнi «Қазақстандағы тұрғын үй құқығы: негiзгi мәселелер және оны шешудiң жолдары» атты тақырыпта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Оған БҰҰ-ның ресми өкiлi Ракель Рольник қатысты. «Лайықты баспана үшiн» қоғамдық қозғалысының төрайымы Зәуреш Батталованың хабарлауынша, қоғамдық тыңдауда мынадай сұрақтар талқыға түстi: Қазақстанда тұрғын үй мәселесi қалай шешiлуде? Үлескерлер мәселесiне нүкте қойылды ма, жоқ па? Бұл жолда мемлекет тарапынан қандай iс-шаралар жасалуда? Бөлiнген қаржы қайда жұмсалуда? Жиналғандар ең алдымен осы сауалдарға жауап iздедi. Екiншi кезекте, ипотекаға тұрғын үй алғандардың бүгiнгi тұрмысы, банктердiң азаматтардан жалғыз баспанасын сот шешiмiнсiз тартып
Жұма күнi Алматы әкiмдiгiнде бiр топ тiл мамандары, қоғам қайраткерлерi және тiл жанашырлары бас қосқан алқалы жиын өттi. Отырыс Мәдениет министрлiгi ұсынған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасын талқылауға арналған. Жиын қорытындысында тiл жанашырлары бағдарламаның шикiлiгiн айтып, оны бұл күйiнде қабылдауға болмайды деген байламға тоқтады. Алматы әкiмшiлiгi бұл тақырыпқа арналған жиынды осымен екiншi мәрте өткiзуде. Алғашқы жиынға қатысқан тiл мамандары да бұл бағдарлама жобасын қатал сынға алып, оны сауатсыз құжат ретiнде бағалаған едi.

Еуропа жұртшылығының ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан билiгiне деген наразылығы күшейiп келедi. Жуырда британдық халықаралық саясат орталығы «Қазақстан жолайрықта: басқару, жем­қорлық және халықаралық инвестициялар» атты есебiн жариялады. Онда сарапшылар Қазақстанды жемқорлық жайлаған ел ретiнде бағалап, желтоқсан айында Астанада жоспарланған ЕҚЫҰ саммитiнiң қатысушыларын елiмiздегi саяси ахуалдың болашағының қауiптiлiгiн ескертiп, оған көз­жұма қарамауға шақырды. Ал Еуропарла­менттiң Қазақстанға сапарлап қайтқан бiр топ депутаты қазақ билiгiн өткiр сынға алып, еуропалық елдердi биыл Астанада өтетiн ЕҚЫҰ саммитiнен бас тартуға шақырды. 

Ақтөбелiк саясаткер Айдос Садықовтың әйелi Наталья Ешжанова, ЕҚЫҰ-ға, Еуропарламентке және бiрқатар халықаралық ұйымдарға үндеу жолдады. Өз үндеуiнде екi жылға бас бостандығынан айырылған оппозициялық саясаткердiң жары өзiне қатысты түрлi қорқыту-үркiту әрекеттерi болып жат­қанын жеткiздi. Оның айтуынша, бұл әрекет­тердiң артында Ақтөбе облысының басшылығы тұр. «Егер жуырда маған немесе болашақ балама қастандық жасалса, оған облыс әкiмi Елеусiз Сағындықов кiнәлi болады. Себебi, Айдостың iсiне қатысты айқай-шу шықпауына бiрден-бiр мүдделi адам сол», – дедi журналистiң әйелi.

