1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15540) 14 қазан, бейсенбі 2010

Жуырда СNN телекомпаниясына сұхбат мерген Мәскеудiң бұрынғы мэрi Юрий Лужков сенсациялық мәлiмдеме жасады. Ресейде 2012 жылы болатын президент сайлауында қазiргi ел басшысы Дмитрий Медведев пен Владимир Путин додаға қатар түсiп, бұған дейiн В.Путиннiң ашса алақанында, жұмса жұдырығында жүретiн Д.Медведев мiнез танытып, онымен ашық айқасқа түсуi әбден мүмкiн екен. Өз сұхбатында Медведевтi қатаң сынға алған Лужков, өзiнiң қызметтен кетуiн болашақта болуы мүмкiн сол тартыспен байланыс­тырады.

«Сiздерге хат жазып отырған Шу қаласының «Жайсаң» ықшамауданының 7 «а» үй тұрғындары. Бiз тұратын үй 2009 жылы пайдалануға берiлдi. Пәтерлерiмiздi ипотека арқылы алғанбыз. Бұл үйде тұратындар – кiлең жас отбасылар. Әрқайсысының жас сәбилерi бар. Қыстан iлдалдалап, әупiрiмдеп шықтық. Қалай дерсiздер? Бала-шағамызбен бүрсеңдеп, бiрiмiзден кейiн бiрiмiз қайта-қайта ауырып шықтық. Электр жылымықтары күнi-түнi қосылып тұрды. Бiрақ одан пайда болмады. Бөлмелер үлкен, ал орнатылған батареялар  3-4 тармақтан ғана құрал­ған. Бұл көретiн қорлығымыздың басы ғана екен.

ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙДА БIЗ ҮШIН ОЛ ЕРЛIКТIҢ АУЫЛЫ АЛЫС
Өткен жексенбiде Қырғызстанда өткен парламент сайлауы төрткүл дүниенi дүр сiлкiндiрдi. Орта Азия аумағында алғаш болып, ашық әрi әдiлеттi сайлау өткiзе бiлген қырғыз бауырларымыз ерледi. Оларды көре алмағандар қызғаныш бiлдiрiп, демо­кратия жақтастары сүйсiнiп отыр. Бiр сөзбен айтқанда, бұл сайлау қызу талқы үстiнде. Оған қоғамдық бақылаушы ретiнде қатысқан қа­зақстандық өкiлдiк те сайлаудың ашық әрi әдiлеттi өткенiн айтады.  Соңғы жылдары Қырғызстанда өзгерiстер көп болды. Олардың iшiндегi менi ерекше таңғалдырғаны конституциялық, заңдық өзгерiстер. Сайлау туралы заңға енгiзiлген толықтырулар. Соның салдарынан елдегi сайлау процесi мүлде бөлек жолға түскен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ. Мәмидiң,
Iшкi iстер министрi С.Баймағанбетовтiң назарына!
Алимжан Азадов 17 жасар Әзиз Мәжиттi шолақ мылтықпен атып, ауыр жараласа, оның сыныптас досы Нұржанды аяусыз ұрып-соққаны, ұялы телефонын тартып алғаны аздай, өлiмшi халде христиандардың моласына апарып темiрмен бастырып кеткен. Ерегiс Алимжанның Нұржаннан «есеп алуынан» басталып, оған Әзиздiң араша түсуiнiң ақыры осындай оқиғаға апарып соққан. Жарық дүниеден атар таңдары, татар дәмдерi таусылмаған екен, екеуi де ажал тырнағына iлiкпей аман қалған. Естiген елдiң жағасын ұстатқан сұмдық оқиға биылғы 1 шiл­деде Шымкент қаласының аумағындағы Қайтпас ауылында түнгi сағат он екiнiң шамасында болған.

Астананың Сарыарқа аудандық соты бұрынғы денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиевтi қамауда ұстаудың мерзiмiн 2 айға дейiн ұзартты. Сейсенбi күнi кешқұрым Қаржы полициясының баспасөз қызметi осындай хабар таратты. Олардың бұл ақпаратты сәрсенбiнiң таңына қалдырмай жiберуiнiң өзiндiк маңызы бар. Себебi, түнгi сағат он екiнi соғып, сәрсенбiнiң сәтi басталғанда Ж.Досқалиевтi Қаржы полициясының қамауда 10 күн ұстауына берiлген сот шешiмiнiң мерзiмi аяқталуы тиiс-тi. Яғни сейсенбi – күнi түнге дейiн Қаржы полициясы айып тағуы керек болатын.

Ресей мен Беларусь арасында қайта өршiген теке­тiресте кiмдiкi дұрыс, кiмдiкi бұрыс екенiн ажырату қиын. Бiрақ екi ел басшылары да дипломатиялық әдептi былай қойып, адамгершiлiк әдептiң өзiн шетке ысырып қойғандай құдды. Лукашенконың 4,5 сағат бойы ресейлiк журналистер алдында шерiн ақтарып, Кремльге деген өкпе-назын ағытып, Ресейдiң “мисыз” саясатын сын тезiне алуы өзiне таяқ болып тидi. Нәтижесiнде Мәскеу де көп күттiрмей, Ресей президентi Д.Медведев батькаға жауап қайтарды. Ресей президентi беларусьтық әрiптесiне “антиресейлiк сюжеттердiң арқасында ұпай жинауды, Ресейден жау жасағанша, ел iшiндегi проблемаларды ретке келтiрiп ал” дегендей ақыл-кеңес айтты.

