1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
Апта басында Ақтөбе облысында iссапармен болған Н.Назарбаев кездесулердiң бiрiнде былай деп мәлiмдедi: «“Нұр Отан” ХДП – ха­лықтың партиясы. Таяудағы 40-50 жылда елдегi тұрақтылық пен бiрлiктi қамта­масыз етiп, сайлауларда жеңiске жетуi тиiс». Оның бұл сөзiн қалай түсiнуге болады? Бұл басқа партияларды менсiнбеу, көзге iлмеу ме? Әлде, оларға сес көрсету ме? Осы сауалдарды елдегi оппозициялық партиялардың жетекшiлерiне қойған едiк. – Болашақта не боларын тек уақыт көрсетедi. Не нәрсенi де әуелi бұйырса деп айту керек. Ертеңгi күнiмiздi президент болжай алмайды. Сондықтан, оның бұл сөзi дұрыс емес. «Нұр Отанның» билiкте қырық жыл отырарын немесе бiр жыл отырарын тек бiр Құдай бiледi. Олардың бүгiнгi тiрлiгiне қарағанда, уақыттары таяп қалды. 
Жазғы демалыстан оралған қоғамдық-саяси белсендiлер күзгi саяси науқанға дайындықты қызу бастамаса да, бiршама қарқынмен iске кiрiстi. Өткен бiр-екi апта iшiндегi оқиғалар алдағы саяси науқанның жаңалықтарға толы боларынан хабар бередi.Осы жылы Қазақстан билiгi үшiн екi «мәндi» әрi «маңызды» оқиға болды: бiрi – Астананың 12 жылдығы («ұлт көшбасшысының» 70 жылдық мерейтойы деп оқыңыз) болса, екiншiсi – ЕҚЫҰ-ға төрағалық пен оған мүше – мемлекеттер президент­терi­нiң саммитi. Ал­ғашқы оқиғаны Астана шенеу­нiк­терi «абыроймен» атап өткенiнен республика жұрт­шы­лығы хабардар.

ҚР Қаржы министрi Болат Жәмiшев 2011 жылы президент жарлығымен 25 мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер жұмысынан қағылатынын мәлiмдедi.  ҚР Статистика агенттiгiнiң дерек­терiне жүгiнсек, 2010 жылдың 2-тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейi 5,8 пайыз болған. Жалпақ тiлмен айтқанда, тамыз айында екi қолға бiр күрек таба алмай жүрген­дердiң саны елу мыңға жуық­таған. Ресми орындардың деректе­рiне көз жүгiртсек, жұмыссыздық деңгейi жыл, ай сайын емес бейне бiр күн сайын азайып келе жатқанына куә боламыз. Бiрақ, шынайы өмiрде, тұрмыс-тiршiлiкте жағдай мүлде бөлек екенi ай­қын. Қара базардаға қара жұмысқа таңылып жүрген қара көз қазақтың есебi жоқ. 

— Мен Ғабит Мүсiрепов атындағы жастар театрының маңында тұрамын. Қыркүйектiң 12-сi күнi немеремдi жылы киiндiрiп, аулаға шықтым. Күн жаңбырлы болатын. Театрдың маңы абың-күбiң. Көршiм кәрiс едi, менiң артымнан басы салбырап iлесе шықты да, театр­ға беттедi. “Әй, қошына, тоқташы өзiң. Неге ұнжұрғаң түсiп кеткен? Әлде жас­тар театры адамды жылататын қойылым қойып жатыр ма?”, — деп сұрадым әлгiден. Қошынам: “Бiз Қазақстандағы кәрiс ұлтының өкiл әкесiнен айырылып қалдық...” — дедi көзi жасаурап.

“Келесi жылдан бастап жеке табыс салығын төлеу жүйесi өзгермек. Қаржы министрi Болат Жәмiшевтiң айтуына қарағанда, жеке табыс салығының прогрессивтi шкаласы ендiрiледi. Жалақысы 250 мыңға жетпейтiндер үшiн жеке табыс салығы бұрынғы деңгейде қала бермек. Ал айлығы 250 мыңнан асатын, бiрақ 500 мыңға жетпейтiндер үшiн жеке табыс салығы 15 пайызға жететiн көрiнедi. Еңбекақысы 500 мыңнан асып түсетiндер болса, 20 пайыз көлемiнде салық төлейтiн болады.

