1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15536) 30 қыркүйек, бейсенбі 2010
БИЛIК БАСЫНДАҒЫ ТОПТАР ШАЙҚАСЫ
“Барымтаға қарымта!” Үкiмет­те­гi соңғы кадрлық ауыс-түйiстердi Есiлдiң сол жағалауындағы жауырыншылар осылай бағалайды. Мем­лекеттiк қызметтегi бұл жауырыншылар өздерiнiң есiмдерiн баспасөз­де жариялауға құлықты емес. Сондықтан олардың айтқан сөздерiнiң бәрiн рас деуге де болмайды. Десек те, олардың билiк дәлiзiндегi тiр­лiктердi жақсы бiлетiнiн ешкiм жоққа шығара алмаса керек. Сонымен, Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиевтiң миына неге қан құйылып кеттi? Қаржы полициясы министрден не кiнәрат тапты деген сұрақтан бұл сұрақтың мысы басым болып тұр. Себебi, Жақсылық Досқалиевтiң жағдайы тәуелсiз Қазақстан тарихында бұрын-соңды кездеспеген жағдай.
Биылғы жылдың ерте көктемiнде Жаңаөзен мұнайшылары үш аптаға жуық ереуiлдеп, үкiметке бiраз талаптар қойғанынан республика жұртшылығы хабардар. Содан берi де 5-6 ай уақыт өттi. Қазiргi Жаңаөзен мұнайшыларының тыныс-тiршiлiгiн бiлу мақсатында қатардағы мұнайшылардың әлеуметтiк проблемаларын шешуге ықпал етiп жүрген, қарапайым халық арасынан шыққан бiрқатар кәсiподақ басшыларын әңгiмеге тарттық.
Алдымен «Өзенмұнайгаз» өндiрiстiк филиалы кәсiподақ комитетiнiң төрағасы Наурыз Сақтағановқа жолықтық.
ЕНДI ӨКIНБЕЙ-АҚ ҚОЙСА ДА БОЛАДЫ
ҚМЭБИ төңiрегiндегi дау ушығып тұр. Жуырда қаржы полициясы институттың бас есепшiсiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғады. Оған оқу ордасының бюджетiнен жеке мақсаттарына 14 млн теңге ақша ұрлаған деген айып тағылуда. Оған дейiн ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi институтты алты ай мерзiмге мемлекеттiк лицензиядан айырған едi. Бұл оқиғадан аз уақыт өтпестен Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаетың орнынан алынуын осы даумен байланыстыратындар да бар. Ал ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы бiлiм мен ғылым саласын бақылау комитетiнiң жетекшiсi Найман Қалабаев ҚМЭБИ-ге қатысты деректер министрлiкке кемiнде он жыл бұрын белгiлi болғанын мәлiмдедi. Яғни, құзырлы мекеме осы уақытқа дейiн бәрiн бiле тұра үнсiз отырған.

Жақында “Сорос – Қазақстан” қорының гранты бойынша Австрия астанасы Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның семинарына қатысып қайтқан едiк. ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөнiндегi бюросы және ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан ұйым­дас­тыр­ған электронды дауыс бе­ру мәсе­лесiне арналған семинардың мән-жайын өткен нөмiрлерде жазғанбыз. Ендi Венадан көрген-бiлген дүние жай­­лы сөз қоз­ғасақ. Венаға баруымыздан бұрын баруға дайындалуымыз қызық болды. Еуроодақ аясында жарамды Шенген визаны алу оңайға соқпады.

