1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15542) 21 қазан, бейсенбі 2010
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ БЕЛЕҢ АЛУ ҚАУПI БАР. АЛ ҮКIМЕТ ОНЫ СЕЗIНГЕНIМЕН, АЛДЫН АЛУҒА ӘЛI ДӘРМЕНСIЗ
Жақында парламент мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова жұмыспен қамту, әлеуметтiк қамсыздандыру, қорғау, көмек көрсету мәселесiн ортаға салды. Гүлшара Әбдiхалықо­ва­ның сөзiне қарағанда, әлем­дiк қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында жұ­мыс­шылардың жаппай босауының алдын алу мен оларды әлеуметтiк қорғау, жұмыссыздарды жұ­мыс­пен қамтудың жаңа бағдарламасы – «Жол картасы» әзiр­ленген. Оған қазынадан 2009 жылы – 191,5 миллиард теңге, 2010 жылы – 145 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесi де жоқ емес. Мәселен, 390 мың жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк туған.

Жуырда «Литер» газетiне сұхбат берген президент кеңесшiсi Е.Ертiсбаев: «Қазақстандағы оппозиция билiкке еш қауiп төндiре алмайды. 2012 жылы жоспарланған президент сайлауы кезiнде де билiкке бәсекелес болуға қауқары жоқ», – деп мәлiмдедi. Сарай «бұлбұлының» мұнысын қалай түсiнуге болады? Расымен, қазiргi оппозицияны еш мiсе тұтпағаны ма? Әлде мұнысын оппозиция жетекшiлерiн қайрау деп қабылдайық па? Ал Ермұхамет Ертiсбаев сөзiне қатысты оппозиция серкелерi бүй дедi...

2012 жылы өтуi тиiс сайлауларға дейiн уақыт бар болғанымен, саяси күштер қазiрден бастап етек-жеңiн жинай бастады. Үкiметтiк басылымдар арқылы ауық-ауық оппозицияны түйреп, сайлау туралы сөз қозғайтын президенттiң “бұлбұлы” әр сұхбатында Ақорданың сайлауға тас-түйiн дайын екенiн меңзесе, сол оппозициялық партиялардың өзi де сайлау қамына кiрiстi. Демократиялық күштер сайлау өтпес бұрын “Сайлау туралы” заңын түбегейлi реформалау керек деп есептейдi. “Қазақстандағы парламентаризмдi дамыту қоры” мен “Азат” ЖСДП ұйымдастырған “Әдiл сайлау ұйымдастыру мен өткiзу: түйiндi мәселелер және оларды шешу жолдары” атты дөңгелек үстелде осы мәселенiң мән-жайы талқыланды.

Қазақстанда 2012 жылы болуға тиiс президент сайлауы төңiрегiнде сөз көп. Қоғамның бұл тақырыпқа деген қызығушылығын “сарай бұлбұлы” атанған президент кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлауда да бағын сынайтыны жөнiндегi мәлiмдемесi арттыра түстi. Ал кейбiр ақпарат көздерi Ақордада бұл мәселенiң шешiмi әлдеқашан шығып қойғанын, сол шешiмге сай сайлау өтпейтiнiн және Н.Назарбаевты мәңгiлiк президент етiп жариялау жөнiнде референдумның ғана өтетiнiн айтады.

ЮРИЙ ЗАХАРОВТЫҢ ОСЫ АЙТҚАНЫ РАСҚА АЙНАЛСА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНДАҒЫЛАР ОНЫ АРАЛАРЫНАН АЛАСТАЙ МА? ӘЛДЕ...
Қазақстан халқы ассамблеясына – 15 жыл. Астана бұл атаулы күндi үлкен мереке ретiнде өткiздi. Ең әуелгi жиын Сыртқы iстер министрлiгiнде осы мекеменiң басшысы һәм Мемлекет хатшысы Қанат Саудабаевтың қатысуымен болды. Әр өңiрден арнайы келген ұлыс өкiлдерiн айтпағанда, бұл кеңесте тiптi бiрқатар облыс басшылары да төбе көрсеттi. Түстен кейiн болатын сессияның ал­дындағы кеңес отырысына осыншама лауазымды шендi­лердiң келуiнен журналистердiң бiр жаңалық күткенi де рас.

Өткен аптада кедендiк одаққа мүше елдердiң үкiмет жетекшiлерi Мәскеуде кездесу өткiзiп, ортақ экономикалық кеңiстiк құру мәселелерiн талқылады. «Ортақ экономикалық кеңiстiктi құру процесi жоспарлағаннан анағұрлым тез жүрiп жатыр», – дедi Ресей премьер-министрi Владимир Путин. Ресей үкiмет басшысының сөзiне сенсек, ортақ экономикалық кеңiстiкке Беларусь пен Қазақстаннан бөлек ТМД-дағы басқа елдер де қосылуға мүдделi көрiнедi. «Ал Ресей мен Беларусь арасындағы саяси проблемалар әзiрге интеграция процесiне әсер еткен жоқ»,– дейдi В.Путин.

