1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15543) 26 қазан, сейсенбі 2010

Бiраз уақыттан берi Рахат Әлиев үнсiз қалып едi, жақында оның мәлiмдемесi ғаламторда жарияланды. Ол бүй дейдi: “Егер Қазақстан билiгi азаматтық қоғамды буындыруын тоқтатпаса, егер ҰҚК офицерлерi Назарбаев пен оның командасының қылмыс­ты бұйрықтарын орындауды доғармаса, саяси тұтқындар — Рамазан Есiргепов, Евгений Жовтис, Арон Атабек, Сергей Кузьменко, Мырзахан Салықбаев, Серiк Бүркiтбаев және тағы басқалар босатылмаса, онда ҰҚК-нiң қазақстандықтарға қарсы жасаған қылмысын әшкерелеп, масқара етемiн. Тоқтатыңдар, әлi де кеш емес. Әйтпесе, бiз сендердiң жеке iстерiңнiң барлығын жария етемiз. Шыншыл офицерлердiң құлағына алтын сырға, егер осымен тоқтамасаңдар, Қазақстан халқын репрессияға ұшырат­қандардың толық тiзiмi жарияланатын болады. Бiрiншi президент — соңғы президент емес. Оның iзi өшкенде, сендер сотқа тартыласыңдар!”.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы “Өзенмұнайгаз” өндiрiстiк филиалы мұнайшылары 21 қазан күнi кешкi сағат 20.00-ден бастап ереуiлге шықты. Бұл жолғы жұмысшылардың талабы – бiреу. Ол “Өзенмұнайгаз” ӨФ-нiң “УОС-5” мекемесiнiң жүргiзушiсi Таған Қашановты тұтқыннан босату және оған “Есiрткi пайдаланды және оны өзiмен бiрге сақтады” деген айыпты жала деп есептейдi. Сондықтан да оны жоққа шығаруды талап етедi. Алдымен Тағанды қалай тұт­қындады, мұнайшылардың жаппай жұмыстарын тоқтатып, ереуiлге шығуының бұдан да өзге себебi бар ма, Тағанға тағылған айыпты “жа­ла” деп есептеудiң себебi неде

“Тәуелсiздiктi қорғау” халықтық-демократиялық қозғалысының Кедендiк одақ пен Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы мәлiмдемесi
Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан Республикасының Кедендiк одағы мен болашақ Бiртұтас экономикалық кеңiстiгiнiң қабыл алуға болмайтын терiс жақтары мыналар:
1. Маманданған адамдардың тағдыры шешiлетiн, орасан зор саяси, экономикалық, әлеу­меттiк маңызы бар, елiмiздiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiн анықтайтын, сайып келгенде, бүкiл халықтың, қазақ ұлты мен оның мемлекеттiлiгiнiң келе­шегiн шешетiн мәселенiң жалпыхалықтық талқылауға (референдумға) салынбай, ат төбелiн­дей билiктегi топтың атүстi ке­лiс­тiре салуы – өркениеттiлiк пен адами ұстанымдарды аяқ­асты ету деп бағалауға болады.
Үкiмет белгiлеген зейнетақы зейнеткерлердiң күнкөрiсiне жетпейдi. ТМД аумағындағы бiрнеше елде зейнеткерлiкке 55 жастан шығады. Ал Қазақстанда қарттар алпысқа келгенше бел жазбай еңбек етедi. Осы және басқа да мәселелердi қаусаған қариялар төтесiнен қойса да, билiктiң ши сындыратын түрi жоқ.Алматы қаласы “Арбат” алаңында алақан жайып қайыр сұрап тұрғандар жетерлiк. Оның iшiнде мүгедек жандармен бiрге белi бүкiрейген қарттар да кездеседi. Бiрде ары-берi өткендерге жәутеңдеп, садақа дәметкен ақ шашты ананы сөзге тарттық. Мұғалiм болып 25 жыл қызмет iстептi. Бүгiнде зейнеткер. “Қайыр сұрауға мәжбүр­мiн. Балам мүгедек. Дәрi-дәрмегiне көп қаржы керек. Үйде талшық етер тамақ жоқ”, – дедi есiмiн жасырған апай мұң-зарын айтып.

24 қазан оппозициялық “Азат” партиясы мен ЖСДП-ның бiрiккенiне, яғни бiр саяси күшке айналғандарына бiр жыл толды. Осыдан бiр жыл бұрын дәл осы күнi қос партия өкiлдерi бiрiккен съезд өткiзiп, бұдан былай “Азат” ЖСДП болатындарын мәлiмдеген едi. Партияның қазiргi тыныс-тiршiлiгi мен бiр жыл iшiнде болған өзгерiстер төңiрегiнде партия тең төрағаларының бiрi Жармахан Тұяқбаймен тiлдескен едiк. – Қос партияның ресми түрде бiр саяси күшке айнал­ғанына бiр жыл болғанымен, олардың арасындағы байланыс, әрiптестiк көп жылдан берi жалғасып келе жатқаны көпшiлiкке мәлiм.