Бүгiнгi заманның талабына сай көше атауларын өзгертуге келгенде Павлодар облысының бағы жанбай-ақ тұр. Облыстық шаһардың өзiн айт­пағанда, басты-басты екi қаласы Екiбастұз бен Ақсудағы жағдай да осындай. Әйтеуiр, былтырғы жылы ел азаматтары әупiрiмдеп жүрiп, талай жылдар пролетариаттың көсемi Лениннiң есiмiн ием­денiп келген Екi­бастұздың орталығындағы ең басты көшенi Мәшһүр-Жү­сiп бабамыздың атына алып бердi. Ал Павлодарда Ленин мен Кутузовтың, Ермактың атындағы көше­лер­дiң әлi күнге дейiн өзгерiссiз тұрғанын бiз бұрын да жазғанбыз. Осы арада неге солай деген заңды сұрақ туады.
Қазақта қасиетсiздiкке қарсы қарғыстай естiлетiн «Ит үредi, керуен көшедi» деген қанатты сөз бар. Неге екенiн қайдам, тыл және еңбек ардагерi Қорған Әмiрхамзаұлының «Жас Алашта» жарияланған (10 тамыз 2010 жыл) «Батыр — баукеспе, күрескер — қарақшы» деген мақаласын оқығанымда, сол сөз ойыма орала кеттi.Қойнауы кен көмбесiндей Жезқазғаннан сонау солтүстiк-батысқа қарай қарашаңырақ Қарсақбайды қамтып, ғарыш айлағы атанған Байқоңырдың дархан даласын көктей өтiп, одан әрi өр Ұлытауға ұласатын ұлан-ғайыр өлкенiң өткен тарихы тағылымға толы. Соның бiр парасы «Дулығалы мешiтiмен» байланысты.
Кеңес одағы құлағаннан кейiн Орталық Азияда жеке адамға табыну процесiн биiк деңгейге көтерген басшылар арасындағы чемпиондардың алғашқысы – Түрiк­менбашы – Сапармұрат Ниязов. Шыңғыс Айтматовпен бiрлесiп жазған, әлемнiң көп тiлiне аударылған “Құз басындағы аңшының зары” (Ғасыр айрығындағы сырласу) атты кiтапта жеке адамға табыну мәселе­сiне орай, екеумiздiң атымыздан айтылған мынадай пiкiр бар едi:“Шаханов. ...Түрiкменбашы Cапар­мұрат Ниязов... Жеке басқа табынушылықтың елге қандай залал әкелгенiн жақсы бiле тұ­ра, Ниязов iндетке өзi барып ұрынды. Көзi тiрiсiнде өзiне 200-ден астам ескерткiш қойғызғаны тарихтан хабары бар кез келген

«Жас Алаштың» 16 қыркүйегiнде (№74) жарық көрген Айжан Қасымованың «Аққу, шортан һәм шаян» атты мақаласын оқыдым. Айжан қарындасымның «Бәрiне жастарды кiнәлауға болмайды. Кiнәлi үлкен кiсiлер» дегенге саятын мақаласында шындық жатыр. Дәл солай. Бәрiне кiнәлi – үлкендер. Жұмысқа тұра қалсаң немесе үлкен кiсiлердiң ортасына тап болсаң «қай рудансың?» деп сұрайды. Соны сұраудың не қажетi бар? Онсыз да жастардың бәрi жетi атаға дейiн қыз алысуға болмайтынын бiледi емес пе?!

Сiз Қырғыз елiнiң атақты Чолпан-Ата қаласының төрiнде, Ыстықкөлдiң жағасында, қазақты бүкiл әлемге танытқан жазушы-драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтiң мұражай үйi бар екенiн бiлесiз бе? Биылғы шiлде айының соңына қарай көне Тараздың ыстық аптабынан қашып, отбасымды алып Бiшкек қаласында тұратын өнердегi де, өмiрдегi де досым, Қыр­ғызстанның халық суретшiсi Марат Шарафидиннiң арнайы шақыруымен Чолпан-Ата қаласына бардым. Қыр­ғыз бауырларымыз құшағын жайып қарсы алып, А.Малдыбасанов атындағы Қырғызстанның ұлттық опера және балет театрының атқарушы директоры Ишенбек Мамбетов пен оның жұбайы Бурул ханымның үйiнде қонақ болдық.

Ауданның әлеуметтiк-экономикалық өрлеуi, тұрғындар жағдайының жақсаруы көбiне әкiмнiң ұтымды ұйымдастыра бiлу қабiлетiне байланысты екенi белгiлi. Осы тұрғыда Терiскей өңiрiн түлетуде есепсiз тер төгiп жүрген әкiм Созақбай Әбдiқұловтың iскерлiк қабiлетiнiң арқасында ауданымызда көптеген жұмыс­тар атқарылып жатыр. Мәселен, бiрқатар iрi кәсiпорындар демеушiлiкке тартылып, көпбалалы отбасылар қамқорлыққа алынды. Бiр қуантарлығы, Созақ ауданында қашан да қариялар мен батыр аналарға үлкен құрмет көрсетiп келедi. Жуырда аудан әкiмдiгiнiң қолдауымен және бiрқатар өндiрiс орындарының демеуiмен 9 батыр ана мен 19 

Жақында Маңғыстау облысында Бекет атаның 260 жылдығы тойланды. Оған жүзден аса киiз үй, сансыз мол мал сойылып, бәйгеден озғандарға көлiк сыйлап жатты. Сан мыңдаған халық та болды. Бұл есептеудi тiзiп жатқаным, көре алмаушылықтан емес. «Бұларың жөн емес» деп айтудан да аулақпыз. Дегенмен де, осыдан бiз не ұттық?! Осынау қазан толы асқа, бәйге толы «джипке» бiздiң Бекет ата мұқтаж ба едi?!

