1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15545) 2 қараша, сейсенбі 2010
ҚАЗАҚСТАНДА ҮЙРЕНШIКТI ДАҒДЫҒА АЙНАЛҒАН БИЛIКТIҢ ҚАС-ҚАБАҒЫ БҰЛ ЖОЛЫ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛАР ЕКЕН?
«Альянс банктiң» бұрынғы директорлар кеңесiнiң төрағасы Марғұлан Сейсембаев ойда жоқта елге оралды. Аттай бiр жылға созылған «демалысынан» соң. Банктегi қымқыру әрекетiне қатысты қозғалған қылмыстық iстiң ашылуына қол ұшын беру үшiн. «ҚР президентiнiң құқық қорғау органдары мен қылмыстық заңнаманы либерализациялау жөнiндегi саясатын қолдай отырып және тергеудiң әдiлеттi өту мүмкiндiгiне сенiм бiлдiрiп, мен Марғұлан Сейсембаев құқық қорғау органдарының көмегiмен елге оралдым», – дептi М.Сейсембаевтың өзi. Осыдан бiр жыл бұрын Марғұлан мен оның iнiсi Ерланға банктiң 16,92 миллиард теңгесiн жымқырды деген айып тағылған болатын.
Б.ЖҰМАҒҰЛОВҚА САБАҚ БОЛСА, ОНЫҢ ӘЛI ДЕ ОЙЛАНҒАНЫН ҚАЛАР ЕДIК
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың назарына «Министрдiң бұйрығы оралман оқушылардың кеудесiнен итеруде» атты мақаланы ұсынғанбыз (№81. 12 қазан, 2010 жыл ). Онда Алматы қаласындағы бiрнеше мектепте Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2007 жылы 27 желтоқсанда шыққан «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, баста­уыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру туралы» №659 бұйрығымен шетелден келген қазақ оқушыларын сабаққа қабылдамай жатқанын жеткiздiк. Бұрынғы министр Ж.Түймебаевтай емес, Б.Жұмағұлов уақыт созбай мән-жайды айтып, хат жолдатыпты. 
БҮГIНГI САЯСИ КҮРЕСТIҢ СЫҚПЫТЫ ОСЫНДАЙ БОЛЫП БАРАДЫ
Ресейдiң тұңғыш президентi Борис Ельцин әулие екен. Орнына Владимир Путиндi қалдырып, билiктен сүйкiмдi кеткенiн сөз еткелi отырған жоқпыз. «Бәкеңнiң» басқа да жағымды әрекеттерi жетерлiк.
Естерiңiзде ме, Ресейдiң Кемерово облысының губернаторы Амангелдi Төлеевтiң бiр емес, үш рет Ресей президенттiгiне кандидат атанғаны? 1991, 1996 және 2000 жылдары. Қазақ баласының бұл әрекетi орыс қоғамында анау айтқандай дүрбелең туғызған жоқ. Аман­гелдi Молдағазыұлының кандидаттығына қатысты Борис Ель­циннiң айтқан бiр ауыз сөзi еске түседi осындайда.
В.Козлов 2012 жылы президент сайлауы өтсе, өзiнiң үмiткер ретiнде додаға қатысатынын мәлiм еттi
Ақорда «бұлбұлының» «2012 жылы президенттiк сайлау өтедi» деген мәлiмдемесi оппозициялық ортаны бiр қозғап тастады. Мезгiлiнен бұрын «секiрiп», «тақ таласына» ұмтылғысы келетiндер арасында «Алға» партиясының жетекшiсi В.Козлов өз ойын бiрiншi болып жұртқа жариялады. Бiрқатар заң талаптарына сәйкес келсе, елдiң кез келген азаматы президенттiк сайлау додасына түсе алады. Бiрақ бұл үшiн бiршама қаржылық, интеллектуалдық, ақпараттық және адами ресурстар қажет. Авторитарлы режим тұсында президенттiк сайлауға қатысу далбаса тiрлiк екенi де айқын.
Бұдан бұрын «Төраға Төреқожа» деген мақаламызда «Қазақмыс» корпорациясының таратылған бiрiккен кәсiподақ комитетi әлдекiмдердiң ауанына қарай аймақтық болып қайта құрылғанын, оның басы артық буын екенiн, жоқ комитетке төраға сайлау тәртiпке томпақтығын сынға алған едiк. Қазанның ортасына қарай Қарағандыда конференция шақырылып, сайлау өткiзiлдi.
Аймақтық кәсiподақ комитетi төрағасының бiр орынбасары болып «Қазақмыс» корпорациясы Жастар одағының төрағасы С.Тысевич сайланды. Төреқожа Тiлемiсов бiр кезде оған орынбасар болғанын жоғарыдағы мақаламызда жазған болатынбыз. Сөйтiп, «Сам» бұрынғы экс-«Замына» орынбасар болып барды.