ҚОЛ ЖИНАҒАН КӨПШIЛIК ПРЕМЬЕР-МИНИСТР МЕН ҚАЛА ӘКIМIН ҚЫЗМЕТТЕРIНЕН КЕТIРЕ АЛА МА?
Сонымен, астаналық үлескерлер мен борышкерлердiң аштық жариялағанына жүз күн толды. Ақордадан небәрi бес-ақ шақырым жерде өтiп жат­қан осы наразылық шарасына Есiлдiң сол жағалауындағы шендiлер көңiл бөлуге асығар емес. Бәлкiм, ашыққандар “Байқоңыр” кешенiнде, оның үстiне 13-қабатта жатқандықтан болар, шенеунiктер оларды Ресей қалпағының астында қалған Байқоңырдағы шудың бiзге не қатысы бар деп ойлайтын да шығар. Әлде, президент айтты, iс бiттi, мемлекет бұлардың мәселесiн толық шештi деп топшылай ма?
Осы адамның ойламайтыны жоқ. Ойды ой қуалап, кейде о бастағы “нүктеңнен” адасып қаласың. Дәл сол сәтте “қауашағыма” келiп-кеткендi компьютер бетiне түсiре қойып ем. Ендi мiне, “бiрдi айтып, бiрге кетiп”, әңкi-тәңкi болып отырмын. Бәрi “Екi жұлдыздан” басталған... Арасында аузымыз “жыбыр-жыбыр” етiп көрiп отырмыз. Алып бара жатқан ешқайсысы болмаса да, мақтаудан кенде болмады. Ең соңында Ақбота Керiмбекова мен Қазбек Қасым шықты. Екi әндi бiрiктiрiп, әдемi орындап шықты. “...Гауһааааааартас”... Әннiң әсерiнен әлi шығып та үлгерген жоқ едiк

Кейде осы мына бiздердiң – өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ әдебиетi аталатын қасиеттi рухани кеңiстiктiң есiгiн ашып, табалдырығынан аттап кiрген пассионар ұрпақтың аз уақыт iшiнде, былайша бес-он жылдың көлемiнде кәдiмгi кәсiби ақын, жазушылар қатарына қосылып, тез жетiлiп, өсiп-өркендеуiмiзге, бiразымыздың атымыз шығып, танымал бола бастауымызға сол тұстағы айтыс-таласқа, топ-топқа бөлiн­ген қызу қанды рухани ортамыздың қыз­метiмен қоса-қабат, бiздiң алдымыздағы көргенi мен бiлгенi, түйгенi мен түйсiгi мол ағаларымыздың өнеге-үлгiлерiнiң айрықша ықпалы тигенiн кейiнiректе, өзiмiз де сол ағалардың жасына жеткен шақта

“Общественная позиция” тәуелсiз республикалық апталығының осы жылғы 29 қыркүйектегi кезектi санында елiмiзде ақындар айтысын ұйымдастырып, өткiзiп жүрген танымал ақын Жүрсiн Ерманның “Айтысты тоқтатқан – Елбасы” деген мақаласын оқып, көптен берi көңiлiмiзде жүрген күдiгiмiз расқа шықты. Мақалада автор қазiргi ҚР Мәдениет министрi М.Құлмұхаммед мырза Н.Назарбаевтың ақындар айтысын тоқтатуға 2008 жылдың аяғында пәрмен бергенiн мойындағанын баяндапты. Жүрсiн қысқа ғана мақаласының аяғын былайша түйiндептi: “....Бұдан кейiн бiз не iстей аламыз? Не бiр ғажап талантты ақындар шығып келе жатыр едi. Өз өнерiмiздi өзiмiз тұншықтырдық!”.

