1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15546) 4 қараша, бейсенбі 2010
Сейсенбi күнi Бағдатта болған жарылыстардан 100 адам мерт болып, 200-ден астамы жараланды.ИТАР-ТАСС ақпарат агент­­­тi­гiнiң мәлiметiнше, Бағдат көшелерiнде кем дегенде 16 жарылыс жасалған. Оның оншақтысында лаңкестер бомба толтырылған автокөлiктердi пайдаланса, қалғанын фугаспен жарыпты. Жарылыстардың барлығы адам көп жүретiн жерлерде — кафе-барларда, мейрамханалар мен базарларда жасал­ған. Лаңкестер Ирактың жоспарлау министрiнiң орынбасары Махди әл-Алака мiнген көлiктi жарып жiбермек болыпты. Вице-министр мен оның оққағарлары дiн-аман. Жарылыстан бейбiт тұрғынның бесеуi мерт болды.
К.Мәсiмовтiң үкiметi “отставканы” ойлап та қоймайды. Ал елдегi азық-түлiктiң бағасы 8 пайызға емес, 18,5 пайызға қымбаттаған
“Баға мен тарифтердiң шарықтап өсуiне жол берген үкiмет отставкаға кетсiн!” Ұлттық баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын ұйымдастырған “Азат” ЖСДП дәл осылай деп мәлiмдедi. “Азаттың” алға тартқан деректерiне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда азық-түлiк өнiмдерi орташа есеппен 18,5 пайызға қымбаттаған. Ал ҚР Статистика агенттiгi болса, бұл көрсеткiш бар-жоғы 8 пайызға жеттi деп ақпарат таратты. 

Кеше Алматыдағы ұлттық баспасөз орталығында “Жаса, Азаттық!” қоғамдық бiрлестiгiнiң жетекшiсi Жасарал Қуанышәлин 2012 жылғы президенттiк сайлауға түсетiнiн мәлiмдедi. “Тiркелмеген “Алға” пар­тия­сының жетекшiсi Владимир Козлов та алдағы президенттiк сайлауға түсемiн деп айтқан-ды. Жақында өздерiн “желтоқсаншылармыз” деп таныстыр­ған бiрнеше адам оған жұмыртқа лақтырып, мiнез көрсеттi. Еш­бiр қалыпқа сыймайтын ауыр, балағат сөздер айтты. Менiңше, бұл бұзақылық, арандатушылық”. Баспасөз мәслихатында дәл осылай деп сөз бас­таған Жас­арал Қуанышәлин “желтоқсаншыларды” жығып, әрiп­тесiне

