1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15534) 23 қыркүйек, бейсенбі 2010
БҰЛАРДЫҢ ЖЕРГIЛIКТI ҚАЗАҚ ЖIГIТТЕРIМЕН ЖАНЖАЛДАСЫП, ТӨБЕЛЕСУIНЕ НЕ ТҮРТКI БОЛҒАН?
Дүйсенбi күнi Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасына Байғанин ауданындағы мұнай кенiшiнен 6 қытай жұмысшысы тiкұшақпен жеткiзiлдi. Бұлардың төртеуi бастарынан соққы алған болса, екеуiнiң қолдары мен аяқтарына оқ тиген. Сол күнi «Күзеттiң» арнаулы полицейлерi 6 қытайдың амандығы үшiн оларды күзетiп отырды. Iшкi iстер департаментi сол күнi-ақ «Солтүстiк труба» кенiшiнде болған жанжалды «екi құрылыс серiктестiгi жұмысшыларының арасындағы тұрмыстық кикiлжiң» деп жариялап үлгердi. Дегенмен, мұның жергiлiктi жұмысшылар мен қытайлық азаматтардың арасындағы жанжал екенi айтпаса да түсiнiктi. Жанжал неден тұтанды, қазақстандық жұмысшылардан кiмдер зардап шектi деген сұраққа әлi жауап жоқ.

Эстондықтар үкiметтен тәуелсiз орталық сайлау комиссиясына толығымен сенiм артса, бельгиялықтар да сай­лау­ды ұйымдастырушыларға тит­тей күдiк-күмән келтiр­мейдi. Бiр қызығы, Бельгияда федеральдi, аймақтық, муниципалитет сайлауларын орталық сайлау комиссиясы емес, iшкi iстер министрлiгi ұйымдастырады екен. Бұл тәжiрибе 1991 жылдан басталыпты. 1994 жылы осы жүйенi бельгиялықтардың 20 пайызы қолдапты. Бельгияның iшкi iстер ми­нистрлiгiнiң сайлаулар iсi жөнiндегi жетекшiсi Стефан де Мюльдiң сөзiне сенсек, электронды дауыс беру жүйесi қағаз бюллетеньге ұқсас.

Екi ел өз метро стансаларына бiр-бiрiнiң атауын бер­генiнде тұрған ештеңе жоқ, әрине. Қайта керiсiнше, Мәс­кеу мет­росына күн са­йын мiне­тiн отандастарымыз «Қазақстан» стансасының атауын ерекше мақтанышпен қа­был­дары сөзсiз. Бiрақ басты мәселе Лужков айтпақшы, екi елдiң мәдени элемент­терiнiң алмасуларына келiп тiрелмейтiнi түсi­нiктi.«Қазақстан» атауы берiлетiн стансаға қазақ үкiметi 8 миллион доллар жұмсамақ. Бұл қаржыны қайдан алады? Инвесторлардан ба, әлде бюджеттен бе? Әзiрге бұл жайлы ешкiм тiс жарған жоқ. Бар бiлетiнiмiз, Мәскеудегi метро стансасының құрылысын жөндейiн деп құлшынып тұрған инвестор жоқ.

Орталық Азия және Қазақстан бойынша ақпарат тарататын «Стан ТВ» интернет порталына қаржы полициясының өтiнiшi бойынша салық мекемелерi алты айдан берi тексерiс жүргiзуде. Ал заң бойынша мұндай тексерулер отыз жұмыс күнi, яғни бiр айдан аспауы керек. Онысымен қоймай, «ревизорлар» қаржылық құжаттардан бөлек редакцияның iшкi жұмысына да араласа бастаған. Интернет портал журналистерiнiң ақпарат алуына да көптеген кедергiлер бар екен. Бұл жөнiнде «Стан» компаниясының өкiлi Элина Жданова 20 қыркүйек күнi Алматыда өткен аймақтық медиафорумда мәлiмдедi.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бүгiнгi жаңалығы – ҚР прези­дентiнiң кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаевтың “Свобода слова” газетiнде жасаған мәлiмдемесi. Онда билiктiң “бұлбұлы” бүй дедi: “3 қыркүйек күнi мен президентпен кездестiм, мәндi кеңес өткiздiк. Сiздiң газетiңiз арқылы барлық БАҚ пен ақпарат агент­тiктерi үшiн арнайы мәлiм­деме жасаймын: ҚР пре­зидентi және ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы президент­тiк сайлауға үмiткер ретiнде қатысады... 2007 жылы Конституцияға енгiзiлген өзгерiс­терге сәйкес, президенттiң сайлауға шектеусiз қатысуына құқығы бар. Сайлау арқылы ғана ол өзiнiң мәртебесiн бекiтедi.

