1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15544) 28 қазан, бейсенбі 2010
АҚШ-тың 50 жылда ескiрген әскери ұшағын 45 миллион долларға сатып алғалы жатқан отан қорғаушыларымыздың не ойлағаны бар? Осындайда атамның көне ат арбасы еске түседi. Қорғаныс министрлiгi АҚШ-тан жүк таситын алты әскери ұшақ сатып алғалы жатқанын бұрынырақта естiгенбiз. Бiз сатып алатын алты ұшаққа ұқсас бiреуi өткен аптаның соңында Астанаға қонды. Атауы қиын, әйтеуiр. Ан-124, Ан-12 деген оңай “есiмдерге” үйренiп қалған бiздiң әскерилер C-130 — C-130H “Геркулеске” тiлiн бiраз бұраған шығар, сiрә.ҚР Қорғаныс министрлiгi әуе күштерi бас штабының басшысы Нұрлан Орманбетов бұл келiсiм туралы былай дедi:
«Мемлекет басшысына қастандық жасамақ болды» делiнген «оңтүстiк клан» жетекшiлерiнiң мұртын балта шапқан жоқ. Алғашқыда «Сарыбай Қалмырзаевтың дәуiрi бiтуге таяу», «Қалмырзаев инсульт алыпты», «Қайрат Мәми үйқамақта» екен деген алыпқашпа әңгiмелер саяси кеңiстiктiң түңдiгiн желпiлдетiп жiберген-дi. Өткен жылы Рахат Әлиев атышулы «Өкiл қайын атасын» жарыққа шығармақ болғанда да мұндай саяси дағдарыс болмап едi. Ал мына жағдай... Әншейiнде жұрт көзiне көп түсе бермейтiн Сарыбай Қалмырзаев бұдан бiрер күн бұрын «шұғыл брифинг» өткiздi. «Алматы» сауықтыру
ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРI ҰСТАЛҒАНДА БАСТЫҒЫ ҚЫЗМЕТIМЕН ҚОШ АЙТЫСАТЫНЫ” ЖАЛАҢ ҰРАН КҮЙI ҚАЛДЫ
Биылғы 9 айда Оңтүстiк Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа барған 195 фактi әшкереленсе, қылмыстық iстiң тең жартысы атқарушы билiктегi лауазымды тұлғалардың үстiнен қозғалған. Бұл жайлы өткен аптадағы сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға арналған алқалы жиында айтылды. Әсiресе, атқамiнерлер мемлекеттiк “Жол картасы” бағдарламасын ортасынан ойып жейтiн, кекiрiк атқанша тойып жейтiн оңай олжаға, нағыз батпанқұйрыққа айналдырып алған. Қаншама шаңырақты шайқалтып, қаншама адамды шалыс қадамға итермелеп жүрген жұмыссыздықпен күресуде жұртқа шапағатын тигiзуi тиiс бұл бағдарлама бойынша облыстың сыбағасына былтыр 25 миллиард теңге, биыл 20,5 миллиард
 АЛ ШЕКАРАМЫЗ ЖЫРЫМДАЛЫП БАРАДЫ
Алла тағалам жолын берсе, Тараздан таңертең шыққан жеңiл көлiк Алматыға алты сағатта жетiп барушы едi. Ендi 29-қазаннан бастап Оңтүстiк астанаға жету оңай болмайын деп тұр. Рас, дәл қазiр Жамбыл облысының аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит жолының құрылысы қызу жүрiп жатыр. Үлкен жолмен жарысып, жаңа жол салынуда, кей жерлерде көлiктер уақытша салынған айналма жолдармен жүруге мәжбүр. Бiрақ, халықаралық жолдың бұл мәселеге ешқандай қатысы жоқ. Кедендiк одақтың кезектi бiр шартына байланысты елiмiз етек-жеңiн қымтап, шекарасын бекiте бастады.

“Лайықты баспана” қоғамдық қорының екi жүзге тарта өкiлi сәрсенбi күнi мәжiлiс депутаттарына “қонаққа” барды. Алайда бiрде-бiр депутат оларды құшағын жайып қарсы алмады. Бұл жолы да әдет­тегiдей полицейлер екi жақтың ортасында қалды. Бiрақ алдарынан тiзiлiп шыққан тәртiп сақшыларына наразы топ ашу бiлдiрмедi. Қайта айтқандарын орындап, қоғамдық тәртiптi бұзбай, парламент ғимаратына бес-алтыдан топталып, кезектесiп барысты. Хат қабылдау бөлiм қызметкер­лерiне бұл күн расымен де қиынға соқты. Олар ендi өз­дерi қабылдап алған екi жүзге тарта хатты әр депутатқа таратып берулерi тиiс.

