1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15533) 21 қыркүйек, сейсенбі 2010
Қазақстан халқына,
Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары Қ.Тоқаев пен О.Мұхамеджановқа,
Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке
Бiз республикамыздағы қоғамдық қозғалыстарды, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдарының, сондай-ақ зиялы қауым өкiлдерiнiң басын бiрiктiретiн «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық демократиялық қозғалысының
ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ БҮГIНГI АХУАЛЫН КӨПШIЛIК ОСЫЛАЙ БАҒАЛАДЫ
Жексенбi күнi Алматыда мемлекеттiк тiлдi қорғау акциясы ұйымдастырылды. Онда тәуелсiз Қазақстанда жетiм баланың күйiн кешкен қазақ тiлiнiң бүгiнгi жай-күйi сөз болды. «Тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бiрақ, бұл заң қазақ тiлiнiң жоғын жоқтамай тұр. Ана тiлiнiң бүгiнгi тынысының тарылуына ашынған жиналған жұрт тағы бiр рет билiкке ашық хат жолдады. Өкiнiштiсi, бұл жолы қазақ тiлiнiң мүшкiл халiне алаңдап өткен жылғыдай төрт мыңға жуық адам емес, бас-аяғы үш жүз-ақ азамат бас қосты.

ҚАЗАҚСТАНДА КӨТЕРIЛУI ТИIС ЕМЕС. БҰҒАН ПАРЛАМЕНТТЕГIЛЕРДIҢ ДЕ КӨЗI ЖЕТКЕН СИЯҚТЫ

Берiк Бекжанов және Нұрлан Өнербаев бастаған бiр топ парламент мәжiлiсiнiң депутаттары дабыл қағып, Қазақстанның мемлекеттiк рәмiздерiн сыйламаған азаматтар заң жүзiнде жауапқа тартылуы керек деп премьер-министр К.Мәсiмовтiң құлағын түрдi. Естерiңiзге сала кетейiк, бұдан бұрын Алматы қаласы және Алматы облысында жоқ мемлекеттiң туы желбiрегенiн, ұйғыр сепаратизмi ашықтан-ашық көтерiлiп жатқанын бiрнеше рет жариялағанбыз. Әсiресе, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылында

Сайлау кезiнде дауыс берудiң қандай түрiн қолданған тиiмдi? Дауыс берудiң дәстүрлi тәсiлi – қағаз бюллетеньмен қала берген жөн бе, әлде электронды машинаға көшкен артық па? Бұл – ЕҚЫҰ-ға мүше кез келген елдiң басындағы мәселе. Қайсыбiр елдер электронды дауыс беру машиналарын былай қойып, интернет, ұялы телефон тәрiздi қашықтықтан дауыс берудiң түрлерiн қолданып жүрсе, ендi бiрi техникалық құралдар арқылы дауыс беруден түбегейлi бас тартты. Электронды дауыс беру машиналары мен қағаз бюллетеньдi қатар қолданатын мемлекеттер де бар. Қысқасы, Венаның атақты Хофбург императорлық сарайында екi күн бойы өткен жиында ЕҚЫҰ-ға мүше әр ел өз тәжiрибесiмен бөлiсiп, электронды дауыс берудiң тиiмдi-тиiмсiз тұстарын талқылады.

Қытаймен арадағы стратегиялық әрiптестiктi сөз еткенде, ең алдымен энергетикалық ресурс­тар еске түседi. Қазақстанның энергетикалық тәуелсiздiгi мен қауiпсiздiгi сол энергетика саласының дамуына тiкелей байланысты. Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүддесi бiздiң энергетикалық саясатымызға тәуелдi. Әрине, Аспанасты елi керемет қарқынмен дамып жатқан экономикасын жанар-жағармаймен үздiксiз қамтамасыз етiп тұратын “бұлақ көзiн” iздейдi. Бұған дәлел — соңғы бiрер жылда Қазақстанның ең iрi инвесторларының бестiгiнен Қытайдың түспей келе жатқаны. Әсiресе, мұнай-газ секторында.

Руы Құнанорыс Нұрқанұлы Сарыбек деген кiсi дiн жолын берiк ұстанған. Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық кеңесiне қарасты Дәрмен жерiнде мешiт ұстап, бала оқытқан адам көрiнедi. Қасиеттi, зайырлы кiсi болыпты. Толғағы қатты келiп босана алмай, қиналып жатқан әйелдерге Сарекең жақын келiп маңайласа-ақ, болмаса хабаршыдан бөркiн немесе қамшысын берiп жiберсе болғаны, әлгi әйел аман-есен босанады екен. Сарекең көтерiлiп (психикалық) ауырған адамдарды бақсының сарынымен емдеп, жазатын болған. Оның мүрдесi Түрiкменстанның Қарабұғаз маңындағы қауымда. Ел Сарыбек жерленген сол қауымды атаның есiмiмен «Сарыбек әулие» деп атап, басына түнеухана үйiн салып, ауру-сырқау адамдар ата аруағына сиынып, түнейтiн киелi орынға айналдырған.

