1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
Өткен аптада Мәскеу мен Минск арасындағы дау қайта өршiдi. Ресейлiк журналистердi жинап алып, баспасөз мәслихатын өткiзген Беларусь президентi А.Лукашенко ағынан жарылып, Ресей басшыларына деген өкпе-назының бiрiн қалдырмай жайып салды. Онысымен қоймай, Медведев пен Путинге айып тақты. «Ресейлiк БАҚ бетiндегi Беларусьты сынға алатын мате­риалдардың барлығы дерлiк Ресей басшылығының нұсқауымен, атап айтқанда, президент Медведевтiң жеке бұйрығымен дайындалады. Ал пре­зиденттi премьер Путин қолдап отыр», – дедi батька. Лукашенко өзiне қарсы ақпараттық соғысты ашқандардың барлығы Медведев­тiң командасы екенiне сенiмдi.
КАЗАК АТАМАНЫ ЗАХАРОВ СИЯҚТЫЛАР МҰНЫ БIЛУI ТИIС
«Президенттiк сайлау өтедi», «Нұр Отан» партиясы елдi елу жыл басқарады» деген сөздiң шыққаны сол-ақ едi, елдегi әсiреұлтшыл орыс қауымдастығы желiгiп кеттi. Қазақтың ұлттық мүддесiн былай қойғанда, оның мемлекетiн де мойындамайтын Петропавлдың ұлт­шыл орыстары «Қызылжарға қарсымыз!» деп ұрандады. Ұрандап қана қоймай, бұл тартыста қазақтың «аузын ұрды». Өңiр­дегi нақты күш те, қайрат та солар­дың қолында екенiн айқын көрсеттi.

БАУЫРЛАРЫ БОРДАЙ ҮГIТIЛГЕН ЗИЯЛЫЛАР ҚАЙДА ЖҮР?!
Маңғыстауға ресейлiк зымыран бөлшегi тағы да құлады

Өткен жазда Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Төлеп елдiмекенiнен 35 шақырым жерге Ресейдiң құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымыранының бөлшегi тағы да құлады. Ресей-Қазақстан үкiметаралық комиссиясы зымыран бөлшегi түскен жердi тексерiп, «ешқандай зияны жоқ» деп акт жасап, хаттама толтырды. Ал жергiлiктi Төлеп, Сенек ауылдарының тұрғындары болса: «Құлаған зымыран бөлшегi қоршаған орта мен адам ағзаларына зиянын тигiздi» деп дабыл қақты.

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Қаракемер ауылы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектептiң директоры мен мұғалiмдерi арасындағы дау-дамай туралы жазғанбыз (№72. 9 қыркүйек, 2010 жыл). Мектеп парламент мәжiлiсiнiң депутаты Зағипа Балиеваның ықпалында екенiн, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мектеп директоры Б.Табановаға тiсi батпай тұрғанын, бұрынғы министр Ж.Түймебаевтың бұйрықтарын мектеп директоры бұзғанын, сондай-ақ, орыс тiлi пәнiнiң мұғалiмi Нұрзия Ахметова заңсыз жұмыстан шығарыл­ғанын, мұғалiм конституциялық құқығын талап етiп, сотқа жүгiнгенiн жеткiздiк.

Жуырда Қазақстан президентiнiң iс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаевтың инсульт алғаны жөнiнде ақпарат тарады. Қалмырзаевтың көмекшiсi бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ал Сарыбай Сұлтанұлының өзiнен хабар жоқ... Қазанның 5-i күнi ҚазТАГ-қа мәлiмет берген ақпарат көзi «Сарыбай Сұлтанұлы аумақты инсульт алды. Оған ендi ұзақ уақыт емделу қажет», – деп хабарлаған. Ақпарат берушiге президенттiң iс басқарушысының дәл қай күнi мұндай халге душар болғаны белгiсiз. Ал С.Қалмырзаевтың көмекшiсi Болат Сұлтанбев: «Қалмырзаев аман-сау. Қазiр Қазақстанда. Шетелде емес. Жұмысқа шықпай қалғаны рас», – деп мәлiмдедi.
ҚАЗАҚСТАНДА БОРЫШКЕРЛЕР МЕН ҮЛЕСКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕР ДАУЫНА ТАП БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСI ШЕШIЛЕР ЕМЕС
Сейсенбi күнi «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қозғалысының екi жүзге жуық белсендiсiнiң «Марченко қызметiнен кетсiн!» деген талабына Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко былай деп жауап бердi: «Нақ бiздiң банк олардың бiрде-бiрiне несие берген жоқ. Өйткенi, Ұлттық банк жеке тұлғалармен жұмыс iстемейдi. Азаматтардың жеке мәселелерiне өз басым жауап бермеймiн. Бәрi де кезiнде келiсiмшартпен таныспай, құжатқа қол қойғанның кесiрi».
(Аға-дос Ш.Айтматов туралы эсселер)
 2005 жылдың 23 қаңтар күнi таңғы сағат 5-те оянып кеттiм. Қызық. Түсiмде ән шығарып жатыр екенмiн. Бұрын түсiмде өлең жазатын сәттер де кездесетiн. Бiрақ олардың бiрде-бiрi ояу кезiмдегi ой-санама әсер еткен емес. Осы жолы тұңғыш рет түсiмде құрастырылған әнге арналған өлең жолдарын қағазға түсiрдiм:
Бас-аяғы бiр сағат уақыттың iшiнде қазiргi таңда тiл жанашырлары шырқап жүрген “Рух пен тiл” әнi дүниеге келiп едi. Бұл әннiң шыққан күнiн есте сақтап қалу себебiм, нақ сол күнi түнде екiншi рет жүрек талмасына (инфаркке) ұшырадым.

Кейде мынандай ойға қалам: “Адам өмiрiнiң ұзақ я қысқалығы оның мән-мағынасында жатыр-ау” деп. Мағына болғанда да Жаратушының Ұлы заңдылықтарымен сәйкестiкте ғұмыр кешу мазмұны... Отағамыз Қалдар Ағмантайұлы Оспанның бұл фәниден көшкенiне де жылға жуықтап қалған екен. Отбасы, ағайын-туыс, дос-бауырлармен бiрге ол кiсiнiң айтқан сөздерiн, iс-әрекет, қылықтарын жиi еске алысамыз, әрине. Мейiрiмi мен рақымы мол Алла-Тағаланың бұйрығына қарсылық бiлдiрмеудi мейлiнше ойға ала отырып, сағыныштан көзiмiзге жас аламыз. Бiрақ бұл Жазмышқа наразылық жасы емес, қайталап айтамын, – тек сағыныштан түзiлген мөлдiр моншақтар ғана...

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
7қазанда Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық торқалы тойына арналған “Еуроазиялық мәдени кеңiстiктегi Шоқан Уәлихановтың мұрасы” атты халық­аралық конгресс басталды. Үш күнге созылатын бұл бас­қосуға 80-ге тарта елдiң (Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.т.) түрколог, тарихшы, этнограф, этнолог, филолог ғалымдары қатысады. Iс-шара аясында 70-ке тарта баяндама тыңдалмақ. Кон­гресс аясында жаңғыртыл­ған Шоқан бюстi салтанатты түрде ашылып, Шоқан Уәлихановтың iлiмi мен ғылыми жетiстiктерi турасындағы бiрқатар жаңа еңбек­тер­дiң тұсауы кесiледi.

Араға екi жыл салып, Астана қаласына жолымыз түстi. Әлi де құрылысы толық аяқталмаған, қаңқасы ғана қарайып тұрған азын-аулақ тұрғын үйлердi есепке алмағанда, екi жыл iшiнде аспанмен таласқан, зәулiм де әсем салынған ғимараттар қалаға ерекше рең берiп тұр. Екi жыл бұрын отырғызылған жас көшеттер де өсiп, кәдiмгiдей бой түзеп қалыпты. Қала көшелерiнiң тазалығы мен жинақылығы да бiрден көзге шалынады. Көше бойына ұқыпты отырғызылған түрлi-түстi алау гүлдер көз жауын алып, әсем де дара қала Алматыны ерiксiз еске түсiредi. Бiздi тағы бiр елең еткiзген жайт, жолаушы көлiктерiндегi кондуктор қыз-келiншектердiң аппақ кiршiк­сiз киiм формалары.

Атақты жазушылармен елдiң, оның iшiнде жастардың жүз­десiп, сұрақ қойып, жауап алып жататын қызықты кездесулер тек кешегi Кеңес заманында ғана болған шығар деп ойлаушы едiк. Жоқ, олай емес екен. Жақында ғана Тараз мемлекеттiк педагогикалық институтында белгiлi халық жазушысы, Мем­лекеттiк сыйлықтың иегерi Әзiлхан Нұршайықовпен болған кездесу жастардың жүрегiне шоқ түсiрдi. Шығармаларының тақырыбы негiзiнен еңбек, ерлiк, махаббат, достыққа арналған Әз-ағаның әдемi әңгi­месiне ынтыққан жастар жазушыны сахнадан зорға дегенде жiбердi. «Жасы 90-ға жақындап қалған қарт қаламгерге бұл кездесу ауыр тимей ме?» – деген де ой болған.

Баспасөзге жазылу науқаны басталған кезде түлкiбастық ұстаз, бiлiмдi тарихшы, бiлiктi басшы, өмiрден өткенiне әлi бiр жыл тола қоймаған Нұрмахан Келсейiтов ағай еске түседi. Оны үлкен-кiшi «Келсейiтов ағай» дейтiн. Бұл сөзде үлкен құрмет, iзет бар едi. Аға ұстаздың сыртқы қалтасынан «Жас Алаш» газетi түспейтiн. Құдайдың құтты күнi солай. Ол кiсiнiң бар көрнекiлiгi, сабақта пайдаланатын қосымша құралы «Жас Алаш» болатын. Бипаздап сөйлеп, асықпай, байыппен сабақ түсiндiргенде, бөлме iшiнде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнап, оқушылар сiлтiдей тынатын.

...Билiк басындағылардың қазақ тiлiне жаны ашитыны рас болса, тiл мәселесiн тағы да он жылға созбай, тез арада тiл туралы заңға өзгертулер енгiзiп, бұл мәселенi дұрыс жолға салуы тиiс. Ата заңымызға «Мемлекеттiк қызметкер мемлекеттiк тiлдi бiлуге мiндеттi!» деген сөйлем енгiзiлсiн. Тiл тағдыры төменнен емес, жоғарыдан шешiледi. Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүредi. Қазақ тiлi – сөздiк қоры мол, бай тiл, оның басқа тiлдерден еш кем еместiгi әбден дәлелденген. Бiздiң елде мемлекеттiк тiл туралы қабылданған заңның өзi солқылдақ.

Бұл оқиға бұдан әлденеше жыл бұрын Ленинград (қазiргi Санкт-Петербор) қаласында болған едi. Жаз­ғы демалысты пайдаланып, институттың 2-курсында оқитын баламды ертiп, қаланы аралап қайтуға барғанмын. Қаланың сәулеттi жерлерiн тамашалап, он шақты күндей болып, елге қайтуға бет түзеп, көшеде келе жатқанбыз. Орта бойлы, төртбақ келген, ат жақты көзi тұздай орыс жiгiтi бiздi бөгеп:
– Кешiрiңiздер, сiздер қазақ ағайынсыздар ма? – дедi таза қазақ тiлiнде.
– Қазақпыз, – дедi балам оның жүзiне таңырқай қарап.