ДҮРМЕК ЖАҚЫНДАҒАН САЙЫН БИЛIКТIҢ ТҮСIНЕ ҒАЛЫМЖАН ЖАҚИЯНОВ ҚАЙТА КIРЕ БАСТАДЫ...
Ғалымжан Жақиянов Павлодар облысын басқарып тұрған кезде оның орынбасары болған Александр Кошевой Мәскеу Пресненскi сотының санкциясымен қыркүйектiң 23-iнде тұтқындалды. Әрине, Қазақстан билiгiнiң сұрауымен. Тұтқын­дал­ғанға дейiн Кошевой Ресей сәулет­шiлер одағының iс басқарушысы қыз­метiн атқарыпты.Қамауда отырған А.Кошевой өзiнiң саяси қуғын-сүргiн көргенiн айтып, 700 мың рубль кепiлдiк төлеу арқылы түрмеден босатуды сұраған. Мәскеу қалалық соты өткен аптаның жұмасында Кошевойдың өтiнiшiн ет пiсiрiм уақыт қарады.
ОДАН НЕ ӨЗГЕРМЕК? АХМЕТОВТIҢ ҚҰРҒАҚ УӘДЕСIН МӘСIМОВ ҚАЙТАЛАМАЙДЫ ДЕЙМIСIЗ?
Алматы қаласы, Алатау ауданының әкiмi Бағдат Мәнiзоровқа “Ақбұлақ” ықшам ауданының тұрғындары төтесiнен сауал қойыпты: “Әкiм мырза Ақбұлақтың жайы не болады? Әкiм болғалы Ақбұлаққа ат iзiн бiр салмадыңыз... Ақбұлақта да қыруар халық тұратынын ұмытпаңыз. Басқаларға салынып, тартылып жатқан су, жол, газ жоқ бiзде. Елмен кездесiп, есеп бермесеңiз Ақ­бұлақ халқы көтерiлiске дайын. Сiздер көтерiлiссiз немесе табиғи апатсыз көңiл бөлмейтiндерiңiздi халық бiледi... Жол, су, газ биыл болмаса да халықпен кездесiп, жөн айтуға болады ғой.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi С.Баймағамбетовтiң назарына
Әдетте, “қызыл жағалыларға” қатысты “Қарға қарғаның көзiн шұқымайды” дегендi жиi айтамыз. Онымыз негiзсiз де емес. Дегенмен, олар жел жағына шығып кетiп, жақпай қалған әрiптестерiнiң көзiн шұқымақ түгiл, ағызып жiберуден де тайынбайды екен...Жомарт Әбiшев әскери-теңiз флотында Отан алдындағы азаматтық борышын өтегеннен кейiн құқық қорғау органдарындағы қызметiн 1986 жылы Никольский (қазiргi – Сәтбаев) қаласында қатардағы МАИ инспекторлығынан бастады. Жетi жылдан кейiн тәжiрибе жинақтаған жiгiт Қаражал қаласындағы
АЛАЙДА АҚИҚАТТЫ ТЕРIСКЕ ШЫҒАРТУҒА ДӘРМЕНДЕРI ЖЕТЕР МЕ ЕКЕН?
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты төңiрегiндегi алыпқашпа әңгiмелер мен даулы iстер бұл оқу орнының беделiн әбден түсiрдi. Мамыр айында ҚМЭБИ студенттерi ата-аналар комитетiнiң төрағасы Байкарим Түтенов пен оқу орнының бұрынғы оқытушысы, профессор Холл Фостер баспасөз мәслихатын өткiзiп, ҚМЭБИ-дегi былық-шылықтың бетiн ашқан-ды. (“Жас Алаш” №39, 18 мамыр. «Лаңкестiң әкесi – декан, жыныстық зорлықшыл – ұстаз. ҚМЭБИ-дiң таңдауы осындай болса, кiмдi оқытып жарытпақ?»).
Мен 58 жыл химия пәнiнен сабақ бердiм. Алған наградаларым да жетерлiк. Жазған еңбектерiм де баршылық. Осы жылдар iшiнде жинақтаған тәжiрибемдi сiздермен бөлiскiм келдi.
Жастарымыз тәрбиелi, бi­лiмдi болса, ол – ата-ананың бақыты, хал­қымыздың келешегi. Тәрбие жоқ жерде бiлiм жақсы нәтижеге жете алмайды. Тәр­бие беру ата-ананың әрi қарызы, әрi парызы. Еркелетiп, еркiне жiбер­ген бала тәртiпсiз, бiлiмсiз, менмен, өзiмшiл болып қалыптасады. «Баланы киiм мен iшiп-жеуден кем қылмасақ болды. Ал тәрбие – мектептiң жұмысы» деп қарайтын ата-аналар бар. Бұл – дұрыс емес. Мұғалiм – тәрбие­шi

Менiң немеремнiң жарымжан болып қалғанына екi жарым жылдан асты. Немереме 2,5 айында екпе жасалды. Содан 5 күннен кейiн қатты ауырып, ауыр халде емханаға түстi. Дәрiгерлер: «1 жасқа дейiн өзiмiз емдеймiз, жазамыз», – деп ұстап, ақыры сал қылып бiр-ақ шығарды. Ол туралы 2009 жылдың 25 ақпанында «Время» газетi жазды да. Ел-жұрттың көмегiмен Қытайға барып емделдiк. Немеремнiң миының суалуы тоқтады. Қытай дәрiгерлерiнiң емдеуi­нiң арқасында қазiр миы да, басы да өсiп қалпына келiп қалды. Бұрын қозғалыссыз сұлық жататын немерем­нiң қазiр аяқ-қолы қозғалысқа келдi. 

Адамның өмiрiнде мәңгi есте қалатын, ұмытылмайтын күндер болады. Сондай күн менiң басымда да бар. Ол 1965 жылдың қыркүйек айы едi. 5-сыныптың алғашқы күнi. Есiк ашылып, сыныпқа орта бойлы, толықша келген аққұбаша өңдi апай кiрдi. Бiз орнымыздан тұрып, апаймен сәлемдестiк. Мен аузым ашылып, апайға қызыға да сүйсiне қарап қалдым. Сыныпта – өлi тыныштық. Бәрiмiз “апай не айтар екен” деген ойдамыз. Ол кiсi өзiн таныстырды. Сосын, бiзге француз тiлiнен сабақ беретiнiн айтты.

