1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15539) 12 қазан, сейсенбі 2010
Жексенбi күнi Қырғызстанда өткен парламент сайлауын Орта Азия аймағы үшiн үлкен құбылыс ретiнде бағалауға әбден болады. Себебi, мұнда аймақтағы алғашқы әдiлеттi әрi ашық сайлау өттi. Бiз үшiн арманға айналған мұндай оқиғаға қол жеткiзген бауырлас қырғыз ұлтына сүйсiнбеске амал жоқ. Үйренетiн, үлгi алатын тұстарымыз да аз емес. Қырғыз Республикасы – бiздiң айналамыздағы парламент­тiк республика атануға бел буған Моңғолиядан кейiнгi, екiншi мемлекет. Олар осы мақсатта жалпыұлттық референдум өткiзiп, жаңа Ата заң қабылдаған болатын. Сондықтан бұл сайлаудың өту барысына төрткүл дүние түгел көз тiктi.
– Өткен аптада кейбiр ақпарат агенттерi Президент әкiмшiлiгiндегi бiр шенеунiктiң ауырып қалғанын хабарлады. Осы бiр болмашы ғана шағын хабар елдi дүрлiктiрiп жiбергендей. Интернет сайттары түрлi болжамдар­ға толды да кеттi. Басқа оппозициялық тұлғалармен салыстырғанда, Сiз Астананың өзiнде тұрасыз ғой. Сол жағалаудан қандай хабар естiп жатырсыз? – Ал Сарыбай Қалмырзаевтың көмекшiсi «бастығым сырқаттанып қана қалды» дейдi. Адам болған соң түшкiру, суық тигiзiп алу деген қалыпты жағдай ғой. Бiрақ, назар аударуға тұрмайтын ақпарат елдi сонша неге елеңдеттi деп ойлайсыз?

«Өзбекстаннан көшiп келген қазақпыз. Жолдасым Жамбыл облысында тiркеуде тұр. Оралман куәлiгiн ала алмай жүрмiз. Бiрақ, күнкөрiстiң қамымен Алматыға жұмыс iстеуге келдiк. Биыл қызым 2-сыныпқа көшкен едi. Мектеп оқуға қабылдамады. Балапаным оқимын деп жылап жүр. Не iстеу керек? Көмек берiңiздершi», – деп өтiнiшiн жеткiздi аты-жөнiн айтуды жөн санамаған апай. Iле-шала жазушы Шәди Шәкен хабарласты. Алматы қаласындағы бiрнеше мектеп шеттен келген қандастарымыздың оқушы балаларын Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығы негiзiнде мектепке қабылдамай жатқанын айтты. Мән-жайды анықтауға көштiк.

“Жергiлiктi жердегi бюджет қаржысының жұмсалуын мал дәрiгерлерi мен агрономдар бақылап отыр. Олар есеп-қисаптан хабарсыз болғандықтан, жұмыстары алға баспайды”. Есеп коми­тетiнiң төрағасы Омархан Өксiк­баев өткен аптада осылай деп күйiндi. Атынан ат үркетiн меке­менiң басшысы осыншама неге тау­сыла қалды? Бiр қарағанда, Есеп комитетiнiң құзыры сұмдық. Тек президентке ғана бағынады. Үкiмет, Парламент, Ұлттық банк секiлдi орындардың төбесiнен қарайды. Бюджет емiп отырған кез келген мекеменiң есiгiн бейнелеп айтсақ, теуiп кiрiп, ел қаржысының жұмсалуын тексередi. Алайда, бұл сырт көзге ғана осылай көрiнедi екен.

