1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15535) 28 қыркүйек, сейсенбі 2010

Жақында Ақорда екi бiрдей “сенсациялық” мәлiмдеме жасады. Бiрi – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “нұротандықтарға” берген “тапсырмасы”. Ақтөбе облысында партия белсендiлерiмен кездесу өткiзген президент былай дедi: “Бiз мықты, күштi, бүкiл елдi қамтыған билiк партиясымыз. Бұл партия елдi 40-50 жыл басқаруы керек. Көптеген тәуелсiз мемлекеттерде осылай болды. Халық мүддесiн қорғайтын, оның қажеттiлiгi үшiн бiр ғана партия жұмыс iстеуi керек”. “Бұл қалай болды? Президент 120 жасқа дейiн ел басқарғалы отыр ма?” деп аң-таң болып жүргенде Ақорда тағы бiр “сигнал” жасады.

Терiскейде тағы да дау туды. Басқасы басқа, қала атауын Қызылжар деп өзгертуге жергiлiктi қазақ зиялылары қарсы шығып, сасқан үйрек артымен сүңгидiнiң кебiн кидi. Аға буынның намыссыздығын көрген жергiлiктi қазақ жастары “шыдамның да шегi бар” деп , Қызылжарды қайтаруға бiлек түрiп кiрiсiп кеттi. Дәл қазiр солтүстiкте ақпараттық айқас қызу жүруде. Жастар қол жинап, президент әкiмшiлiгiне, үкiметке, жергiлiктi әкiмдiкке ашық хат жолдаймыз деп отыр.  Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту жөнiндегi талабымызды дәлел­дей­тiн басты бiр уәж – бiздiң ел, Ата Заңымызда жазылғандай, зайырлы мемлекет. Бұл – дiн мемлекет­тiң, мемлекет дiннiң iсiне араласпайды деген сөз

Халықты тағы да қымбатшылық меңдете бас­тады. Өткен аптада жанармай бағасы екi теңгеге қымбаттайтыны мәлiм болды. Сөйтiп, осы күнге дейiн жанармай бағасын тежеп келген Мұнай және газ министрлiгi қазан айынан бастап жанармай бағасына қойылған шектеудi өзгертпек. Мұнай және газ министрлiгiнiң мұнай өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi департаментiнiң директоры Қуандық Құлмурзиннiң айтуынша, министрлiктiң мұндай шешiм қабылдауына Ресейдегi жанармай бағасының көтерiлуi түрткi болған. Қ.Құлмурзиннiң сөзiне сенсек, ендi АИ-92 маркiлi жанармайының бөлшек саудадағы құны 90 теңгеге, ал АИ-80-дiкi 82 теңгеге дейiн көтерiлмек. Сондай-ақ дизельдi отынның бағасы 73 теңгеге жететiн көрiнедi.

Әрине, қазақтың тойсыз күнi жоқ қой. Әйтсе де, Жуалы жұрты сонау 1992 жылы Шер-ағаңның, Шерхан Мұртазаның 60 жылдық тойынан кейiн, қазақтың ығайлары мен сығайларының басын қосқан ұлан-асыр тойды ендi көрiп отыр. Арадағы жиырма жылға жуық уақыт iшiнде жуалылықтар үлкен дүбiрдi сағынып-ақ қалған екен, өткен аптаның соңында өткен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына жұрт жан-жақтан ағылып жатты. Айналасында мың бұлағы бар Көлбас­тау­дан түлеп ұшқан жаужүрек Ба­уыржан Момышұлы взвод коман­дирi­нен дивизия коман­дирi дең­гейiне дейiн көтерiл­ген дара сардар. Өмiр­де адам болу – қасиет, азамат болу – мiндет, ұлтын сүю – парыз десек, осы киелi қасиет­тер­дiң барлығы да Бауыр­жанның бойынан табылған.