Төреқожа Тiлемiсов кiм? Қазiр күрiштiң арқасында су iшiп жүрген күрмек аз ба, бiлетiндердiң айтуына қарағанда, ол — сондай “күрмек­тердiң” бiрi. Әйтпесе, әкетiп бара жатқан қабiлет-қарымын көрген емеспiз. Бар бiтiргенi — Жезқазғанның құрылыс техникумы. Одан кейiн екi жыл қайда жүргенi беймәлiм. Сосын 1989-1993 жылдары “Жезқазғантүстi­мет” АҚ кәсiпорындарында слесарь, тас қалаушы, бригадир болды. Алты жылдай осы акционерлiк қоғамның жастар одағын жағалады.

Ресейлiктердiң қоластына өткен 31-арна басшылығы мемлекеттiк тiлге мұрын шүйiре қарайды. Телеарнаның бас директоры Нұржан Мұхамеджанованың: «Бiз екiтiлдi мемлекетпiз», – деген сөзiн басқаша түсiну қиын. Оған және басқа да дәл осы пiкiрдегi азаматтарға елiмiзде бiр ғана мемлекеттiк тiл – ол қазақ тiлi екенiн қадап тұрып айтатын уақыт жеттi. Түсiнуiмiзше, бұл арна жетекшiлерi елiмiздiң заңдарына пысқырмайды да.

 Елiнiң тәуелсiздiгi үшiн басын бәйгеге тiгiп құрбан болған қазақтың ең соңғы ханы – Кенесарының   өкiнiш­­тi қазасы екi ғасырға жуық уақыт өтсе де ел-жұртын күңiрентiп келедi. Нысанбай жырау зарында Хан Кененiң   бытыраған халқының басын қоса алмай кеткен арманы, қорғансыз қалған ел-жұр­ты­ның тағдыры, жаншылған рухтың күйзелiсi бар. Арпалыста өткен өмiрi, оған қорған бола алмаған бейшара халқы...   Нысанбай жыраудың жоқтауы бүкiл қазақтың даласына жайылды, киiз үйдiң iшiндегi қараша халық патша кезiнде ашық жыласа, кеңес заманында тығылып үнсiз егiлдi.

Жуырда президенттiң “Нұр Отан” партиясы жаңа бастама көтердi. Олар жемқорлықпен күресудiң жаңа жолын ұсынды. Яғни, жас мамандарды мемлекеттiк қызметке алмастан бұрын арнайы “адалдық детекторы” арқылы тексеруден өткiзу. Бұл бастама жемқорлықпен күресуде қаншалықты тиiмдi құрал болмақ? Одан қандай нәтиже күтуге болады? Парақорлықты жойып жiбере ала ма? Адамның адалдығын қылмыскерлердi тексеретiн арнайы құрал арқылы тексеру оның құқығын шектеу, моральдық жағынан қорлау емес пе?

Ей, Екiншi президентi,
«Қазақстан» дейтiн елдiң!
Елу тоғызды аттап,
Алпысқа мен де келдiм.
«Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген,
Бiрақ, бiрақ... ешкiмге

Жасым жетпiстен асқанда “төлқұжат (паспорт) айырбастайсың” дегендерi пәле болды. Содан ауылдан Кегенге, Нарынқолға тентiредiм де қалдым. Мен ғана емес-ау, мен қатарлы шал-кемпiрлер де қаңғырып жүр. Және iздеп барған адамың орнында отырса жақсы. “Тағы бiр анықтама қағаз керек” деп қайтарып жiбере­тiндерiн қайтерсiң. Ал бiз аз зейнетақымызды ары-берi жолкiреге тауысып, дүкеншiлерден жалынып-жалпайып қарыз ақша сұрап, тағы да жолға шығамыз. “Шықпа жаным, шықпа” деп, әрең күнiмiздi көрiп отырғанда...

Биылғы жылдың тамыз айының бiрiншi аптасы. Бiз “Маңғыстау – Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызына отырдық. Вагонда ине шаншар жер жоқ. Вокзалда жолсерiктер: “Билет алмай-ақ қо­йыңыз, менiң вагоныма мiнiңiз, бар жағдай жасалады”, – деп зыр жүгiрiп жүрдi. Жаздың мезгiлi ғой, жолаушылар өте көп. Бәрi де баратын жерiне тез жеткiсi келедi. Сосын жолсерiктiң соңынан тұра жүгiредi. Мұның өзi билет барларға да, жоқтарға да нағыз тамұқтың өзi болып шығады. Вагон дәлiзiне, тамбурға отыра кету, жата кету, әрине, мұндайда таңсық емес.