Мемлекеттiк қызмет iстерi агентiгi төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев мемлекеттiк қызметкерлердiң 15 пайызын қысқарту мәселесi үкiмет деңгейiнде қаралып жатқанын жеткiздi. Президент жарлығымен жоба дайындауға кiрiскен үкiмет қысқарту iсiн қазан айынан бастауы әбден мүмкiн. Дәл осылай деп мәлiмдеме жасаған Әли Амантайұлы ең алдымен таяқтың ұшы мемлекеттiк компанияларға тиетiнiн айтты. «25 мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер далада қалмақ» атты мақаланы оқыдым. Проблема жақсы көтерiлген. Алайда, бiр нәрсе ескерiлмеген. Ол кiмдердiң қысқаратынына байланысты.
ЖУАЛЫНЫҢ ЖАМПОЗЫ
 
1910 жыл тарихқа енгенiнде,
Қатал қыстың қаһары жеңгенiнде.
Жуалының топырағы бiр бүлк еттi
Дүниеге батыр ұл келгенiнде.
 
Сол күнi үйде үзiлмей шам жаныпты,
Дүниенi тұрғандай жап-жарық қып.
Бабасы Имаш ата тебiренiп
Мейiрлене немересiн қолға алыпты.

Бiз орыс бодандығында 300 жылдай қиналып, әупiрiмдеп, өзiн-өзi басқаруға қолымызды iлiктiрдiк. Оны ұмытуға хақымыз жоқ. Алайда, тәуелсiздiгiмiздiң сиқы кө­ңiлiмiздi көншiтпейдi, оған ақиқат оқиғалар куә. Мысалы, Кеңес одағына қараған республикалар бөлiне сала өз қамын ерте ойлап, егемен­дiгiн орнықты етiп алды. Террито­рия­ларындағы орыс әскерлерiн шығаруға талап қойып, орындатты, шекараларын бекiттi, жер-су аттарына бұрынғы аттарын қайтарды, мемлекет атындағы ұлттың тiлi бiржолата қолданысқа ендi (Балтық бойы республикалары, Украина, Грузия т.б). Ал бiзде ше?

Мен ауылда өстiм. Елiмiз Тәуелсiздiк алған тұста мен бала едiм. Сол кезде билiктiң жасқана жүрiп желтоқсанда жариялаған Тәуелсiздiк күнi бiздiң отбасымыз үшiн есте қалар, елең еткiзер күн бола қойған жоқ. Оған себеп ауылдағы халықтың ауыр тұрмысы болса керек. Қазiр сол кездi ойласам, қайран ауыл қазағы нарық қыспағының ке­сiрiнен ата-бабамыз аңсаған азаттықты ел болып қуанышпен думандата қарсы ала алмапты-ау....Жекешелендiру саясаты басталғанда табын-табын малдар, техникалар, қаншама шұрайлы жерлер бастық-қостықтарға немесе бастыққа жағынғандарға жекеменшiкке өтiп кеттi. Қаншама мал «үкiметке қарыз» деген же­леу­мен шетке тасылып жатты.
Бiр тақырыпқа екi хат
Аты-жөнiмдi жазбай отырмын. Себебi белгiлi, ертеңгi күнi жұмыстан айырылып қаламын ба деген қауiп. Сiздерден өтi­нiшiм, осы мақаланы газет бетiне жариялауды сұраймын. Мен мектепте информатика пәнiнiң мұғалiмiмiн. Бұрын бiздiң сабағымыз аптасына 2 сағаттан болатын, ал жыл бойы­на – 48 сағат. Қазiргi кезде бұл сағаттарды қысқартып    1сағат қылды. Информатика пәнiн екi топқа бөлiп оқытатынбыз. Қазiр топқа бөлудi қойды. Сонда 1-сыныпта 25 оқушыдан 35-36 оқушыға дейiн отыр. 35-36 оқушыны информатика ка­бине­тiндегi 10 компьютерге отырғызамыз. Сонда әрбiр 3-4 оқушыға бiр компьютерден

Арал қаласының қақ ортасында «Қазақ» атты көше бар. Базардан басталып, темiр жолға тiреледi. Бұл көшеде бар-жоғы 34 қана үй тұрады. Қысқа, таза, жып-жинақы, бас-аяғы көрiнiп тұратын көше. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұл көше – қаланың алғашқы көшелерiнiң бiрi. Мен осы көшенiң №8 үйiн­де 1949 жылдан берi тұрып келемiн. Он жылдан берi көше комитетiнiң төрағасымын. Көше тұрғындары бiр-бiрiмен ағайын туыстай. Бiр-бiрiне iш тартады. «Татулыққа да тiл тиедi, көрiкке де көз тиедi» дейтiн қазақтың сөзi рас екен. Бес-алты айдан берi татулығымыздың тiнi тарқап, бiрлiгiмiздiң буыны босай бастады.

«Мақатаев-22»-ден қызылордалық қария Мақсат Оразұлының «Алғашқы махаббат» атты мақаласын оқыдым. Иә, менiң де көп жылдан берi iшiмдi «мысық тырналап», ащы өксiк көмейiме тығылатын сәттерiм көп. Өз бақытымды өзiм таптағаныма қатты өкiнемiн. «Кенжемнен кету арқылы оны бақытты еттiм» деп, өз-өзiмдi ақтап та аламын кейде. Қазiр бiр аяғым – жерде, бiр аяғым – көрде. Кемпiрiме: «Кенжемдi шақырып келшi. Қоштасып қала­йын», – деп айта алмай қор боламын. Оның да көңiлiне қараймын. Ол да ауру-сырқаулы.

