1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15537) 5 қазан, сейсенбі 2010
Денсаулық сақтау министрi шынымен өтiрiк ауырған ба?
Жетi күн бойы хал үстiнде жатқан Жақсылық Досқалиев өтiрiк ауырғанға ұқсайды. Қаржы полициясының өкiлi Мұрат Жұманбай аптаның алғашқы күнi осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, қаржы полициясы, консилиум төрағасы, Ұлттық ғылыми медицина орталығы бас дәрiгерiнiң орынбасары Әлiбек Мұстафин Досқалиевтiң өтiнiшi бойынша, оған өтiрiк диагноз қойғанын мойындапты. Естерiңiзге сала кетсек, қаржы полициясы мен дәрiгердiң арасындағы сұхбат 2 қа­зан күнi тергеу түрiнде өткен. Бұл әңгiменiң толық барысын Ә. Мұстафиннiң өз ауызынан естiмек болған әрекетiмiзден түк шықпады. Себебi, оның қалта телефоны байланыс аясынан тыс болды да, өзi жұмыс орнынан ұстатпады.

Қырғызстан президентi Роза Отынбаеваның саяси мәселелер жөнiндегi кеңесшiсi Топчубек Тургуналиев (cуретте) қоғам талқылауына қырғыз ұлты үшiн маңызы зор үш бiрдей заң жобасын ұсынды. Олар: “Титулды ұлт”, “Ұлттық диаспоралар”, “Отандастар” туралы заң жобалары. Үш заңнан шығар қорытынды да, түйiн де бiреу ғана. Ол: Қырғызстанда бiр ғана ұлт бар. Ол – қырғыздар. Қырғызстан өзiнiң болашағын тек қырғыз ұлтымен байланыстыруға тиiс. Жер мен мемлекеттiң иесi де, киесi де қырғыз ұлты.

Президент Н.Назарбаев Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту жөнiнде төрелiгiн әлi айтпады. Қоғамда қарама-қайшы пiкiр пайда болғалы қашан. Бiрi – тарихи шындықтың билiк құруы үшiн дауыс берсе, екiншiсi – Петр мен Павелдiң жоғын жоқтауда.  Әсiресе, қала атауын ауыстыруға қарсы топ қамысқа от алып жүгiруде. Мәселен, Қызылжарда наразылық шарасы ретiнде сары шүберек тағып, көшеге шығушылардың қатары қалыңдады. Арандатушылық қайта басталды. Ол ол ма, МТРК қалалық телеарнасының директоры Евгений Сазанов: «Қызылжар деген сөздi қол­дан­ған тiлшi жұмыстан шығады» деп қоқан-лоқы жасаған көрiне­дi.
“Петропавл” қаласын атамзаманғы атынша “Қызылжар” деп, ал “Павлодарды” бiр кездегi атынша “Кереку” деп атау туралы пiкiр айтыла бастағалы ширек ғасыр болған шығар, бiрақ Алдекеңнiң “әләуләйiм бiтсе, хәләуләйiм бары” сияқтанып, әзiрше оң шешiм болар емес. Оған себеп – орыс ағайындардың орынды пiкiрге өре қарсы тұратыны және оларды бiздiң кейбiр әсiребiлiмдiлерiмiздiң қостап шығатыны. Орыстарға айтарым: Оу, жерлестер! Ресейдiң отаршылдық саясатын таратушы “ғылыми экспедициялар”, оларды “қорғаушы” әскери отрядтар келгенге дейiнгi қазақы көне қала – Қызылжардың атын бассалып орысшалаудың ақылға

Өткен аптада Шымкет қаласына iссапармен барған президент Н.Назарбаев ел экономикасының тұрақты дамуы үшiн алпауыт кәсiпорындар емес, шағын және орта кәсiпорындар қажеттiгiн мәлiмдедi. “Бiзге 20 мың адам жұмыс iстейтiн алпауыт кәсiпорындар емес, 20-30-50 адам жұмыс iстейтiн кәсiп­орындар керек”, – дедi президент Н.Назарбаев. Өз сөзiнiң орнықты әрi дәлелдi болуы үшiн президент Германия мысалын келтiрдi. “Германиядағы 90 пайыз өнiмдi шағын және орта кәсiп өндi­редi. Германияның өзгелерге қарағанда дағдарысты оңай еңсер­генi де содан. Өйткенi ондағы кәсiпорында 50 адам жұмыс iстейдi”. Оның ай­туынша,

(Аға-дос Ш.Айтматов туралы эсселер)
Құдайға шүкiр, бiздiң Қазақстанда да атақты түрiкмен ақыны Байрам Жұтдиевтен жарты қадам қалыспайтын дара дарындар бар екенiн жасыру азаматтыққа жата ма? Ендеше, солардың ерекшелерiне ғана сөз берелiк.
“Жауына жебе боп та қадалатын
Абыздан азамат ер бата алатын.
Алланың тоқсан тоғыз есiмi бар:
Бiрi – Нұр, бiрi – Сұлтан аталатын.
Сонымен, президент Н.Назарбаев жарлыққа қол қойды. Ендi 25 мың емес, 26 мың мемлекеттiк қызметкер жұмыссыздардың қатарына қосылатын болды. “Мемлекеттiк бюджеттiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын органдардың штаттық санын оңтайландыру жөнiн­дегi шаралар туралы” атты бұл жарлық 2010 жылдың 1 қа­рашасынан бастап күшiне енедi. ҚР президентi әкiм­шi­лiгiнiң әлеуметтiк-экономикалық мониторинг бөлiмiнiң хабарлауынша, қысқартуға жалақысы мемлекеттiк және Ұлттық банктiң қазынасындағы қаржы есебiнен төле­нетiн мекемелердiң, құқық қорғаушы және сот органдарының қызметкерлерi iлiнедi.