Жастық шақтың түрлi-түрлi құпия сырлары болады ғой. Оның бәрi айтыла бер­мейдi. Ол да бiр жағынан дұ­рыс шығар. Ал мен жасым егде тартқан шақта бастан кешкен алғашқы махабба­тым­­­ның жайын о дүниеге өзiм­мен бiрге ала кетудi жөн көрмедiм... Ол кезде мен Қызылорда пединститутының 2-курсының студентi едiм. Жасым жиырмаға жаңа келген жi­гiтпiн. Институттың бұ­рын­ғы Сарқырама арығы бо­йындағы жатақханада тұ­ра­мыз. Жатақхана – кесектен салынған жер үй. Асханамыз да, шағын дүкенiмiз де сол үлкен ауланың iшiнде.

ҚР Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиев мырзаның назарына!
Мен Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жаңа реформасына қарсымын.Себебi, ауруханаға жату үшiн пәленбай құжатты жинау керек. Ал ол үшiн бiрнеше күн кетедi. Денi сау адамның өзi ол құжаттарды ең аз дегенде 15 күндей жинайды. Ал ауру адам әр есiкке бiр кiрiп, аурудың үстiне ауру жинамай ма? Оның үстiне анализдi тапсыру үшiн дәрiгерлер бiр-бiрiне жұмсайды. Ең құрығанда 7-8 анализ өткiзу керек. Кейбiрi “ақылы” деп ақша да сұрайды. Бұл реформа – ауру елдi одан сайын сандалтып өлтiретiн реформа. Онсыз да ауылдық жерде өлiм көп.
Барбадоста бокстан әйелдер арасында әлем бiрiншiлiгi өтуде. Өкiнiшке қарай, шаршы алаңға шыққан алты боксшымыз алғашқы жекпе-жектерiнде жеңiлiс тауып, жарыстан шығып қалды. Вадим Присяжнюк баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi арасынан төрт боксшы ширек финалға шықты. Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, 48 келi салмақтағы Назгүл Боранбаева алғашқы жекпе-жегiнде кениялық Онянго Мил­дредтi 13:0 есебiмен ұтса, келесi күнi бразилиялық Эрика Матосты 11:2 есебiмен жеңдi.

“Жас Алаштың” 9 қыркүйек күнгi санында жарияланған “Топ ортаға бiр сауал: “Бұл не?” деген мақалаға байланысты суреттегi орындықтың Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайында көп жылдан берi тұрғанын айтқым келедi. Мүйiзден iстелген бұл орындық қазiр Мәс­кеу­де тұратын журналист, жазушы Сергей Бай­мұ­хам­бетовтiң арғы атасы Баймағамбет сұлтанның мүлiгi бол­ған. Оны мұра­жай­ға Сергей Бай­мұ­хамбетовтiң қа­рын­дасы Венера осыдан он шақ­ты жыл бұ­рын тап­сыр­ған.

АҚШ-та “Үлкен Дулыға” санатына кiретiн “Us Open” турнирi мәресiне жеттi. Бұл жарыста американдық Ваниа Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық Ярослава Шведова айтулы доданың бас жүлдесiне ие болды.Ярослава Шведова мен Ваниа Кинг осыдан екi ай бұрын Уимблдон турнирiнде де топ жарғанын жанкүйер қауым жақсы бiледi. Жұптасып өнер көрсетуде алдарына жан салмай келе жатқан қос теннисшi бұл жолы да ешкiмге дес бермедi. Финалда Шведова-Кинг тандемi Лизель Хубер (АҚШ) мен Надежда Петрова (Ресей) жұбымен айқасты. Үш кезеңге созылған ойын 2:6, 6:4, 7:6 есебiмен Шведова-Кингтiң пайдасына шешiлдi.
Дзюдодан Токиода (Жапония) өткен әлем бiрiншiлiгiнде қазақстандық татами шеберлерi жүлдесiз қалды. Дзюдоны төл спортымыз деп танитын күншығыс елiнiң палуандары бұл сында ешкiмге дес бермедi. Жапон палуандарының еншiсiнде – 10 алтын медаль. XIX ғасырдың екiншi жартысында дзюдо күресiн ойлап тапқан жапондар өз елiнде өткен әлемдiк жарыс­та аянып қалсын ба?! Он алты салмақтың онында оза шапқан күншығыс елiнiң палуандарына дзюдо күресi – оң жамбастарына келетiн спорт түрi. Десек те, қазақ елiнiң пал­уандарына да жапон кү­ресi таңсық емес.