Қызылорда қаласында «Сыр елi – жыр елi» атты кездесу кешi өттi. Оған жазушы Дүкенбай Досжан, ақын Иран Ғайып, жазушы-журналист Қуаныш Жиенбай, Ауған соғысының ардагерi Бақытбек Смағұл арнайы келiп қатысты. Бұл шараны Мәдениет министрлiгiнiң қолдауымен ұйымдастырған – «Аспект-М» қоғамдық қоры.Шараның негiзгi мақсаты қазақтың халық өнерiн насихаттау, аймақтағы жастар шығармашылығына қолдау көрсету болса да, кездесу кешiнде қоғамдағы өзге де өзектi мәселелер төңiрегiнде сөз болды.
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТI
21 қыркүйек күнi Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының 75 жылдық мерейтойы аталып өттi.Бұл тойға Қазақстан жазушылары түгел қатысқандай болып көрiндi бiзге. Сексеннiң сеңгiрiнен асқан Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Әзiлхан Нұршайықовтан бастап, жазушылардың аға буыны да, орта буы­ны да, жас буыны да тойға толық қатысты. Басты баяндаманы ақын-драматург, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин жасады.

Мен өте нашар адам екенмiн... Құдай сүйер қылығым жоқ... Талайды жылаттым ғой... Мемлекет­тiң дүниесiн жұттым, құрттым, өзiмше ұттым... Тәттi ғұмыр кешiп жүре берер ме едiм, бiр күнi көшеде құрт сорып келе жатқанымда артымнан машина соғып, О дүниеге тiл тартпай кетiп қалдым... Өлгенiмдi қайтейiн, О дү­ние де менi қабылдамай қойды. Жарық дүниеге қайтарып жiбер­дi. Қабiрiмдi үңгiп, жер бетiне шықтым. Өлiп тiрiлген ұят екен... Әйелiм “Сен сүмелек О дүниеге де сыймай келдiң бе?” – деп тұра қашты. Жер комитетi бастығының орынбасары едiм, кабине­тiме келсем, басқа бiреу отыр жалпиып.

Қазақтiлдi баспасөзде “Қазпошта” деп жазып, айызымызды қандырып жүргенiмiзбен, бұл сөздi ресми түрде қолданғанда өзгеше жазу керек екен. Себебi, Әдiлет министрлiгiнде “Қазпочта” болып заңдастырылған көрiнедi. Алғашқыда “халықаралық термин” болғандықтан әлемдегi барлық тiлдерде, әсiресе Еуропа мемлекеттерiнiң тiлдерiнде, айтылуы да, жазылуы да “почта” болар” деп ойлағанымыз рас. Сөйтсек бұл сөздi итальяндар өз тiлдерiне “поста” деп икемдеп алса, чехтар “пошта”, испандар “корреос”, француздар “пост” дейдi екен. Ешқайсысы “орыс тiлiндегiдей қолдану – халықаралық ұстаным” демеген, өз тiлдерiнiң заңдылығына бағындырған!

Ауыр атлетикадан Түркияда өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнен қуанышты хабар келдi. 63 келi салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Майя Манеза қоссайыс қорытындысы бойынша 248 келiнi бағындырып, әлем чемпионы атанды.Былтыр Оңтүстiк Кореяда өткен әлемдiк додада бас жүлденi жеңiп алған Майя Манеза бұл жолы да өзгелерден қара үзiп шықты. Жұлқи көтеру жаттығуы бойынша 105 келiмен шектелген жерлесiмiз серпи көтеруде әлемдiк рекордты жаңартты. Алдымен 136 келiнi көтерiп, әлемдiк сайыстың алтын медалiн қоржынына салған Манеза артынша 143 келiнi еркiн көтердi. Бұған дейiн серпи көтеру жаттығуы бойынша әлемдiк рекорды 142 келi болатын.

Жақында Италияда өткен Giro Internazionale della Lunigiana көпкүндiгiнде қазақ өренi Мақсат Аязбаев топ жарды. Оның алдында Мақсат бауырымыз Дубай төрiнде Азия чемпионатында күмiспен күптелген едi. Жақында Мақсатты жеңiсiмен құттықтап, әңгiмеге тарттық.     1992 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылында дүниеге келдiм. Әкемнiң аты – Мұхтар. Анамның есiмi – Сәуле. Отбасымызда үш баламыз. Алдымда екi әпкем бар. Мен үйдiң кенжесiмiн. Ал туған жерiм Аманбөктердi сөзбен суреттеп жеткiзу мүмкiн емес. Шыңы аспанмен таласқан асқаралы таулардың арасында орналасқан, елдiмекеннен бiр шақырымдай ұзасаңыз атыңыздың тұяғы қып-қызыл болып