Мажарлар мен қазақтардың бауырлас, туыс халық екенi тарихтан белгiлi. Кезiнде Орталық Азияны мекен еткен мажарлардың жаугершiлiк заманда батысқа қоныс аударғанын да жұрттың бәрi бiледi. Бiрақ мажарлар мен қазақтардың бiр атадан тараған ұрпақ екенiн ғылыми түрде дәлелдеу үшiн ұзақ уақыт қажет болды. Мажарстан ғалымы Андраш Биро осы жолда тынбай еңбектенiп, мажарлар мен қазақтардың туыстығын жiтi зерттеп, қанымыз бiр екенiн ғылыми түрде дәлелдедi. Ол мадияр руы кеңiнен тараған Торғай өңiрiн аралап, осы рудан тараған тұрғындарға генетикалық талдау жасаған. Көп ұзамай ғалымның еңбегi жемiсiн берiп, мажарлар мен қазақтардың қандас туыс екенi ғылыми түрде дәлелденiптi

Осыдан аз ғана уақыт бұрын “батыс­тың тобы”, “оңтүстiктiң тобы” деп, билiктегiлердi бiр-бiрiне айдап салған ақпараттар интернеттi ұлардай шулатты. Ондай “өтiмдi” ақпараттардың интернеттен газет бетiне ыссылай көше қоятын қашанғы әдетi емес пе? “Шыққан тегi” белгiсiз мұндай ақпарат кейде ел iшiн алатайдай бүлдiрiп, артына шала тастап, “алақайлап” кете барады. “Итпен ит боламыз ба?” деп қоя салатын емес, себебi, “интернет – иесiз ит емес”.

Қарасай ауданындағы (Алматы облысы) сыра зауытының супервайзерi Надежда Бендзь осы зауытта жұмыс iстейтiн қазақ жұмыскерлерiне “Сендер бұдан былай қазақша сөйлемеңдер!” дейдi. “Неге?” дейдi ғой қазақ жiгiттерi өре түрегелiп. “Сендер қазақша сөйлесеңдер, менiң жыным қозады” (“Меня эта бесит”) дейдi Н.Бендзь. Н.Бендзь айтты екен деп, қазақ жұмыскерлерi қазақша сөйлеуiн доғара қоймайды. Содан Н.Бендзь бiр күнi “Сендер еден жуатын шүберекпен (тряпка) ғана қазақша сөйлесе аласыңдар!” дейдi ғой тағы да қазақ жұмыскерлерiне. Н.Бендзьдiң бұл не дегенi? “Сендердiң қазақ тiлдерiң – еден жуушылардың ғана тiлi! Қазақ тiлi одан басқа түкке жарамайды!” деп кекеткенi, кемсiткенi, қорлағаны ғой бұл.
Редакцияға бiр топ ғалым, жазушы, қоғам қайрат­кер­лерiнен хат келiп түстi. Бұл хат ҚР президентi Н.Назарбаевтың атына жолданыпты. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң “Теориялық және қолданбалы механика” кафедрасының меңгерушiсi, ғылым докторы, профессор Саят Мұратұлы Ыбыраевтың таяуда аяқ астынан тұтқындалғаны да белгiлi. Хат та – осы мәселеге байланысты. Ендi сөздi хатқа берелiк: “Сiзге хат жазып отырған себебiмiз – қазақтың бетке ұстар ғалымының жалған жаламен айып­ты болып түрмеде отырғандығы.

Рухани астана атанған Түркiстанның биылғы қала күнi мерекесi, яғни “туған күнi” елдiң есiнде ұзақ сақталатыны анық. Ескi Иқан ауылында ақын Мiртемiрдiң 100 жылдығы аталып өтсе, Жаңа Иқан ауылында заман талабына сай жабдықталған фельдшерлiк-акушерлiк пункт жергiлiктi алты жарым мың тұрғынды арқа-жарқа қуанышқа бөледi. Әсiресе, әлеуметтiк қолдауға зәру 12 отбасыға пәтер кiлтi тапсырыл­ғанда, елдiң қуанғанын көрсеңiз... Баспананың азабынан құтыл­ған адамдардың жанары шаттықтан жасқа шыланып жатты.