12 қыркүйек – көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. Алаштың ардақты азаматы тiрi болғанда биыл 48 жасқа толар едi. Осы күнге орай оның жақтастары, туыстары, серiктерi, тәуелсiз журналистер және Алтынбектiң әдiлеттiлiк жолындағы күресiн жалғастырушылар, жалпы саны алпыстан астам адам оның өзi жүрген бағытпен саяхат­қа шықты. Медеу шатқалы маңынан басталған соқпақ жол арқылы екi асуды бағындырып Алма-Арасаннан бiрақ шықтық. Биiк-биiк асулары, жа­зық жолдары бар, жалпы алғанда он бес шақырымға жуық, жаяу жүргiншi үшiн үш-төрт сағаттық жол. Бұл – биiк­тiктi жаны сүйген Алте­кең­нiң аптасына бiр мәрте жүрiп өтетiн бағыты болған. Оның серiктерiнiң айтуынша, ауа-райы жақсы болса, Алтекең бұл дәстүрiн қалт жiбермеген. А.Сәрсенбай­ұлының саяси серiктерiнiң бiрi Төлеген Жүкеев

Cоңғы онжылдықта қарыштап дамыған Қытай экономикасы өз саясатының жемiсiн көрiп жатыр. Көршi­мiздiң жеткен жетiстiктерiнiң таңғаларлық жағдайда екенiн бар адамзат мойындай бастады. 70-жылдардан кейiнгi бұл елдегi технология­лық-инновациялық өзгерiстер, 1 миллиардтан аса халықты асырап қана қоймай, басқаларға да талғажау болуға жарап тұр. Бiр ғана Ресей елiнiң газотрансферлiк саласына 25 мил­лиард доллар қаржы салып, Қиыр шығысындағы ауыл шаруашылығының 60 пайызын осы елдiң кәсiпкерлерi игеруде.

Мал шаруашылығын дөңгелетiп жүргендердiң тыныс-тiршiлiгiмен танысу үшiн Шәлкөде жайлауына ат басын бұрдық. Мұнда Алматы облысы, Райымбек және Ұйғыр ауданы тұрғындарының малшы-қойшылары 6,8,12 қанатты киiз үйдiң керегесiн керiп, қоныстаныпты. Шiлдедегiдей белден келер жасыл шалғын болмаса да, жайлаудың табиғаты тамаша. Шәлкөденiң жайма-шуақ тiршiлiгiн көзбен көрiп, май-құртынан, бал қымызынан дәм таттық.

«ЕЛУЛIККЕ» ЕНУIМIЗ ЕКIТАЛАЙ
Дүниежүзiлiк экономикалық форумы зерттеу жүргiзiп, «Жаһандық бәсекеге қабiлеттi –2010-11» атты құжат жариялады. Онда дүниежүзiнiң 139 елi сынға түсiп, экономикасы сарапқа салынды. Зерттеу нәтижесiнде Қазақстан елу елдiң қатарында емес, 72-орынға тұрақтапты. Бiрiншi орынды – Швейцария, екiншi орынды – Швеция, үшiншi орынды – Сингапур қанжығасына байлаған. ТМД елдерi бойынша, Әзiрбайжан – 57, Ресей – 63-орынды мiсе тұтқан.

«Арал экологиялық апат аймағында туып, 18 жасымда дертке шалдыққанымды, дәрiгерлердiң нұсқауымен қоныс ауыстырғанымды, отбасымның нашар күнкөрiсiн, бастысы – Қазақстан заңнамаларын және президентке хат жазғанымды ескерiп, Алматыдан жер телiмiн бередi деп үмiттенген едiм», – дейдi редакцияға хат жазып, көмек сұраған Қайрат Әлиев. Оған Алматы қаласының жер қатынас­тары басқармасы былай деп жауап берiптi: «Алматы қаласы әкiмдiгiне жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмiн беру туралы 100 000 азаматтан өтiнiш түскен. Мұндай қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн 12 000 гектар бос жер телiмi керек. Ал Алматы қаласының шегiнде мұндай жер телiмi жоқ».