Стамбул қаласынан хат жазып отырмын. Сiздердiң газеттi интернет арқылы оқып тұрамын. Мақсат атай мен Табыл атайлардың алғаш­қы махаббаттары туралы оқып... мен де өзiмнiң отандасым, алғашқы махаббатым Ғарифолла туралы айтқым келдi.1993 жылы түрiк азаматына күйеуге шықтым. 3 балам бар. Табыл атайды Кенже апай кешiр­мептi. Ал Ғарифолла менi кешiрдi. Ғарифолла екеумiз интернатта бiрге оқыдық. Мектепте Жанар, мен, Ғарифолла, Болат, Есентай бесеумiз дос болатынбыз. «Великолепная пятерка» дейтiн бiздердi сыныптастар.

Жездесiнiң үйiнен шыққанына да көп уақыт өткен сияқты. Жол әлi таусылар емес, керiсiнше, ұзара түскендей. Күндiз болса ғой, бұл бөлiмшеден аудан орталығына ойнап отырып-ақ жетер едi. Ал қазiр Сыр өңiрiнiң тас түнек түнi. Шым-шымдап бойын билеген үрейге иелiк бермес үшiн Түнғатар әрнәрсенi бiр ойламақ болды. Қырсыққанда, қайдағы бiр қорқынышты ойлар ұялайды екен көңiлге. Керi қайтпақ та болды, бiрақ, жездесiнiң әжуа-мазағына тап болары сөзсiз. Түнғатар манадан берi қыр соңынан көлеңкедей ерiп келе жатқан хайуанды байқамапты. Көре сала «Сырттан» деп күбiр еттi ол. 

Кеше Алматыда елiмiздiң ауыр атлетшiлерi бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiне арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Осы аптаның басында Түркияның Анталья қаласынан оралған елiмiздiң ауыр атлетшiлерi әлемдiк доданы 2 алтын медальмен қорытындылады. 63 келi салмақтағы зiлтемiр­шiлердiң арасынан қара үзiп шыққан Майя Манеза әлемнiң екi дүркiн чемпионы атанса, дәл осындай атаққа 75 келi салмақта күш сынасқан Светлана Подобедова да қол жеткiздi.Антальяда өткен ауыр атлет­тердiң әлемдiк додасы лицензиялық турнир саналады. Яғни, 2012 жылы Лондонда өтетiн Олимпиада ойындарына дейiн зiлтемiр­шiлер ұпай қорларын молайта түседi

Алматының Достық спорт кешенiнде грек-рим күресiнен ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберi, Азия және әлем чемпионы Бақтияр Байсейiтовтың жүлдесiне арналған жасөспiрiмдер арасында турнир өттi. Он салмақ дәрежесi бойынша белдескен палуандардың арасынан жалпыкомандалық есепте батысқазақстандық палуандардың бағы жанды. Батыс өлкесiнiң палуандары үш салмақ дәре­жесiнде үздiк шықты. Атап айтар болсақ, 46 келi салмақта өнер көрсеткен Айбек Марданов финалда тараздық Дархан Бүберхановтан басым түсiп, Бақтияр Бай­сейiтов турнирiнiң жеңiм­пазы атанды. 54 келiде белдескен батысқазақстандық Артем Фатаков та турнир барысында өзiне тең келер қарсылас таппады.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 30 ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ ОҚЫРМАНДАР ҚОЛЫНА ТИДI
“Жамбыл облысы әкiмдiгi iшкi саясат басқармасы” мемлекеттiк мекемесiнiң тапсырысы бойынша “Өнер” баспасынан халқымыздың аяулы ұлы, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, жазушы, Кеңес одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы толық оқырмандар қолына тидi.“Өнер” баспасы да барын салыпты, бұл көптомдықтардың әрленуi де, безендiрiлуi де өте сәттi шыққан. Қағазы да сапалы. Бiр әттең-айы, осы 30 томдық бар болғаны мың (1000) тиражбен ғана шығыпты. Құдай-ау, бұл кiмге жетедi?