Белгiлi сатирик- жазушы Табыл Құлияс Астанада тұрғанымен, Ақтөбе арқылы жиi-жиi сапарлап, Ресейге кетiп бара жатады, не келе жатады. Кәсiби журналист, кеңестiк дәуiрдiң фельетоншысы қазiргi кезде қазақ тарихының қаралы беттерi – аштық тақырыбын зерттеп-зерделеп жүр. Ресейдiң мұрағаттарын сүзгiлеп, iзденгенiне бiрер жылдың жүзi болды. 75 жасында Барнаул, Түмен, Омбы, Астрахань, Орынбор, Челябы асып, қолындағы аз-маз қаражатын мұрағат қызметкерлерiне ұстатып (ол жақта әр парақты қарау үшiн 15-20 ресей рублi қажет), қалтасында   жол билетiнен басқа қаражат таусылғанда, темiржол бекетiндегi тас орындықтарда ұйықтап шығып, таң атысымен   мұрағатқа қайта асығатын қазақтың қай ақсақалын көрдiңiз?

Ербол Құдайбергенов шырқайтын «Кегенге кел», «Меркi», «Сарыжайлау», «Ақмаңдайлым» әндерiн алғаш естiгенде ойлағанбыз, Қытайдан келген қазақ әншiсi екен деп. Өйткенi, оның әндерiнен қазақы калориттiң, қазақы үннiң, қазақы мақамның иiсi аңқып тұрды. Кейiн бiлдiк, Ербол шекара асып келмесе де, қазақы бояуы қанық өңiрден шыққан әншi екен. Ол Алматы облысының Райымбек ауданында туып өсiптi. — Райымбек ауданында Қарабұлақ деген алақандай ғана ауыл бар. Бар-жоғы жүз шақты

БЕЙБIТ ҚОРҒАН БҰЗЫҚ ПА?
Ресейде шоу-бизнес жұлдыздарының жұдырықтасып жатуы — қалыпты жағдай. Тiптi тiкелей эфирде де бiрiнiң-бiрi шашын жұлып, бiрiн-бiрi төпеп жатады. Ал бiзде ше? Мұндай жағдай бiзде де болып тұрады. Атыраудан Алматыға ұшып келе жатқан әншi Бейбiт Қорған көршiсiмен «шәй» десiп қалмай ма. Бейбiттiң көршiсi Айдар Дәуiтов анау-мынау емес, жұдырықтасудан спорт шеберлiгiне кандидат көрiнедi. Содан не керек, ұшақ Алматы әуежайына аман-есен қонып, жолаушылар сыртқа шыққанда басталған ғой бәрi. Қысқасы, Бейбiттiң көршiсi қан-жоса болып, ауруханадан бiр-ақ шығыпты.

Бiздiң қариялар мұны бұрында «Ел аузында мынадай бiр өлең бар» деп айтып отыратын едi. Көлемi он шақты шумақ-ты. Ал жақында авторы белгiлi болды. Бiздiң Ұлан ауданында (Шығыс Қазақстан облысы) туып-өскен, бүгiнде Көкше өңiрiнде тұратын Шалғын ақсақал әңгiме әредi­гiнде: – Сен «Ұранхай ауылынанмын» дедiң ғой, iргелес Жақсыбай ауылында ма, әлде Сегiзек пен Жама ауылдарының бiрiнде ме, Тұрғынбай атты ақын болыпты. Менiң бала кезiмде. Өлеңдi суырып салып айтатын шапшаң, батыл, орақ тiлдi кiсi екен. Соның сотқар-солақай Солтан болысты шенеген «Қай заман?» деген өлеңiн тыңда, – деп маған мынау екi ауызын айт­ты да, арғы жағын есiне түсiре алмай:

Қырғыздың медиа сарапшылары шоу-бизнестiң даму деңгейiн көбiне-көп Қазақстанмен салыстырып жатады. Қайбiр күнi қырғыз шоу бизнесiнiң медиа сарапшысы, продюсер Назира Райымқұлова онлайн-конференцияға қатысып, оқырман сұрақтарына жауап берiптi. «Қырғызстанда шоу-бизнестiң дамуы қай деңгейде?» деген сұраққа ол былай деген: «Қырғызстанда шоу бар. Шоу болғанда да, анау-мынау шоу емес, толыққанды шоу. Ал бизнеске келсек... Бизнестiң иiсi де шықпайды. Ал деңгейi — шаранаға ендi ғана түскен ұрық тәрiздi».

