1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15547) 9 қараша, сейсенбі 2010

Түрiктiң әйгiлi сықақшысы Әзиз Несин, не болмаса қаламы да өткiр, тiлi де ащы ирандық Хосроу Шахани немесе Оспанхан ағамыз өткен аптада ғайыптан тайып Астанаға келген болса, алдағы саммит қонақтарының iшектерiн қатырып, көздерiнен жастарын ағызатын сатиралық дүние жазып кетер едi. Ондай таланттан кенде болғандықтан, сатираға сұранып тұрған ғылыми конференцияның бар қызығын сықақ тiлiмен емес, қара сөзбен құрғақтай айтып беруге мәжбүрмiз. Сонымен, өткен аптада «жем­қорлық – атамыздан қалған мұра емес!» деп шiренген шендi-шекпендiлерiмiз шеттен келген сарапшылардан ақыл сұрап, ой бөлiстi. Қазақстандағы жемқорлықты жеңу жөнiн­де. жиынға көпшiлiкке төбесiн көр­сете бермейтiн

Таяуда Ресей мемлекеттiк думасы «тарихи» қаулы қабылдады. «Федерация құрамындағы автономиялы республикалардың басшылары бұдан былай «президент» деп аталмасын!» деген мәселенi депутаттар бiр ауыздан қолдады. Естерiңiзде болса, осыдан үш-төрт ай бұрын бұл идеяны Шешенстан жетекшiсi Рамзан Кадыров көтердi. Әрине, Кремльдiң нұсқауымен. «Бiзде бiр ғана президент болсын! Мен президенттiктен бас тартамын! Басқа автономия­лы республикалардың жетекшiлерiн де осыған шақырамын!» деп мәлiмдедi Кадыров. «Домино ұстанымы» бойынша жүзеге асқан бастаманы бiрқатар автономия басшылары, Ресей депутаттары, партия жетекшiлерi «iлiп әкеттi». Осылайша, Кремль өз дегенiне жеттi.

Мәскеудiң мәңгiлiк мэ­рiндей көрiнген Юрий Лужков қызметтен кеткелi берi «бас жаққа барыспай» жүр­ген-дi. Шыдамы таусыла бас­таса керек, өткен аптада британдық The Sunday Tele­graph басылымына сұхбат берiп, бiраз жайттың басын ашыпты. Лужков бiр нәрседен секемдендi ме, әйтеуiр қыздары Ольга мен Еленаны Лондонға жiбердi. «Қыздарымның қауiпсiздi­гiне қатты алаңдап жүрмiн. Оған негiз бар. Қазiр бiздiң отбасымызды торуылдап жүргендер көп. Олардың кесiрi бала-шағама тие ме деп қорқамын», — дептi Ю.Лужков.

ТӨЛЕП ЖЕРIН ТӨПЕЛЕУ ТОҚТАТЫЛСЫН!
Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Сенек елдiмекенi тұрғындарының жанайқайы
Ресейлiк зымыран бөлшегi түсiп жатқан “Төлеп” жерi – Қарақия ауданының ең шалғайдағы Өзбекстан Республикасына шектесетiн “Сенек” ЖШС-ның бiрнеше жылқы отарының мал жайылымы. Ресейдiң құрлықаралық балистикалық зымыран бөлшегi бiрiншi рет 2008 жылы тамыз айында, екiншi рет 2010 жылы маусым айында “Төлеп” елдi­мекенiнен 35 шақырымдай арнаулы нүктеге келiп түстi. Оны растайтын куәлер жетерлiк. Олар Ресей, Қазақстан жақтарынан шығарылған залалсыздандыру тобының мамандарымен бiрге болған және солармен әңгiмелескен.
Кеше Алматы қаласының Әуезов ауданында оқыс оқиға болды. Редакциямызға арнайы хабарласқан оқиға кейiпкерiнiң әкесi Байдiлда Әуелбеков мырза мән-жайды былай баяндады:
– Ақша ауыстыру ниетiмен Тұран Әлем банкiнiң ғимаратына кiрген балам көлiгiн сол маңдағы автотұраққа қойған. Банктен қай­та шыққанда, мұ­ның авто­кө­лiгiне оқ жаудырып жатқан кәрiс жi­гiттерiн көредi. Мәселенiң мәнiн ұқпаған ұлым оқ атушы­лар­ға қа­рай ұмтылмай ма. Сөйтсе, олар ав­то­көлiкте қалып, менiң ұлымды күтiп отырған жiгiттiң де маңда­йына тапанша тақап, сес көрсетiптi

Қазiргi жастардың кө­кейiнде жүрген мәселе көп. Жастар мен студент­тер қауымы қоғамдағы ахуалға разы емес. Қоғамдық тiршiлiкке белсене араласып, өзгерiс жасауға ұмтылып жүргендерi аз. Жастар саясатымен айналысатын санаулы жастардың да кейбiрiнiң ұлтжандылық, мемлекетшiлдiк сезiмдерiнде сенiмнен гөрi күдiк басым. Мемлекет пен ұлт болашағынан гөрi жеке басының қамын күйттеп, попу­лизм­мен айналысып жүргендерi қаншама. Олар жайында сәл кейiнiрек... Ал қазiр жастардың белсендiлiгiнiң деңгейi, елiмiздiң жастар саясатының сиқы, қысқаша айтқанда, “Бiз кiмбiз? Не бiтiрiп жүрмiз? Бұл қалпымызда ертең кiм болмақпыз?” деген сауалдар төңiрегiнде сөз қозғап көрелiк.