Сан салалы Нобель сыйлығы саудаға түсе жаздады. Анаусын анау алуы, мынаусын мынау алуы керек деп дүркiреген дүниежүзiлiк дүйiм жұрттан бiз, қазақтар, қалысқан жоқпыз. Биыл ғана емес, былтыр ма, алдыңғы жылы ма, әйтеуiр, дәу гәзеттер дабылдатып жазды, даурығуға дайын тұратын басқаларымыз алақайлап қостадық. Кiмге, не үшiн берiлуi керегiн көз алдымыздан арырақ ойлаған жоқпыз. Елiмiздi демократияның елесi әлi кезiп жүргенiнде, адам құқығы аяқасты етiлуiне қарсы күреске бел буған Азаматтарымыздың алды атылып, соңы сотталып-қатталып кетiп жатқанында шаруамыз болмады.

АЛМАТЫДАҒЫ 16 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДIҢ ҚАҚ МАҢДАЙЫНА БЕЙНЕЛЕНIПТI
Алматы қаласының тұр­ғыны Бүбiнай Наурызбаева “Жас Алаш” редакциясына хабарласып, былай дедi: “Қалқаман ықшамауданында Ақкент тұрғын үй кешенi салынып жатыр. Сондағы бiтпей қалған тұрғын үйдiң жоғарғы қабатына Шығыс Түркiстанның бейресми көк туы мен Малыбай деген жазу тұр. Бұл не сұмдық? Шыдамның да шегi бар емес пе? Әттең, астымда атым жоқ. Әйтпесе, түнiмен Ақордаға шауып, хабар беретiн едiм”.Қатардағы қарапайым тұрғынның намысына тиген бұл “сұмдықты” көру үшiн

Шаңырақ көтерiп, өз алдыма отау тiгiп, кендi өлке Қарағанды қаласынан елордамыз Астанаға жаңа жұмысқа ауысқан бетiм. Алғашқы еңбек аптасы аяқталып қалып, сәулетi мен келбетi жарасқан, алыстан әсем көркiмен “менмұндалаған”, асыл дiнiмiздiң жер бетiндегi айқын айғағы “Нұр-Астана” мешiтiнiң табалдырығынан аттадым. Ойым: жұма намазын оқып, сәждеге маңдайымды тигiзу, бiр мезет пенделiк күнәлардан тазару, Жаратқан иемiзге құлшылық етiп, Отанымызға бейбiтшiлiк пен тыныштық, шағын отбасыма мейiрiм-шапағат сұрау. Алайда, Алла үйiнде басымнан өткерген жағдай өзге түгiл өзiмнiң жағамды ұстатты... Адамзаттың азғанына, қоғамның ортақ құндылықтарды бастан тепкенiне налыдым...

«Жас Алаштың« өткен сандарының бiрiнде кәсiпкер Қажымхан Мәсiмовпен сұхбатымыз жарияланғанын оқырман қауым бiледi. Бiлгенi сол, мақала жарық көргеннен кейiн, газеттiң арнайы сайтында кейбiр адамдар тарапынан бiздiң атымызға небiр ғайбат сөздер айтылыпты. Бiреулерi «Мәсiмовтен осы сұхбат үшiн қанша ақша алдың?« десе, ендi бiрi одан да тұрпайылау сөздерге барғанын оқуға тура келдi. Мейлi дедiк, кiмнiң аузына қақпақ боласың, әркiм өз жеткен жерiнен қайтады. Бiрақ, сұхбат алғандағы мақсатымыз – Мәсiмовтi жарнамалау емес, емдiк қасиетi бар су әкелмекшi дегендi естiгесiн барып жолыққанбыз.

Қорғалжын десек, есiмiзге ерiксiз «Ащыкөл-Тұщыкөлдiң арасы бiр» деп шырқалатын атақты «Дудар-ай» әнi түседi. Шындығында, сахара даланы кей-кейде сарқырап аққан су жарықтықтан тарықтырып қоятын Табиғат-Ананың осы тұсқа келгенде, торсығының аузы ағытылып-ақ кеткен секiлдi. Олай дейтiнiмiз, Қорғалжын төңiрегiнде iрiлi-ұсақты, ащылы-тұщылы 86 көл бар екен. Көл болғанда және атаулары қандай десеңiзшi! Жәнiбек шалқары, Керей шал­қары, Шағатай, Тоқтамыс, Сұл­тан­келдi, Саумалкөл, Асаубалық, Абылай алқымы, Ақтайлақ болып кете барады. Осыған қарап, бұл аймақтың табиғи қазынасынан тарихи қазынасы еш кем емес-ау деген де ойға қаласың.