Бiр жарым айдан соң Астанада ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының саммитi өтпек. Басқосудың да түр-түрi болады. Әлем елдерiнiң жетекшiлерiн Астана тойына немесе президенттiң мерейтойына шақырса, бұл бөлек әңгiме. Бейресми жиында еркiн пiкiр алмасады, ашық ой бөлiседi. Мұндай басқосулардың халықаралық саясаттағы ықпалы жоғары емес. Ал ЕҚЫҰ тәрiздi беделдi ұйымның аясында саммит өткiзу – үлкен мәселе. Бұл саммит қандай шешiм қабылдайды? Оның халықаралық қатынастардағы рөлi қандай болмақ? Әлем елдерiнiң басшылары Астанада басқосуға неге келiстi? Осы сауалдардың төңiрегiнде ой бөлiссек.

Жайлау Таласов – ерек өнердiң тұтқасын ұстап отырған азамат. Ол – Атырау облысындағы Сағыз бекетiнiң тумасы. Әзiрге оның еңбегiн елеп отырған ешкiм жоқ. “Қолда барда алтынның қадiрi жоқ” дегенiмiз де осы шығар, бәлкiм... 
Ол – қыш өнерiнiң шеберi. Ұлттық көне аспаптың бiрi – сазсырнай болса, Жайлау Таласов осы сазсырнайды жасаумен айналысады. Оның ғасырлардың қойнауынан келе жатқан қазақтың үнiн бұлжытпай жеткiзу үшiн ойлап тапқан өзiндiк ерекше технологиясы да бар. Сазсырнай – саздан жасалатын үрлемелi аспап. Көлемi де үлкен емес, адамның бiр жұдырығындай ғана. Бiрақ оны жасау екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi.
Ақселеу Сейдiмбек ағамыздың қазақ даласын әндерiмен бесiктей тербеткен халық композиторларының әндерiнен кем емес “Сарыарқа” деген әнi бар. Сонда: “Бал бұлағы есiлiп аққан Сарыарқа, Арғымағы көсiлiп шапқан, Абыз дала, Қобыз дала – Сарыарқа!” деген ғажап жолдар бар. Соны жазған – қазақтың дүлдүл ақыны Несiпбек Айтұлы.
Ұлар шулап, үйренсе, ұлы таудан аң қашар, Iн түбiнен iндет шықса, iргесiне жалғасар. Кер заманда бағыланның борсық сорып құйрығын, Кер сиырдың емшегiне сұр кесiртке жармасар.
Мен ғұмыр бойы мал шаруа­шылығында еңбек еткен адаммын. Сонау өткен ғасырдың елуiншi жылдарының аяғына таман қолға алған шопан таяғын зейнеткерлiкке шыққанша тастаған емеспiн. Жасыратыны жоқ, ол кезде өмiрге деген көзқарасымыз, жалпы түсiнiгiмiз басқа болатын. Ел үшiн, қоғам үшiн, болашақ үшiн деп еңбек еттiк. Сол еңбегiмiз бағаланды. Бiреуден iлгерi, бiреуден кейiн дегендей ғұмыр кештiк. Абыройсыз болғамыз жоқ.Ол кезде халықта: “Үкiмет асырайды, үкiмет өлтiрмейдi” деген түсiнiк болушы едi. Ел-жұрт билiкке балаша сенетiн. Сонысына қарай, жергi­лiк­тi атқарушы ұйымдар да iстеген еңбегiңе қарай жағдай жасайтын.
ӘДЕБИЕТ БОЙЫНША НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ПЕРУДIҢ ЖАЗУШЫСЫНА БҰЙЫРДЫ
Евгений Евтушенко, Изабелла (Белла) Ахмадуллина, Харуки Муракама, Умберто Эко, Кормак Маккарти және т.б. Мiне, биылғы Нобель сыйлығына ұсынылған осы ақын-жазушылардың бәрiн қырып-жойып жеңiп, сыйлықты Перу жазушысы Марио Варгас Льоса жеңiп алды.Баспасөзге сенсек, әлем­дiк Нобель сыйлығы испан тiлiнде жазатын Марио Варгас Льосаға «көркем шығарма арқылы билiк құрылымының күллi жүйесiн ашып көрсетiп, адамның қарсыласқан, жеңген әрi күйреген кездегi сирек бейнесiн жасағаны үшiн» берiлдi.