«11 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ 11 ПАЙЫЗБЕН БЕРIЛМЕК»
Өткен аптада «Даму» кә­сiпкер­лiктi қолдау қоры «Даму аймақтар II» бағдарламасын қолға алғаны мәлiм болды. Қор 2008 жылдан берi «Даму аймақтар» бағдарламасын жүзеге асырған-ды. Ол бағдарлама бойынша 1400-ден астам кәсiпкер­ге несие берiлiп, бас-аяғы 43 миллиард теңге қаржы игерiлiптi. Ендi «Даму аймақтар II» алдыңғы бағдарламаның заңды жалғасы болмақ. Сөйтiп, кәсiпкерлiктi даму қоры аймақтағы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшiн 11 миллиард теңге бөлмек.

Таяуда «Жас Алаш» газетiнде (19 қазан, 2010 ж.) әр жерден қылаң берiп жүрген ұйғыр сепаратизмi туралы әңгiме қозғалды. Оған Дүниежүзi ұйғыр құрылтайы төрайымының орынбасары Қахарман Қожамбердi шақырылған екен. «Әп, бәрекелдi, соңғы кездерi елiмiзде ұйғыр азаматтары тарапынан жиiлеп кеткен жат әрекеттерге беделдi лауазым иесiнiң тарапынан әдiл баға берiлiп, тойтарыс жасалған болар» деген үмiтпен сұхбатпен танысуға ден қойдық. Оның «Мемлекет те, жер де – қазақтiкi, бұған таласуға ұйғырдың ешқандай құқығы жоқ» деген бас тақырыбы да көңiлде үмiт отын жылт еткiзген едi.

Аманкелдi АЙТҚҰЛОВ – Маңғыстау облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары. «Менiң таңым баспасөздi қараудан, оның iшiнде республикалық байырғы газет – «Жас Алашты» оқудан басталады. Бiздiң өңiрге басылымдар кешiгiп келетiндiктен газеттердiң соңғы нөмiрлерiмен интернет сайттары арқылы танысамын. Газетте жарияланған Атырау облысы Мұқыр ауылының тұрғыны Мақаш Амандосовтың «Қазан толы асқа, бәйге толы «джипке» бiздiң Бекет ата мұқтаж ба едi?!» атты хаты мен Жәнiбек Қожықтың «Төбеден тажал төнгенде» атты мақаласы назарымды аударды.

Жол түсiп, Астананың темiржол вокзалына кiргенiмiзде, қаптаған дүңгiршектердiң бiрiнiң шекесiндегi «Кәрез байланысына ақы төлеу» деген жазуға көзiмiз түстi. Әрi-берi ойланып, «кәрез» деген сөздi есiмiзге түсiре алмаған соң, ана бiр кезде су құбырлары «кәрiз» деп аударылып жүргенi ойымызға орала кеттi. Сосын дәл де болса коммуналдық төлемақы қабылдайтын жер шығар деп түйдiк. Ойымызды анықтап алмақ болып, дүңгiршектiң iшiнде отырған қазақтың қызынан сұрап едiк, «Кәрез» – қалта телефонына бiрлiктi жылдам түсiретiн байланыс қызметi» деген жауап алдық.

Сонымен, ҚР президентi Н.Ә.Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Әдебиет пен өнер саласы бойынша 2010 жылғы ҚР Мемлекеттiк сыйлығына суретшi Амандос Ақанаев («Ұлы елдiң шежiресi» жобасы үшiн), «Бақыт құшағында» атты жинағы үшiн композитор Шәмшi Қалдаяқов (марқұм), «Менiң Қазақстаным» өлеңдер мен дастандар жинағы үшiн ақын Жұмекен Нәжiмеденов (марқұм) ие болды. «Жас Алаш» газетi бетiнде биыл 4-5 ай бойы үздiксiз әрi үзiлiссiз әдебиетшiлердiң, ақын-жазушылардың, жалпы қазақ зиялыларының Мемлекеттiк сыйлыққа қатысты ой-пiкiрлерi жарияланды.

1990 жылдардың басынан бастау алған жекешелендiру саясаты бiздiң ауылға да ат басын тiреп, бiздiң «Қазақстан» совхозы да таратылып, оның барлық дүние-мүлкi, малдары, техникалары, мал қоралары мен малшылардың пәтерлерi, бәрi-бәрi талан-таражға түсiп, кеңсесi бұзылып, қалғандары ұрланып, өртенiп жоқ болды. Совхоз таратылардан бiр жыл бұрын ауылдағы 100 орындық балабақша, аудан, облыс көлемiне өнерiмен танымал болған селолық мәдениет үйi жабылып, олар жекеге сатылып, кейiн тойхана болып, түрлi банкет өткiзетiн орынға айналды.

Менiң жасым 80-ге таяп қалды. Халқымыздың көрнектi жазушысы Дулат Исабековтiң жазғанын да, сызғанын да сүйсiнiп оқып жүрушi едiм. Жақында... Бәрiн басынан бастайыншы.«Жас қазақ үнi» газетiнде, сонан кейiн «Үш қоңыр» газетiнде шыққан сұхбатыңда «Айтысты», осыным ерсi болмай ма деп қымсынбай-ақ, түгелдей шешiндiрiп, үстiне алба-жұлба шапан жауып, «мiне бұл осындай» деп көпке құбыжық етiп көрсетуге тырысыпсың, Дулат. Бұ қалай?. 1940 жылдары ауылдық жерлерде мәдениет ошақтары болмады. Әкей марқұм кеште көршi қарт­тарды жиып, маған қисса, ақын-жыраулардың, би-шешен­дер­дiң асыл мұраларын оқытатын.

Жан серiгiм, ерiм Сәкен Салтанатұлы Әшiмов Қарағанды облыстық iшкi iстер департаментi Жаңаарқа аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң анықтау тобының аға анықтаушысы, полиция капитаны болып қызмет iстейтiн. Биылғы жылдың 14 шiлдесiнде Қарағанды iшкi iстер департаментiнiң шақыртуы бойынша кешкi сағат алтыда болатын жиналысқа өзiмен қызметтес полиция ма­йоры Ернар Серiкұлы Әлiбаевпен бiрге жол­ға шыққан. Қызылорда – Павлодар тас жолында Ж.К.Мұсылман­бековтiң қарама-қарсы жолға шығып кетiп (жеке көлiгi «Мицубиси-Монтеро Спорт», мемлекеттiк нөмiрi М743SMM),

Мен – көпшiлiктерiңiз секiлдi өте қорқақ адаммын. Себебi бел­гiлi. Жұмысымнан айырылып қал­ғым келмейдi. Айлықтан айлыққа дейiн тiршiлiк етiп жүрген қатардағы мемлекеттiк қызметкер­мiн. Әйелiм де өзiм сияқты мемлекеттiң мардымсыз ақшасына тiршiлiк етiп жүр. Қазақтың санын көбейтсек деген ниетiмiз де жоқ емес. Әзiрге кiшкене бiр баламыз бар, жасы бiр жарымнан асты. Тiлi Қазақстанда көп адам түсiне бермейтiн, ешкiмге керек емес қазақ тiлiнде шығып келе жатыр. Алла жазса, қара домалақтардың санын көбейтсек деген ойдамыз.

«Үш қоңыр» газетiне
 
Хас ақындар сынға түсiп, ел аузына қараған,
Өскеменде жыр оқыпты мүшәйрада, жараған!
Сол жайында сен де жылдам жеткiзiпсiң қауымға,
Байтақ елге, қала, дала, ауылға.
Қазақ қоғамы тағы бiр арзанқол дүниемен толықтырылды. Жобаның аты – «Шiркiн, Life!». Оның авторы – Асхат Садырбай. Осыны «Шiркiн, өмiр» деп қазақша жазса, тiлдерi түсiп қала ма екен?«Тамаша өмiр – ауылда!». Бұл – бағдарламаның негiзгi ұстанымы. Мақсаты – «Дипломмен ауылға» жобасына сәйкес жастардың ауылға деген қызығушылығын ояту. Бұл үшiн жоба авторлары Қазақстанның белгiлi жұлдыздарын ауылға әкеп, ауылдың тыныс-тiршiлiгiмен таныстырады. Құд­ды бiр ауылды бiлмей­тiн­дей. Апыр-ау, ауыл деген қазақтың түп-тамыры ғой, ауылды бiлмейтiндей олар екi аяқтары салбырап аспаннан түсiп пе едi?
Өткен аптада Марокконың Агадыр қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Әлемнiң 78 елiнен татамидiң жас шеберлерi бас қосқан додада Қазақстан құрамасының дзюдошылары талайларға таңдай қақтырды. 1 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальдi жеңiп алған елiмiздiң жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте Бразилия пауландарымен бiрге екiншi және үшiншi орындарды бөлiстi. Қазақстанның жастар құрамасын қазiргi таңда Ермек Иманбеков жаттықтырады. Биыл­ғы жылдың басында Тайландта өткен Азия бiрiншiлiгiнде дәл осы Е.Иманбеков баптайтын елiмiздiң жастары

Алматыда бокстан Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген жаттықтырушы Серiкбай Төлебаев­ты еске түсiруге арнал­ған XII халықаралық турнир өттi. Жасөспiрiм боксшылар арасында өткен халықаралық жарысқа елiмiздiң боксшыларымен қатар Орта Азияның және Үндiстан елiнiң былғары қолғап шеберлерi қатысты. Бес күнге созылған турнирде жас боксшылар он төрт салмақ дәрежесi бойынша күш сынасты. Отандастарымыздың арасынан 44 келi салмақта ақмолалық Шыңғысхан Смағұл­овтың бағы жанса, 48 келiде алматылық Аман Әдiлжанов жеңiмпаз боп танылды. 

Өткен аптада 29-тур ойындарын қорытындылаған елiмiздiң командалары кеше кешкiсiн 30-тур ойындарын өткiздi. Осыдан бiрнеше күн бұрын өткен 29-тур ойындарында жанкүйерлер күтпеген нәтиже тiркелдi. Қостанайға қонаққа барған “Ақтөбе” футболшылары өздерiнiң басты қарсыласы саналатын “Тобыл” футболшыларын тас-талқан етiп ұтты. Абырой болғанда, “Тобыл” сапынан Нұрбол Жұмасқалиев пен Ұлықбек Бақаев бiр-бiрден доп соқты: 2:5.