Қазақ әдебиетi деп ата­­­латын алып дарияға құятын асау бұлақтардың бiрi – Қытайдағы қазақ әдебиетi. Оны қалып­тас­тыр­ған қаламгер қауымның бiрi және бiрегейi де проза жанрында айырықша сәттi де сүбелi еңбекте­рi­мен көзге түсiп, тұтас бiр дәуiр­дiң суретiн салу арқылы ол жақтағы қалың оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген жазушы, драматург Тұрсынәлi Рыс­кел­диев ағамыз. Ұлттық әде­биетiмiздiң тереңде жатқан тамыры мен тарихына көз жүгiртер болсақ, сан ғасырға созылған поэзиямыздың қасында проза жан­ры тым жас. Небәрi бiр ғасырдан астам тарихы бар балаң дүние болып елес­тейдi.

ҚАЗАҚСТАНДА 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ЖҮРЕГIНЕ ОТА ЖАСАТУ ҮШIН КЕЗЕКТЕ ТҰР
Алматыда А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында “Әл Уақф” қайырымдылық қорының Қазақстандағы бөлiмшесi баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Онда республикадағы балалар кардиохирургиясы мәселелерi сөз болды. Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бас кардиохирургы, А.Сызғанов атындағы кардиохирургия бөлiмiнiң меңгерушiсi, профессор Арыстан Сейдалиннiң айтуынша, Қазақстанда жыл сайын туабiттi жүрек ақауымен үш мыңға жуық сәби дүниеге келедi. Олардың небәрi 10-15 пайызы ғана 1 жасқа дейiн өмiр сүредi.

Таяуда Отырар жерiнде саңлақ сазгер Шәмшi көкемiздiң көңiл шiркiндi көкке көтеретiн, көпшiлiк сүйiп тыңдайтын тамаша әнiндей тағы бiр тамаша той өттi. Қазақ вальсiнiң королi Шәмшi Қалдаяқовтың 80 жылдығы құрметiне алғашқы күнi өзiнiң есiмiн еншiлеген ауылда оның атындағы саябақ ашылса, ертеңiне “Менiң Қазақстаным” деп аталатын керемет кешен елдiң игiлiгiне берiлдi. Арқа-жарқа аталып өткен тойдың көшi ұлы ойшыл, әйгiлi ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидiң 1140 жылдығымен басталды. Алдымен тұғырлы тұлғаның аудан орталығындағы еңселi ескерткiшiне гүл шоқтары қойылды.

“ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛI 1000 ӘНI”
“Мәдени мұра” ұлттық жобасы аясында “Қазақтың дәстүрлi 1000 әнi” бiрегей антологиясы жарыққа шықты. Бұл антологияға қазақтың барлық (Арқа, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетiсу, Сыр, Шығыс) өңiрлерiнде айтылатын, сондай-ақ, шетелдегi қазақтар (Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан) арасында сақталған халық әндерi мен халық әншi-композиторларының туындылары түгелге жуық енiп отыр. Ел iшiнен жазылып алынған ғұрыптық әндер мен қара өлең үлгiлерi де жұртшылық назарына iрiктелiп ұсынылды.
Орыс және “модный шалақазақский” тiлде сөйлеген, бiр-бiрiмен кiмнiң автокөлiгi қымбатырақ екенiне даурыға таласып жатқан қазақ жастары. Шылым шегiп, әлемдiк мода брендтерiн сөз еткен дарақы қазақ қыздары. Түкке тұрғысыз, миға қонымсыз, тәрбиелiк мәннен жұрдай бағдарламалар. Елiмiзде ашылған алғашқы жастар арнасы “Кептердiң” сиқы осы.  Бұл телеарнаның тұсау­кесерi өткен жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кесiлген болатын. Жоба сол кездегi ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi, ҚР Бiлiм және ғылым минис­трлiгi, президент жанындағы жастар iстерi жөнiндегi кеңестiң қолдауымен жүзеге асырылған.