ТҮСIНIП КӨР...
Орыстың көрнектi жазушысы К.Паустовский былай дейдi: «Жер атаулары... Бұл – халықтың өз жерiн, өз елiн поэтикалық нақышпен өрнектеуi ғой. Сондықтан да жердiң байырғы атауларын өзгертуге болмайды!» Мiне, К.Паустовскийдiң осы сөзiн басшылыққа алған Ресей зиялылары орыстың байырғы жер атауларын жаппай қайта қалпына келтiре бастады. Мәселен, 1747 жылы салынған Покровск қаласына 1917 жылғы төңкерiстен кейiн Энгельс деген атау берiлген-дi. Былтыр «Покровск» деген байырғы атау қайта қалпына келтiрiлдi. Мәскеу мэрi М.Лужковтың тiкелей араласуымен
Сiздер «Мың бiр түндi», яғни арабтың әйгiлi ертегiсiн жақсы бiлесiздер. Солай ғой. Солай. Ал ендi мен осы ертектi әрi қарай жалғастырайын деп отырмын. «Қалай?» дейсiз бе? Былай.
Рас, қазiр заман ауысып кеттi, уақыт өзгердi. «Мың бiр түнде» суреттелген қоғам да, уақыт та ендi қайтып келмейдi. Сондықтан да мен өзiмнiң әңгiмеме «Мың екiншi түн» деп ат қойдым. Менiң әңгiмем – бүгiнгi заман туралы. Ал кейiпкерлерiм – «Мың бiр түннiң» кейiпкерлерi.
Ауыл бүгiн абыр-сабыр. Депутатымыз келе жатыр дейдi. Қай депутатымыз? Неше депутатымыз бар едi? зiмiздiң ана-а-а-у жылы сайлап алған жалғыз депутатымыз ше, сол келмек екен. Қандай қуаныш десеңiзшi! Кезiнде ел болып, бiр ауыздан дауыс берiп, содан осы кiсi (i-i-i, атын ұмытыппыз) парламент­ке өттi деп естiгенбiз. Өзi де бiр ұяты бар саналы азамат екен. Қайсыбiр депутаттар секiлдi апта сайын ауылға шапқылап, жағдайымызды сұрап, мазаны алған жоқ. Сайланып алған соң, (кешiрiңiз­дер) қарасын батырған. Шынын айтсақ, төрт-бес жыл көрмегесiн, аты түгiлi, түрiн де ұмытып қалыппыз. Бiрақ не десек те өз депутатымыз ғой.

Маймылға ұқсас еркекпен қалай тұрайын, бiр жыл болды, ажырасып кеттiк. Содан ажырасу құрметiне той жасадық. Тойға әйелiмнiң, кешiрiңiздер, еркегiмнiң алты жыл бұрын ажырасып кеткен шешесi, алты ай бұрын күйеуiнен қашып кеткен, қашып бара жатып, күйеуiнiң миының қақпағын ашып кеткен сiңлiсi, ажырасайын деп жүрген ағасы, менiң де ажырасып, ақымақ болып жүрген дос-жарандарым, туыстарым шақырылды. “Келiншегiмнiң тiсi кетiк” деп, соған бола ажырасып кеткен асаба:

Бүгiнде теледидардан асқан құдiрет жоқ. Дүниенiң төрт бұрышында не болып, не қойып жатқанын үйiңiзде шынтақтап шай iшiп жатып-ақ көрiп-бiлiп отырасыз. Аты аңызға айналған адамдарыңыз сиқырлы айна iшiнде баспанаңызға енедi. Онымен қоян-қолтық араласып жүргендей сезiнесiз. Егер ол «тiкелей хабар» арқылы сұхбат берiп жатса, ерiнбесеңiз телефон нүктелерiнен керектi сандарды терiп, сауал жолдай аласыз. Рақат. Билiк басындағылар мен қарапайым адамдар арасын жалғаған дәнекер iспеттi телеарналарға бұдан кейiн қалай рақмет айтпайсыз.

Өмiрхан АЛТЫН,  қазақ күресiнен Еуропа федерациясының президентi:
Өмiрхан Алтын – Германияның Мюнхен қаласында тұратын қандасымыз. Осыдан бiрнеше жыл бұрын қазақ күресiнен Еуропа федерациясының тiзгiнiн ұстаған азамат төл күресiмiздi әлемге танытуға көптеген үлес қосып жүр. Сондай-ақ, Өмiрхан Алтын дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының вице-президентi де. Астанада өткен әлем бiрiншiлiгiнде шетелде тұратын қандасымызды әңгiмеге тарттық.

Әлемдiк сайыс басталуға бiр күн қалғанда, ФИЛА президентi Рафаэль Мартинетти Қазақстанға ат басын бұрды. Дүниежүзiлiк күрес қауымдастығының тiзгiнiн ұстаған бұл азамат Қазақстанға бекер келген жоқ. Биыл төл күресiмiз осы Р.Мартинетти басқаратын қауымдастыққа мүше болып ендi. Әлемнiң қырыққа жуық елiнiң палуандарының басын қосқан iрi доданың басынан аяғына дейiн тамашалаған ФИЛА басшысы жарыстың өтуiне оң бағасын бердi. Өз кезегiнде ҚР Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетов Рафаэль Мартинеттиге ҚР пре­зидентiнiң жарлығымен “Даңқ” орденiн табыс еттi.

«Келер жылы қызықтың көкесiн көремiз... Сайлау болады». Саясаттың сықпытын болжағыш жауырыншылар осылай дейдi. Тәуелсiздiк алғалы бергi уақытта денi дұрыс сайлау өткенiн көрмеген халыққа оның несi қызық? Көкесiнiң зорғысы болса да. Дегенмен, сайлаудың қадiрi кеткен елiмiзде одан тағы тыс қала алмайсыз. Дауыс ұрлағыштар мен бұрмалағыштарға «жем болмау» үшiн не iстеген жөн? Әдiл сайлау өтсе, шын мәнiнде көпшiлiк қалаған партияның өкiлдерi сайланса, тұрмысымыз түзелiп, әлеуметiмiздiң жақсарары анық қой. Ол үшiн не iстеймiз?