СУҒА ТӘУЕЛДIЛIКТЕН ҚҰТҚАРАТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР
Соңғы үш жылда оңтүстiктегi су тапшылығының түйiнi тарқатылмай әбден шиеленiсе түскен мәселеге айналғаны соншалық, үкiмет диқандарға ылғалды көп қажет етпейтiн дақылдарды егiңдер деген талап қоюға көштi. Әсiресе, мақта алқаптарын азайтуға айрықша назар аударыл­ғандықтан Мақтаарал ауданында бұрын 120 мың гектарға ақ алтын өсiрiлiп келсе, ендi оның көлемi 30-40 мың гектарға дейiн кемiп кеттi. Көршiлес Өзбекстанның ықпалы жүретiн “Достық” каналы арқылы алатын суға тәуелдiлiк жыл жылжыған сайын күшейгендiктен амалсыздан диқандар мұндай қадамға да баруға мәжбүр болды

Түйiп айтқыш қазекем: “Малым – жанымның садақасы; жаным – арымның садақасы” деген қанатты сөзiн әлде бiр ұлының, әлде бiр қызының арына салмақ түскен қиямет сәттегi қаһармандығына тамсанып, тәнтi болып айтқан шығар. Әлде өзi не озбыр билiк қияме­тiнiң, не кектескен дұшпан қаскөйлi­гiнiң қара қанжары кеңiрдегiн орып түсерде азаматтық ақтық айқайы етiп айтты ма екен?!. Жанын арына садақа еткен адамның өмiрi қашан жазғы керiмсал дала дидарлы болып едi?!. Әйтеуiр, ары кемшiннiң аузынан шықпас асыл сөз.

«Қазақ журналистерi клубының» алғашқы отырысында «Ақсарай» театрының режиссерi Болат Атабаев қонақта болып, қоғамдағы күрмеуi көп күрделi мәселелер төңiрегiнде ой қозғады. 
Болат Атабаевтың айтуынша, бүгiнде мәдениет министрлiгiнiң тындырғаны шамалы. Мәселен, Iлияс Омаров министр болып тұрған кезде қазақ фольклорлық ансамбльдерi құрылып, олар барлық облыстарда жұмыс iстедi. Айтыс қайта жанданды. Ол КСРО тұсында басшы болса да, қазақ өнерi мен мәдениетiне айрықша еңбек сiңiрдi. Одан кейiн Өзбекәлi Жәнiбеков те Торғайдан театр ашты.
Кейiнгi 7-8 жыл бойы Ресей баспа­сөзiнде 75 жыл жер астында жатып, қайтадан қазылып алынған Будда дiндары Хамбо-Лама Даши-Доржи Итигэлов жайлы үзбей жазылып келедi. Кезiнде сенсация iздеген елдi бiр шу еткiзген, Бурятияның Иволга дацанында (буддалықтардың дiни ғибадатханасы) болған бұл оқиға әлi де ауыздан түсер емес.Хамбо-Лама Итигэлов жайлы естi­мегендер үшiн қысқартып айтар болсақ, ол 1852 жылы Бурят жерiнде дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылып, дәулеттi адамдардың қойын бағады. Бiрақ сол кезде-ақ “Тибетке барып оқимын, Будданың жолын қуамын” дегеннен айнымайды екен.
ЖЫНҒА ҚОЛ ЖАЙЫП, БАТА АЛУШЫЛАР ХАҚЫНДА
Қазақтың қасиеттi мекенiне айналған Түркiстан бүгiнде секташылардың ордасына айналып бара жатқаны өкiнiштi. Өзде­рiнше “ата жолын” ұран етiп, елдi қанап-тонауды кәсiп еткен “ордашылар” әлi күнге дейiн құрықталмай отырғаны жаныңды ауыртады. Ақиқатында ата-бабадан, тылсымнан келiп тұрған батаны кiмдер жеткiзедi, расымен де ата-баба аруағы сөйлей ме, жоқ әлде жындының сандырағы ма, соған назар аударайық деп едiк.Қазақта “жындының сандырағы келедi” деген сөз бар. Яғни жынды деп бiз жыны бар