Ертең қарт құрлықта 2012 жылы өтетiн Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары жалғасады. Қазақстан құрамасымен А тобына бiрге түскен Германия футболшылары Түркиямен күш сынаспақ. Қыркү­йек айының басында елiмiздiң футболшыларын 3:0 есебiмен ұтқан түрiктер немiс футболшыларымен айқасуға тас-түйiн дайын. Гус Хиддинктен тәлiм алатын түрiктер екi ойыннан алты ұпай жинап, немiс футболшыларымен бiрге көш бастап келедi. А тобында екi ойыннан соқыр ұпай да алмаған Бельгия мен Әзiрбайжан және Қазақстан құрамалары ғана.

“Тур де Франс” көпкүндiгiнiң жеңiмпазы, танымал испан велошабандозы Альберто Контадордың қанынан допинг қалдықтары табыл­ған . Бұл допинг сынақ биылғы “Тур­ де Франс” сынында алын­ған (21 шiлде). Испан спортшысы кленбутерол деген препаратты қолданды деп айыпталып отыр.Халықаралық антидопинг орталығы (ВАДА) Контадордың қанында пластификатордың көбейiп кеткенiн мәлiмдедi. Ал Контадор бұл дәрмектiң қанына тамақ ар­қылы түскенiн айтып отыр. ВАДА басшысы Франческо Ботре “кленбутеролды қолдану – қылмыстық iс. Сондықтан спортшыны ақтап алу қиын” деп мәлiм­дедi. Халықаралық велоспорт федерациясы әзiрге Контадор iсiне араласқан жоқ.
Осы аптаның басында Минскiде УЕФА-ның кезектi жиыны өттi. Мишель Платини бастаған еуропалық футбол қауымдастығының басшылары бас қосқан жиында 2012 жылы Польша мен Украинада өтетiн Еуропа бiрiншiлiгiнiң мәселелерi сөз болды. Қаржы дағдарысының қиын­­дығына байланысты құрылыс жұмыстарын кешеуiлдетiп бастаған украиндар аз ғана мерзiмнiң iшiнде бiраз жұмыс атқарып үлгерiптi. Бұл туралы Минскiде УЕФА басшысы Мишель Платини мәлiм­дедi. “Украинадағы салынып жатқан стадиондардың құрылысына дәл қазiр менiң көңiлiм толып отыр. Осыдан бiраз уақыт бұрын Украинаны қатты сынға алып едiк.
“Үштөбе” тұрғын үй кешенi пайдалануға берiлдi
Осыдан үш жыл бұрын алқымнан алған дағдарыс ең алдымен құрылыс секторын әрi-сәрi күйге түсiрдi. Бұған дейiн қаулап өскен құрылыс нысандары бiтпеген күйi қаңырап қалды. Бiрқатар құрылыс компаниялары банкротқа ұшыраса, ендi бiрiнiң құрылыс­ты аяқтауға қаржылық мүм­кiндiгi жетпедi. Сөйтiп, осы құрылысқа бар қаржысын жұмсап, ақша салған қарапайым жұрт қиын жағдайға тап болды. Республикадағы мыңдаған үлескер табанынан тозып, кезiнде өздерi ақша құйған құрылыс нысандарын даулауға кiрiстi.
Өзiн-өзi билейтiн ұлтқа айнала алдық па? Өзiндiк ұлттық бет-болмысымызды қалыптастыра алдық па? Айнала алмасақ, қалыптастыра алмасақ, бұған кiм кiнәлi?Осы таяуда ғана Голливудтың киношеберлерi «Ақша ұйықтамайды» («Деньги не спят») деген фильм түсiрдi. Иә, шынында да, ақша ешуақытта ұйықтамайды. Сонымен бiрге ақша ешқашан қарап жатпайды, жұмыс iстеп жатады. Ал ендi бiздiң елiмiзде үлкен ақша кiмдердiң қолына шоғырлан­ған? Бұл ақшалар қазақтың мүддесiне жұмыс iстей ме? Сiз «Жас Алашқа» жазылсаңыз, алдағы уақытта да мұндай сұрақтардың жауабын бiлiп отырасыз.