«Қазақмыс» компаниясының iшкi және кадр саясаты жөнiндегi басқарушы директоры Сергей Ершов журналистика тарихында жоқ жаңалық жасады. «Қазақмыс» жастарының алғашқы слетi ашылуға бiр ай қалғанда төрт жүзге тарта делегаттың суретiн жариялауға пәрмен бердi. Өзi құрылтайшысы болып табылатын екi газеттiң журналистерiн жылына бiр келетiн кәсiби мерекесiнде құттықтауға да жарамайтын «Қазақмыс» компаниясы Жастар одағының төрағасы Сергей Тысевич оны орындауға шұғыл кiрiстi.

Бұл — болған оқиға. «Қайтейiн, қартайғанда көрейiн дегенiм осы ма едi?! Бәрi әлгi әмеңгерлiктiң әлегi». Соттан соң салы суға кеткен кейуана өзiне шаң жуытпай, салтымыздың сағын сындырды. «Салтымыздан садаға кетсiн! Бұл — әмеңгерлiктiң емес, азғындаған әйелдiң әлегi». Оқиғаның қыр-сырына қаныққан мен осылай ойладым. Кеңшардың қарбалас жұмыстарынан қалмай, нанын адал еңбегiмен та­уып, шаруа баққан жандар едi. «Көксау» күйеуi «құрт ауруынан» қайтқанда, бұл жап-жас келiншек болатын. Бiрақ, байсырап басқаға рай бермедi. Тынымсыз тiрлiктiң тегеуiрiнiмен кеттi. Көз қуанышы — қос құлыны. Тұңғышы ер жетiп, жеке шаңырақ көтергенде көл-көсiр қуаныштан көңiлi шалқып, қиялы көктi шарлаған.

(Аға-дос Ш.Айтматов туралы эсселер)
Жастау кезiмде Габриэль Гарсия Маркестiң “Өзiм туралы жазылған мақтау мақалалар мен кiтаптарды оқымаймын” дегенiне таңғалушы едiм. “Қалай оқымауға болады? Бiреу ақ тер, қара терге түсiп сен жөнiнде кiтап, немесе мақала жазады. Оны оқымау, тiптi назар аудармау әдiлеттiлiк емес шығар?” дейтiнмiн. Кейiннен Шың­ғыс Айтматовпен араласа жүрiп, оның да өзiн мақтаған жүздеген мақалалар мен кiтаптардың көпшiлiгiн оқымайтынын аңғардым. Әрине, қолға түскендерiн қарап, яки шолып шығады. Кейбiр өзгеше өрнектелген ой-пiкiрлерге ыждағатпен назар да аударады. Ал газет-журналдардағы сыпыра мақтау мақалалардың едәуiр бөлiгiн мүлде оқымайтынына көз жеткiздiм.
Қазақтың Жамбыл атындағы мемле­кеттiк филармониясының бұрынғы директоры Аян Сұлтанғалиевтiң (сол жақта) iсi сотқа берiлдi. А.Сұлтанғалиев 2007 – 2009 жылдары филармонияға бөлiнген ақшадан 100 миллионнан астам теңгенi жымқырып кетiптi. Айтпақшы, Аян Сұлтанғалиевтiң алдында филармонияның директоры болып Қуаныш Оразғалиевтiң (оң жақта) қызмет атқарғаны, артынан Қ.Оразғалиевтiң Абай атындағы опера және балет театрының директорлығына тағайындалғаны да белгiлi. Мiне, сол Қ.Оразғалиев филармонияның директоры болып жүрген кезiнде 54 миллионнан астам теңгенi талан-таражға салыпты. Осы iстердi қатар тексерген қаржы полициясы Қ.Оразғалиевтiң iсiн де сотқа өткiздi.

Қазiргi Конституция бойынша елiмiздiң заң шығарушы органы – екi палаталы парламент. Қазақстан мемлекеттiк құрылымы жағынан унитарлы мемлекет болып табылады. Унитарлы мемлекет дегенiмiз – яғни бiртұтас, бөлшекке бөлiнбейтiн мемлекет деген сөз. Бұндай бiр орталыққа бағын­ған мемлекет құру өте орынды және қажет. Бiрақ, осындай құрылымы бар мемлекет үшiн екi палаталы парламент жүйесiн енгiзу тiптi жөнсiз. Себебi, мұндай ел басқару, яғни екi палаталы парламент арқылы заң шығару жүйесi, батыс елдерiнiң ерекшелiктерiн айқындайтын жүйе. Мысалы, Ұлыбритания бiрiккен корольдiгi немесе Ресей Федерация­сы бiрнеше республикалар, автономиялар жиынтығынан тұрады, ал АҚШ-қа келсек,

Жарысқа бiр күн қалғанда елiмiздiң дзюдо қауымдас­тығының басшылары журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Жиынға қауымдастық басшысы Бекет Махмұдовтан бөлек, дзюдо қауымдастығының бас хатшысы Айбай Қаймақов, ҚР мемлекеттiк жаттықтырушысы Ержан Байжұманов және ерлер құрамасының тiзгiнiн ұстаған Ербол Қыр­ғызбаев қатысты. Алдымен сөз алған Б.Махмұдов Алматыда өткелi отырған әлем кубогының маңыздылығына тоқталып өттi. Он бес мем­лекеттiң дзюдошылары бас қосатын дүбiрлi додада спортшылар Лондон олим­пиа­дасына ұпайларын түген­дейдi.

Алматыда әлем кубогы өткен күнi Ташкентте әйелдер арасындағы әлем кубогының кезектi кезеңi өттi. Әлемнiң он жетi елiнiң бойжеткен палуандары қатыс­қан додада Жанна Нұртазина баптайтын Қазақстан құрамасының палуандары екi медальға ие болды. 70 келiде бақ сынаған Жанар Жанзунова ширек финалда украиналық Татьяна Савенкодан ұтылып, бас жүлдеден күдер үздi. Есесiне, Жанар қола медаль үшiн болған белдесу­лерiн аса жоғары деңгейде өткiздi. Алдымен түрiкмен палуанын ұтқан Жанар артынша латвиялық қарсыласынан басым түсiп, Ташкенттен жүлдемен қайтты.

Өткен аптада Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жатқан командалар 26-тур ойындарымен қатар Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесулерiн өткiздi. Премьер-лигада көш бастаған “Тобыл” Қостанайда “Шахтердi” қабылдап, 1:1 есебiмен тең ойнаса, “Ақ­төбе” “Ертiстi” ұтты: 1:0. Алматының “Қайраты” өз алаңында “Ордабасыдан” тас-талқан боп жеңiлдi: 1:5. “Ордабасының” ойсырата жеңуi тек бұл ғана емес. Жексенбi күнi Қазақстан кубогының 1/4 финалдық ойынын Қостанайда өткiз­ген оңтүстiк­қазақ­стан­дықтар “Тобылдың” өзiн “шашып” тастады: 4:1. Бiр айта кетерлiгi, қостанайлық клубтың бас бапкерi Равиль Сабитов “Ордабасымен” болған ойында алаңға негiзiнен жастарды шығарды.

Алматы төрiндегi Есентай өзенiнiң батысында жаңа трамплин спортына арналған кешен ашылды. Трамплин кешенiнiң ашылу құрметiне құрлықаралық кубок додасы өткiзiлдi. Елiмiзде өтетiн қысқы Азия ойындарының қарсаңында ашылған бұл кешенде ендi әлемдiк дең­гейдегi iрi сындар өткiзiл­мек. Спорт кешенi халықаралық стандартқа сай.   К-95 және К-120 тұғырларында ендi кез келген деңгейдегi iрi сындарды қабылдауға болады. Ал кешендегi жарысты 5500 адам тамашалауға мүм­кiн­дiк бар.  Трамплиннен секiру кешенiнiң ресми ашылу салтанатына Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов мырза арнайы келдi.