Менi бұл мақаланы жазуға итермелеп отырған басты себеп – қазiргi кездегi жастардың, әсiресе, жоғар­ғы оқу орнын бiтiре тұрып, жұмыс орындарына орналаса алмай жүрген өзiм қатарлы маман иелерiне қатысты. “Жас маман керек”, “қазақ тiлiн таза бiлетiн мамандар елiмiзде жетiспейдi” деп теледидардан күн­делiктi айтып жатқан ақпараттың бәрi бос сөз екен. Оған жоғарғы оқу орнын бiтiрген басқа да жастар куә. Қазақта әр сөз тегiн айтылмасы анық. “Сасқан үйрек артымен сүңгидi” демекшi, жоғарғы оқу орнын үздiк дипломмен бiтiрiп, жiгерi тасып тұрған жастардың жұмысқа орналасуы қиындап кеттi.

Дүниенiң бәрi саған күлiп тұрғандай болатын. Бiз ол кезде большевиктiк идеология нық орнаған Кеңестер Одағы деген мемлекетте өмiр сүрдiк. Бiз үшiн болашағымызды үкiмет ойлайтын. 3-4 ай жұмыссыз жүрiп қалсаң, “жатыпiшерсiң” деп соттап жiберуге дейiн баратын. Күн сайын алатының қасаң ақпарат, коммунистiк партияның құдiреттiлiгi туралы жауыр болған жаңалық, Леонид Ильич Брежневтiң жүргiзiп отырған саясатының арқасында күн сайын дамып бара жатқан қоғам жайлы “жағымды сөздер”. “Ойпыр-ай, қандай бақытты қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз”, – деп бiр-бiрiмiзге қарап, жымиып қоятынбыз...

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТIНЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНБАҚ
Жуырда “Назарбаев университетi” президентi Аслан Сәрiнжiпов парламент мәжiлiсiнде “Назарбаев университетi”, “Назарбаев зияткерлiк мектептерi” және “Назарбаев қоры” мәртебесi туралы” заң жобасын депутаттар талқысына ұсынды. Жоба депутаттардың көңiлiнен шықпады. Оған қатысты ащы сын айтқандар да табылды. Тiптi, “Назарбаевтың аты аталды екен деп заң бiрден қабылданбайды» деген мәлiмдеме жасады кейбiр парламент мүшелерi. “Назарбаев­ университетi”, “Назарбаев зияткерлiк мектептерi” мен “Назарбаев­ қоры” туралы заңды қабылдағанда
Өткен аптада Қазақстан премьер-лигасының 27-тур ойындары өттi. Бұл турдың орталық кездесулерiнiң бiрiнен саналған Астананың “Локомотивi” мен Қостанайдың “Тобылы” арасындағы ойын 0:0 есебiмен тең аяқталды.  Қостанайдың “Тобылы” премьер-лига ойындары мәреге жақындаған сайын ұпай жоғалтуды әдетке айналдырып ал­ды. 25-турда “Ақтөбеден” айласын асыра алмаған “Тобыл” футболшылары өткен турда Қарағандының “Шахтерiмен” тең түскен-дi. Ендi мiне, Равиль Сабитовтiң шәкiрт­терi астаналық футболшылармен ұпай бөлiстi. “Тобылдың” тең ойыны “Ақтөбеге” қолайлы болып тұр. Қатарынан үш ойында тоғыз ұпайға ие болған ақтөбелiктер тур өткен сайын
Қазанның 8-i күнi Астанада Қазақстан құрама командасы Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары аясындағы кезектi ойынын Бельгия футболшыларына қарсы өткiзедi. Осыған байланысты қос ұлттық құраманың бас бапкерлерi Бернд Шторк пен Жорж Леекенс жасыл алаңға шығатын футболшылардың есiмiн атады. Бұл ойыннан кейiн Қазақстан құрамасы 12 қазан күнi Астанада Германия футболшыларын қабылдайды.Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары қарсаңында Қазақстан футбол қауымдастығының басшылары ұлттық құраманың бас бапкерi Бернд Шторкке “осы жылы қайтсең де бiр ұпай ал, әйтпесе

Өткен аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 2-тур ойындары өттi. Д тобында сынға түсiп жатқан Қазанның “Рубин” командасы өз алаңында Испанияның “Барселонасын” қабылдап, 1:1 есебiмен тең түстi. Былтыр Чемпиондар лигасының топтық ойынында “Барселонадан” жеңiлмей кеткен Құрбан Бердыевтiң шәкiрттерi бұл жолы да азулы қарсыластарына лайықты қарсы тұрды.

Анадолы елiнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты да тарих қойнауына аттанды. Жарыстан соң, спортшылардың ауыр атлетика тұғырындағы айқасы емес, нәтиже қалары белгiлi. Ал бiздiң параққа қатталған же­тiстiгiмiз – 2 алтын, 5 әлем рекорды... Бұл жеңiстiң барлығы бойжеткендерiмiздiң еншiсiнде. Ал бiлектi ұлдарымыздың бiтiр­генi шамалы. Анталья додасы алдында Седовқа алтынды “ұс­та­тып” қойған едiк. Бiрақ сол алтын арманға айналғаны. Жүл­де алады деген Кузнецовта сан соғып қалды. Түрiк елiндегi сын­ның қорытындысына кей жанкүйер қауымның көңiлi толған жоқ. Ал бапкерлер мен федерация басшылығы бұл жеңiстi тарихи жеңiс деп бағалап отыр.