1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15541) 19 қазан, сейсенбі 2010
ҮШ ҚАЙТАРА ТҮКIРЕЙIК... 
Төмендегi айтар мәселемiзге қатысты сөз қателеспесем, ең бiрiншi шенеу­нiктердiң iшiнен Қайырбек Сүлейменовтiң аузынан шықты. Сонау 2000 жылдардың басында. Журналистер жерден жетi қоян тапқандай, бөрiктерiн аспан­ға атты сол кезде. Бiрақ көпшiлiк оның сөзiнiң дұрыстығын мойындаса да, iшкi iстер ми­нистрiне түрмеге қамар қылмыскер керек болған соң айтты дегенге жори салды. Одан кейiн де Қ.Сүлейменовтiң төл сөзiне айналған сол мәселе мың мәрте қозғалды. Әсiресе, оппозиция алаңындағы нар тәуекел жi­гiттер мен ханымдардың аузынан түспедi. Бiрақ енжарлығы басым жұрт «бұларға сая­си ұпай қажет болған соң, осы кемшi­лiкке
Қахарман ҚОЖАМБЕРДI, дүниежүзi ұйғыр құрылтайы төрайымының орынбасары:
«Қытай билiгiұйғырлардың ұлттық болмысына балта шауып жатыр» деген пiкiр қаншалықты қисынды? «Ұйғыр сепаратизмi» қайдан шықты? Жоқ мемлекеттiң туы Қазақстанда желбiрегенi қалай? Мемлекеттiк бiртұтастығымызға iрiткi салатын ұрандардың айтылуына нелiктен бейжай қараймыз? «Ұйғырстан» халықтық партиясын құрушылардың мақсаты не едi? Бүгiнгi билiк ұлтаралық қарым-қатынастағы көшпелi тұстарды жасырып-жабумен, бiржақты мақтанумен жүрiп, басты мәселенi сырт қалдырған жоқ па? Осы және басқа да сұрақтарға дүниежүзiлiк ұйғыр құрылтайы төрайымының орынбасары, саясаттанушы Қахарман Қожамбердi қайтарған жауапты назарларыңызға ұсынамыз.

Норвегия – Еуропаның қатардағы дамыған мемлекеттерiнiң бiрi ғана емес, бүгiнгi билiктiң «көз құртына» айналған Нобель сыйлығының отаны. Саудабаев бұған дейiн де талай мәрте Ослоға барған. Қанша барса да, әлi нәтиже жоқ. Осы жанына батты ма, әлде басқа себебi бар ма, әйтеуiр Норвегияға сапарында Саудабаев бұл жолы елдi елең еткiзген мәселе көтердi. Жұртқа жағымды жаңалық болса қуанар едiк, бiрақ Саудабаев халықты «сары уайымға» салған мәселенiң шетiн шығарды. «Қазақстан халықаралық ядролық отын банкiн өз жерiне орналастыруға дайын!» деп жарты әлемге жар салды.