Тамыз айынан берi Қасым ауылының Белдеутас елдiмекенiнде ақ түстi бiр елес пайда болыпты деген қауесет шықты. Сол-ақ екен, ауыл жұрты мұны сан-саққа жүгiрттi. Бiрi “е, бiреудiң көзiне жын-шайтан көрiнген шығар” десе, ендi бiрi бұған тiптi иланбады. Кейбiреулер мұны Қасым ауылының iргесiнде былтырдан берi қазылып жатқан, ғалымдар VII-VIII ғасырлар­ға жатқызып жүрген ескi қорыммен байланыстырды. Бұл ескi қорым қазылған соң аруақтар мазаланып, елдiң көзiне көрiнген шығар дестi. Бiрақ әлгi елестi көргендердiң қатары көбейе бердi. Осы ауылдың азаматы Мадияр Ақбергенов осыдан он жыл бұрын бастан өткерген оқиғасын былайша баяндап бердi. “Қарағандыға бармақшы болдым. Ауылдан кеш шықтық. Қарқаралыдан аса бергенде басталған жаңбыр Ботақараға жетiп қалғанда тiптi үдеп кеттi.

ҒАШЫҚ БОЛУ ҮШIН СЕКУНДТЫҢ БЕСТЕН БIРI ЖЕТКIЛIКТI
Бiр көргеннен ғашық болу мүмкiн бе? Әлбетте. Сиракуз университетiнiң ғалымдары адамға ғашық болу үшiн қанша уақыт қажет екенiн есептеп шығарды. Олардың айтуынша, бiр адамға өлердей ғашық болу үшiн бiр секундтың небәрi бестен бiр бөлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Сонда адам неге өз таңдауын соншалықты тез жасайды? Өйткенi бұл таңдауға адам миының он екi бөлiгi қатысады екен. Олар дофамин, адреналин, вазоперсин, окситоцин тәрiздi түрлi гармондарды жасап шығарады.
Сондай-ақ ғалымдар махаббаттың әр түрiне мидың әртүрлi бөлiгi жауап
Бұл өмiрден озбақтың озды бәрi,
Озғандардың –Қалғандар көз-құлағы.
Жалаң қылыш, жалаң төс бабалардың,
Өрлiгi ұрпақ қанын қоздырады.
 
Әуелде қонып жүрдiк, көшiп жүрдiк,
Даланы желмен бiрге есiп, жыр ғып.
Ат жалы, түйе қомы – шұбыр, керуен...
Жатар-ды шаң көтерiп есiл құрлық.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының XIX маусымы мәресiне жеттi. Биыл өз тарихында тұңғыш рет Қостанайдың “Тобылы” топ жарды.
Қатарынан жетi жыл жүлдегер атанған Қостанайдың “Тобылы” биыл бас жүлдеге жет­тi-ау,­ әйтеуiр. Бұған дейiн “Тобыл” футболшылары ел бiрiншiлiгiнiң үш мәрте – күмiс, төрт рет қола медалiн жеңiп алған-ды.Биылғы премьер-лиганың қарсаңында “Тобыл” командасына ресейлiк маман Равиль Сабитов бас бапкер боп келдi. “Тобылды” бiр түлетсе, дәл осы Сабитов түлетедi” деген Халiмжан Ержанов қателеспептi. “Қазақстан премьер-лигасының күмiсi мен қоласына әбден тойдық. Бiзге керегi – бас жүлде! Равиль Сабитов бас жүлдеге апаратын жолды адаспай табады, көресiз­дер”, – деген едi команда басшысы

Ташкентте өткен аптада самбодан әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Бұл сында самбошы қыздарымыз бен жiгiттерiмiз 2 алтын, 1 күмiс, 5 қола медальмен оралды. Самбодан әлемнiң екi дүркiн чемпионы Ерболат Байбатыров өзбек жерiнде өзiнiң үшiншi алтын медалiн жеңiп алды. Бұған дейiн 52 келi салмақта сынға түсiп келген оралдық самбошы бұл жолы 57 келiде күрестi. Тұсаукесер белдесуiнде ресейлiк Сергей Ялышевты жыққан бiздiң палуан ширек финалда грузин Автандил Тсидзадзенi тұсады. Жартылай финалда боз кiлем иесi Шарафаддин Лутфул­лаев­ты айқын басымдықпен жеңген Ерболат финалда әзiрбайжан палуаны Ислам Газимовтен айласын асырды.

Футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасының топтық бәсекесiнiң төртiншi тур ойындары аяқталды. Ендi екi турдан кейiн топтық ойындарды қорытындылайтын командалар плей-офф бәсекелерiн көктемде қайта жалғастырады. Әзiрге ағылшынның “Челсиi” мен немiстiң “Бавариясы” және Жозе Моуринью жаттықтыратын Мадридтiң “Реалы” плей-офф ойындарына алдын ала жолдама алып қойды.Өткен аптаның сәрсен­бiсiнде Лондонда Ресейдiң “Спартак” клубын қабылдаған “Челси” футболшылары қарсыластарынан 4:1 есе­бiмен басым түстi де, өз тобында жеке дара көш бастады. Негiзгi қарсыластары