Ұлы Отан соғысы ардагерiнiң жесiрi, тыл ардагерi, 10 баланың анасы, “Алтын алқа” иесi 95 жастағы зейнеткер Тұрымхан Терлiкбаева Алматы қалалық тұрғын үй департаментiне өкпелi. Қала әкiмi А.Есiмовтен, “Нұр Отан” партиясынан, мәжiлiс депутаты Н.Өнербаевтан араша сұрапты. 2004 жылы мемлекет тарапынан берiлген 1 бөлмелi пәтердi жекешелендiру мақсатында. Бiрақ баяғы жартас – сол жартас. Департамент: “Тегiн жекешелендiру тек Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына ғана рәсiмделедi. Ал басқалар бұл жеңiлдiктi пайдалана алмайды”, – дептi. Дәл осы тұрғын үйдi 21 мың долларға бағалапты департамент қызметкерлерi.

Қолға қалам алуға, “Жас Алаш”, “Алтын ғасыр” газет­терiн­дегi мақалалар себеп болды. Мақаладағы “Бауырлары бордай үгiтiлген зиялылар қайда жүр?!” - деген айғайлы үн кiм-кiмдi де қозғамай қоймайтындай...Ресейлiк зымыран бөл­шегi түсiп жатқан жерге жақын орналасқан Төлеп,     Ақ­қ­ұдық, Сенек, Қызылсу, Маңғыстау түбегiнiң қиыр шығысындағы, аудан орталығынан шалғай ауылдар болып есептеледi. Аудан орталығы теңiз жағасындағы Құрық кентi болғанымен, мал баққан ауылдар орталықтан 500-600 шақырымға дейiнгi қашықтықтағы облысымыздың ең шеткi нүктелерi.

Келесi жылдың басына жоспарланған Қысқы Азия ойындарына үш ай қалды. Азиадаға дайындық жұмыстары қалай жүргiзiлуде? Оған жұмсалған шығын көлемi өзiн-өзi қаншалықты ақтайды? Спорттық шара жастардың патриоттық деңгейiн арттыруға қаншалықты ықпал етедi? Кеше Алматы қалалық әкiмшiлiгiнде елiмiздiң жетекшi жастар ұйымдары, азаматтық қоғам өкiлдерi мен билiктен келген тұлғалар осы мәселелердi талқылады. Жиынға Алматы қаласындағы бiрқатар жастар қозғалыстарының, ұйымдарының жетекшiлерi, жас белсендiлер, БАҚ өкiлдерi, Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру дирекциясы басшылығы, Алматы қалалық спорт басқармасы жетекшiлерi қатысты.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесi – ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұра тiзiмiнде лайықты орын алған архитектуралық өнердiң ғажап үлгiсi. ХVI ғасырдың белгiлi тарихшысы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани бұл құрылысты «дүние жүзiнде салынған керемет ғимараттардың және адамзат баласының таңғажайып туындыларының бiрi» десе, «адам қолымен сомдалған керемет дүние сол замандағы шеберлердiң дарындылығын көрсетумен қатар қазiргi көркемдiк дүниелерге де үлгi боларлық деңгейде...» – деп жазды Оңтүстiк Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосылғаннан кейiн Түркiстан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесiн тамашалап қайтқан Мир-Салих Бекчурин.

БҰЛ ҚАНДАЙ «САЯСАТ»?
«Хабар» телеарнасынан көрсетiлiп жатқан «Жаным» атты көпсериялы телехикая туралы редакциямызға наразы, налалы хаттар өте көп келiп түстi. Ендi осы хаттардың бiрiн назарларыңызға ұсынуды жөн көрдiк. Бұл хат Тараз қаласынан жазылған. Хат иесi – Серiк Самұратов: «Балық басынан шiридi» дейдi дана халқымыз. Балықтың басы орысша сөйлеп тұрса, құйрық жағы не iстемек? Бiз болашақ ұрпаққа қандай тәлiм-тәрбие берiп жатырмыз? Неге бiз осыны бүгiннен бастап ойланбаймыз? Жақында «Хабар» телеарнасынан «Жаным» телехикаясы көрсетiлдi. Ойнаған әртiстердiң барлығы – қазақтар. Бiрақ орыс тiлiнде сөйлейдi.
Келер жылдың басынан бастап Ақмола облысының Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысының Осакаровка аудандарының аумағында “Бұйратау” деп аталатын ұлттық мемлекеттiк парк ашылмақшы. Бүгiнде бұған қажеттi құжаттар да­йындалып, келер жылы мемлекет бюджетiнен қомақты қаржы бөлiнбек көрiнедi-мыс. Дұрыс-ақ! Әйтпесе, ел астанасы Арқа жерiне қоныс аударғалы берi, ерiккен шенеунiктер осы төңiректiң аңы мен құсын қынадай қырып бiтiп едi. Тiптi қасқыр мен түлкiнi былай қойғанда, жазықсыз арқар мен елiктiiң өзiн тауысуға айналды. Ана жылдары қорықшы болып жүрген ағамыз мақтана әңгiмелеген мына бiр жай есiме түсе бередi.