Биылғы көктем жабырқау жанды еске салғандай едi. Аспан сәл қабақ шытса болды, көз жасындай мөлдiр тамшылар төгiле жөнеледi. Мұндайда сыртқа шығып, еркiн серуен құра алмай, әрi ештеңеге зауқым соқпай үйде қамалып отырғаным. Теледидарды ермек етейiн десем, жанға жылу сыйлар жаңалық тапшы.Терезе алдына жайғасып, сыртқа көз тастағаннан басқа қолымнан ештеңе келер емес. Ой құшағындамын. Кенет есiме Бауыржан аға түстi. Отты, ойлы жанары елестеп, көңiлiмде күн күлгендей жадырап сала бердiм. Дереу жазушы Мағира Дәулетбекқызы Қожахметоваға телефон соқтым. Ар жақтан:
Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жатқан командалар бiраз үзiлiстен кейiн 24-ойындарын жалғастырды. Бұл турдың негiзгi ойындарының бiрiнен саналған “Тобыл” мен “Ертiс” арасындағы кездесу 4:0 есебiмен қостанайлық футболшылардың жеңiсiмен аяқталды. Равиль Сабитовке арқа сүйеген “Тобыл” футболшыларының тасы өрге домалап тұр қазiр. Қатарынан жетi жыл жүлде алған “Тобыл” былтырғы маусымда Қазақстан премьер-лигасын төртiншi орынмен қорытындылаған кезде команданың “күнi батты” деушiлер табылып едi. Сөйтсек, олай емес екен. “Тобылдың” биыл “таситын” түрi бар.
Жексенбi күнi Мәскеуде күрес түрлерiнен әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Қазақстан құрамасының палуандарына бұл додада 1 күмiс, 3 қола медаль бұйырды.Грек-рим күресiнiң шебер­лерi екi қола медаль жеңiп алғанын газетiмiздiң өткен санында жазғанбыз. “Классиктердiң” арасында ең соңғы болып кiлем­ге шыққан 74 келiдегi Роман Мелешин жүлдеге бiртабан жетпей қалды. Оңтүстiк Корея мен Франция елiнен келген палуанды жеңiп, ширек финалға шыққан Р.Мелешиндi жартылай финалда жапон палуаны жықты.
Өткен жұмада Ғабит Мүсiрепов атындағы бильярд клубында (Жазушылар одағының ғимаратында) белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының жүлдесiне арналған бильярдтан республикалық турнир өттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi мен зиялы қауым өкiлдерiнiң басын қосқан дәс­түрлi турнир биыл екiншi рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарыстың бiр еркешелiгi қатысушылардың саны едәуiр көп болды. Турнирдiң ашылу салтанатында белгiлi қаламгер, спорт журналисi Несiп Жүнiсбайұлы, академик Оразалы Сәбден және тағы басқа елiмiздiң зиялы қауым өкiлдерi сөз алып, Алтекең жайлы естелiктер айтты.

Республикамыздағы қоғамдық қозғалыстарды, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдарын, сондай-ақ зиялы қауым өкiлдерiн бiрiктiретiн «Тәуелсiздiктi қорғау» демократиялық қозғалысының ұйымдастыруымен 2010 жылдың 19 қыркүйегi күнi С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетiнiң Конгресс-холлында (Бөгенбай батыр к-сi 151, Сейфуллин к-нiң қиылысы), сағат 12-00-де, Алматы қалалық әкiмдiгiнiң рұқсатымен қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе иеленуiнiң 21 жылдығына орай «МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДI ҚОЛДАУ» акциясы өткiзiледi.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын ала-құла несие алған жұрт дағдарыс басталғанда қиын-қыстау күндерге тап болды. Көпшiлiгi бұрынғы төлем қабiлетiнен айырылды. Сөйтiп, бұрынырақта алған несиесiн қайтара алмай, әуре-сарсаңға түстi. Бiрақ тығырықтан шығар жол әрқашанда да бар. Қиындыққа ұшыраған халыққа мемлекеттiң өзi алғашқы болып қол ұшын созды. Сөйтiп, “Самұрық-Қазына” қоры арқылы несиенi қайта қаржыландыру бағдарламасы iске қосылды. Үкiметтiң дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру мүмкiндiгi клиенттерге