Шымкент қаласының тұрғындары Асқар мен Әйгерiм жақында тұңғыш рет перзент сүйдi. Олар бұл қуанышты сегiз жылдан берi күтiптi. Бiрақ, нәрестенi өмiрге әкелген Әйгерiм емес, оның анасы екен. Бұл қалай дейсiз бе?
Облыс орталығындағы «Эко-Семья» клиникасының директоры Светлана Кимнiң айтуынша, бүгiнде елiмiзде ерлi-зайыптылардың жұмыртқа клеткаларын түтiкшеде ұрықтандырып, оны басқа бiр әйелдiң жатырына орнату әдiсi кеңiнен қолданыла бастады. «Балалы болсақ» деген әлгi екi жас та дәл осындай жолмен армандарына жетiптi.

«Қазақта айран көп, орыста мейрам көп» десек те, соңғы жылдары қазекем тойдан да, мейрамнан да кенде болып жатқан жоқ. Солардың iшiндегi ең ұлығы, ең «суперi» – сүндет той екенi сөзсiз. Баланы  сүндеттеу – үлкен рәсiм. Ол – әр  ата-ананың борышы. Жалпы баланы сүндетке отырғызудың тарихынан сыр шертер болсақ, сүндеттеу мұсылман халқынан өзге Орталық Американың үндiстерiнде, аф­ри­калық тайпаларда, британдық ханзада отбасыларында кездеседi екен. Бiздiң эрамыздан 2000-2500 жыл бұ­рын ежел­гi Мысыр елiнде кең қол­данылған көрiнедi. Сүндеттелген перғауын бейнесi мен ересектеу екi баланы сүндетке отырғызу рәсiмi көрсетiлген папирус суреттерi Каир мұражайында сақталған.

«Ақ шаман», «Спорт саңлағы», «Еңлiк-Кебек», «Долана» және тағы да басқа фильмдерге түскен белгiлi киноактер, Қазақтың академиялық М.Әуезов театрының әртiсi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Есболған Жайсаңбаев көзi тiрi болса, қазiр 70 жасқа толар едi. Бiз бүгiн Есболған Жайсаңбаевтың жары, кино және театр әртiсi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Салиха Қожақованы әңгiмеге тартқан едiк.
– Апай, Есболған ағай 70 жасқа толып, туған ауылында ол кiсiнiң ескерткiшi орнатылғанын естiп қуанып жатырмыз. 

Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi жаз бойы дүрiлдеген қызу әңгi­ме­ге нүкте қойылатын сәт те жақындап қалған сияқты. “Жас Алаш” газетiнiң 2010 жылғы 1 қыркүйек күнгi санында жазушы Несiп Жүнiсбайұлының “Орта жолдан ат қоспас болар” деген мақаласын оқыған соң, қатты ойландым. Шынымен қазақ қоғамы қайда кетiп бара жатыр осы? Өзге саланы былай қойғанда, мәдениет, өнер, әдебиет саласынан да әдiлдiктiң кеткенi ме? Мемлекеттiк сыйлық тағдырын шешетiн Мемлекеттiк комиссия төңiрегiнде айтылып жүрген алып-қашпа пiкiрлердiң қисынсыз екенiне ендi көзiм жеткендей болды. Мақалада кел­тi­рiл­ген әйгiлi жазушы Дулат Исабеков ағамыздың ашынып айтқан сөзi­нен кейiн комиссия

Алтайдың Кербұғысы атанған Оралхан Бөкеевтiң “Атау-Кере” деген повесi бар.Сондағы кейiпкерлердiң бiрi Тағанды “неге бiз осы” деген сұрақ мазалайды да жүредi. “Неге бiз осы қатыгез де, қасиетсiз болып кеттiк... Неге бiз осы...” деп таусылады. Оралханның өзi де тiрi болса бүгiнде талай биiк-биiк мiнберлерде “неге бiз осы” деп қасқайып тұрары анық.
Осы күндерi Тағанның сұрағы жиi еске түседi. Әсiресе, қазақ қоғамындағы көңiлге қонбайтын iстерден түңiлген кезде “неге бiз осы” деген таусылып бiтпейтiн сауалдар сарсылтады.

Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық “Қылмыс” романын елiмiздегi төрт бiрдей ұжым (мұның iшiнде “Жас Алаш” та бар) ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынса да, тiзiмнен сызылып қалғанын, осыдан кейiн “Жас Алаш” арнайы бастама көтерiп, бiр топ қазақ зиялыларынан ұйымдастыру алқасын құрып, “Ұлттық рух” әдеби сыйлығын белгiлегенiн бiз бұған дейiн де бiрнеше рет хабарлаған едiк. Мiне, осы арнайы ашылған есепшотқа зейнеткерлер – зейнетақысынан, шәкiрттер – шәкiртақысынан үнемдеп, ақша аударып жатыр.

25-турдың басты кезде­сулерiнiң бiрiнен саналған “Ақтөбе” мен “Тобылдың” арасындағы ойын 2:0 есебiмен алаң иелерiнiң пайдасына шешiлдi. Ойынның 28-минутында Самат Сымақов он бiр метрлiк айып добын дәл орындап, командасын алға шығарса, арада он бiр минут өткеннен кейiн Евгений Аверченко есептi еселедi. “Ақтөбелiктер” бұл жеңiсiнен кейiн турнир кестесiнiң екiншi сатысына көтерiлдi. Владимир Мухановтың шәкiрттерiнiң бiр саты жоғары көтерiлуiне “Ертiс” футболшылары жағдай жасап бердi. Өз алаңында “Атыраудан” 1:2 есебiмен ұтылған керекулiктер “Ақтөбе” мен “Локомотивтi” алға жiберiп, төртiншi орынға сырғыды.

– Қазақстан Жазушылар одағының 75 жылдық мерейтойы – сөз жоқ, үл­кен мереке, үлкен тарих. Қазақстан Жазушылар ода­ғының iргетасын кеше­гi алыптарымыз қалады. Мiне, осы алыптар қалаған шығармашылық одақты бiз құлатып алмауымыз керек. Мәселен, КСРО-ның кезiндегi Қазақстан Жазушылар одағы қандай едi? Сол кезде бұл одақ тiр­келмеген ұлттық партия­ның рөлiн атқарды. Иә, иә, ұлттық партияның! Жазушылар одағы қазақ халқының сүйенiшi, таянышы болды.
Барбадоста бокстан әйелдер арасындағы әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Қазақстан құрамасының бойжеткендерiне бұл додада екi медаль бұйырды. 48 келi салмақта өнер көрсеткен Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Назгүл Боранбаева жартылай финалда румын қызынан жеңiлiс тауып, қола медальдi қанағат тұтса, 81 келiдегi Марина Вольнова (суретте) финалда сүрiнiп, күмiс медальдi мiсе тұтты. Барбадосқа барған он бiр боксшының алтауы ширек финал­ға жетпей жығылғанын газетiмiздiң өткен санында жазғанбыз. Алғаш­қы жекпе-жектерiн сәттi өткiзiп, ширек финалға жолдама алған

Швейцария теннисшiлерi Қазақстанға келетiнiн естiген жанкүйерлер ең алдымен әлемнiң үшiншi ракеткасы Роже Федерердi көруге асығып едi. Алайда, Р.Федерер Астанаға ат басын бұрмады. Бәлкiм, “Us Open” турнирiндегi жеңiлiстен кейiн швейцариялық теннисшiнiң Қазақстанға келуге көңiл-күйi де болмаған шығар. Әлде, швейцариялықтар Роже Федерерсiз-ақ, Қазақстанды “қалпақпен ұрып аламыз” дедi ме екен?! Қалай десе де, швейцариялықтардың бұл ойын Голубев бастаған қазақстандықтар iске асырған жоқ.

Түгелбек Қасымұлы – жер бетiн шайтанарбамен айналып жүрген азаматтардың бiрi. Астындағы шайтанарбасына қамшы басып, Еуропа мен Азия құрлықтарын аралап шығу Түгелбек ақсақалға түк емес. Тамыз айында Түгелбек Қасымұлы Моңғолияға сапарын қорытындылады. Жапонияға да бармақ болыпты. Алайда, 65 жастағы ақсақалдың Күншығыс елiне жолы бола қоймапты. – Он бесiншi сапарымды Үндiс­танда өткiзiп қайтқаннан кейiн Жапонияға баруға бел будым. Бiрiншi мақсатым, осы саяхатымды Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойына арнамақшы едiм. Екiншi мақсатым, АҚШ-тың Хиросима мен Нагасаки қалаларының атом бомбасынан шеккен қасiретiне ортақтасып, көңiл айту.
Өткен аптада футболдан Чем­пион­дар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңiне жолдама ал­ған командалар 1-турдың ойыдарын қорытындылады.
Е тобы
“Бавария” (Германия) – “Рома” (Италия) – 2:0;
“Клуж” (Румыния) – “Базель” (Швейцария) – 2:1.
F тобы