Сонымен, «Қазақмыс» директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир Ким компанияның 11 пайыз акциясын үкiметке сатып тынды. Өткен аптада мәлiм болған бұл ақпаратты қазақстандық ақпарат құралдарының барлығы дерлiк сан-саққа жүгiртiп, түрлi жорамал жасады. Бiрi В.Кимнiң байлығы 1,342 миллиард долларға еселенгенiн айтып, жағасын ұстаса, ендi бiрi «Самұрық-Қазынаның» нелiктен акцияларды дәл қазiр, олардың құны көкке ұшқан кезде сатып алғанына таңданды. Расында да, «Қазақмыс» акциялары биылғы жылдың сәуiр-мамыр айында айтарлықтай қымбат болды. Артынша қол жеткiзбес акциялар құны қайта төмендеген.
I
Жоқты,
Барды
Жазғаныңмен
Тiзбелеп,
Әу, Әбеке-ау!
Көктем бөлек,
Күз бөлек.
Тәнiң кетсе
Қара жердiң
Қойнына,
Жаның ыршып
Ғарыштан жай
Iздемек.
Ойынның алғашқы ке­зеңiнде бельгиялық футболшыларымен терезесi тең ойын өрнегiн көрсеткен елiмiздiң аяқдопшыларының екiншi кезеңде жiберген екi бiрдей өрескел қателiгiн қонақтар ұтымды пайдаланды. Десек те, футболшыларымыз ойынды жаман бастамады. Тiптi Нұрбол Жұмасқалиевтың ойынның алғашқы кезеңiнде есеп ашатын мүмкiндiгi де болды. Алайда, Жұмасқалиев сол мүм­кiндiктi мүлт жiбердi.52-минутта Александр Кислицын оңбай қателестi. Оның өз айып алаңымыздың сыртынан Алексей Поповқа бағыттаған добы көздеген жерiне бармай қалды. Жолортадан допты қақшып әкеткен Воссон бiздiң қақпаны нысанаға алды.
Моңғолияда өткен аптаның соңында студенттер арасындағы әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Елiмiзге белгiлi бапкер Тұрсынғали Едiлов баптап апарған боксшыларымыздың арасынан Алматы облысының боксшысы Данияр Үстембаев әлем чемпионы атанды.  91 келi салмақта өнер көрсеткен Данияр Үстембаев моңғол жерiнде үш жекпе-жек өткiздi. Алдымен словакиялық боксшыны 3:1 есебiмен сүрiндiрген Данияр жартылай финалда литвалық былғары қолғап шеберiн жеңдi. Финалда ресейлiк Александр Каракасянмен шаршы алаңға шыққан отандасымыз қарсыласын 5:2 есебiмен тiзе бүктiрдi.
«Ұлтымыздың табанына қадалған шөгiр менiң маңдайыма қадалсын!» деп, қазақтың мұңы мен мүддесiн түгендеуден талмай әрi танбай келе жатқан қай газет? Әрине, «Жас Алаш» газетi.Әдiлдiкке араша түсiп, қоғамымызда болып жатқан әдiлетсiздiктердiң бетiн ашып, шындықтың шымылдығының түрiлуiне сәл де болса себепшi болып жүрген қай газет? Әрине, «Жас Алаш» газетi. Ендеше, қадiрлi оқырман, Сiз де ең алдымен «Жас Алашқа» жазылыңыз! Сiзге өзге газеттердi тықпалайтындар да, тiптi жазылуға мәжбүрлейтiндер де табылатынына бiз шәк келтiрмеймiз.