Бiздiң ұлттық арнамыздағы жүрiп жатқан «Екi жұлдыз» жобасы туралы жазбаған газет-журналдар, сайттар кемде-кем. Негiзi, бұл — соңғы кездерi көрермендердi қызықтырған жобаның бiреуi. Бәрiмiздiң қызығып қарау себебiмiз — қазақ телеарнасында осындай шоу-бағдарламалар жоқтың қасы, жалпы, тек шоу емес, басқа денi дұрыс хабарлар да, қазақша фильмдер де жоқ . Болса да, орыс тiлiнде түсiрiледi. Бұл — ұсақ-түйектен ұлттық мүдде iздеу емес. Дегенмен де, осы жоба туралы айтсақ, ұлттық мүддемiз алдыңғы орында тұруы керек емес пе?! Бiз

Жексенбi күнi Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсiпқой бокстан Дүниежүзiлiк бокс сериясы аясындағы таныстырылымдық жекпе-жектер өттi. Жақында ғана құрылған елiмiздiң “Астана Арландары” командасының кәсiпқой бокс шеберлерi Түркияның “Istanbulls” командасының жiгiттерiмен шаршы алаңға шығып, айқын басымдықпен жеңiске жеттi.Бүкiләлемдiк бокс сериясы – АИБА басшыларының жаңадан ашқан жобасы. Бұл жобада әлемнiң он екi командасы кәсiпқой бокстан өз өнерлерiн сарапқа салады. Бокс басшылары он екi команданы құрлық бойынша үш топқа бөлген. Яғни Америка, Азия және Еуропа құрлығының боксшылары мамыр айына дейiн командалық сайыста озып шыққан үздiк ұжымды анықтайды.

Қатарынан бес ойында жеңiс көрмеген Қостанайдың “Тобылы” 30-турдың қорытындысы бойынша көш басындағы орнын сақтап қалды. Сырт алаңда Қарағандының “Шах­терiмен” алаңға шыққан “Тобыл” футболшылары Нұрбол Жұмас­қалиевтiң соққан жалғыз добының арқасында үш ұпайға қол жеткiздi. Соңғы кездерi қарқынын үдете түскен “Ақ­төбе” футболшылары да жеңiстi жолдарын жалғастырды. Павлодарда “Ертiспен” күш сынасқан Владимир Мухановтың шәкiрттерi алаң иелерiн 3:1 есебiмен жеңiп қана қоймай, керекулiк футболшыларды бас жүлде үшiн таластан шығарып тастады

ӘНҰРАНҒА ҚАЙ ӘН ЛАЙЫҚ?
2011 жылы Астана мен Алматы қаласында өтетiн Азия ойындарының әнұранына үмiткер он ән белгiлi болды. Байқаудың бiрiншi кезеңiнде 105 ән келiп түскен. Олардың iшiнде  49 ән қазақ тiлiнде болса,  45 ән орыс тiлiнде. 11 ән – қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аралас әндер. Байқауға қатысушылардың iшiндегi ең үлкенi – 72 жастағы зейнеткер, ал ең жасы – 17-де. 
Конкурсқа қазылық еткен (әдiл­қазылар арасында Қыдырәлi Болман, Жеңiс Сейдолла сынды әншiлер бар) сарапшылар төмен­дегi әндердi үздiк ондықтың қатарына кiргiздi:

Редакцияға күнiне он шақты хат келедi. Газетте көтерiлген мәселелерге үн қатқан, пiкiр бiлдiрген, ой қосқан оқырмандардың белсендiлiгiне ризамыз. Ұлттың, тiлдiң, жердiң тағдыры, Отанымыздың ертеңi алаңдатқан олардың әр сөзiнен қуатты қолдау табамыз. «Жасалаштықтарды» қоғамда өзгерiс жасау жолында күресiп жүрген қас батырға балап, демейтiн, жiгерлендiретiн лебiздер де жетерлiк. Бiз оған марқа­йамыз, қанаттанамыз. Артында сан мың оқырманы – сүйенiшi, тiрегi бар басылымның батыл болмауға, батыр бол­мас­қа хақы жоқ. «Шындықты шырылдатып жазатын, билiктiң жүзiне тiке қарап, әдiл сынайтын бiрден-бiр газет – «Жас Алаш».