«Адамзат мәңгi» дегенде бiз ұрпақтан ұрпақ өрбитiн жер бетiндегi тiршiлiктiң жалғасын айтамыз. Демек, әрбiр саналы ұрпақ өзiн ғана ойлап қоймай, өзiнен кейiнгiнiң қамын көбiрек ойлайды. Егер қайықтағы екеудiң бiреуi өлу керек болса, сөз жоқ, кәрi кетiп, жас қалады. Шыңғыс Айтматовтың «Теңiз жағалай жүгiрген Тарғыл Төбет» атты хикаятында бiр үйлi жан өзiн-өзi теңiзге лақтырып, қайықта қаршадай ғана бала қалып, сол бала бүтiн бiр ұрпақтың жалғасы болып едi ғой. Егер үй өртенiп жатса, жер сiлкiнсе, су тасқыны болса және тағы басқа да толып жатқан кездейсоқ апаттарда адам ең әуелi жас баланы құтқаруға тырысатыны да сондықтан.

Маңғыстау облысының әкiм­дiгi «Жас Алаш» газетiнде жарияланған «Темiржолдың теп­кiсi, қайда қарайды «тек­тiсi» (№74, 16 қыркүйек, 2010 ж.) атты мақаланы оқып, ондағы деректердi анықтау үшiн «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңiрара­лық көлiктiк бақылау инспек­ция­сының Маңғыстау облыстық филиалы» қызметкерле­рiмен тексеру жұмыстарын жүргiздi.Тексеру барысында «Алматы – Маңғыстау – Алматы», «Маңғыстау – Астана – Маңғыс­тау» және «Маңғыстау – Ақтөбе – Маңғыстау» жолаушылар пойыздары қамтылды.
Саған арнап жаздым алғаш жырымды,
Ойланбастан ақтарып бар сырымды.
Жалғыз қалып ойға батып отырмын,
Қанша мықты болсам-дағы жырынды.
Есте қалды бақта тұрып күткенiм,
Келмей қалсаң дейтiн едiм бiткенiм.
Төрден әдiлет күтiп, жазықсыз шырылдаған бiр мұңлықтың зарын халық назарына ұсынып отырмын. Мүмкiн кейбiреуге сабақ болар?! – 2007 жылы қасиеттi Түркiстан қаласында Түрiк-қазақ университетiнде сырттай оқып жүрiп, жамағайынымыз, бұрынғы Қазалы ауданының тұрғыны Базаркүлмен кездесiп, үйiнде сессия бiткенше тұрдым, – деп бастады маған әңгiмесiн Күлзипаш. – Апалы-сiңлiдей сырлас болдық. Әңгiмеден әңгiме туындап, үйдiң ескiргенiн, жаңартуға қаржы

Қазақстан құрамасының футболшылары 12 қазан күнi Астанада Германия футболшыларымен ойнап, 0:3 есебiмен ұтылып қалды. Бұл ойын Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарының биылғы жылға жоспарланған соңғы кездесуi. Сонымен Бернд Шторк баптайтын Қазақстан құрамасы iрiктеу ойындарының төрт кездесуiн өткiздi. Төрт ойында төрт жеңiлiс. Қарсылас­тар қақпасына бiрде-бiр доп соға алмай кеткен отандастарымыз өз қақпаларына он гол соқтырды.

Сейсенбi күнi Еуропаның бiраз елдерiнде iрiктеу ойындары жалғас­ты. Ең басты сенсация – Әзiрбайжан футболшыларының Түркия құрамасын 1:0 есебiмен ұтуы болды. Гус Хиддинк жаттықтыратын Түркия құрамасының бұл қатарынан екiншi жеңiлiсi. Осының алдында түрiктер немiстерден 0:3 есебiмен ұтылған-ды.Сан-Марино, Андорра және бiздiң елдiң футболшыларынан бас­қасының бәрi шамалары келгенше қоржындарына ұпай салуда. Тiптi, Фарер аралдарының футболшыларының өзi Солтүстiк Ирландиямен 1:1 есебiмен тең түстi.Кешегi кеңес одағының шек­пенiнен шыққан елдердiң әзiрге Украина мен Польшаға

«Саясаттан аулақ жүрген жақсы...», «Саясат дегенiмiз – лас, был­ғаныш нәрсе ғой...», «Саясатсыз-ақ күн көруге болатын шығар...» дегендерге көрнектi саяси қайраткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы: «Бiз саясатты өз қолымызбен жасауымыз керек. Сонда ғана бiздiң төрт құбыламыз түгел­де­недi. Егер бiз қазiр Қазақстандағы саясатты өз қолымызбен жасауға кiрiспесек, онда елiмiз­дегi саясатты басқа бiреулер жасайтын болады. Сондықтан да қазақ жастарының саясатқа араласқаны, араласқанда да тереңiрек араласқаны әбден қа­жет» деушi едi.

“Қарызды өсiмпұлсыз өте!” акциясының екiншi кезеңi басталды
Кез келген саланың, оның iшiнде қаржы саласының да қатаң ережесi бар: қарызға ақша алдың ба, алған соманы түгел әрi дер кезiнде қайтар. Ал қарызды уақтылы қайтара алмай, кешiккен екен­сiң, онда қарызды өсiмпұл­мен өте. Бiрақ кей-кейде осы бiр қатаң заңды айналып өтудiң сәтi түседi. Жақында Альянс Банкi клиенттерiне осындай бiрегей мүмкiндiктi ұсынды. “Қарызды өсiм­пұлсыз өте!” акциясының екiншi кезеңi бастау алды.