1986 жылдың наурыз айында “Лениншiл жастың” Каспий аймағындағы өз тiлшiсi болып жұмысқа кiрiстiм. 22 наурыз күнi Атыраудан келген бойда алдымен редакцияға соқ­тым. Сол күнгi нөмiр бүгiнгi туымыз түстес көк белдеумен шығыпты. “Газет неге мереке күнгiдей болып шыққан, мерейтойы емес қой”, – деп сұрағанымда, әрiптестерiм: “Бүгiн газетi­мiздiң алғаш нөмiрi шыққан күнi әрi Наурыз мейрамы ғой” дедi. Бұл кеңес өкiметi талай жыл бойы тойлауға ты­йым салынып келген Наурыз мейрамына сол кездiң өзiнде “Жас Алаштың” мән бергенiн, ұлттық рухқа әу бастан адалдығын көрсетедi. 

1962 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылындағы 10 жылдық мектептiң 1-сыныбына менi анам ертiп барды. Балалар да көп екен, оның iшiнде менiң құрбым Сәуле де бар. Сол жылы 1-сыныпты оқытуға Жәлел ағай мен Айқыш тәтей бөлiнген екен. Мектеп директорының орынбасары Сыдықбек Омаров ағай 1-сыныпқа оқуға келген балаларды сол екi мұғалiмге бөле бастады. Анам: «Менiң қызымды Жәлел ағайға бер, менiң балаларымның көбiн Жәлел бастап оқытқан, әлiппе үйреткен – сол. Мына қызымды да соның сыныбына бергiм келедi» деп, менi Жәлел ағайдың сыныбына бөл­гiздi.

«Жас Алаш» келесi жылы 90 жасқа толады екен. Оны газет бетiнен оқып жүрмiз. Осы тоқсан жыл iшiнде «Жас Алашта» қаншама адам жұмыс iстедi. Ақын да, жазушы да, мемлекет қайраткерi де... Яғни ол кiсiлер «Жас Алаш» газетiнен шыңдалды, тәжiрибе жинады, өстi, өркендедi. «Су iшкен құдығын» ұмытпау – ардың iсi. Ұшқан ұясын құрметтеп, әрқайсысы қолдарынан келгенше газетке қолдау көрсетiп, айтулы датаға 50 данадан оқырман жаздырса, бұл 90 жылдыққа ең бағалы сыйлық болар едi деп ойлаймын.

Тек соңғы жылдардың өзiнде аудан орталығынан мәдени-тұр­мыс­тық нысандар: Қойбас атындағы саз мектебi, өкпе ауруларын емдей­тiн аурухана, Шоқыр Бөлтек­ұлы атындағы спорт кешенi, тағы да басқа сәндi ғимараттар бой тү­зедi. Бұдан басқа Шетпе кентiнде жаңа үлгiдегi аудандық аурухана пай­далануға берiлуде. Оған қоса аудан орталығындағы тұрғындар саны да өсiп келедi. Олардың санының күрт артуы негiзiнен алғанда ауданға қарасты серiктестiктер мен оралмандардың көшiп келуiмен тығыз байланысты.

Сейсенбi күнi футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар алғашқы кездесулерiн өткiздi. Талдықорғанда Астананың “Локомотив” клубын қабылдаған “Жетiсу” футболшылары қарсыластарынан 0:1 есебiмен ұтылып қалса, дәл осындай есеппен Қарағандының “Шахтерi” Шымкенттiң “Ордабасы” клубына жол бердi. Қарымта кездесу 10 қараша күнi өтедi. Он тоғызыншы рет сарап­қа салынып отырған Қазақстан кубогының биыл жаңа қожайыны анықталады. Ширек финалдан сүрiн­бей өткен төрт команданың тарихына көз жүгiртсек, бұған дейiн ешбiр команда Қазақстан кубогына әлi қол жеткiзбеген. Талдықорғанның “Жетiсу” футболшылары былтыр жартылай
Санасы мен сезiмi тасқараңғы
Қаншама адам футболды басқарады
Намысыма тигенi: қаракөздердi
Құрамаға енгiзбей тастағаны
Елбасымыз барғанда “Аренаға”
Екi-ақ қазақ ойнады құрамада.
Түрiктерден ұтылдық. Жанкүйердiң
Осы аптада Еуропаның Чемпиондар лигасына қатысып жатқан командалар үшiншi тур ойындарын өткiздi.
Еуропадағы ең беделдi турнирдiң топтық ойындарының әлi үш туры қалса да, кейбiр командалардың қазiргi қарқынына қарап, плей-офф ойындарына жақын тұр десек болады. Мәселен, Лондонның “Челсиi” немесе Жозе Моуринью тiзгiнiн ұстаған Мадрид­тiң “Реалы”. Бұлардың қатарына Арсен Венгер бастаған “Арсеналды” да қоссақ, ар­тық болмас. Келесi турда үш ұпайды қоржынға салса, немiстiң “Бавариясын” да плей-офф ойындарынан көре­тiнiмiз анық.