ҮСЕН СҮЛЕЙМЕНОВ ҰЛЫНА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫ ЖАЛҒАН ДЕЙДI
«Болашақ» бағдарламасы бойынша тәлiм алатын қазақстандық студент – мультимиллионер. «Республика» ақпараттық порталына белгiсiз бiреуден келiп түскен материалдар осы мәлiметтi айғақтайды. «Республикалық» әрiптестер осы материалдарға жүгiнiп, бұл ақпаратты әбден жiлiктеп, бiрқатар деректi алға тартыпты. Басылым мәлiметiнше, Гонконгта оқыған «болашақтық» Әлiбек Сүлейменов 19 жасында сонда компания құрып, оның қоржынына 10 мың гонконгтық доллар құйыпты. Содан кейiн HSBC Bank Plc-тен 500 миллион еуро көлемiнде депозит ашқан.
Ақыры жұрт көптен берi күткен ипотекалық несиелеу туралы заң жобасы парламент депутаттарына таныстырылды. Сиясы кеппеген заң жобасын парламентке көтерiп барған қаржы қадағалау агенттiгiнiң төрайымы Елена Бахмутова бұл заң жобасы халықтың әлеуметтiк кепiлдiктерiн қорғайтын механизмдердi ендiруге мүмкiндiк беретiнiн шегелеп түсiндiрдi. Расында да, бұл заң жобасы бұрынғы заңда кеткен олқылықтарды түзеп, ипотекалық несие алушылардың құқығын қорғауы тиiс едi. Бiрақ Ұлттық банк төрағасы мен қаржы қадағалау агенттiгi төрайымын отставкаға кетуiн талап етiп,
немесе ТIЛДI ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫНА ЖАЗУШЫЛАР НЕГЕ КЕЛМЕДI?
«...Қала басшылары былтыр да, биыл да бiз «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясын өткiзетiн күнге «Қала күнiн» мерекелеудi дәстүрге айналдырып алды. ...Акцияға Өнер академиясы мен ҚазМҰУ-ден келген студенттер өздерiне жатақханадан шығуға тыйым салынғанын, М.Шаханов ұйымдастырып отыр­ған жиынға бармау керектiгi туралы үгiт жүргiзiлiп: «егер бұған құлақ аспайтындар болса, оқуларымен қоштаса берсiн» деп күш көрсетке­нiн айтты. Кейбiр жоғары оқу орындары декандарының акция өтетiн жердi төңiректеп, өз студенттерiнiң келген, келмегенiн бақылап жүр­ген­дерi де әйгiленiп қалды.
«ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ, БIР КҮНI ОЯНБАЙ ҚАЛАМ...»
Өткен сенбi күнi Атыраудан бiр суық сөз жеттi. Дүниеден бард ақын, мәрт азамат Табылды Досым озыпты...
Ендiгi бiр жұбанатынымыз, Табылдының өлеңдерi де, әндерi де өлмейдi. Ұзақ жасайды.
Атыңды сенiң айтамын ән қылып неге,
Қозым-ау дешi күлiмдеп Баяндай маған.
Өмiрдi мынау, жаным-ау, мәңгiлiк деме,
Ұйықтап кетсем, бiр күнi оянбай қалам...
Әдеби сын
Менiң ойымша, есiмi қалың жұртшылыққа кеңiнен танымал Қуандық Түменбай – қазiргi қазақ жазушыларының iшiндегi ең өнiмдi жазушы. Ол тiптi қолындағы қаламы бiрде-бiр суалып, алдындағы қағаздары бiрде-бiр құрғап көрмеген менiң қадiрлi құрдастарым, үлкен талант иелерi Тынымбай Нұрмағамбетов пен Мархабат Байғұтовтан да өнiмдi. Қаптап шығып жатқан газет-журналдардың беттерiнен бiр түспейдi. Яғни ол өнiмдi ғана емес, өтiмдi де.Әрине, көп жазу үшiн көп жазуға болмайды. Олай еттi ме, онда ол жазушы көпiрме көбiк сөздер мен дәнi жоқ кебек сөздерге ұрынар едi. Бiрақ әркiмнiң талант табиғаты әрқилы ғой. Бiр жазушылар бар, оқырманын ұзақ күттiрiп
Серiк ТӨКЕЕВ, дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының президентi:
Қазанның 21-24-i аралығында Астанада қазақ күресiнен III әлем бiрiншiлiгi өтедi. Бұған дейiн Алматы мен Ресейдiң Орск қаласында өткен әлемдiк сайысқа биыл 42 елдiң палуандары қатысады. Әлемдiк доданың жай-жапсарлары жайлы дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының президентi Серiк Төкеевпен хабарласқан едiк. Биылғы әлем бiрiншiлiгi ерекше болмақ, – дейдi С.Төкеев. – Оның басты себебi, биыл қазақ күресi бүкiләлемдiк күрес қауымдастығының (FILA) бағдарламасына ендi. Бұл дегенiмiз – қазақтың төл күресiн бүкiл әлем тани бастады деген сөз. Астанада өтетiн әлемдiк жарысқа 42 елдiң палуандары қатысуға ниет бiлдiрдi. Додада барлығы 270-ке жуық палуан белдеседi.
Жексенбi күнi бокстан АҚШ-тың Камп-Лейн қаласында әскерилер арасындағы әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Бұл сынға қатысқан елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi 2 алтын, 3 күмiс, 4 қола медальға ие болды.АҚШ-та өткен айтулы додаға елiмiзден он боксшы барған едi. Олардың арасынан 52 келiде өнер көрсеткен Бағлан Омарбеков қана алғашқы жекпе-жегiнде ұтылып, жүлдесiз қалды. Қалған тоғыз бокс­шымыз ширек финалдық жекпе-жек­­терiн сәттi өткiз­дi. Жартылай финалда бес бiрдей боксшымыздың жолы болып, фи­нал­ға жолдама ал­ды.Соңғы кездерi бабы мен бағы сәйкес келмей жүр­­ген астаналық Мерей Ақшалов (64 келi) бұл жолы ерледi.

Өткен аптада футболдан Қазақстан премьер-лигасының 28-тур ойындары өттi. Бұл турда Қостанайдың “Тобылы” тағы да ұпай жоғалтты. Соңғы рет 24-турда өз алаңында “Ертiстi” 4:0 есебiмен жеңген қостанайлықтар бұл жолы Кереку футболшыларынан сырт алаңда ұтылып қайтты. Қа­зақ­стан­ның былтырғы жылғы чемпионы “Ақтөбе” көш басындағы “Тобылдан” ұпай айыр­масын екi ұпайға қысқартатындай мүм­кiндi­гi бар едi. Алайда Владимир Мухановтың шәкiрттерi Астананың “Локомотивiмен” болған ойында ұпай бөлiстi: 1:1. Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына төрт тур қалғанын ескерсек, бас жүлдеге талас әлi де қыза түсетiн сыңайлы.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Спорт комитетi, Қазақстанның БАҚ журналистерi арасында спорт журналисi, публицист және қоғам қайраткерi Сейдахмет Бердiқұл атындағы жыл сайын өтетiн конкурстың басталғанын хабарлайды. Конкурсқа бұрын жеңiмпаз атанбаған және 2005 жылдан кейiнгi уақыттағы осы жүлденi сарапқа салудың өткен кезеңiнiң жеңiмпазы болған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңiске жеткеннен кейiнгi өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиiс.
Ғалымдардың айтуынша, махаббат сезiмi, яғни екi жастың бiрiне-бiрi ғашық болып қалуы ешуақытта тоқтамайды да, толастамайды да екен. Мейлi, соғыс болып жатсын, мейлi апат, нәубет болып жатсын, махаббаттың өз жолы, өз арнасы, өз соқпағы бар. Демек, қоғамның қатыгезденуi, қатаңдануы, азғындауы махаббатқа бөгесiн, қолбайлау бола алмайды. Сiз осыған сенесiз бе?