«Жас Алаштың» 21 қазан күнгi нөмiрiнде Мақсат Нығметуллаевтың «Ғалымдар түсiнiктеме берсе...» деген мақаласы жарық көрдi. «Кереку алғашқылардың бiрi болып қазақ жерiне қоныстанған келiмсектiң аты көрiнедi. Соған ғалымдар түсiнiктеме берсе...» делiнген едi онда. Павлодарлық оқырманымыз Руза Бейсенбайтегi ғалым, профессор Жамбыл Артықбаевтың Кереку атауының шығу тегi мен төркiнi туралы мақаласын редакциямызға салып жiберiптi. Ендi осы мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Алпыстан асқан шағымда басымнан өткерген оқиғаны жазып отырмын. Жазбай-ақ қоюға болар едi, бiрақ... «Мен секiлдi «есуастар» сабақ алсын деген оймен жазуға бел байладым. Және қазақтың «қателi­гiңе кешiрiм сұрауға асығу керек» деген нақыл сөзi де көкейiмде тұнып тұр.Таяуда аудан орталығына барып, бiр мекеменiң алдында тұр едiм, өтiп бара жатқан бiр азамат бетiме тесiле қарады. «Менi танисың ба?» – дедi содан соң. Танымағанымды айттым. «Сен баяғыда Ақжiгiт өлең арнаған Гүлжан емессiң бе?» – дедi.
Астанада Батыс Қазақстан облысы мәдениетiнiң күндерi өттi. Осы күндерге орай Конгресс-холлда Батыс Қазақстан өнерпаздарының үлкен концертi өттi.
Астанаға кiм концерт апармай жатыр? Кiм концерт қоймай жатыр? Егер Батыс Қазақстан өнерпаздарының концертi де Астанада қойылып жатқан көп концерттiң бiрi болса, бiз де жұмған аузымызды ашпаған болар едiк. Бұл жерде қадап айтатын бiр жайт, Батыс Қазақстан облысы өнерпаздары Астана жұртшылығына өзiндiк ерекшелiктерiн, өзiндiк бет-болмысын айқын көрсете бiлдi.

Жуырда «Қазiргi жағдайда дәстүрлi қазақ халық шығармашылығын сақтау мен дамытудың перспективалары» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Содан бiрнеше күннен кейiн «Қазақтардың этникалық мәдениетi: дәстүр, трансформация және заманауи процестер» деген тақырыпта конференция өттi. Бұл екi шараны да «Аспект М» әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Мәдениет министрлiгiнiң қолдауымен өткiзiлген дөңгелек үстелде өнертанушылар,

Көзi тiрiсiнде-ақ аты аңызға айналған, дүйiм жұрт пiр тұтқан Бекет Мырзағұлұлының төрт қасиетiн ел ерекше бөлiп айтады. Бiрiншiсi – елдiң тәуелсiздiгi жолында аянбай күрескен батыр. Екiншiсi – жас ұрпақты ғылым нәрiмен сусындат­қан ағартушы. Үшiншiсi – көптеген жерлерде мешiт, медресе салдырған дiндар. Төртiншiсi – мүсә­пiрлерге, кедей-кепшiктерге жәр­дем берген жомарт жүректi азамат. Сонымен қоса Алла Тағала оған болашақты болжайтын сәуегейлiк қасиеттi де дарытыпты. Нағашысы Есет батырдың:

Осы аптаның дүйсенбiсiнде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 31-тур ойындары өттi. Бұл турда белгiлi болғандай, Оралдың “Ақжайық” командасы мен Көкшетаудың “Оқжетпесi” келесi жылғы премьер-лига ойындарымен қош айтысты.
Премьер-лига ойындары мәреге таяған сайын командалардың арасындағы ойындар өте тартысты өтiп жатыр. Қостанайдың “Тобылы” мен Ақтөбенiң “Ақтөбе” футбол клубы бұл турда үш ұпайдан алды. Қостанайлықтар өз алаңында Астананың “Локомотивiн” қабылдап, 2:0 есебiмен ұтты.
Сейсенбi күнi футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасында сынға түсiп жатқан командалар топтық ойынның төртiншi турын өткiздi.
Чемпиондар лигасының топтық кездесулерiнде А, В, С және Д тобына түскен командалардың арасынан плей-офф ойындарына алдын ала жолдама алған ұжымды дәл қазiр айту қиын. Осы аптаның басында аяқдоптың бiлiктi мамандары Францияның “Лионы” мен Испанияның “Барселонасы” төртiншi турдан кейiн-ақ, плей-офф ойындарының жолдамасын қалтаға басады” деп сәуегейлiк танытқан едi. Алайда мамандардың тұжырымы дәл келмедi.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Спорт комитетi, Қазақстанның БАҚ журналистерi арасында спорт журналисi, публицист және қоғам қайраткерi Сейдахмет Бердiқұл атындағы жыл сайын өтетiн конкурстың басталғанын хабарлайды Конкурсқа бұрын жеңiмпаз атанбаған және 2005 жылдан кейiнгi уақыттағы осы жүлденi сарапқа салудың өткен кезеңiнiң жеңiмпазы болған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңiске жеткеннен кейiнгi өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиiс.